kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мені? анам алтын!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л 6 сыныптарда 8 наурыз халы?аралы? мерекесіне орай ?ткізуге болатын мерекелік кешті? сценариі болып табылады. ?сынылып отыр?ан мерекелік кеш концерттік ба?дарламамен бірге аналар сайысын ?амтып отыр. Сайыс?а алты о?ушыны? анасы ?атысып, т?рт кезе?нен ?теді. Сайыс?а ?атысушылар 1-кезе?де  ?зін-?зі таныстырады, 2-кезе?де ма?ал-м?телді жал?астырып, ж?мба? шешуін тауып, ширату с?ра?тарына жауап береді, 3-кезе?де к?здері байлаулы, ?з балаларын табуы тиіс, ал 4-кезе?де дайын ?иыл?ан ою ?лгілерден а? пара? бетіне сырма?, кілем жапсырады. Сайысты арнайы ?діл?азылар ба?алайды. Кеш со?ында алты т?рлі номинация атаулары беріледі. ?з т?жірибемде б?л т?рбие са?аты жо?ары де?гейде ?тті деп есептеймін.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мені? анам алтын!"»


№47 ЖОББМ


















«Менің анам алтын!»











Өткізген : Утепова Э.Г.

















Орал, 2016 жыл



«Менің анам алтын!»

Мерекелік кештің мақсаты:

8 наурыз Халықаралық мерекесін атап өту; анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу; нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау; оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.

Кештің көрнекілігі: суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл, презентация, т.б.

Кештің барысы: Қонақтарды қарсы алу, кіріспе құттықтау сөз, тақырып бөлісу, аналар сайысы, саралаушы топтың қорытындысы, оқушылар құттықтауы, жалпы қорытынды.


1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!,


2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаздары, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.

Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі «Менің анам алтын» атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.

1-жүргізуші: Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер! - деп кезекті  6 «Г» сыныбының байсалды да байыпты бишілеріне береміз.

Флешмоб

1-жүргізуші: Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, 

8 наурыз мерекесіне орай өзіміздің сыныбымызда аналар сайысы өтпекші.Сайысқа 6 оқушының аналары жарысқа түседі.


2-жүргізуші: Асыл анам, нұр шашқандай келбетің,

Сенсіз басып жүре алам ба жер бетін?

Бір қолыңмен балаң жатқан бесікті,

Бір қолыңмен ұлы әлемді тербеттің,- деп ортаға сайысқа

қатысушыларымызды  шақырамыз.


1-жүргізуші: Ак көңілмен, ниетпен,

Әділ баға берсін деп,

Шаршамай, еш жалыкпай,

Айтқаныңызға көндік деп,

Әділқазы алқасын,

Сайлап алсақ жөн болар.

Әділқазылар алқасы :

1. Асел Исатайқызы – №47 ЖОББМ әлеуметтік педагогы

2. Санагүл Асқарқызы - №47 ЖОББМ психологы

3. Ораз Сағынғалиұлы – ата-ана комитетінің төрағасы


Барлық сайыстар соңында әділқазылар алқасы шешімін шығарады.

Нешінші болып өнер көрсететіндеріңізді анықтау үшін алдарыңызда тұрған қағаздардан таңдауларыңыз сұралады. Алған номерлеріңіз бойынша сайысқа түсесіздер.

Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады:

І. «Сәлем – сөздің анасы» (өзін-өзі таныстыру)

ІІ. «Тапқыр, білгір, білімділер»(мақал-мәтел, жұмбақ шешуін табу, сұрақтарға жауап беру)

III. «Ботақаным қайда?» (көздері байлаулы, өз балаларын табу )

ІV. «Шебер қолдар» қолөнер сайысы (дайын қиылған ою үлгілерден ақ парақ бетіне сырмақ, кілем жапсыру) Шапшаңдылық пен әдемілік, ұқыптылық
2 - жүргізуші: І кезең
Гүл көңілің қуаныштан өрілді,

Жанарыңнан жалын нұры төгілді.

Жыр ышқындап тұр ғой әне үніңнен,

Көпшілікке таныстыршы өзіңді. - дей отырып, алғашқы қатысушыларымыздың таныстыруын тамашалайық! (6 ана таныстыруын көрсетеді)

2 - жүргізуші: Екінші сайысты бастамас бұрын, ұлдарымыздың бір көрінісін тамашалайық.

1 - жүргізуші: ІІ кезең

Тамызып мақал тілінің

Білімді болсаң жарарсың,

Ұшқыр ой, талап, біліммен

Әлемді жаулап аларсың, дей келе келесі кезек «Тапқыр, білгір, білімділер» жарысында.

І. Мақал-мәтелді жалғастырыңыз.

1. Талапсыз жас,......./ Қанатсыз құс

2. Білім-теңіз, .... /Мектеп - кеме

3. Жақсы сөз, .../ Жарым ырыс

4. Ине көзінен сынады, ... / Шешен сөзінен сынады

5. Баланың көңілі далада, ...../Ананың көңілі балада

6. Балаға өз тіліңмен сөйлеме, ... / Өз тілімен сөйле

7. Жолдасы жоқ жігіттің... / Олжасы жоқ

8. Ағаш тамырымен мықты.../Адам досымен мықты

9. Екі аяқтыда бажа тату, .../Төрт аяқты да бота тату

10. Бас жарылса, бөрік ішінде, ..../Қол сынса, жең ішінде

11. Орағың өткір болса, қарың талмайды,.../Отаның берік болса, жауың алмайды.

12. Нан— тамақтың атасы.../ Ынтымақ — көптің батасы
ІІ. Жұмбақ

1. Көп болса алыстайсың

Мезетпен қашықтайсың

Асықсаң аз болады

Табасың мұны қайсысың? /уақыт/

2. Жердің жүзін шарлайсың

Онсыз еш жерге бармайсың

Көлікпен де, жаяу да

Саралайсың, таңдайсың. /жол/

3. Төбесінде даланың   
Төбесінде қаланың
Аяғы жоқ –
Жүреді,
Езуі жоқ –
Күледі. /Күн/

4. Төбедегі көзінен,

Күн сәулесі түседі.

Бұрышы жоқ төрінен,

Самал еркін еседі. /Киіз үй/ 
5. Ағайынды бәрі,

Шықса көк, түссе сары /жапырақтар/

6. Қолы бар, саусағы жоқ,

Мойны бар, басы жоқ / көйлек/


ІІІ. Ширату сұрақтары:
1.Атың кім?(С)- Самал
2. Құрбыңның аты кім?- Саяжан
3. Қайдан келдің?(қала, ауыл аты)- Сараннан
4. Нені жақсы көресің?- Самсаны
5. Фамилияңды(тегіңді) айт.- Смағұлова
6. Жануардың атын айт.- Сілеусін
7. Қандай өсімдікті білесің?- Сәбіз
8. Ер баланың атын айт.- Саят
9. Қандай көлікке міндің?- Самолетке
10. Нешеге дейін санай аласың?- Сегізге дейін.


2-жүргізуші: 6 «Г» сыныбының оқушысы Саргузиев Нұркелдінің орындауындағы әсем әнді тамашалаңыздар. (Ханшайымым)


1-жүргізуші: ІV кезең

Анам менің аялап, әлдилеген,

Түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеген,

Дәмін кетпес ақ сүтің аузымдағы,

Қалайша ұмытамын бал татыған.

Анашым, алдыңызда қарыздармын,

Өтеуден оны ешқашан шаршамаймын.

Ананың баласына махаббаты

Мәңгілік алаулаған шам-шырағы.

  • Ендігі кезекте «Ботақаным қайда?» кезеңі болады. Бұл сайыстың шарты аналарымыз көзін байлайды да, өз балаларын табады.

1-жүргізуші:Таң щуақ тәуелсіздік елімізде

Бақ, дәулет шалқи берсін жерімізде.

Көк байрақ желбірей түс көгімізде,-деп, алдарыңызға оқушыларымыздың дайындаған биін тамашалайық.(Welcome to our Kazakhstan)


2-жүргізуші:

Әке көрген оқ жонар,

Шеше көрген тон пішер,

Ешқайсысы жоқ сияқты

Бір-бірінен кем түсер, - дегендей, аналарымыздың келесі қолөнер сайысында кілем өрнектеуін бағалайтын боламыз.


1-жүргізуші: Әділқазылар үкімін шығарғанша слайдқа назар аударайық.

2-жүргізуші: Әділқазы алқасы

Әділден берсін бағасын.

Жеңіске жеткен қыздардың

Өркендей берсін талабы, -деп отырып әділқазы алқасына сөз берейік.

Номинациялар: «Тапқыр ана», «Дана ана», «Бауырмал ана», «Шебер ана», «Парасатты ана», «Алтын ана»


1-жүргізуші: Ана- адамзат ететін жер шарының әр түкпірінде әр үйінде мейірі мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам. Біздің сыныбымыздың сіздерге арналған әнін тыңдай отыра, кешімізді аяқтаймыз. Тағы да сіздерді мейрамдарыңызбен құттықтаймыз!!! Қош сау болыңыздар!!!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
"Мені? анам алтын!"

Автор: УТЕПОВА ЭЛЬМИРА ГАЛИМОВНА

Дата: 29.03.2016

Номер свидетельства: 311500

Похожие файлы

object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) "8-Наурыз мерекесіне арнал?ан ерте?гілік «Мені? анам- Алтын»"
    ["seo_title"] => string(57) "8nauryzmieriekiesiniearnalganiertienghilikmieninanamaltyn"
    ["file_id"] => string(6) "315866"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459963561"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "«Менің анам,алтын!»"
    ["seo_title"] => string(19) "mienin_anam_altyn_1"
    ["file_id"] => string(6) "406995"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1491415400"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Менің анам-алтын!"
    ["seo_title"] => string(16) "menin_anam_altyn"
    ["file_id"] => string(6) "545789"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1586328603"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) ""Сағындырған Алтын күз!""
    ["seo_title"] => string(23) "sag_yndyrg_an_altyn_kuz"
    ["file_id"] => string(6) "360529"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1479617154"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Ана-?мірді? ?уанышы, тірегі "
    ["seo_title"] => string(30) "ana-omirdin-k-uanyshy-tirieghi"
    ["file_id"] => string(6) "213798"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1432140929"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства