kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Білім бастауы – бастауыш мектепте» авторлық бағдарламасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Білім бастауы – бастауыш мектепте»

 авторлық бағдарламасы

Кіріспе

Бүгінгі еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Білім бастауы –бастауыш мектепте берілетіні айқын. Осыдан да бастауыш мектепте әртүрлі пәндер тоғысып, оқушы білімін дамытып, келбетін сомдауға үлес қосады. Әсіресе, баланың эстетикалық-көркемдік талғамын ұштап, ұлттық тәрбие береміз. Тіл ана сүтімен бала бойына дарып, мектеп атты ұяда жетіледі.Онысыз бала мәңгүр болып өсіп, елін-жерін сүймейді. Сусыз құрғақ жерге, таса көлеңкелі жерге дән тастағанмен өнбейтіні сияқты, жас баланы біліммен сусындатып, бағып-күтпесек, көкірегін ашып, тәрбие бермесек, өспейді, өнбейді.

Білім — ел қазынасы, халқымыздың білімділігі еліміздің байлығының ең маңызды бөлігі десек, білімнің негізі мектепте, яғни бар ғылымның бастауы – мектеп, «Елдің келешегі бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында»,- деп Елбасы бізге үлкен міндет артып отыр. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы болатын – ұстаз қолында,  сондықтан  да біздің  басты мақсатымыз - білім сапасын жақсарту.

Білім беру жүйесінің қайта жаңартылуы баланың шығармашылық  қабілеті мен дарындылығын тануға және болжам жасауға жаңа көзқарасты талап етуде. Әр баланың  шығармашылық қабілеті мен дайындылығын  дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі ең тиімді болып есептеледі.

Бастауыш сынып мектебінің мақсаты мен міндеттері

Бастауыш сынып мұғалімі – пән оқытушы ғана емес, ол – бағбан, баланың болашағына бағыт беруші, бала бойындағы қабілетінің көзін ашушы, қорғанышы деуге болады. Барлық білімнің негізі бастауышта қаланатын болса, балаға дәл осы кезде білім беріп қалудың маңызы зор. Бастауыш мектеп – баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу, оның тұлға ретінде өзін-өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Жалпы адамның мектептегі білім алу кезеңі және тұтас педагогикалық үрдіс сапалы нәтижеге жету үшін бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие үрдісі казіргі заман талаптарына сай құрылуы шарт.

Міндеті:
1. Баланы өзіне жақын тарту.
2. Оқушының жан – жақты дамуы.
3. Өз пікірі мен ойын ашық жеткізуі.
4. Келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуы.
5. Шығармашылық әлеуетін толық іске асыруы.

Оқытудағы жаңа технология

Бүгінде ұлттық болмысымыз бен мәдениетіміздің,тіліміз бен дініміздің де қайнар көзі  –мектеп-алтын бесік. Алтын бесіктің елдің елдігін, халықтың халықтығын өлшейтін екі өлшемі бар. Біріншісі-ұстаз ұлағаты, мұғалім мәртебесі, екіншісі – ұрпақ тәрбиелеу, шәкіртті шыңдау. Президентіміздің мектеп тағдырына алаңдаушылық білдіруі жасампаз еліміздің ертеңіне деген жанашырлығы деп білемін.

Сондықтанда бүгінде білім беру жүйесінің негізгі мақсаты-оқытудың инновациялық әдістерін енгізу жолымен  мектептердегі оқытудың деңгейін көтеріп, оқушылардың шығармашылығын және дарындылығын ынталандыру болып табылады. Бүгінде мектептің мақсат, міндеті әр оқушының жеке тұлғалық  қадамына жол ашу болып  отыр. Мұндағы  ауыр салмақ мектеп айнасы болып есептелінетін  мұғалімге түспек. Мектеп, білім беру саласындағы мақсат, міндеттер мұғалім санасынан, мұғалім жүрегінен шықпайынша, белгілі бір нәтиже бермейді. Бүкіл білім саласының, бірнеше жылдар бойы қалыптасып қалған мектеп жүйесінің қоғамнан, тұлғадан алшақтануы педагог қауымының педагогикалық жалпыламалыққа машықтануынан деп білуге болады.

Жаңаша педагогикалық технология – ғылым жетістігі. Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін мына ұстанымдар жүзеге асуы тиіс:

–          Оқушылардың өзіндік іздену іс-әрекетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни, жаңа жағдайдағы «Оқыту әдістемесі» деп отырғанымыз: «оқушы – мұғалім» ұстанымының өзара тығыз байланыстығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.

–          Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылған мақсат – оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігі, беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту болып табылады. Оқытудың осы фронтальды түрі бастауыш сыныпта көбінесе, бағып беру, талқылау және түзетуді  енгізуде пайдаланылады. Заман талабына сай бастауыш сыныптарда қолданылатын жаңа технологияның негізгі мақсаты оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекет жүргізе алатындай болуы қажет. Қазіргі кездегі дәстүрлі оқулықтар мұндай талаптарды қанағаттандыра алмайды, сондықтан да оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген заманауи жаңа типтегі оқулықтар керек-ақ. Мұндай жаңа технология бойынша сабақ беру барысында, тіпті үзіліс кезінде де оқушылардың сабақтан бас алмайтындығын айтуға болады. Өйткені оқушылар өзара бәсекелесе отырыпғ әр деңгейдегі тапсырмаларды шешуге ұмтылатынын байқатады. Жаңа тәсілдермен оқытуда оқушы белсенді роль атқарушы ғана емес, жетекші бағытты ұстанады. Әлемді тануға, белгісізді анықтауға өзі жауап іздейді. Оқушы білімді әртүрлі әдебиеттерден, теледидардан, интернет жүйесінен табуы мүмкін, сондықтанда да ой қорытуы да әртүрлі болады.

Ғылыми-шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру

Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән құбылыс. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез. Зерттеу білігі мен дағдысы тек ғылыммен айналысатын адамға ғана емес, сондай-ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйде емес, өзі ашады.

Зерттеу ісі қазіргі кезде ғылыми қызметкерлердің белгілі топтарына ғана тән емес, сондай — ақ бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген, кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады. Биік танымдық қабілет, тұрмыс — тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан оқушыны ізденушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы тиіс. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Дарынды бала қойылған проблеманы тұтастай көре біліп, оған байланысты болмыс сырларын көптеп шешуге, белгісіз нәрселерге зер салып қызығады, түсініксіз нәрсені білуге ынтазарлық, түрлі сұрақтарға жауап іздеп, ой әрекетімен шұғылдануға бейім келеді.

«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін, дарынын ашу және әрбір оқушының өз мүмкіндіктерін, қабілет және икемділігін таныта білуіне жағдай жасау – мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. Ендеше мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесу ең басты қажеттіліктің бірі десек артық болмас.

Оқушыны шығармашылыққа баулу үшін оның танымдық қызығушылығын арттыру бағытында төмендегідей  жұмыстар жүргізуге болады.

  1. Оқушы қабілетін анықтауда психологпен бірлескен жұмыс жасау;
  2.  Ата-аналармен бірлескен жұмыс түрлері;
  3. Арнайы бағдарламалар жасау;
  4. Оқушыларға шығармашылықпен жұмыс істеу үшін жаңа, тың тапсырмалар беру, орындалуына талап қою.
  5. Жаңа технология элементтерін сабақта пайдалану;
  6. Тапсырманың орындалу нәтижесін қадағалау.

Оқушыларды ғылыми ізденіске баулу мақсатында «Мен — зерттеушімін», «Мен — жобалаушымын» тақырыбында оқушылармен «дөңгелек үстел», әңгімелер өткізуге болады. Алғашқы әңгімелерде «ғылыми жұмыстардың түрлері» сөз болады. Бұл жұмыстың тиімділігі оқушылардың ғылым туралы ұғымдарын кеңейтуге ықпал етіп, іздену, зерттеу жұмыстарының түрлерімен таныстыруға мүмкіндік жасайды.

Жалпы айтқанда, ғылыми-шығармашылық, зерттеушілік, ізденушілік қабілеттерін қалыптастыру әдістері, кез келген жағдайда шешім қабылдай алатын, дүниетанымы терең, жан — жақты дамыған шәкірттер тәрбиелеуді көздейді.

Мектепте балаларды ғылыми — ізденіске, ғылыми жоба қорғауға баулу арқылы білімдерін тереңдету ісі оны — әлемдік білім кеңістігіне ену жолындағы тұлғаны дамыту аймағына кіргізу мақсатындағы бір қадам деп есептеуге болады.

Оқушылардың бойында зерттеушілік  қасиеттерін, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық ой, пәндік апталықтар мен үйірмелер, факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстары ескерілгені жөн.    

Зерттеу әрекеттері бала жаратылысына тән: білуге құмарлық, байқау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізу сияқты табиғи құбылыстарды ынталандыра отырып, олардың жеке қасиеттерін ашуға жағдай жасайды. Алайда, бастауыш сатыда зерттеудің әдістерін қолданудың өзіндік қиындықтары бар. Төменгі жастағы баланы зерттеу тақырыбымен «қинауға» болмайды. Әрине, ол табиғатынан туа біткен зерттеуші, бірақ алғашқыда оған бәрі арнайы түрде үйретіледі: проблеманы қалай анықтауға болады, болжамды калай құрылымдау керек, байқауды, эксперементті қалай жүргізу керек және т.б. қысқасы, оның зерттеушілік табиғаты үнемі педагогикалық қамқорлықты қажет етеді. Баланың айналаны өз бетімен танып білуге деген ұмтылысы негізінде құрылған оқытуда зерттеу тәсілін пайдалану ерекше орын алады. Балаларды оқуда зерттеу тәсілін қолданудың қажеттілігі бала болмысының білмекке құмарлығымен, оны қоршаған дүниені зерделеуге деген қызығушылығымен түсіндіріледі. Оқушылардың өзіндік зерттеулері, олардың жеке қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар, өзіндік зерттеулер интеллектуалды және зерттеу біліктерін дамытуға мүмкіндік береді. Өзіндік зерттеулердің көмегімен оқушылар қоршаған дүниені тани келе, өздері үшін жаңа білімдерді «дайын күйде» алмай, өз бетімен ашады. Бастауыш сынып тәжірибесінде жеке және ұжымдық зерттеулер қолданылады.

Қорыта айтқанда, қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық-педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу, өзіне-өзі сенімді, жауапкершілік қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру қажет деп ойлаймын. Елімізде өркениетті қоғам құру үшін, тәрбиелі, дені сау азаматтарды көп болып тәрбиелеуіміз керек. Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болу керек. Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажет. Дарынды да, қабілетті оқушыларды ғылымға баулып, ғылым арқылы егемендігімізді нығайту әр білім беру ұйымдарының басты міндеті болып қала бермек.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Білім бастауы – бастауыш мектепте» авторлық бағдарламасы»

«О.Жандосов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналды мемлекеттік мекемесі

«Білім бастауы – бастауыш мектепте»

авторлық бағдарламасы

Бастауыш сынып мұғалімі

Тайлакова Асия Бериккызы

2018 ж

Мазмұны:

  1. Кіріспе -------------------------------------------------------------------------- 3 бет

  2. Бастауыш сынып мектебінің мақсаты мен міндеттері ---------------- 4 бет

  3. Оқытудағы жаңа технология ----------------------------------------------- 4 бет

  4. Ғылыми-шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру --------------- 5 бет

  5. Пайдаланылған әдебиеттер ------------------------------------------------- 8 бет

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Әлімқұлова А.Б.        Бастауыш сынып оқушыларының жобалық-зерттеу әрекетін ұйымдастыру: Республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал. Әлімқұлова А.Б. Бастауыш мектеп: ҚР МАжБКМ Алматы, 2014.

2. «Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау» бойынша нұсқаулық, Астана, 2016.

3.Галиева Б.Х.     Ғылыми-зерттеу жұмысын жобалау. Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы- 2013.

4.Жұмағұлова А.З. Оқушылар арасында ғылыми жұмыстарды қалыптастыру. 2013.

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Білім бастауы – бастауыш мектепте» авторлық бағдарламасы

Автор: Тайлакова Асия Бериккызы

Дата: 21.03.2018

Номер свидетельства: 462804

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства