kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Классный час "Я и Мы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

мен және біз атты тақырыптағы сынып сағатының жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Классный час "Я и Мы"»

Мақсаты: балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Әдістер: Әңгімелеу, жұмбақ, тақпақ айту, ойын, сұрақ - жауап, сергіту, шаттық шеңбері.

Көрнекіліктер: отбасы суреттері, қуыршақтың киімдері, макеті.

Сабақтың барысы

Шаттық шеңбері:

Көтеріліп шаңырақ,

Уықтары шаншылар.

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өрілер.

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй болып көрінер.

- Балалар, біз қандай заттың бейнесін жасадық?

- Ал, киіз үйде кімдер тұрады?

- Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?

- Дұрыс айтасыңдар.

Бүгінгі біздің тақырыбымыз өз отбасымыз туралы болмақ.

Балалар, айналамызға қарасақ, көптеген үйлерді көреміз.

Ол үйлерде кімдер тұрады деп ойлайсыңдар?

- Иә, балалар, барлық үйдің өз отбасы болады олар бір - бірімен тату - тәтті тұрады.

- Қане, балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көрейік.

Жұмбақ: Онсыз қызық жоқ маған, онсыз бақыт жоқ маған.

Ол әр баланың панасы, ол не екен, балалар? (отбасы)

- Міне балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы екен

- Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы.

Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар?

- Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір - біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз.

Отбасы туралы әңгімелеу.

Ойын: " Мынау кім?"

Мақсаты: Балаларды тапқырлыққа, есте сақтау қабілетін дамытуға баулу.

Шарты: отбасындағы мүшелердің атын атап, жасырынған отбасы мүшесін табу.

Сергіту жаттығуы: Атамның алып күрегін,

Ауланың қарын күредім.

Әжеме мен құдықтан,

Су әкеліп беремін.

Еденді де жуамын,

Шаң - тозаңды қуамын.

Ойын сұрақ: " Көңілді доп"

- Отбасы мүшесін ата.

- Отбасында кімді жақсы көресің?

- Отбасында кімге сыйлық жасайсың?

- Анаңа қалай көмектесесің?

- Үйге қонақ келгенді ұнатасың ба?

- Дастархан басында өзіңді қалай ұстайсың?

- Үйдегі ініңе, қарындасыңа қалай көмектесесің?

- Жарайсыңдар, балалар, өте жақсы.

Үстел үсті ойыны:

"Қуыршақты киіндіреміз"

Мақсаты: балаларды адамгершілікке, сыйластыққа, мейірімділікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Шарты: қатты қағаздан қиылған қуыршақ макетін киім үлгісімен киіндіру.

Балалардың жұмысын мадақтау.

- Балалар, қуыршаққа өте жақсы киімдерін киіндіре білдіңіздер, адамгершілік, мейірімділік қасиеттеріңізді көрсете білдіңіздер.

- Өте жақсы балалар.

Қорытынды: Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат отбасымыз туралы әңгімеледік. Біз оларды жақсы көруді, сыйлауды, көмектесуді үйрендік. Отбасы ең жақын адамдардың ошағы екенін білдік. Ойындар ойнадық. Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысып, сұрақтарға жауап бере білдіңдер. Бәріміз бірге отбасымызға тілек сөздер айтып, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз!

Сабақтың тақырыбы: Менің жанұям

Ата-ананың адам өмірінде алатын орны ерекше екендігін, ата-ананы құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына сіңіру Дамытушылық: Ата-ана ұғымын түсіндіру арқылы балалардың ата-анаға деген қадір, құрметін тереңдетіп, нақты ұрпақ санасына түсіндіру. Тәрбиелік: Оқушыларды салауатты өмір сүруге, адал болуға, Отанға, халқына отбасына адал еңбек етуге, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, сынып ынтымақтастығын қалыптастыру, жұмыстарға тарту, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, сабақ арқылы ата-ана еңбегін аялауға тәрбиелеу Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер,өлең оқу, ән, би, шарлар, көрніс Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Сәлемдесу, сабақтың мақсатын хабарлау. жүргізуші:Армысыздар ардақты ұстаздар! Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар! Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды.

Отбасындағы ең қымбат адамдар.

Құт береке атаң қымбат,

Мейірімді әжең қымбат,

Асқар тауың әкең қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат дей отырып кезекті «Ана» жайлы әнге береміз орындайтын Жүргізуші:Қазақ отбасы баланы қоғамның моральдық нормасын орындауға қатыстыру, олардың тәртіп және мінез құлық тәжірибесін қалыптастыру, Отанға, халқына, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы адамгершілікке тәрбиелей білді.

. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорымен қаруландыру, дүниетанымын қалыптастыру міндеттері шешілді. Қазақ халқы бала тәрбиелеуде экономикалық тәрбие деген ұғымды пайдалабағанымен, тәрбиенің бұл түрі отбасында мақал, өсиет айту, өнеге көрсету арқылы жүзеге асқан. Мысалы; «Еңбек- өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі», « Еңбек – түбі береке», «Үнемшілдік-сараңдық емес», «Ескі киімді баптағаның, жаңа киімді сақтағаның», «Сараң дүниенің малын жыйса да тоймайды» деген мақалдары дәлел бола алады. Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп қараған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, мал табуға, отбасын асырауға, ал қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты үй ішінің ішкі жұмыстарына үйрету арқылы экономикалық тәрбиенің көзі болып табылатын үнемшілдікке, тәуекелшілдікке үндеп, сараңдыққа салынып кетуден жирендіріп отырған. Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған. Абайдың: «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік», – дейтіні содан шығар. Ата-ананың сөзін сыйлап, құлақ асу, пікірлес болу отбасы тіршілігінің бір ғанибеті ғой. Сол арқылы-ақ бала ата-анасының мейірін өсіріп, өз ортасында төрден орын алуына көмектеседі. Керісінше, ата-ананың сөзін құлаққа ілмейтін, өзі тағы жөн білмейтін жетесіз бала олардың сағын сындырып, төрдегі басын есікке сүйрейді. Ендігі кезекті «Есірткіге әуес болған бала» жайлы көрніске береміз

Жүргізуші: Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтың бір ұшы олардың жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептеген. Ата-әжелеріміз отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке- жеке мән беріп қарастырған. Ал ағылшын ата-әжелері өз немерелерін өте жақсы көргенімен, тек сенбі, жексенбі күндері ғана немерелерін қонаққа шақырып, күтеді немесе ата-аналары демалыста жүргенде бір-екі апта ғана немерелеріне қарайды. Бірақ олар тегін және үнемі бала бағушы болуға ешқашан да келіспейді. Ал біздің қазақ халқында ата-әжелеріміз болса немерелерін өз балаларынан артық көрген Немересін жаннан артық көретін,

Екі еткізбей бәрін алып беретін.

Әжелердің құшағында күн иісі

Еркелігі үзілместен күлетін.

Немерелер бақытты осы неге тым,

Немересін көз қуаныш көретін,

Ата-әже бар бұл жалғанда бақытты

Ертегіден қиял жасап беретін.

Жүрегіңе қайырымдылық себетін,

Мейірімін аямастан төгетін,

Аман болсын,әжетайым,ертеңім,

Дәл өзіңдей бар асуды жеңетін. дей келе осы орайда бүгінгі біздің сынып сағатымызға қонақ болып келіп отырған әжемізге сөз кезегін берейік 1.Әже отбасында немерелеріңізге деген ең басты ұстанатын тәлім тәрбиеңіз жайлы айта кетсеңіз?

2. Сіз мерекелерде балаңыздың дайын сыйлық бергенін қалайсыз ба? Әлде өз қолымен жасаған бір затын сыйлағанды жөн көресіз бе? 3.Жоғарыда көрсетілген көрніске қандай пікіріңізді білдірер едіңіз? Жүргізуші: Ақжаулық жарасар басыңдағы,

Молайыпты ақ түсің шашыңдағы.

Зор байлықсың ең қымбат ортаймайтын,

Ақыл кені,әжетай,қазыналы.

Ауырмастан шауып әркез жүре бер,

Мейрамдарды күнде тойлап күле бер!

Қарттық сенің қайратыңнан қайрылсын

Отбасыңда бақытты өмір сүре бер! Жүргізуші: Егер жапон халқы басқалар үшін тұйық халық болса, онда ағылшын халқы басқаларды қойып, өз ішінде тұйық халық. Олардың отбасындағы әр адам жеке өмірінің құпия болғанын қалайды. Бір сөзбен айтсақ, ағылшындықтардың жаны-өз үйінен де жақын, яғни берік қамалмен тең. Басқа халықтар үшін жанұя қиыншылық пен қуанышты бірге бөлісетін ең басты байлық болса, ағылшын халқы қиыншылық кезінде жақындарынан көмек күте қоймайды. Тіпті жақындарына көмек көрсетуді өз жауапкер- шіліктеріне алмайды екен. Жүргізуші:Ағылшын халқында ең алғашқы сәби дүниеге келісімен (бай болса да) отбасындағы бар байлық тек сол балаға ғана мұраға беріледі. Оның басқа іні, сіңлілері болғанымен оларға ештеңе берілмейді олар өз тірліктерін өздері жасайды. Француздар мен немістерге қарағанда ағылшындар қыз баланың жасауына да аз көңіл бөлген. Олар баланың өмірін қамтамасыз еткеннен гөрі, олар талпынған сәтте ұядан итеруге әрекет етіп, өздіктерінен ұшуға жағдай жасайды. Ал қазақ халқында ата-аналар балаларына үнемі қамқорлық жасайды және үлкен жауапкершілікпен қарайды.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Классный час "Я и Мы"

Автор: Смагулова Айнур Талгатовна

Дата: 19.05.2019

Номер свидетельства: 511165

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "КЛАССНЫЙ ЧАС 8 классе "Школьный дневник это ..." "
    ["seo_title"] => string(46) "klassnyi-chas-8-klassie-shkol-nyi-dnievnik-eto"
    ["file_id"] => string(6) "144828"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1418804607"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "Конспект классного часа "В мире профессий""
    ["seo_title"] => string(40) "konspiektklassnoghochasavmirieprofiessii"
    ["file_id"] => string(6) "283269"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453810635"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(134) "Доклад "Классный час как основная форма воспитательной работы с классом" "
    ["seo_title"] => string(73) "doklad-klassnyi-chas-kak-osnovnaia-forma-vospitatiel-noi-raboty-s-klassom"
    ["file_id"] => string(6) "125801"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1415048495"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "классный час на тему "мы-будущие избиратели" "
    ["seo_title"] => string(49) "klassnyi-chas-na-tiemu-my-budushchiie-izbiratieli"
    ["file_id"] => string(6) "194963"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427826156"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Классный час «Все увлекательное вокруг меня»."
    ["seo_title"] => string(50) "klassnyi_chas_vsie_uvliekatiel_noie_vokrugh_mienia"
    ["file_id"] => string(6) "388831"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1486447815"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства