Саба?ты? ма?саты: 1. О?ушылар?а 8-наурыз – Халы?аралы? ?йелдер к?ні туралы жалпы ма??лмат беру; 2. О?ушыларды Халы?аралы? ?йелдер к?ніні? пайда болу тарихымен таныстыру ж?не оларды? ой ?рісін дамыту; 3. О?ушы бойында ?лемдегі асыл ананы сыйлау?а, адамгершілік сезімін ?ялату?а, ?семдікті с?юге баулу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Ана – ?мір бастауы» »
Ашық тәрбие сағаты
Өткізген: Смағұлова
Балшекер Ғосманқызы
Жамбыл орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: «Ана – өмір бастауы»
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні туралы жалпы мағұлмат беру; 2. Оқушыларды Халықаралық әйелдер күнінің пайда болу тарихымен таныстыру және олардың ой өрісін дамыту; 3. Оқушы бойында әлемдегі асыл ананы сыйлауға, адамгершілік сезімін ұялатуға, әсемдікті сүюге баулу.
Көрнекілігі: тақырыптық қабырға газеттері, аналар жайлы нақыл сөздер.
Барысы: Көңілдерге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 –Наурыз – Халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы екені сондықтан.
Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзін дер соқса, бүнгі тәрбие сабағы арналарға арналады.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Құрметті аналар, ұстаздар, қыздар! 8-Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер дей келе енді біз сіздерге арнап дайындаған «Таңғажайып алаңы» ойынына қош келдіңіздер!
Той тойлап дала мен қалаларым,
Мерекең құтты болсын аналарым
Қаракөз қыз, абзал ана мерекесін,
Құттықтап жатыр міне балаларың, - дей келе келесі кезек әнге беріледі.
Ән: «Анаға сәлем»
1-айналым:
«Мергенім» деп үнемі
Оған артып бар үміт,
Сыздайтұғын жүрегі
Құлап қалса сүрініп
Сара әже кеп отыр
Қамқор болған балаға
Шақырамыз ортаға
«Жапырағым» деп сүйетін
Жақсы көріп өсірген,
Ыстығына күйетін,
Суығына төзетін
Әлпештеген Зейнешті
Зәпкен апай сізді де
Шақырамыз ортаға
Жадырап тұр бүгінде берекеміз,
Бір тамшы білімді көл етеміз
Еңбегіңіз әрдайым жемісті боп,
Құттықтап Кенжегүл Көпейқызын
Шақырамыз сізді де ортамызға.
Тапсырма: Әнші, продюсер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
М А Й Р А І Л И Я С О В А
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар
Мерекесін құттықтап аналардың
Ән жолдайтын апалардың баласы бар, - дей келе келесі тыңдайтындарыңыз
5-айналым. Тапсырма: Қазақстанның халық артисі, қазақтың кәсіби өнеріндегі дара дарындардың бірі, драма театрда актер, одан соң опера тетрында биші болған және кино өнеріне де еңбек сіңірген дарынды актер болған.