kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сыбайлас жем?орлы? тарихы

Нажмите, чтобы узнать подробности

    Сыбайлас жем?орлы? – ?ауіпті ?леуметтік ??былыс. Осы ??былыспен к?ресті? тарихы тере?де жатыр. Сыбайлас жем?орлы?ты? пайда болуы ал?аш?ы тапты? ?о?амдар мен мемлекеттік ??рылымдар ?алыптас?ан уа?ыттар ?ойнауына жетелейді. Мемлекеттік ?ызмет ж?йесіндегі сыбайлас жем?орлы? туралы жазбаша м?ліметтерді? е? ал?аш?ыларын К?не Бабырды? б.з.д. ХХІV ?асырда?ы м?ра?аттарынан к?руге болады. Патша Лагаша Урукагина шенеуніктер мен соттарды? ж?генсіз ?рекеттеріне тыю салу ма?сатымен мемлекеттік бас?ару ісін реформалады.

XIII ?асырда пара?орлы? туралы ма??лматтарды орыс хал?ыны? шежірелерінде де к?птеп кездестіреміз. Ресей тарихында бірінші сыбайлас жем?орлы? ?рекеттерін шектеу за?намасын III Иван жаз?ан. Оны? немересі Иван Грозный 1561 жылы Сот грамотасын енгізді, онда жергілікті земство бас?армасыны? сот шенеуніктеріне пара ал?аны ?шін ?лім жазасы т?рінде санкция белгіленді.

А.М. Романовты? кезе?інде сыбайлас жем?орлы??а ?арсы ба?ыттал?ан жал?ыз халы?ты? б?лік болды. Ол 1648 жылы Ресей жерінде м?скеуліктерді? же?ісімен ая?талды. ?аланы? жартысы бейбіт т?р?ындарымен ?ртеніп кетті, алайда патша екі министрді — Земстволы? б?йры?ты? басшысы Л.Плещеевті ж?не Пушкарлы? б?йры?ты? бастысы П.Траханиотовты к?пшілікке азаптау?а берді.

1649 жылы ?абылдан?ан Соборлы? Ережеде пара?орлы? ?шін ?ылмысты? жауапкершілік ж?не пайда табу ма?сатында ?ызмет бабын теріс пайдалану с?ра?тары к?рініс табады. Соборлы? Ережені? 5 ж?не 7- баптарында сот органдарыны? лауазымды т?л?аларыны? сыйа?ы ал?аны ?шін ?ылмысты? жауапкершілік ?арастырыл?ан, ал 6 — бапта субъектіні? ше?бері ке?ейтілді, сот шенеуніктері ?ызметін  ат?аратын т?л?алар?а пара ал?аны ?шін жауапкершілік к?рсетілген.

I Петр кезе?інде сыбайлас жем?орлы? етек жайды ж?не онымен ?атал к?рес ж?ргізілді. I Петр пара?ор, с??ана?ты? ж?не бопсалаушылар?а ы?пал жасаумен мемлекеттік ?ызмет істерінде т?ртіп ж?ргізуге тырысты. Алайда, ?олдан?ан шаралар о? н?тижені бермеді. Пара?орлы?ты? ж?не ?ызмет бабын теріс пайдалану ар?ылы пайда табуды? алдын алу ма?сатында, I Петр мемлекеттік ?ызметкерлер ?шін мемлекеттік ?ызметті ?туді? жа?а т?ртібін енгізді. Жа?а т?ртіпке с?йкес, олар б?л ?ызметте екі жылдан арты? бола алмайды. Егерде ?ала т?р?ындары осы лауазымды т?л?а ?зіні? міндеттерін орындауды жал?астырсын деп жазбаша т?рде ?тініш жазса, к?рсетілген мерзім ?зартылуы м?мкін.

?ызмет бабын теріс пайдалану ар?ылы пайда табуды? ?ауіпті нысаны — пара?орлы?ты? тарал?анын ескере отырып, I Петр 1713 жылы 23 тамызда?ы Жарлы?ымен пара алумен ?атар, пара бергені ?шін ?ылмысты? жауапкершілік енгізген. «Осындай ??сас ??былысты? алдын алу ?шін а?ша ал?андармен, а?ша бергендерді аямай ?амшымен д?ре со?ады ж?не ?йелдері мен балаларын Азов каторгасына жібереді, ж?не барлы? ?алалар?а, селолар?а былай жариялау керек: «Кімде-кім осылай алда?ы уа?ытта та?ы жасаса, оны аямай, ?лім жазасына кеседі» деп Жарлы?та жариялан?ан.

Мемлекетті? билік ж?не бас?ару органдарыны? лауазымды т?л?алары ?ызмет бабын теріс пайдалану ар?ылы пайда табуды ж?зеге асыр?аны ?шін ?аталыра? жаза  ?арастырыл?ан, б?л жа?а Жарлы?та к?рсетілген. I Петр 1714 жылы 24 желто?санда шы??ан Жарлы??а ?ызметін теріс пайдалану ар?ылы пайда табуды ж?зеге асыру?а к?мектескені ?шін ж?не осы ?ылмыстарды? жасал?аны туралы айтпа?аны ?шін ?ылмысты? жауапкершілікті енгізген.

Алайда, пара?орлы? ?шін ?ылмысты? ???ы?ты? санкцияны? к?шейтілуі ж?не пара?орлы? ж?нінде айтпа?аны ?шін жауапкершілік туралы норманы енгізуі, мемлекеттік ?ызметті? жеке т?рлерін ?туді? ?згеру т?ртібі, фискалды? ке?ес институтын енгізілуі мемлекеттік органдар ?ызметінде елеулі ?згерістер берген жо?. Параны беру ж?не алу жал?астырылды. Тіптен 1713 жылы енгізілген нормативтік акті де ?згертілмеді. Ол акт бойынша пара ал?ан шенеунік туралы айт?ан т?л?а?а сол адамны? жылжитын ж?не жылжымайтын м?лкі берілген, егер оны лайы?ты азамат жасаса, онда о?ан сол адамны? лауазымы берілген. В.О. Ключевский I Петрді? бас?ару кезе?ін сипаттап, былай деген: «I Петр кезе?інде пара?орлы?пен к?рес б?рын болма?ан м?лшерге жетті.

?аза?станда ???ы?ты? ж?йені? негізі орта ж?не со??ы орта ?асыр кезе?інде дамыды, я?ни XIV-XIX ?.?. бірінші кезе? деп шартты т?рде к?рсетуге болады. Оны? негізгі ерекшелігі д?ст?рлі м?сылман ???ы?ты? ж?йесіні? ж?не мон?ол ?ркениетіні? ?дет-??рып ???ы?ы институтымен ???ы?ты? с?йкестігі болып табылады.

?аза?ты? феодалды? ?о?амыны? кезе?інде ?азіргі біз сыбайлас жем?орлы? деп санайтын ?ылмыс ?шін жауапкершілік ?арастырылма?ан. ?аза?стан Ресейге ?осыл?ан?а дейін сыбайлас жем?орлы? легитимдік институтты? нысанында к?рініс тапты. Жо?арыда отыр?ан ?кілдерге берілген сыяпат феодалды? міндеттілікпен сипатталады. Хандарды?, с?лтандарды?, билерді? ж?не бас?а да жо?ар?ы тап ?кілдеріні? пайдасы ?шін ?арапайым жер иеленушілерден (пайдаланушылардан) ?дайы «?шыр» салы?ы алынды,  — б?л егінні? оннан бір б?лігі. Мал шаруашылы?ымен айналысатындар «зекет» салы?ын т?леді. Сонымен ?атар, феодалды? жо?ар?ы тапты? пайдасына со?ым немесе сыба?а т?рінде сыйлы? жинал?ан.

?аза? елінде XVI ?асырды? басында «?асым ханны? ?ас?а жолы» деп аталатын ?асым ханны? за?ы ж?ргізілді. Оны? негізіне ?дет-??рып ???ы?ы енгізілді. ?аза?тарды? ?дет-??рып ???ы?ы XVIІ ?асырды? со?ында Т?уке ханны? т?сында бірт?тас жина? т?рінде «Жеті жар?ы» деген атаумен т?пкілікті кодификацияланды ж?не толы?тырылды.

Т.М. Культелеевті? айтуы бойынша, сол кезде ?аза?ты? ?дет-??рып ???ы?ы ?ш негізден т?рды: ?дет-??рып, сот билеріні? т?жірибесі ж?не би съезд ережелері. Сол кезе?де ?аза?станда сот ?ызметін ?аза?ты? ?дет-??рып ???ы?ыны? негізінде хандар, с?лтандар ж?не билер ат?ар?ан. Ханны? сот тал?ылауы, со??ы сот инстанциясы ретінде ?арастырылды. Сот тал?ылау ?шін ол «ханды?» деп аталатын сыйа?ыны? белгілі сомасын алып отыр?ан. Хан ?дет-??рып ???ы?ыны? негізінде сотта?ан, ?дет-??рып ???ы?ында?ы а?та?да?тарды ?зіні? ???ы? шы?армашылы? ?ызметімен ауыстырып отырды. Осылайша, ханны? сот  шешімі ?дет-??рып ???ы?ын толы?тырды ж?не ???ы?ты? жа?а нормаларын ??ру?а алып келді. ?дет-??рып ???ы?ы бойынша, судьялар?а тарту, сыба?а ж?не та?ы бас?аларды жасау?а тыйым салынбады. Сонды?тан, феодалды? жо?ар?ы ?кілдер ірі м?лшерде сыйа?ы алу ?шін ?ылмысты? істерді ж?не бас?а да дауларды ?дейі ?зарт?ан, ?иындат?ан.

Д`Андрені? «?ыр?ызды? ?дет-??рып сипаттамасында»: «Ордада ?рбір сыйлы адам, лауазымды т?л?а болса да, сыйлы? алуына болады» деп к?рсеткен. Осы жазбаны? бас?а н?с?асында, «м?ндай т?л?а сыйлы? ?абылдаудан бас тарта алмайды» деп айтыл?ан.

?аза?станда ???ы? ж?йесіні? ?алыптасуыны? келесі кезе?і, сыбайлас жем?орлы?ты? ?леуметтік-???ы?ты? м?ніні? ?згеруіне объективті ?сер етті. Б?л Ресей отаршылды? саясатын бекіту ж?не империя шекарасын ке?ейту кезе?інен басталды. Ресейге ?осыл?ан кезе?де ?аза?станны? сот ??рылымы екі ?осарлас ж?йе ретінде ?олданылып ж?рді:

— жергілікті ?лтты? сот – билер соты, ?аза?тар арасында?ы болмашы ?ылмысты? ж?не азаматты? істерді тал?ылады. Олар ?дет-??рып ???ы?ы ж?не шариат негізінде ?рекет етті;

— жалпы империялы? сот мекемесі — ?аза?тарды? ерекше ма?ызды ?ылмысты? істерін ж?не бас?а халы?тар ?кілдеріні? арасында туында?ан барлы? істерді тал?ылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сыбайлас жем?орлы? тарихы »

Аудандық семинар



















Баяндама





Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық тарихы













Дайындаған: Мұқамбетәзиев А.М.













2013-2014



Сыбайлас жемқорлық – қауіпті әлеуметтік құбылыс. Осы құбылыспен күрестің тарихы тереңде жатыр. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы алғашқы таптық қоғамдар мен мемлекеттік құрылымдар қалыптасқан уақыттар қойнауына жетелейді. Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық туралы жазбаша мәліметтердің ең алғашқыларын Көне Бабырдың б.з.д. ХХІV ғасырдағы мұрағаттарынан көруге болады. Патша Лагаша Урукагина шенеуніктер мен соттардың жүгенсіз әрекеттеріне тыю салу мақсатымен мемлекеттік басқару ісін реформалады.

XIII ғасырда парақорлық туралы мағұлматтарды орыс халқының шежірелерінде де көптеп кездестіреміз. Ресей тарихында бірінші сыбайлас жемқорлық әрекеттерін шектеу заңнамасын III Иван жазған. Оның немересі Иван Грозный 1561 жылы Сот грамотасын енгізді, онда жергілікті земство басқармасының сот шенеуніктеріне пара алғаны үшін өлім жазасы түрінде санкция белгіленді.

А.М. Романовтың кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған жалғыз халықтық бүлік болды. Ол 1648 жылы Ресей жерінде мәскеуліктердің жеңісімен аяқталды. Қаланың жартысы бейбіт тұрғындарымен өртеніп кетті, алайда патша екі министрді — Земстволық бұйрықтың басшысы Л.Плещеевті және Пушкарлық бұйрықтың бастысы П.Траханиотовты көпшілікке азаптауға берді.

1649 жылы қабылданған Соборлық Ережеде парақорлық үшін қылмыстық жауапкершілік және пайда табу мақсатында қызмет бабын теріс пайдалану сұрақтары көрініс табады. Соборлық Ереженің 5 және 7- баптарында сот органдарының лауазымды тұлғаларының сыйақы алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, ал 6 — бапта субъектінің шеңбері кеңейтілді, сот шенеуніктері қызметін  атқаратын тұлғаларға пара алғаны үшін жауапкершілік көрсетілген.

I Петр кезеңінде сыбайлас жемқорлық етек жайды және онымен қатал күрес жүргізілді. I Петр парақор, сұғанақтық және бопсалаушыларға ықпал жасаумен мемлекеттік қызмет істерінде тәртіп жүргізуге тырысты. Алайда, қолданған шаралар оң нәтижені бермеді. Парақорлықтың және қызмет бабын теріс пайдалану арқылы пайда табудың алдын алу мақсатында, I Петр мемлекеттік қызметкерлер үшін мемлекеттік қызметті өтудің жаңа тәртібін енгізді. Жаңа тәртіпке сәйкес, олар бұл қызметте екі жылдан артық бола алмайды. Егерде қала тұрғындары осы лауазымды тұлға өзінің міндеттерін орындауды жалғастырсын деп жазбаша түрде өтініш жазса, көрсетілген мерзім ұзартылуы мүмкін.

Қызмет бабын теріс пайдалану арқылы пайда табудың қауіпті нысаны — парақорлықтың таралғанын ескере отырып, I Петр 1713 жылы 23 тамыздағы Жарлығымен пара алумен қатар, пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізген. «Осындай ұқсас құбылыстың алдын алу үшін ақша алғандармен, ақша бергендерді аямай қамшымен дүре соғады және әйелдері мен балаларын Азов каторгасына жібереді, және барлық қалаларға, селоларға былай жариялау керек: «Кімде-кім осылай алдағы уақытта тағы жасаса, оны аямай, өлім жазасына кеседі» деп Жарлықта жарияланған.

Мемлекеттің билік және басқару органдарының лауазымды тұлғалары қызмет бабын теріс пайдалану арқылы пайда табуды жүзеге асырғаны үшін қаталырақ жаза  қарастырылған, бұл жаңа Жарлықта көрсетілген. I Петр 1714 жылы 24 желтоқсанда шыққан Жарлыққа қызметін теріс пайдалану арқылы пайда табуды жүзеге асыруға көмектескені үшін және осы қылмыстардың жасалғаны туралы айтпағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізген.

Алайда, парақорлық үшін қылмыстық құқықтық санкцияның күшейтілуі және парақорлық жөнінде айтпағаны үшін жауапкершілік туралы норманы енгізуі, мемлекеттік қызметтің жеке түрлерін өтудің өзгеру тәртібі, фискалдық кеңес институтын енгізілуі мемлекеттік органдар қызметінде елеулі өзгерістер берген жоқ. Параны беру және алу жалғастырылды. Тіптен 1713 жылы енгізілген нормативтік акті де өзгертілмеді. Ол акт бойынша пара алған шенеунік туралы айтқан тұлғаға сол адамның жылжитын және жылжымайтын мүлкі берілген, егер оны лайықты азамат жасаса, онда оған сол адамның лауазымы берілген. В.О. Ключевский I Петрдің басқару кезеңін сипаттап, былай деген: «I Петр кезеңінде парақорлықпен күрес бұрын болмаған мөлшерге жетті .

Қазақстанда құқықтық жүйенің негізі орта және соңғы орта ғасыр кезеңінде дамыды, яғни XIV-XIX ғ.ғ. бірінші кезең деп шартты түрде көрсетуге болады. Оның негізгі ерекшелігі дәстүрлі мұсылман құқықтық жүйесінің және монғол өркениетінің әдет-ғұрып құқығы институтымен құқықтық сәйкестігі болып табылады.

Қазақтың феодалдық қоғамының кезеңінде қазіргі біз сыбайлас жемқорлық деп санайтын қылмыс үшін жауапкершілік қарастырылмаған. Қазақстан Ресейге қосылғанға дейін сыбайлас жемқорлық легитимдік институттың нысанында көрініс тапты. Жоғарыда отырған өкілдерге берілген сыяпат феодалдық міндеттілікпен сипатталады. Хандардың, сұлтандардың, билердің және басқа да жоғарғы тап өкілдерінің пайдасы үшін қарапайым жер иеленушілерден (пайдаланушылардан) ұдайы «ұшыр» салығы алынды,  — бұл егіннің оннан бір бөлігі. Мал шаруашылығымен айналысатындар «зекет» салығын төледі. Сонымен қатар, феодалдық жоғарғы таптың пайдасына соғым немесе сыбаға түрінде сыйлық жиналған.

Қазақ елінде XVI ғасырдың басында «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталатын Қасым ханның заңы жүргізілді. Оның негізіне әдет-ғұрып құқығы енгізілді. Қазақтардың әдет-ғұрып құқығы XVIІ ғасырдың соңында Тәуке ханның тұсында біртұтас жинақ түрінде «Жеті жарғы» деген атаумен түпкілікті кодификацияланды және толықтырылды.

Т.М. Культелеевтің айтуы бойынша, сол кезде қазақтың әдет-ғұрып құқығы үш негізден тұрды: әдет-ғұрып, сот билерінің тәжірибесі және би съезд ережелері. Сол кезеңде Қазақстанда сот қызметін қазақтың әдет-ғұрып құқығының негізінде хандар, сұлтандар және билер атқарған. Ханның сот талқылауы, соңғы сот инстанциясы ретінде қарастырылды. Сот талқылау үшін ол «хандық» деп аталатын сыйақының белгілі сомасын алып отырған. Хан әдет-ғұрып құқығының негізінде соттаған, әдет-ғұрып құқығындағы ақтаңдақтарды өзінің құқық шығармашылық қызметімен ауыстырып отырды. Осылайша, ханның сот  шешімі әдет-ғұрып құқығын толықтырды және құқықтың жаңа нормаларын құруға алып келді. Әдет-ғұрып құқығы бойынша, судьяларға тарту, сыбаға және тағы басқаларды жасауға тыйым салынбады. Сондықтан, феодалдық жоғарғы өкілдер ірі мөлшерде сыйақы алу үшін қылмыстық істерді және басқа да дауларды әдейі ұзартқан, қиындатқан.

Д`Андренің «Қырғыздың әдет-ғұрып сипаттамасында»: «Ордада әрбір сыйлы адам, лауазымды тұлға болса да, сыйлық алуына болады» деп көрсеткен. Осы жазбаның басқа нұсқасында, «мұндай тұлға сыйлық қабылдаудан бас тарта алмайды» деп айтылған.

Қазақстанда құқық жүйесінің қалыптасуының келесі кезеңі, сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік-құқықтық мәнінің өзгеруіне объективті әсер етті. Бұл Ресей отаршылдық саясатын бекіту және империя шекарасын кеңейту кезеңінен басталды. Ресейге қосылған кезеңде Қазақстанның сот құрылымы екі қосарлас жүйе ретінде қолданылып жүрді:

— жергілікті ұлттық сот – билер соты, қазақтар арасындағы болмашы қылмыстық және азаматтық істерді талқылады. Олар әдет-ғұрып құқығы және шариат негізінде әрекет етті;

— жалпы империялық сот мекемесі — қазақтардың ерекше маңызды қылмыстық істерін және басқа халықтар өкілдерінің арасында туындаған барлық істерді талқылады.

II Екатеринаның басқару кезеңінде парақорлық үшін санкция I Петр кезеңіндей қатал болмады. Осы уақытта билік органдарында сыбайлас жемқорлықтың таралуы  көбейді.  II Екатерина осы қылмысты жүзеге асырғаны үшін жазаның бұлтартпастық принципін қамтамасыз етуге көңіл бөлді. Жазалау шарасының қаталдығы және кең қолданылуы қылмыстың бұл түрінің санын азайтпады. Сондықтан, Ресейде сұғанақтықпен күрестің жаңа тәсілдері іздестірілді.

1845 жылы Ресейге қылмыстық және атқарушылық жаза туралы Ереже қабылданды. Мұнда парақорлық үшін жауапкершілік және сыбайлас жемқорлық көрінісінің басқа да нысандары туралы заңнама өзгертілді және толықтырылды, жаңа нормалар енгізілді. Ереженің бесінші бөлімінің алтыншы тарауында қызметін пайда табу мақсатында теріс пайдаланғаны, және парақорлық үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Бұл тарау «Парақорлық және сұғанақтық туралы» деп аталды және он үш баптан тұрды.

Ереженің 401-бабында парақорлық үшін қылмыстық жауапкершілік көрсетілген, бұл қылмыс үшін жаза – келтірілген зиянды ақшалай екі есе өндіртіп алу болған. Бұл бапта пара алудың екі нысаны көрсетілген: игілік парасы және сатып алу парасы.

Ереженің 405-бабында пара алудың және берудің тәсілдері және нысандары белгіленген:

— делдал, соның ішінде туыстары арқылы параны алу және беру;

— қызметі бойынша, лауазымды тұлғаның әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін алдын — ала уәде етілген сыйақыны беру және алу;

— сыйақыны айырбас, сату немесе басқа жалған заңсыз мәмілелер түрінде беру.

Ереженің 406 және 407 — баптарында қорқытып алудың нысаны ретінде пара былай аталған:

— қорқыту немесе қысым көрсету жолы арқылы пара алу;

—  лауазымды тұлғалардың сыйлықты немесе заңмен көрсетілмеген төлемді, несиені немесе басқа да пайданы талап етуі;

—  жеке адамды азаптаумен немесе зорлық-зомбылықпен ұштасқан қорқытып алушылық.

Параны қорқытып алушылық үшін барлық құқығынан айыру ретінде, Сібірге жер аударумен немесе 4 жылдан 6 жылға дейін қамаумен жазаланды.

Ереженің «Парақорлық және сұғанақтық туралы» тарауына бұрын Ресейдің қылмыстық құқығына белгілі болмаған жаңа баптар енгізілді:

—  жоғары басшылықтың лауазымды тұлғалардың және оның көмекшілерінің заңға қарсы ақша жинауы және сыйлықтар алуы (408- бап);

—  парақорлыққа және сұғанақтыққа жәрдемдесу, параны қорқытып алушылыққа қатысу (409 — бап);

—  қауым атынан шаруалардың лауазымды тұлғаларға пара беруі (411- бап).

Ауырлататын мән-жайларсыз пара беру үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын Ереженің 411 және 412 — баптарын 1866 жылы Ресей Императоры II Александр «Сұғанақтық туралы» қаулысы күшін жойды.

1903 жылы Ресейдің «Қылмыстық ережесі» әзірленді. 1885 жылғы «Қылмыстық және түзеу жазасы туралы ережелердің» лауазымды қылмыстары туралы барлық нормалары осы ережеге автоматты түрде көшірілді. Алайда, 1903 жылы Ереже заңды күшіне енген жоқ. Қайта құрудың революциялық сипаттамасы Ресейде капиталистік қатынастың дамуын тоқтатты.  Патша үкіметінің барлық заңдары, соның ішінде қылмыстық заңдар 1917 жылы күшін жойды. 1917 жылы қазан айында мемлекеттік құрылыстың және басқару нысанының ауыстырылуы сыбайлас жемқорлық құбылысын алып тастамады. 1918 жылы 8 мамырдың «Парақорлық туралы» декреті осы әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырған Кеңес үкіметінің бірінші құқықтық актісі болды. Кеңес үкіметінің сыбайлас жемқорлықпен күресу тарихы, оның билігімен бірге аяқталды. Бұл күрес бірнеше маңызды және қызғылықты белгілерімен сипатталады:

Біріншіден, билік «сыбайлас жемқорлық» сөзін мойындамады, тек 80 жылдардың аяғында қолданды. Оның орнына «парақорлық», «қызмет бабын теріс пайдалану», «бетімен кетушілік» және тағы басқа терминдер қолданылды.

Екіншіден, кеңестің «құқықтық санасы» әрдайым сыбайлас жемқорлықтың себептерін  қате түсіндірді.

Революцияға дейінгі Ресейдің қылмыстық құқықтық нормаларын жетілдіру нәтижесінде сыбайлас жемқорлықтың келесі нысандары анықталды:

— парақорлық;

— сұғанақтық;

— қорқытып алу;

— мемлекеттік мүлікті ұрлау.

Ресей елінің сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес туралы тәжірибесінің осындай көріністерін атай кетіп, бүгінгі қазақ елі ТМД елдерінің арасында алдыңғы қатарда келе жатқанын айтуға болады.

1997 жылы 21 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының жоғарғы тәртіптік кеңесі туралы» Жарлық шығарды. Жоғарғы тәртіптік кеңестің басты мақсаты — мемлекеттік тәртіпті бекіту, мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін көтеру, олардың қызмет бабын теріс пайдалануына және өкімет билігін асыра пайдалануына жол бермеу болды.

1998 жылы 2 шілдеде Қазақстан Республикасының № 267-I “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу туралы” Заңы қабылданды. (2000 жылы 28 сәуір, 2001 жылы 8 маусым, 2001 жылы 12 шілде, 2002 жылы 9 тамыз, 2003 жылы 27 қыркүйек, 2007 жылы 21 шілдедегі өзгерістер және толықтырулар енгізілді).

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1998 жылғы 30 қыркүйектегі Жолдауында былай деген: «Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді, сондықтан онымен күрес жүргізу — жалпы ұлттық міндет». 2005 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті 2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу туралы мемлекеттік Бағдарламаны бекітті. Ал 2006 жылы ақпанда осы стратегиялық құжатты жүзеге асыру жоспары туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысы шығып, қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

Қорыта айтқанда, Сыбайлас жемқорлықтың тамыры тереңде жатқан қауіпті әлеуметтік құбылыс. Ресей тарихындағы I Петрдің кезінде пара алғанды да, пара бергенді де жазалап, өлім жазасын тағайындағанын көреміз. Одан кейін II Екатеринаның кезінде заңға сұғанақтық жасаған адамды қатаң жазалап отырған. Тарихқа үңілсек, осындай мәліметтер арқылы сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес бұрын да болғанын, бұл мәселенің әлі күнге өзекті мәселелердің бірі болып отырғанын көреміз.

Бүгінгі таңдағы, Сыбайлас жемқорлықтың мақсаты азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей:

1.Қолма-қол айналымды азайту, есептесудің заманауи электрондық жолдарын кеңейту, есеп берудің ақша айналымын бақылауды жеңілдететін, қолма-қол пара беру мүмкіндігін қиындататын заманауи тұрпаттарын ендіру;

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресумен айналысатын мамандардың біліктілігін арттыру;

3.Сыбайлас жемқорлықты азайту үшін қызметкерлердің жалақысын көтеру;

секілді мәселелерді қарастырса, сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жоймағанмен біршама азайтар едік.



Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Заңы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»,- Алматы: ЖШС «Издательство Норма-К», 2010. — 16

  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің негіздері. Оқу құралы, Алматы 2004. 7-10 б.

  3. Рабинович Н.О. О наказуемости взяточничества // Право.-1916.-№11. с.669.

  4. Ключевский В.О. Терминология русской истории. Т.4.-М.: Правда, 1989. с.180.

  5. Российское законодательство Х-ХХ вв. / Под общ. ред. А.И.Чистякова. Т.2. — М.: Юр. литература, 1985. с.390.

  6. Материалы по казахскому обычному праву // Сб. Научно-популярное издание. — Алматы: Жалын, 1998. — 303 с., с. 11

  7. Фукс С.Л. Обычное право казахов в XVIII-первой половине XIXв.- Алма-Ата: Наука, 1981. с.54.

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Сыбайлас жем?орлы? тарихы

Автор: М??амбет?зиев Аркен М??амбет?зи?лы

Дата: 20.04.2015

Номер свидетельства: 203595


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства