kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Денсаулық – зор байлық"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Оқушыларға денсаулық адам баласының тозбас қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екенін түсіндіру,оқушылардың әртістік қабілеттерін,өнерге деген білімдерін байқау.
Дамытушылығы: Оқушыларға салауатты өмір сүруге және жас ұрпақты зиянды әрекеттерден аулақ болуға үйрету.
Тәрбиелілігі: Жеке бас тазалығын сақтау ережесін қалыптастыру. (қол жуу, тіс күту, көзді сақтау, дене бітімін сақтау) күн ережесін (тамақтану, ойнау, сабақ оқу, дем алу, ұйқы, серуен) дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру.
Әдісі: әңгімелесу, сахналық көрініс, ойын, мақалдар.
Көрнекілігі: Жеміс - жидектер суреттері

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Денсаулық – зор байлық"»

Тақырыбы: Денсаулық – зор байлық.
Мақсаты: Оқушыларға денсаулық адам баласының тозбас қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екенін түсіндіру,оқушылардың әртістік қабілеттерін,өнерге деген білімдерін байқау.
Дамытушылығы: Оқушыларға салауатты өмір сүруге және жас ұрпақты зиянды әрекеттерден аулақ болуға үйрету.
Тәрбиелілігі: Жеке бас тазалығын сақтау ережесін қалыптастыру. (қол жуу, тіс күту, көзді сақтау, дене бітімін сақтау) күн ережесін (тамақтану, ойнау, сабақ оқу, дем алу, ұйқы, серуен) дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру.
Әдісі: әңгімелесу, сахналық көрініс, ойын, мақалдар.
Көрнекілігі: Жеміс - жидектер суреттері

Сабақ барысы: Ұйымдастыру
Гүл ұстаған балалар шеңберге дөңгелене отырады, бір - біріне жылы, жақсы лебіздер айтып, денсаулық тілеп, гүл ұсынады. Гүл шоқтары бірте - бірте көбейіп, жылы лебізді тілек бастаған баланың өзіне бір құшақ гүл – Тілек шоғы болып оралады.

Мұғалім: Бүгінгі тәрбиелік іс шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек денсаулық жөнінде болмақ. Денсаулық деген сөз деннің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деннің ауру сырқаудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі денсаулықтың арқасы. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың бірі ауырса адамның денсаулығы нашарлап, көңіл - күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды. Ендеше «Денсаулық – зор байлық» деп халқымыз айтқандай, денсаулықты еш нәрсеге теңеуге болмайды, адамдар бір - біріне бірінші денсаулық тілейтінінің себебі міне осында. Дені сау адам әрдайым көңілді, жүзінен шаттық нұры төгіліп жүреді. Сондықтан өз денсаулығыңды қарап оны сақтай білуің керек.

Бүгінгі тәрбие сағатымызда 2-сынып оқушылары 3 топқа бөлініп өз өнерлері мен білгендерін ортаға салағлы тұр.Ендеше қатысушы топтарымызды ортаға шақырайық.

  1. топ «Шымыр»

  2. топ «Денсаулық» тобы

3-топ «Сымбат» тобы

Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың әділқазылар алқасы:

Мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерішісі:Н.Боранбаев

Мектебіміздің медбикесі:Р.Исакова

Бастауыш сыныптар бірлестігінің төрайымы: З.Елекеева

жүргізуші:
Уа халқым, назар аудар денсаулыққа
Өмірде бақыттысың денің сауда.
“Денсаулық – терең бақыт” деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.

2.жүргізуші:

Денің сауда күштісің бұл әлемде
Денің сауда сұлусың жер бетінде. 
Сол мықты денсаулықтың арқасында
Жеңерсің ауыр заман тәлкегін де

  1. жүргізуші:

Денің сауда жетерсің арманыңа
Жоспарлап алға қойған мақсатыңа
Денің сауда көрерсің бұл дүниенің 
Бар қызық, рахатын, жарығын да.

  1. жүргізуші:
     Денсаулық – шексіз бақыт халқым менің
    Сондықтан көңіл аудар денсаулыққа.
    Қолда барда біл оның қасиетін
    Күтіп, баптап аяла әр уақытта.

Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімін де қиюға болады. 
           Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек.Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында. Сол себепті, әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет.

-Достым көп сөйлеп созбай,

Әдептен озбай қатысушы топтарымызға сөз берейік. Денсаулық жайлы не біледі екен?

1 - оқушы: Денсаулық – ол күлуің,
Көңіл - күйің жадырап.
Денсаулық – ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай.

2 - оқушы: Денсаулық ол шыныққан
Барлық дене мүшесі
Денсаулық ол тыныққан
Жүйке – тамыр жүйесі.

3 - оқушы: Басты байлық – денсаулық
Бабаң айтқан даналық
Сақта жолын сен тауып
Осы шақта балақай.




-Жеке бас гигиенасын сақтау – таза жүру, таңертең тұрып әр түрлі жаттығулар жасап жүгіру, жуыну. Тырнақты өсірмей уақытылы алып жүру. Күн тәртібін сақтау.

- Аптасына бір тәулік ас судан бас тарт, асқазаның демалады.

- Мектепте де үйде де тазалықты сақтауымыз қажет. Тісімізді жуу, қолымызды сабындап жуу, бөгде заттарды ұстамау.

-Жеміс жидектерді жуып жеу, тамақ үстінде сөйлемеу, спортпен айналысу, таза жүру.
Томирис: Әрбір адам өз денесін шынықтырса жуынып таза жүрсе ауру жоламайды. Адам еңбекке қабілетті болып өсіп, дене құрылымы сымбатты болады.

-Тісті таңертең және кешке жуып, таза ұстаса тіс бұзылмай жақсы сақталады. Үнемі таза жүрсең денеде жаман жаралар шықпайды.

-Суға түсер алдына далаға шық. Қарда жалаң аяқ жүріп үйрен. Таза ауамен демалып ал да ойша өзіңе және барлық адамдарға амандық саулық тіле.
- Темекі шекпе, ішімдік ішпе!
Темекі ме, ішімдік пе?
Біз оған қызықпаймыз,
Оған уақыт та жоқ.

-Шаңғы теуіп опа қарда шынығамыз ойнаймыз.
Қандай жақсы таза ауада демаламыз, тойлаймыз.
Жүгіреміз жалаң аяқ, шынықтырып денені.
Жексенбі күні сағат он екіде далаға шық, таза ауада қыдыр.


1-жүргізуші:

-Көрдің бе достым біздің достар сондай білімпаз, сонымен қатар өнерлі


2-жүргізуші:

-Ия достым, дұрыс айтасың . Ғалымдар би билеу адам денсаулығынам пайдалы екенін айтады.Адам би билегенде барлық дене мүшесі шынығып, көңіл күйі көтеріледі екен.


1-жүргішісі:

-Оны қазір «Шымыр» тобының мүшесі Ділназ бізге дәлелдейді.Ендеше Ділназдың өнерін көріп тамашалайық.

Үнді биі:


Жүргізушілер:

-Аяулым атқа мінген адам денсаулығына өте пайдалы екенін білесің бе? Ежелгі біздің ата-бабаларымыз атпен «көкпар», «Теңге ілу», «Қыз қуу» сияқты ұлттық ойындар ойнаған.

-Жоқ мен ол жағын тіптен ойланып көрмеппін.

-Сенбесең «Денсаулық» тобының әнін тыңдап көрейік

Ән: «Ақбозат»

Орындайтындар:Мұрат Ә, Мұхтарбек Г


Жүргізушілер:

-Мұсылман дініндегі Намаз оқу, құран оқудың денсаулыққа пайдалы екенін білесің бе?

-Әрине достым, оны бізге «Сымбат» тобы дәлелдейді.

Көрініс: Намаз оқу мен құран оқудың пайдасы


Жүргізушілер:

-Келесі бөлімімізде «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп ата – бабаларымыз айтып кеткендей атадан қалған асыл сөздер мен мақал - мәтелдерден қаншалықты білетінімізді көрсетейік.

-Бұл бөлімде қатысушы топтарымыз мақал –мәтел айтудан жарысады:

  1. Ауру қалса да әдет қалмайды.
    2. Ауру батпандап кіреді, мысқалдап шығады.
    3. Денсаулық кепілі – тазалық.
    4. Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі.
    5. Әлсіз денеге ауру ұялағыш.
    6. Жаның сау болса, сорлымын деме,
    Тәнің сау болса, жарлымын деме.
    7. Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады.

8. Бас аманда мал тәтті, бас ауырса жан тәтті

       9. Ауруын жасырған өледі.
       10. Сырқат - тән жарасы, қайғы – жан жарасы.
       11) Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.
       12) Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ.


-Аяулым менің тіптен ішім пысып кетті.

-Қарлығаш сен көңіл –күйіңді түсірме ,денсаулығыңа зиян.Одан да қатысушы топтарымыздың жарнамаларын көріп көңіл –күйіңді көтер.

Жарнама

  1. топ «Айран»

  2. топ «Сабын»

  3. топ «Тіс пастасы мен алма»

Жүргізушілер:

-Келесі айналымымыз- «Білгенге маржан» деп аталады.Бұл бөлімде қатысушы топтардың топ басшылары на сұрақтар беріледі.

-Ол үшін топ басшылары келіп сұрақтарды алуы тиіс.Егер топ басшылары жауап бере алмаса топ мүшелері жауап берсе болады.


Сұрақтар.
1 Жеміс – жидектерді жемес бұрын не істеу керек?
(жеміс – жидектерді жақсылап жуып алу керек.)
2 Тамақтану алдында не істеуіміз керек?
(тамаққа отырар алдында қолды жуу керек)
3. Адамның дені сау болу үшін қандай шарттарды орындау қажет?
(Денесін, беті – қолын киімін әрдайым таза ұстау керек. Зиянды заттардан аулақ болу керек.)


Жүргізушілер:

-Ендеше қатысушы топтарымыздың әртістік қабілеттерін байқап көрейік.

-біздің достар «Денсаулық-зор байлық» деген сөзді қалай түсінеді екен?

1- топ «Лұқпан Хакімнің өсиеті»

2-топ «Байлық пен денсаулық»

3-топ «Денсаулық жайлы өсиет»


Жүргізушілер:

-Бүгінгі қатысушы топтарымыздың өнерлері осымен тәмам

-Ендеше сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік

-Сонымен қатар мектебіміздің медбикесі Роза апайымызға береміз. Денсаулық жайлы ақыл-кеңесін беріп жіберсе


Слайдпен таныстыру

Қорытындылау

































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Денсаулық – зор байлық"

Автор: Абилдаева Айгерим Ордабековна

Дата: 30.03.2017

Номер свидетельства: 404868

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Денсаулы? -- зор байлы?"
    ["seo_title"] => string(20) "diensaulykzorbailyk1"
    ["file_id"] => string(6) "290395"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454948927"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Конспект урока на тему "Денсаулық - зор байлық""
    ["seo_title"] => string(46) "konspiekt_uroka_na_tiemu_diensaulyk_zor_bailyk"
    ["file_id"] => string(6) "415723"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494907977"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "Внеклассная работа на тему: Денсаулы? - зор байлы? "
    ["seo_title"] => string(49) "vnieklassnaia-rabota-na-tiemu-diensauly-zor-baily"
    ["file_id"] => string(6) "107294"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1403201116"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) ""Денсаулы? зор байлы?""
    ["seo_title"] => string(19) "diensaulykzorbailyk"
    ["file_id"] => string(6) "273468"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452235689"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "«Денсаулы?-зор байлы?» (т?рбие са?аты)"
    ["seo_title"] => string(39) "diensaulyk-zor-bailyk-t-rbiie-sag-aty-1"
    ["file_id"] => string(6) "254088"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447694635"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства