kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Желто?сан жыры

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза?станны? ?ткені мен б?гінгі ?мірін салыстыра отырып, ?з елімізді?  

                   бостанды? ?шін к?рес жолында ?ан да, жас та, тер де т?гілген

                              желто?сан к?терілісіні? ??рбандарын ?лгі-?неге ете отырып,  

                              ту?ан еліні? болаша?ына белсенді араласу?а міндеттімін деп

                              есептейтін саналы азамат т?рбиелеу; о?ушыны? ту?ан жеріне

                              деген елжандылы? сезімін ?алыптастыру;танымды?,       

                              шы?армашылы? ?асиеттерін дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Желто?сан жыры »

Сабақтың тақырыбы:«Желтоқсан -жыры»

Мақсаты: Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің

бостандық үшін күрес жолында қан да, жас та, тер де төгілген

желтоқсан көтерілісінің құрбандарын үлгі-өнеге ете отырып,

туған елінің болашағына белсенді араласуға міндеттімін деп

есептейтін саналы азамат тәрбиелеу; оқушының туған жеріне

деген елжандылық сезімін қалыптастыру;танымдық,

шығармашылық қасиеттерін дамыту.

Көрнекілігі: Қазақ батырларының суреттер, ерлік,Отан, туған жер туралы нақыл сөздер. Кітаптар көрмесі.

Негізгі бөлім:

  1. Кіріспе сөз.

  2. Тарих бетіне шолу.

  3. Қорытында

1-жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, көрермендер! 10- сынып оқушыларының дайындаған «Желтоқсан - жыры» атты әдеби – сазды бағдарламасын бастауға рұқсат етіңіздер.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын!

(Әнұран орындалады)

2-жүргізуші:

Армысыңдар, айналайын адамдар,

Айналаңа шын қуанып қараңдар

Жиырмаүш жыл болды, Тәуелсіздік алдық біз,

Келді кезек болашақты бағамдар

  1. жүргізуші:

Сан ғасырлар тарихынан кешегі,

Туған жердің шежіресі өседі.

Менің елім, Қазақстан- Отаным,

Болашағы бізбен бірге өседі

  1. жүргізуші:

Дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтеруге ұйытқы болған 1986 жылдың 16 желтоқсанында болған оқиғаға биыл 23 жыл болып отыр.

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы,

Өздеріңдей өр намысты, жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы

1-жүргізуші:

Өтіп кеткен тарихты біз жасырсақ,

Бөтен елдің билігіне бас ұрсақ.

Бұның бәрін дұрыс болмас түсінген,

Тәуелсізсің, біліп қойғын жас ұрпақ!

2 -жүргізуші:

Қазақтың шын ер екенін танытқан қыршын кеткен жастарды және осы күнге дейін оның ызғарынан жан азабын тартып жүргендерді құрметтеп, осы отырғандардан 1 минут үнсіз орындарынан тұруларын сұраймыз. ( 1 минут үнсіздік)

Желтоқсан оқиғасы Республика халқын дүр сілкіндірді. Әсіресе, қала жастары қатты толқыды. Жастар талабына билік өкілдері көкейкесті мәселеге қатысты жауап берудің орнына күшпен таратпақшы, баспақшы болды. Жастардың наразылықтарын ешкім елемей, алаңға асығыс әскер әкеліп, оқиғаны ұйымдастырған қылмысты топтар, ұлтшыл ұйымдар ісі деп жариялап, нашақорлар, маскүнемдер деп айыптап жатты.

Дусюпова Амина

Тәуелсіздік құрдастары! 1986 жылы желтоқсан айының 17-18 жұлдызында қазақ жерінде үлкен оқиға болды.

Алматы қаласы. 1986 жылдың 17 желтоқсанында таңғы сағат сағат 8-де Брежнев алаңына (қазіргі Жаңа алаң) жастардың алғашқы тобы келді. Олардың саны 200-300 шамасында еді. Бара-бара Қаралары көбейді... Алаң қарақұрым адамға лық толды. Бәрі де қазақ жастары. Олар- студент қыздар мен жігіттер, жас жұмысшылар, оқушылар. Қолдарындағы транспоранттарда: “Қазақстан жасасын!”, “Қазақстанды өз ұлтынан шыққан басшы басқарсын!”, “Қазақстанды әркімге билетпейміз!” т.б. Ұрандар жазылған.

Аминова Жамила

Алаңға 50 мың әскер, 20 мың милиция адамдары, 16 мыңдай жасақшылар шоғырландырылды. Ал шыққандардың қатары 10 мыңға жуық. Олар сонда да міз бақпайды, қасқайып,сабыр сақтап, талаптарын қоюда.

Желтоқсанның 17-нен 18-не қараған түні алаң айнала қоршауға алынды. Шеруге шыққан жастар үш қатарлы қоршауда қалды: жасақшылар олармен бетпе-бет келіп, алдында тұрды. Одан кейінгі қатарда- милиция, үшінші қатарда- әскер.

Жастардың жүздерінде үрейдің ізі де білінбейді. Бір кезде өрт сөндіретін қан-қызыл машиналар көрінді.Олардың жиырма шақтысы іркес-тіркес алаңға ойқастай шығып, олай арындап, былай арындап, жастардың үстіне су шашып, жаңбырдай боратты. Жұрт арлы-берлі қашқалақтап, ілгері-кейінді лықсып тұрып алды. Ыдырап тарай қоймады.

Айымбетов Ыхлас

Қараңғы түскеннен кейін жастарды ығыстыру операциясы басталды. Күрек, сойыл, арсылдаған иттер пайдаланылды. Жастарды ұрып-соғып, қуып таратқаннан кейін, түнгі сағат 24 шамасында алаңдағы қар үстінле 150-ден астам ұл-қыздар соққыға жығылып жатты...

Осы желтоқсан оқиғасына байланысты 8515 адам ұсталып, прокуратура 5324, мемлекеттік қауіпсіздік комитеті 550 адамды тергеді. Түрлі дәрежедегі жарақаталған 1283 адам қаланың медицина мекемелеріне барды

2-жүргізуші

Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір шындық,

Ер Қайрат қыршын өткен күн.

Қайғы езіп елдің еңсесін

Жаншыды-ау жанды батпан мұң.

Енді қайтып келмесін!

Сол бір қарғыс атқан күн!

Көрініс. Қайраттың түрмеде жазған хаты.

Қожанов Батыр

«Армысыңдар ардақты, асыл анашым, бауыр – ет бауырларым, қадірлі қарындастарым, ақ пейіл жеңешем.... Сендердің денсаулық, көңіл –күй, тұрмыс- тіршіліктеріңді сұрап неғылайын. Бәрібір маған оны естіп – білуді сор маңдайыма қу тағдыр жазбайын деп отыр. Әйтеуір бұл дүниеде де, о дүниеде де ақ, таза жүрегіммен бар тілейтінім: өздерің әрқашанда аман –сау, ардақты адам болуларың.... Бар қайғы - қасірет, мұң- зар, бақытсыздық, қырық қырсық мен сорлы,бейшара, бейкүнәнің басына қашан, қалай, қай уақытта, не себепті, қандай арамза жолдармен келгенін өзімнен басқа сіздерге де белгілі болар деп ойлаймын... әйел затына айуандықпен қол көтеріп, шашынан тартып, көкпарша сүйрегені үшін, бір милиционерді ұырып- соққаным рас. Бір құдай өзі куә, адам бласын өлтіргенім жоқ... Денемде сау жер жоқ инемен сұққылығанда шыбын жаным көзіме көрінеді »

Тергеуші: - Ия, Рысқұлбеков таға да хат жазып отырсың ба?(тергеуші Қайраттың

қолындағы хатты жұлып алады)

  • Рысқұлбеков ақтық сөзіңді айт!

Осы айтылған ақтық сөз,

Туың болсын әрдайым

Мойныма алып жаланы

Мен болайын құрбаның.

Күнәдан таза басым бар

Жиырма бірде жасым бар

Қасқалдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең, алыңдар!

Қайрат деген атым бар

Қазақ деген затым бар

«Еркек тоқты құрбандық»

Атам десең атыңдар.

Мен не етермін,не етермін

Мен келмеске кетермін

Көрмеген, қош бол таңдарым.

Көре алмай мен өтермін.

  1. жүргізуші: Қайрат Семей түрмесінің 21-ші камерасында 21 жасында 1988 жылдың 21 мамыр күні дүниеден өтті. 1992 жылы 21 ақпан қайтадан ақталды.

1986 жыл 25 желтоқсан күні Талдықорған облысы, Панфилов ауданындағы, Ақжаздық ауылына қос жедел хат жетті. Таңғы сағат 8,29 тезірік шығыңыздар, қыздарыңыз Ляззат әл үстінде, 2 – ші жедел хат 10,30 да «Келмей ақ қойыңыздар, Ляззатты өзміз жеткіземіз» Алматыдағ чайковский атындағы музыкалық училищесінің 1- ші курс студенті Ләззат осылай дүниеден өтті.

Зарипова Үлмекен

Арнау ( Жұмбақ өлім)

Жұмбақ өлім көбейді, сол күндері

Сұры қашқан үрейлі елдің көбі

Ағаш табыт өліктер келіп жатты

Еріксізден бүгілдің ердің белі

Сөз айтуға болмайды қарсы келіп

Кеудеңде жан болғанмен сен бір өлік

Халқым деген қазақты темір торға

Тоғытты ғой апарып қойдай бөліп.

Суреттерден слайд

Джилкайдарова Айгуль

Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы, Алматы құрылыс және архитектура институтының студенті - өлім жазасы.

Әбдіқұлов Мырзағали, Шамалған АТП курсының оқушысы - өлім жазасы.

Тәшенов Түгелбай Тұрманұлы, СМУ-37-нің балташысы 15 жыл.

Таймұжаев Жамбылбек, Алматы электротехникум студенті-14 жыл.

Күзембаев Қайыргелді Қалиақпарұлы, СМУ-40-тың жұмысшысы-14 жыл.

  1. жүргізуші:

Республика! Ерікті ел- Қазақстан!

Келді ақыры көп күткен жаз алыстан

Келді алыстан аңсатып, армандатып

Торды бұзған мен де бір мәз арыстан

Мен – айғақпын, ұстамын, ертегіге

Мен иемін бүгінге, ертеңіме.

  1. жүргізуші:

Тәуелсіздік! Осы бір қасиетті сөзді естігенде қалайша тебіренбейсің! Ата- бабаларымыз

аңсап қоймай, сол үшін не бір қанды ұрыстарда белді бекем буып күресті емес пе?

Төгілген қан, сіңірген еңбек ешқашанда зая кетпейді.

Мен қазақпын,биікпін,байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім қайта өлмеске,

Айта бергім келеді,айта бергім.

Ән: Үш қоңыр Қосжан Бауыржан.

1-жүргізуші:

Тербетіп тұрса болды жер бесігін

Дәулеттің тілемеймін көл көсірін

Көз тимей, кірбің түспей қабағыңа

Құтты болғай, енді осы тәуелсіз күн!

Халқымыз сан ғасырлар бойы армандаған арманына жеткен тәрізді. Халықтың тыныс тіршілігін тарих таразысына салып, ұлы көш алға басып барады. Бұл-уақыт көші, өмір көші. Көшбасшыларының көсем сөзін тыңдап өскен халықтың ұрпағы ретінде осы кешімізге қатысқан ұлағатты ұстаздарға сөз береміз.

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік -тәтті ұғым, қандай ғажап!

Халқымның орындалды басты арманы.

Туған тілдің мәртебесін тасқа қашап

Күмбез көкте желбіреді көк байрағы.

1 – жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік,

Халқымыздың еңсесі жоғары,

Егемендігіміз баянды болсын деп тілейміз!

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Қош сау болыңыздар!

Ән. «Атамекен»






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Желто?сан жыры

Автор: Жаксылык Венера

Дата: 27.02.2015

Номер свидетельства: 179550

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Т?уелсіздікке арнал?ан о?ушылар шы?армашылы?ы"
    ["seo_title"] => string(54) "t-uielsizdikkie-arnalg-an-ok-ushylar-shyg-armashylyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "295527"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455819851"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства