kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Химия әлемінде " сыныптан тыс шара

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты:

Білімділік: оқушылардың химиядан алған білімдерін тексеру. Сабақта өтілген материалдармен байланысын қамтамасыз ету. Теориялық және сарамандық жұмыстарды ұштастыра жүргізу.

Тәрбиелілік: «Химия әлемінде» кешін ойын-жарыспен өткізіп, пәнге деген оқушылардың қызығушылығын арттыру. Қызықты демалыс сағатын өткізуге мүмкіндік жасау.

Дамытушылық: оқушылардың ой пікірін, тапқырлығын, ұшқырлығын, ой-өрісіні кеңейту, танымдық қабілеттерін, білімдерін дамыта түсу. Ойын-сұрақ түрінде өткізіп,  байқампаздығын кеңейту.

Өткізу тәсілі: Ойын-жарыс, сұрақ- жауап

Көрнекіліктер: ребус, карточкалар, элемент таңбалары,  химиялық ыдыстар

Жұмыс барысы:   

І. Кіріспе   бөлім

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Командалар өздерін таныстыру
  2. Элементтер әлемінде

І тапсырма.  Сұрақ-жауап

ІІ тапсырма. Ребус шешу

ІІІ тапсырма. Қызықты энциклопедиялық сөздік шешу

ІVтапсырма.  Қызықты әңгімеден жасырылған элементтерді табу

V тапсырма. Эксперименттік тапсырмалар

VІ тапсырма.  Кімде көп ойыны

VІІ тапсырма.  Үй тапсырмасынан көрініс

ІІІ Қорытынды

 І Кіріспе бөлім

Армысыңдар, құрметті көрермендер және оқушылар!  Бүгін міне, химия пәні бойынша сыныптар арасында құралған құрама командалармен « Химия әлемінде» кешін ұйымдастырып отырмыз. Кештің мақсаты: Оқушылардың құштарлығын дамытып ой-пікірін, тапқырлығын, ой-өрісін кеңейту. «Химия адам өміріне құшағын кең жаяды», -деп орыс халқының ұлы ғалымы М.В.Ломоносов айтқандай, химия адам баласына берері орасан зор.

Қызық думан өміріміз ғаламат

Қас қаққанша  жаңа қала, жаңа бақ

Қыруар істің қайсысында болса да,

Құдіретті химия жүр арқалап.

Адамнан ғылым айла асырмаған,

Құпиясын құлыптап жасырмаған,

Кел екеуміз ғылымның тілін зерттеп,

Бір жұмбағын ашайық ашылмаған.

ІІ Негізгі бөлім

  1. Командалар өздерін таныстыру

Ортаға команда мүшелерін шақырамыз

  1. Элементтер әлемінде

Химиялық элемент,

Аты қалай қойылды.

Сол туралы сыр шерттік,

Бұрыңыздар мойынды.

Химиялық элемент,

Сырға толы керемет.

Тарихына үңілсек,

Кереметін көрер ек.

Ал, оқушы балалар,

Ойланып бір көріңдер.

Сендерге сұрақ беремін,

Толғанып жауап беріңдер.

І  Тапсырма     Сұрақ – жауап

  1. Судың булану қандай құбылыс ? (физикалық )
  2. Бірінші буыным көп емес, екінші буыным «тілсіз жау» деген мағынаны білдіреді. Бірақ өзім химиялық элементпін. Бұл қандай элемент ? (аз – от)
  3. Қандай химиялық элемент қазақ тіліне аударғанда сасық дегенді білдіреді? (Br)
  4. Қандай ұннан нан пісіруге болмайды ? (фосфор ұны)
  5. Натрийді қайда сақтайды? (керосинде)
  6. Сүттің ашуы қандай құбылыс? (химиялық)
  7. 1-ші буыным тасқын су, 2-ші буыным мал құрағына салынатын белгі. Химиялық элементпін. (сел-ен)
  8. Қандай арақты ішпейді? (патша арағын)
  9. Қандай майды жеуге болмайды? (купорос  майын)
  10. Қандай қышқыл дезинфекциялаушы? (бор қышқылы)
  11. Қандай қантта қант жоқ? (қорғасын қантында)
  12.  Қандай сүтте сүт жоқ? (кальций гидроксиді)
  13. Ең қиын балқитын металл? (W)
  14. Қандай су дем шығарудан лайланады? (ізбес суы)
  15. Шалшық газы? (метан)
  16. Көміртегінің аллотропиялық түр өзгерісі? (алмаз, графит)
  17. Патша арағы деген не? ( 3көлем тұз қышқылы мен 1 көлем  азот қышқылы)
  18. Тамаққа қолданылатын тұз? (Ас тұзы –натрий хлориді)
  19. Оттегінде түс пен иіс болу үшін не істеу керек? (озонға айналдыру керек)
  20. Жазылуы бойынша оқысаң химиялық элементпін, керісінше оқысаң өткізгішпін.(сым)

ІІ  тапсырма Ребус шешу

1.ребус «Фосфор-ақыл ой элементі»

2 ребус «Азот тіршіліктің тірегі»

3 ребус «Күкірт қышқылы барлық қышқылдардың анасы»

ІІІ тапсырма Қызықты энциклопедиялық сөздік шешу

  1. Алты  2.Қорған    3.Реторта   4.Химия  5.Бойль   6.Индикатор

ІV тапсырма    Қызықты әңгімеден жасырылған элементтерді табу

           Біз ағайынды 5 жігітпіз, бесеуміз де өткір кез-келген адаммен араласамыз. Кейбір көре алмаған жігіттер бізді жүрген жерін сілтейді, күйдіреді деп өсек айтады. Мінезі тастай, онша маңызды жұмыс істемейтін Латиф деген ағам азулы қызға үйленді. Ағам Нартайдың істемеген жұмысы жоқ, аспаз да болды, шыны да жасады, тіпті кір жуатын сода да жасады. Қазір тұрмыстық қызмет көрсету комбинатында директор.Мен өзім ауыл шаруашылығында істеймін. Екі інім Рінтай мен Сартай өте қызба жігіттер, милициядан шықпайды, төбелесқор. Әсіресе Сартай жігітім дей берсең, тұтанып кетеді. Қып-қызыл жынды. Бағына жақсы қыз кездессе жақсы болар еді. Өзі автоматты сигнал беруде істейді. Мен және менің туыстарым кімдер ?

 Жауабы: Сілтілік металдар. Латиф-литий, Нартай-натрий қосылыстары сода, ас тұзы цезий, автоматты сигнал беруде маңызы зор.

Мүмкін жауаптары:  1. Галогендер. 2. Сілтілік металдар. 3. Сілтілік жер металдар. 4. Инертті газдар

Vтапсырма.             Эксперименттік тапсырма

  1. Пробиркаға ерітінді құйып қыздыру
  2. Спирт шамын жағып сөндіру
  3. Пробиркадағы затты анықтау

Осы тапсырмалар химиялық ыдыстардың суретінің артына жазылған.

VI тапсырма «Кімде көп ойыны»

Кубиктің 6 жағында 6 әріп берілген. Кубикті лақтырып, түскен әріптен басталатын химиялық термин сөздер жазу керек. Кубиктегі әріптер К, А, С, Н, М, Т.

VII тапсырма Үй тапсырмасы (көрініс көрсету)

«Хлор-иод»

  1. О,хлорка! Сколько лет, сколько зим.
  2. Иод, привет! Сен қайда пропала? Сколько лет?
  1. Мәссаған, көп болыпты ғой, екеуміздің кездеспегенімізге ?
  2. Вот уақыт елтит. Только вчера еді ғой, институтты бітіргенімізге!
  1. Ну, как я выгляжу?
  2. Прекрасно. Сол баяғы қызыл-қоңыр түсіңнен айырылмапсың ғой ?
  1. Ты тоже ничего, сары-жасыл түсіңнен айрылмапсың ғой ?
  2. Қалай жүріп жатырсың? Үйің бар ма ?
  1. 7-қатардан, 5-ші периодтан частный үй алдым. Өзің қайда тұрып жатырсың?
  2. Ой,біз бір қатарда тұрады екенбіз ғой, менің 7-қатарда 3-периодта котеджім бар.
  1. Үй-жайды сықитыпсың ғой. Жұмыс істейсің бе өзің?
  2. Сан-эпидем станцияда ауру бактерияларын жою бөлімінде істеймін. Бірақ көбіне ауруханада болуға тура келеді. Ал өзің қайда орналастың ?
  1. Мен областной больницада өте керекті қызметкермін. Бастығым өте жақсы адам адам.
  2. Менің де бастығым өте жақсы керет адам. Келгім келсе келемін. Захочу кетемін.
  1. Ой қандай золотой бастық, тура менің бастығымныңкопиясы.
  2. Содан бері рахатқа баттым. Сижу на работе, после обеда зып беремін. Бірақ бір жаман жері бар.
  1. Қандай?
  2. Қарама-қарсы столда біреу отырады, өзінің кім екенін білмеймін, уже қанша жыл.
  1. Ол немене түске дейін отыра ма?
  2. Так точно. Отырған орнынан постоянно күлгін бу шығады.
  1. Осы сен не айтып тұрсың?
  2. Өзің сұрағаныңды айтып тұрмын.
  1. Фу,перестань. Лучше қай мекемеде істейсің?
  2. Мекеме дейсің бе мекеменің аты-Галоген.
  1. Бастығыңның аты Фтор Менделеевич пе?
  2. Дәл солай.
  1. Негізгі топшада отырасың ғой !
  2. Дәл өзі. Откуда ты все знаешь?
  1. Как не знать, егер екеуміз бір топта отырсақ. Әй,осы екеуміз көшеде неғып тұрмыз, бір-бірімізге есіміз кеткені соншалық, тіпті сасық бромның иісін сезбеппіз ғой! Кеттік мекемеге.
  2. Кеттік, кеттік!

«Балабақша көрінісі»

Қатар орындықтар қойылған, ойыншықтар шашылып жатыр. Ата-аналар балаларын бала-бақшаға әкеліп тапсырады. Бір бала металдан, бір бала мәрліден дайындаған памперс киеді. Екі бала ойнап отырады. Мәрліден памперс киген бала бүлдіріп қойып жылайды. Тәрбиешісі алып бара жатқанда, металл памперс киген бала күліп ойнайды. Екінші бала қайтып келіп, сен мана неге күлдің?

  • Орыс  халқында мынадай сөз бар. Сол сөзі есіңе сақтасаң жүзіңнен күлкі кетпейді «Металлы жидкости непропускают»

ІІІ Қорытынды бөлім.

Осымен химия әлемі кеші аяқталып келеді. Командалар өз білімдерін ортаға салып көрсетіп жатыр. Енді сөзді әділқазылар алқасына берейік.

Команда мүшелеріне сыйлықтар тапсырылды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Химия әлемінде " сыныптан тыс шара»

Есбулсинов Ерболат Есенгелдиевич.

БҚО.Ақжайық ауданы, Алғабас ауылы,

Жаңажол негізгі мектебінің

химия-биология мұғалімі.

Химия әлемінде

9-сынып

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Химия әлемінде " сыныптан тыс шара

Автор: Есбулсинов Ерболат Есенгелдиевич

Дата: 12.05.2017

Номер свидетельства: 414781

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Саба?тан тыс іс-шара "Химия - ?мір тынысы" "
    ["seo_title"] => string(42) "sabak-tan-tys-is-shara-khimiia-omir-tynysy"
    ["file_id"] => string(6) "157609"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421608393"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Сыныптан тыс шара Жаратылыстану ?ажайыптары"
    ["seo_title"] => string(47) "synyptan-tys-shara-zharatylystanu-g-azhaiyptary"
    ["file_id"] => string(6) "312941"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459418425"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Физика – ?лем кілті. "
    ["seo_title"] => string(17) "fizika-liem-kilti"
    ["file_id"] => string(6) "148296"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1419640937"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "“Не? ?алай? ?андай?”  интеллектуалды марафоны "
    ["seo_title"] => string(44) "nie-k-alai-k-andai-intielliektualdy-marafony"
    ["file_id"] => string(6) "139152"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1417671482"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства