ТӘРТІПКЕ БАҒЫН ЖАСЫҢНАН
Мақсаты: Оқушыларды әдептілік пен инабаттылыққа, мейірбандылық пен татулыққа, төзімділік пен парасаттылыққа баулу, ата – аналарымызға ұлтымызға жат қылықтардан ұл мен қыз баланы қорғау қажеттілігі туралы ой салу, ортаға ой салу барысында бала тәрбиесіне көңіл бөлу.
Көрнекілігі: Интертақта. Тәрбиелік нақыл сөздер.
1. Тәрбиелі – тәртіптің құлы,
Тәртіпті – елдің ұлы.
2. Тәртіп – тән үшін,
Ынтымақ – жан үшін керек.
3. Тәртіпсіз ел – ел болмас,
Тәртіпке бағынған – құл болмас. (Бауыржан Момышұлы)
4. Жақсы тәртіп әдетке айналса – ырыс,
Жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық.(Ғабиден Мұстафин)
5. Қыз анадан үйренбей өнеге алмас,
Ұл атадан үйренбей сапар шекпес.
