kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қылмыстыө жауапкершілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

ІІ. Оқушылар алдын-ала берілген тақырыптар бойынша мәлімдеме жасайды

    1) Қылмыс. Қылмыс  ̶  бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. «Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 – бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет  ̶  қылмыс деп танылады».

     Қоғамда қылмыстың жасалу себептері ішінде кедейшілік, жұмыссыздық, мәдениеттің төмендігі, адамгершіліктен азғындау, отбасылық тәрбиенің дәрменсіздігі, маскүнемдіктің етек алуы, нашақорлық, порнографияның кері ықпалы, құқық қорғау органдары қызметінің қанағатсыздығы т.б. факторларды атауға болады.

    Қылмыс көпшілік жағдайда жеке адамға қарсы жасалады. Қоғамның өзі жеке адамдардан құралатындықтан, нақты бір адамға қарсы жасалған қылмысты қоғамға қарсы жасалған қылмыс ретінде тану орынды.

    Қылмыс  ̶  бұл қоғамға қауіпті әрекет, яғни ол қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіруге нақты қауіп төндіреді.

     Қылмыс   ̶  әрқашан құқыққа қайшы болады. Құқыққа қайшылық  ̶  бұл қылмыстық заңның әрекетке тыйым салуы. Құқыққа қайшылық деп қылмыстық кодексте бекітілген тыйымды қылмыс жасаған адамның бұзуын айтады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қылмыстыө жауапкершілік»

Тақырыбы: «Қылмыстық жауапкершілік»


Мақсаты:  Оқушыларға қылмыс және қылмыстық жауапкершілік туралы жүйелі білім беру    

Сабақтың түрі:  конференция-сабақ

Құрал – жабдықтар:  Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995ж. 30 тамыз;

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, 1997ж. 16 шілде.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1)Амандасу;

2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;

3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Оқушылар алдын-ала берілген тақырыптар бойынша мәлімдеме жасайды

1) Қылмыс. Қылмыс  ̶  бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан , оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. «Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 – бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет  ̶  қылмыс деп танылады».

Қоғамда қылмыстың жасалу себептері ішінде кедейшілік, жұмыссыздық, мәдениеттің төмендігі, адамгершіліктен азғындау, отбасылық тәрбиенің дәрменсіздігі, маскүнемдіктің етек алуы, нашақорлық, порнографияның кері ықпалы, құқық қорғау органдары қызметінің қанағатсыздығы т.б. факторларды атауға болады.

Қылмыс көпшілік жағдайда жеке адамға қарсы жасалады. Қоғамның өзі жеке адамдардан құралатындықтан, нақты бір адамға қарсы жасалған қылмысты қоғамға қарсы жасалған қылмыс ретінде тану орынды.

Қылмыс  ̶  бұл қоғамға қауіпті әрекет, яғни ол қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіруге нақты қауіп төндіреді.

Қылмыс   ̶  әрқашан құқыққа қайшы болады. Құқыққа қайшылық  ̶  бұл қылмыстық заңның әрекетке тыйым салуы. Құқыққа қайшылық деп қылмыстық кодексте бекітілген тыйымды қылмыс жасаған адамның бұзуын айтады.

Қылмыстың міндетті белгісінің бірі адамның кінәсінің болуы. Қылмыс қасақана немесе байқаусызда жасалуы мүмкін. Қасақана жасалған қылмыс — тікелей не жанама түрде болып бөлінеді. Адам өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті екенін біле тұра, қылмысқа барса, бұл саналы түрде, қасақана жасалған қылмыс болып саналады.

Қылмыс дегеніміз — заң қылмыс деп танитын әрекет немесе әрекетсіздік. Әрекет дегеніміз — қылмыскердің адамға немесе қоғамға қарсы жасаған зиянды қимылдарының жиынтығы.

Әрекет  ̶  бұл қылмыс жасаудың белсенді нысаны. Әрекетсіздікте кінәлі адам өзі жасай алатын әрекетті және жасалуы тиіс әрекетті жасамайды. Адамның ойлау қызметі жазаланбайды, өйткені ол қоғамға қауіпті теріс қылық жасауға алып келмейді.

Әрекетсіздік дегеніміз — азаматтың қылмыстың дайындалып немесе жасалып жатқанын біле тұра, оның алдын алу бағытында әрекет жасамауы, заңда көрсетілген азаматтык міндетін орындамауы.


2) Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі. Азамат 14 жастан бастап қылмыстың кісі өлтіру; денсаулығына зиян келтіру; әйел зорлау; тонау; ұрлау; бұзақылықтың ауыр түрін жасау; мемлекеттік немесе жеке меншіктік мүлікті жою; қаруды, әскери оқ-дәріні ұстау; адам ұрлау; қорқыту; терроризм; аманаттыққа тұтқындау; вандализм; уландырғып заттарды ұрлау т.б. түрлері үшін жауапқа тартылады.

Кәмелеттік жасқа толмаса да, 16 жастан асқан жасөспірім кез келген қылмысы үшін жауапқа тартылады. Кәмелеттік жасқа толмағандарға айып салу; белгілі бір кәсіппен айналысу еркінен айыру; қоғамдық жұмыстарға тарту; тәртібін түзету жұмыстары; тұтқындау; еркінен айыру т.б. жазалары қолданылады.

Сот 18 жасқа толмаған қылмыскердің ісіне неғұрлым парасатты, байыппен, сабырлылықпен қарауға тиіс. Егер сот қылмыскерге тәрбиелік шараның өзі де жеткілікті деп тапса, оны құқық бұзушылық жазадан босатуы да мүмкін. Ондай жағдайда оған мәжбүр ету түріндегі тәрбиелік шара қолданылуы мүмкін.

Қажетті қорғану деп қылмыскердің қауіпті әрекетінен оның өзіне зардап шектіре отырып қорғануды айтамыз.

3)Қылмыс үшін жазалау. Егер әрекет жазаланбайтын болса, онда ол қылмыс ретінде қарастырылмайды. Әрбір қылмыс үшін қылмыстық кодексте жаза қарастырылған

Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің белгілі бір бабында немесе бабының бөлігінде көзделген, адам солардың бірде-біреуі үшін сотталмаған немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екі  немесе одан да көп әрекеттерді жасау қылмыстардың жиынтығы деп атайды.

Бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады.

Қылмыс бір ғана адам емес бірнеше тұлғалардың ұйымдасуымен де  жасалуы мүмкін. Екі немесе одан да көп адамның қасақана бірлесіп қылмыс жасауы қылмысқа қатысу деп танылады. Ұйымдастырушы, айдап салушы немесе көмектесуші орындаушымен бірге қылмысқа қатысушылар деп танылады.

Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе құралдар берумен не қылмысты жасауға кедергілерді жоюымен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай-ақ қылмыскерді, қаруды немес қылмыс жасаудың өзге құралдарын, қылмыстың ізін не қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға күні бұрын уәде берген адам, сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уәде берген адам көмектесуші деп таныладыҚылмыскер өзінің жасаған қылмысы үшін белгілі бір жаза тартады. Жазалар алуан түрлі болады: қылмыскер бас еркінен айырылады, азап шегеді. Мұндай жазалар қолданылмаса, қылмыскердің жаза тартуының мәні болмас еді.

Жазаның мынадай түрлері бар:

  • айып салу (айыптың мөлшерін сот белгілейді);

  • құқықтан айыру (істеп жүрген қызметі құқығынан, лауазымды орнынан алу);

  • қоғамдық жұмысқа тарту (сотталған адамды өзінің негізгі жұмысынан тыс қоғамдық пайдалы еңбекке тарту);

  • еңбекпен түзету жұмысы (сотталған адам сотта белгіленген мерзімде өзінің жұмыс орнында еңбек етіп өтейді);

  • бас бостандығын шектеу (сотталушыны арнайы орында, қоғамнан оңашаламай үстау);

  • тұтқындау (сотталушыны қоғамнан қатаң түрде оңашалау);

  • әскери тәртіп бөлімінде ұстау (әскери қылмыс жасағаны үшін қолданылады);

  • бас бостандығынан айыру (сотталушыны қоғамнан оңашалау, түзету колониясына, абақтыға орналастыру);

  • өлім жазасы (сирек қолданылатын, ең ауыр жаза);

  • сотталушының мүлкін тәркілеу (сотталушының мүлкін түгелдей немесе оның белгілі бір бөлігін төлемсіз, мәжбүрлеу жолымен мемлекет меншігіне алу).

4) Қылмыстық жауапкершілік  ̶  құқықтық жауапкершіліктің бір түрі; қылмыстың құқықтық салдары  ̶  қылмыскерді жазалау түрінде көрініс табатын мемлеттік мәжбүрлеу шарасы.

Қылмыстық жауапкершілікке тарту қылмыстық іс қозғаудан, тергеуден және сот талқысынан тұрады. Қылмыс жасау  ̶  кінәлі адам мен сот төрелігін атқарушы мемлекет арасында арнаулы қатынас тудыратын құқықтық факт. Мқндай фактіден кейін екі тарап үшін де міндет пайда болады. Мемлекет үшін өзінің арнайы органы арқылы қылмысты тергеу, қылмыскерді тауып, қылмыстық жауапкершілікке тарту міндеті, ал қылмыскер үшін Қылмыстық жауапкершілікті өтеу міндеті туындайды. Қылмысқа дайындалғаны, қылмыс жасауға оқталғаны, қылмыс жасауға қатысқаны үшін де адам қылмыстық жауакершілікке тартылады.

Қылмыс жасаған адамға қолданылатын жаза немесе басқа да қылмыстық құқықтық шара қылмыстың табиғаты мен қоғамға қауіптілігінің деңгейіне, қылмыс жасалу кезіндегі жағдайға сай болуы тиіс. Ешкім бір қылмысы үшін екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Жалпы тәртіп бойынша қылмыстық жауапкершілікке қылмыс жасау кезінде 16 жасқа толған, ақыл-есі дұрыс адам тартылады. ҚР Қылмыстық кодексінің 14-бабында көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауакершілік 14 жастан басталады.

Ішімдік, есірткі немесе басқа да уытты заттардың әсерінен мас күйде қылмыс жасау Қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды.

Қылмыскердің кінәсін жеңілдететін жағдайлар. ҚР Қылмыстық кодексінде, қажетіне қарай, қылмыс жасаушының кінәсін жеңілдететін жағдайлар да қарастырылған. Олардың негізгілері мыналар:

  • кінәлі істеген қылмысының зардабын өзі жойса;

  • адам қылмысқа отбасы ауырлыны жағдайында, тағдыр басқа салған тауқымет салдарынан барса;

  • қылмыс әлдекімнің мәжбүрлеуінен — қорқытуынан, материалдықжағынан тәуелді етуінен жасалса;

  • қылмыс жәбірленушінің шектен асқан, жөнсіз әрекеті салдарынан туған терең толқыныс пен тебіреніс үстінде жасалса;

  • адам аңдаусызда жасап алған қылмысына шын жүректен қатты өкінсе;

  • қылмыс қажетті қорғаныс кезінде, қылмыскерді ұстау, бұйрықты орындау кезінде жасалса.

5) Қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын жағдай­лар: ҚР Қылмыстық кодексінде, қажетіне қарай, қылмыс жасаушының кінәсін ауырлататын жағдайлар да қарастырылған.

Олардың негізгілері мыналар:

  • қылмысты бұрын қылмыс жасаған адам қайталап жасаса;

  • қылмысты адамдар тобы ұйымдасқан түрде жасаса;

  • қылмыс жас балаға, қарт адамға қарсы және адамның дәрменсіз жағдайында жасалса;

  • қылмыстың арты ауыр зардапқа әкеліп соқтырса (адам өлімі, көп мөлшердегі бағалы заттардың жойылуы т.б.);

  • қылмыска балалар немесе психикалық кемтар адам­дар тартылса;

  • қылмыс ерекше қатыгездікпен, жәбірленушіні қорлау, оның қадірін, арын аяққа басу әрекеттерімен жасалса;

—   қылмыс табиғат апаты немесе басқа да төтенше жағдайды бүркемеленіп жасалса;

—   қылмыстан қоршаған ортага зиян келтірілсе;

—   қылмыс адамның уландырғыш заттар мен ішімдікті қолданған күйінде жасалса;

—қылмыскер қылмыс үстінде ерекше белсенділік көрсетсе;

—   қылмыс от қаруды, жарылғыш және техникалық құралдарды пайдаланып жасалса;

—   қылмыс кәсіби антын бұза отырып жасалса;

—   қылмыс киім формасын немесе өкілеттілікті куәландыратын құжатты пайдалана отырып жасалса.

6) Қылмыс құрамының түрлері. Негізгі қылмыс құрамы деп іс-әрекеттің белгілі түрі бойынша онда негізгі, тұрақты белгілердің болуын айтамыз.

Негізгі қылмыс құрамында қылмысты ауырлататын және жеңілдететін жағдайлар көрсетілмейді. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 96-бабының 1-бөлігіндегі құрам негізгі құрамға жатады. Онда кісі өлтірудің жай түрі ғана көрсетілген, ауыр немесе жеңіл түрлері айтылмаған.

Егер қылмыс құрамында осы іс-әрекеттің негізгі белгілерінен басқа жауаптылықты жеңілдететін жағдайлар көрсетілсе, онда ондай қылмыс құрамын жауаптылықты жеңілдететін қылмыс құрамы деп атаймыз.

Мұндай қылмыс құрамына Қылмыстық кодекстің 98- бабында көрсетілген қылмыс құрамы жатады (жан күйзелісі жағдайында болған кісі өлтіру). Негізгі белгілермен бірге жауаптылықты ауырлататын жағдайлар көрсетілген қылмыс құрамы, сараланған қылмыс құрамы (яғни, жауаптылықты ауырлататын құрам) деп аталады. Сондай-ақ құрам қатарына 129-баптың III-бөлігінде көрсетілген адамды ауыр қылмыс істеді деп айыптап жала жабу жатады. Немесе 175-баптың 1-бөлігіндегі ұрлықты ауырлататын жағдайлар: адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша, бірнеше рет т.б. жағдайлар жатады.

Қылмыс құрамының сипатталу тәсіліне қарай құрам жай қылмыс құрамы, күрделі қылмыс құрамы және балама қылмыс құрамы деп бөлінеді.

Жай құрам дегеніміз қылмыс құрамының белгілерінің біркелкі болуы, яғни оның бір ғана обьектісі, бір ғана обьективтік жағы ғана болуы. Бұған мысалы, 125- баптың 1- бөлігінде көрсетілген адамды ұрлау жатады.

Балама құрам деп Қылмыстық кодекстің бабындағы диспозициясында көрсетілген әрекеттердің біреуін істегендікті айтамыз. Мысалы, 259-бап есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, тасымалдау, жөнелту немесе сату.

Қылмыс тұрпаттары. Қылмыс сипатына қарай төмендегідей тұрпаттарға жіктеледі:

  • адамның жеке басына қарсы қылмыс;

  • адамның және азаматтың конституция­лық құқығы мен бостандығына қарсы қылмыс;

  • консти­туциялық құрылыстың негізі мен мемлекет қауіпсіздігіне қарсы қылмыс;

  • экономикалық қызмет саласындағы қыл­мыс;

  • меншікке қарсы қылмыс;

  • халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыс;

  • әскери қылмыстар;

  • қоғамдық кауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар.

 

Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау

 Қорытынды (Мұғалім)

  Қылмыстық жауапкершіліктің түсінігіне келсек, сонымен, қылмыстық жауапкершілік деп қылмыс заңы бойынша қылмыс деп белгіленген нақты іс-әрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті органдары арқылы  айыптаушылығын айтамыз.

Қылмыстық жауапкершілік өзінің сипатына қарай жаза тағайындалатын және жаза тағайындалмайтын болып екіге бөлінеді. Жаза тағайындалмайтын қылмыстық жауапкершілік айыптаушылық фактісімен аяқталады. Ал жаза тағайындалатын қылмыстық  жауапкершілікте айыптаушылықпен бірге жазалау фактісі де бар. Осыған байланысты  қылмыстық жауапкершілік бұл жазаға қарағанда жеке, ауқымы кең, қылмыстық құқылық түсінік екендігін оның жазасыз ақ қолдананылатындығын және орындалатынын  көреміз.      Қылмыстық жауапкершіліксіз жаза тағайындау мүмкін емес. Сонымен, қылмыстық жауапкершілік және жаза өзара бір-біріне ұқсас емес ұғымдар екендігін аңғарамыз. Негізгі бөлімде қылмыс құрамының түсінігі мен элементтерін қарастырдым.

Қылмыстың құрамы деп – қылмыс заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызу мүмкіндік беретін қылмыстың обьективтік және субьективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз. Қылмыс құрамының элементтері мен қылмыс құрамының түрлерін қосымшада көрсеттім.

Жалпы қорытынды жасайтын болсақ, қылмыстық жауапкершілік және оның негіздерінің  институттары бірін-бірі толықтырып отыратын, тұтастай бір бүтінді құрайтын біздің қоғамымыздағы әділеттілікті орнатуға көмектесуші құралдардың бірі, құқықтық мемлекетімізді қалауға септігін тигізерлік бір тетігі деп есептеймін.    

 Рефлексия



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қылмыстыө жауапкершілік

Автор: Жұмағұлова Жанар Мырзағалиқызы

Дата: 28.03.2022

Номер свидетельства: 603528

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Әкімшілік жауапкершілік.10 сынып"
    ["seo_title"] => string(35) "kimshilik_zhauapkiershilik_10_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "403128"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490426574"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Сыбайлас жем?орлы? тарихы "
    ["seo_title"] => string(29) "sybailas-zhiemk-orlyk-tarikhy"
    ["file_id"] => string(6) "203595"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429521390"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Жас?спірім ж?не ???ы? б?зушылы? "
    ["seo_title"] => string(39) "zhasospirim-zh-nie-k-u-k-yk-bu-zushylyk"
    ["file_id"] => string(6) "177422"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424631285"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(267) ""Адамды саудасын, еңбек қанауына тарту алдын алу бойынша оқушылар, ата-аналар және педагогика қауымдастығы арасында түсіндірме жұмыстар жүргізу""
    ["seo_title"] => string(80) "adamdy_saudasyn_ien_biek_k_anauyna_tartu_aldyn_alu_boiynsha_ok_ushylar_ata_anala"
    ["file_id"] => string(6) "420242"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1496469799"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) ""Жас?спірім ж?не за?" та?ырыбында д??гелек ?стел "
    ["seo_title"] => string(55) "zhasospirim-zh-nie-zan-tak-yrybynda-don-ghieliek-ustiel"
    ["file_id"] => string(6) "177857"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1424716691"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства