kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

" Желтоқсан жыры "

Нажмите, чтобы узнать подробности

                          Желтоқсан  жыры

Құрметті ұстаздар, оқушылар. Сіздерді еліміздің ең атаулы мерекесі – 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық тілейміз!

Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмыттылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтыны – оның тағдырымен байланыстылығында. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі де ауыл-үйдің әңгімесі емес, дүмпуі алып құрлықты аралап кеткен ғалам тарихи оқиғалардың бірі.

1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі – ХХ ғасырдағы айтылуы оқиға. Ол халық жүрегінде мәңгі сақталады. Сол желтоқсан батырлары Ләззат Асанова, Сабира Мухаметжанова, Қайрат Рысқұлбеков, Елбол Сыпатаеватарды ( проекторда олардың суреті көрсетіледі), тағы басқа қаза болған ержүрек ұл-қыздарымызды орындарыңыздан 1 минут үнсіз тұрып, еске алуды сұранамыз. Рахмет.

1-оқушы

Бұрқатып өткен бұл халық мұны,

Бір дәуір сынды жыл болды ұлы

Желтоқсан таңы жадырап қайта

Ғасырдың бүгін нұрланды күні.                                                                     

2-оқушы

Желтоқсан таңы дірілдеп ызғар

Жүректе жылы үміт пен ізгі ар

Ақ құстай бейбіт орманы самғап

Алаңға шықты жігіттер, қыздар.

3-оқушы

Желтоқсан басталуы – ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір елесі.

4-оқушы

16 желтоқсан! Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді.

5-оқушы

 Дауылға желтоқсанның желі айналады,

Ашу мінді Алатау кәрі, айбарлы,

Күтпеген іс ақыры не болды, деп

Күллі әлем Алматыға қарай қалды.

 Кез емес жаугершілік «аттан» атты,

Алаңның исеруі емес салтанатты,

Қытымыр қыстық басы сол бір айда

Желтоқсан әлемі әлемді жалт қаратты.

Көрініс (Сахнаға екі студент шығады бірі жігіт, бірі қыз.Қолдарында конспект дәптерлері бар.)

1986 жыл 16 желтоқсан. Қайрат Рысқұлбеков өз курстасы Жанармен кездеседі.

Жанар. Қайрат, сен естідің бе ? Кеше Қонаев ағамыз орнынан алыныпты дейді.

Қайрат. Қойшы, рас айтасың ба? Кімнен естідің?

Жанар. Кеше куратор ағайдан естідім. Бүгін Брежнев алаңына көп адам жиналысып жатыр дейді.

Қайрат. Неге? Неліктен?

Жанар. Қонаевтың орнына Ресейден бір орыс келіпті дейді. Халық наразылық білдіріп жатқан көрінеді. Куратор ағай ол жаққа бармаңдар деп ескертті.

Қайрат. Қой,біздің мұнда тығылып қалғанымыз дұрыс болмас. Жүр кеттік! Тез барайлық.

6-оқушы.

 Сол бір суығы ерте түскен қыс кездерінде, тоқырау тажалының ызғарында аяусыз тапталған ар - намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі де шыңылдап тұрғандай.

7-оқушы.

Желтоқсан.Алматыда ақ қарада

Алма бақтар ақ қырауға батқанда,

Күнірене күн күркіреп тау жақтан,

Жайдың оты жалаң қақты шатқалда.

8-оқушы. Аппақ қала, аппақ ғалам

О,тоба !

Найзағайлар қар жалап тұр жотады.

Бұлтты иітіп боздайды боз шынарлар

Бұйдаланған ұқсас жетім ботаға.

 10-оқушы

Кім көріпті озаман да,бұ заман,

Найзағайды көк аязға құлаған

Кеуделерді үрей –бөрі ұлыды.

Болсайшы аман, мына ғалам, дін аман!

«Желтоқсан желі» әні орындалады. Сөзі: Асылбеков А. әнін жазған Тінәлиев Ә.

Көрініс. (Сахна ашылады)

Алаңда жастар бейбіт,жайбарақат.Қолдарында «Каждому народу – своего вождя »,

«Қазақ ежелден еркіндік аңсаған» деген транспоранттары бар. «Қазақстан жаса» деген дауыстар естіледі.

Дауыс. Қонаевты шақырыңдар! Ақиқаттын айтып, түсіндірсін барлық жайды !

Дауыс. Қазақстаннан адам табылмады ма?Қазақстанға басқа жерден басшы әкелгені несі?

Дауыс. Талап-тілегімізді айтамыз. Шықсын ортаға басшылар. Колбин долой!

Колбин долой!

(Осы кезде “ Менің ҚАЗАҚСТАНЫМ ’’ мәтіні таратылады. Жастар теңдесіп тұрып, бұл әнді ерекше бір шабытпен тамаша орындайды)

Прокурор. Балдар! Уа, балдар! Мен Республика прокурорымын. Тарқаңдар!

Жатақтарыңа қайтыңдар! Ұят болады! Мен сендерге күш қолданам! Үйге қайтыңдар!

Әскери адам.Первая рота! Слушай мою команду! Производится операция

“Құйын”. Немедленно розогнать экстремистов и хулиганов!

(Осы кезде залға сырттан қаруланған әскери адамдар баса-көктеп кіріп, алаңдағы жастарды ұрып-соға бастайды. Шеруді құғындау басталады). Перде жабылады.

 Демонстрация шыққан жастарға “ұлтшыл”, “бұзақылар”, “ішкіштер”, “нашақорлар” деген жала жабылды.

Демонстрацияны басу үшін 70 мың солдат апарылды. Олар қазақ жастарын ұрып-соғып, қорлап аюандық жолмен азаптады, бірнеше адамға ату жазасын кесіп, қаншамасын темір торға тықты.

Барлығы 99 адам сотталды. Қазақ кеңес совет республикасы жоғарғы соты – 11 адамды, Алматы қалалық соты-59 адамды жазаға тартып, 2 адам ату жазасына келісілді. 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Көрініс.

Темір тордың ішінде ҚАЙРАТ өлең жазып отыр.

Қаймана қазақ қамы үшін,

Қарусыз шықтық алаңға.

Алыстан әскер алдырып,

Қырып салды-ау табанда

Сөйлесем дауысым жетпейтік,

Кез болдық мынау заманға

Шовинизм еді ғой,

Басты себеп жанжалға.

11оқушы. Осы кезде камераға кезекші келеді.

Кезекші –Заключенный Рыскулбекова на допрос! (Қайратты алдына салып, тергеу бөлмесіне әкеледі).

Тергеуші. Айыпты Рысқұлбеков. Халық жасақшысы СОВИЦКИЙді өлтірген сен бе?

Қайрат Рысқұлбеков. Жоқ, мен емес.

Тергеуші. Сен өлтіргенсің. Мойныңа ал.

Қайрат Рысқұлбеков Мен өлтірген жоқпын. Өтірік жала жаппаңдар!

Тергеуші: Алып кетіңдер. Бәрібір құтылмайсың, декабрист несчастный!

Бұзақы.

« Заман - ай.» әні орындалады. Сөзі Ұ.Есдәулетовтікі, әнін жазған Т. Мұхаметжанов

Көрініс. Сот залы.

Прокурор: - Орындарыңыздан тұрыңыздар! Сот келе жатыр.

Прокурор: - Қылмыскер Қайрат Рысқұлбеков.Сен желтоқсанның 17 - 18 күні алаң ға бардың ба?

Қайрат Рысқұлбеков - Иә, бардым. 17 желтоқсан күні.

Прокурор: - Не мақсатпен ?

Қайрат Рысқұлбеков Ол жерге барған себебім! Біріншіден:ел айтқан, естіген сөздерді өз көзіммен көру үшін бардым.Екіншіден, алаңда қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып - соғып жатыр деген соң ол жерде қаракөз қарындастарыма қолымнан келгенше бар көмегімді бергенім рас. Ол үшін өкінбеймін, керісінше, мақтан тұтамын.

Сот: Сен 9 машинаны өртепсің, соны мойындайсың ба ?

Қайрат Рысқұлбеков. Жоқ, ондай жалғандықты мойындамаймын.

Хатшы Сот кеңесуге кетеді. ( Сәл уақыттан соң) Сот келе жатыр. Тұрыңдар!

Сот: Қазақ Кеңес Совет Республикасының жоғарғы соты үкім етеді. Қылмыскер Қайрат Рысқұлбеков Совицкийдің өліміне байланысты және 9 автомашинаны өртеп, 152 автомашинаны зақымдап, 326 милиционер мен 196 әскерді жаралап, ауруханаға түсуіне қатысты деп тауып, ату жазасына үкім шығарды. Қайрат Рысқұлбеков Жоқ, бұл әділдік емес

Апасы: Бұл үкім дұрыс емес.Менің балам ақ, ол қылмыскер емес.

Хатшы: Тынышталыңдар. Орындарыңызға отырыңыздар.

Сот: Қайрат Рысқұлов, ақтық сөзің бар ма ?

- Қайрат; Бар.

Күнәдан таза басым бар

Қазақ деген атым бар

21-де жасым бар

Қасқамдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар

Алам десең алыңдар

ҚАЙРАТ деген атым бар

Қазақ деген затым бар

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар

Мен не етермін, не етермін

Мен келмеске кетермін

Көрмеген қош бол таңдарым,

Көре алмай мен өтермін

Хош аман бол артымда,

Ағайын-туыс, азамат,

Артымда қалған ата-анам,

Ел жұртым саған аманат!

Қайраттың Шырақтарым кешіріңдер! Ол әлі жас қой! Кешіріңдер, балаларым! анасы Сендердіңде балаларың бар шығар? Мен-анамын, ақ жаулығымды сыйлаңдаршы? Оның атынан кешірім сұраймын. Кешіріңдер!

ҚАЙРАТ

Көтер ана, көтер ана басыңды. 
Өтті, кетті жауынды күн жасынды 
Қазақпыз ғой мың өліп, мың тірілген, 
Мына иттерге көрсетпе көз жасыңды! 
Кешір ана, жан едің ғой тамаша, 
Арым үшін түстім, рас араша 
Қалай ғана дәтім шыдап тура алам 
Ұл-қызыңды қанішерлер таласа, 
Арым үшін түстім, рас, араша 
Араша!

«Қара бауыр қасқалдақ» әні орындалады.

1 ж. Кеңес Совет Республикасы одан жоғары кеңесі Президизмінің шешімінен 1988 жылдың 28 сәуірдегі жарлығымен ҚАЙРАТ РЫСҚҰЛБЕКОВке кешірім жасалып,

20 жыл бас бостандығынан айырумен ауыстырды. Алайда бұл хабар ҚАЙРАТты

Қуанта алған жоқ. мынау қайраттың анасына жазған соңғы хаты !(қайраттың хаты сахна сыртынан оқылады). «міне өздеріңіз естігендей ату жазасын 20 жылға ауыстырды. Бұл әрине біреуге қуаныш біреуге азап. Өз басым бұл үшін қуанғам жоқ, өйткені, асыл анашым, түсініңізші! Мен сорлы бұл тас зынданда жазықсыздан жазықсыз еш отырғым келмейді. 11 ай ішінде жүйке тамырым жұқарды. Әбден шаршадым.

Тарих бізге Тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз-ұлттық рәміздерді қастерлеу

Тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шықына көтерілу.

Құрметті жиналған қауым!

Сіздерді тағы да тәуелсіздігіміздің торқалы тойымен құттықтай отырып, мемлекетімізге жарқын болашақ, ұрпағымызға саулық тілейміз. Айымыз оңымызға тусын деген ниетпен бүгінгі «Желтоқсан  жыры » атты бағдарламамыз аяқталды.

Сол себептен 20 жыл бойы өз-өзімді қинағым келмейді.

Мұғалім: 1988 жылы 21-мамырда Семей қаласындағы түрменің 21- камерасында Қайрат 21 жасында «өз-өзін өлтірді» деген атпен құпия түрде қаза тапты.

13-оқушы. Араға жылдар салып тарих қайнауына кіріп бара жатқан желтоқсан оқиғасындағы халқымызға жағылған қара күйе «ұлтшыл», «нашақор»деген атақтар халқымыздың біртуар қалаулы ұлы Мұхтар Шахановтың басшылығымен қайта қаралып, 1991жылғы 12- желтоқсанда оқиғаға қатысқаны үшін жауапкершілікке тартылған азаматтарды ақтау туралы және 17желтоқсанда «ҚР-ның демократиялық жаңару күні деп жариялау туралы» Республика Призидентінің жарлығы шықты.

14-оқушыі. Ләззат Асанова,Сабира Мухаметжанова, Қайрат Рысқұлбеков, Елбол Сыпатаев, Түгелбай Ташенов, Қайыргелді Күзембаев, Жамбыл Тайжумаев секілді өрімдей жастар жалған жаланың құрбаны болды.Бірақ олардың есімі ел есінен өтпейді.Желтоқсан құрбандарына әр уақытта бас иіп тағзым етеміз.

15-оқушы. Ерлеріміз арқасында Қазақстан егеменді ел болып,дүние жүзіне танылуда.Біздің отанымыз Егеменді тәуелсіз Қазақстан республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті Тарту етті. Енді біздің парызымыз—ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениетің биік шыңына көтерілу.

Мұғалім:  Құрметті жиналған қауым.Сіздерді тағы да тәуелсіздігіміздің торқалы тойымен құттықтай отырып, мемлекетімізге жарқын болашақ, барлығыңызға саулық тілеймің.

Атамекен әні орындалады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
" Желтоқсан жыры "

Автор: Омарова Сабира Юлдашбековна

Дата: 22.12.2017

Номер свидетельства: 446075

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(27) "Желто?сан жыры "
    ["seo_title"] => string(18) "zhieltok-san-zhyry"
    ["file_id"] => string(6) "179550"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425029284"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Желто?сан ыз?ары "
    ["seo_title"] => string(20) "zhieltok-san-yzg-ary"
    ["file_id"] => string(6) "176192"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424368383"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "10 сынып. Пікір –сайыс та?ырыбы: Жа??ыры?ы ерлікті? – желто?сан!"
    ["seo_title"] => string(55) "10synyppikirsaiystakyrybyzhangyrygyierliktinzhieltoksan"
    ["file_id"] => string(6) "274319"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452359289"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(188) "16 желто?сан-Т?уелсіздік к?ніне  "Ар намысым,?асіретім,ма?танышым Желто?сан" та?ырыбында ашы? т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(120) "16-zhieltok-san-t-uielsizdik-kuninie-ar-namysym-k-asirietim-mak-tanyshym-zhieltok-san-tak-yrybynda-ashyk-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "142926"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1418392999"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Ар-намысым, ?асиетім, Желто?сан "
    ["seo_title"] => string(34) "ar-namysym-k-asiietim-zhieltok-san"
    ["file_id"] => string(6) "169579"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423420324"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства