kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Менің анам-алтын!

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Менің анам - алтын!" тақырыбында өткен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шара

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Менің анам-алтын!»

Күні: 05.03.2020 ж.

Тақырыбы: «Менің анам – алтын!»

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналарды мерекемен құттықтау, балаларды мейірімділікке тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Барысы: Көңілді әуен қосылып, балалар екі екіден кіріп, орындарына жайғасады.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Аяулы аналар, асыл әжелер, қызғалдақ қыздар, қадірді ұстаздар көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Бүгінгі «Менің анам – алтын!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Сіздерден өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті абзал аналар, – дей келе балаларымыздың сіздерге арналған тақпақтарын тыңдайық.

Назерке:

Анам, анам, ақ анам,

Мен өзіңдей ақ балаң.

Айтқан тілді аламын,

Жұмсағанда барамын.

Никита:

Мамочка любимая,

С праздником тебя!

Ты самая красивая,

Хорошая моя!

Айзере:

Ана біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Балаларды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз!

Ануар:

Мен анамды сүйемін,

Құшағына енемін.

Мәпелеген анамды,

Қуантсам деп келемін.

Сезім:

Апатайым анашым,

Ақылы мол данасың.

Қамқоршысы баланың,

Гүлі сенсің әр үйдің.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын – сиқыршы көктем. Бізге қонаққа Көктем аруының өзі келе жатыр екен, қарсы алайық!

Әуенмен көктем кіреді.

Көктем: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Даланы гүл жайнатам,

Бұлбұлдарды сайратам.

Көктен жаңбыр жауғызып,

Құлпырады айналам.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе ару көктем?! Біздің балалардың барлығы да әдемі, ал бүгін ерекше көңілді. Ал енді балаларымыздың орындауындағы әсем әнді қабыл алыңыздар!

Ән: «Қарлығаш»

Көктем: Өте тамаша! Жарайсыңдар!

Көктем: Балалар сендер қандай мерекені тойлап жатырсыңдар?

Балалар: Көктем мерекесін, аналарымыздың мерекесін тойлап жатырмыз.

Көктем: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем мезгілі

Көктем: Көктем мезгілінде ауа – райы қандай болады?

Балалар: Жаңбыр жауады, адамдар жеңіл киім кие бастайды.

Көктем: Иә балалар, сендердің жауаптарына өте ризамын!

Жүргізуші: «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді» - демекші, балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!

Еркебұлан:

Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегінде сақтаған.

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ анам!

Арина:

Аналарды сүйеміз!

Сөзін ойға түйеміз.

Әрқашан біз ардақтап,

Әжеге бас иеміз!

Жантілек:

Наурыздың сегізі,

Сұлулықтың негізі.

Алина:

Әдемі сөз баланың,

Анаға айтар лебізі.

Мухаммедәли:

Баланың да тірегі,

Дананыңда тілегі.

Ауырмасын ешқашан

Анамыздың жүрегі.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі мерекеге орай ұлдарымыз өнерлерін сыйға тартпақшы. Олай болса ұлдарымызды ортаға шақырып, биге кезек берейік.

Би: «Қимылда»

Көктем: Балалар, сендер қандай өнерлісіңдер! Ана туралы тақпақ та, ән де біледі екенсіңдер. Мен сендерге ризамын, мерекені жалғастыра беріңдер, мені басқа да күтіп отырған сендер сияқты балалар бар. Сау болыңыздар!

Әуенмен көктем кетеді.

Жүргізуші: Мерекемізді ары қарай жалғастырайық. Балаларымыздың 8 наурызға арналған тақпақтарын тыңдайық.

Валерия:

Моя мамочка родная,

Я люблю тебя без края!

С 8 марта поздравляю,

Счастья я тебе желаю!

Әмір:

Аналарды сүйеміз!

Сөзін ойға түйеміз.

Әрқашан біз ардақтап,

Әжеге бас иеміз!

Адель:

Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді.

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Ал қазір орнымыздан тұрып, ойынға кезек берейік.

«Қолшатыр» ойыны

Ойын шарты: күн шықты дегенде билеп, секіріп қуанамыз, ал нөсердің дауыы естілгенде қолшатырдың астына тығыламыз.

Жүргізуші: Көктемнің алғашқы гүлдерімен бірге қызғалдақ қыздарымызда гүлдей құлпырып алдымызда өнерлерін көрсетеді. Қабыл алыңыздар!

Би: «Гүлдер»

Жүргізуші: Жарайсыңдар! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қымбатты асыл жандар мерекелеріңіз құтты болсын! Балалардың орындауындағы әсем әнді қабыл алыңыздар!

Ән: «Ай дидарлы анашым»

Жүргізуші: Рахмет сендерге балалар! Осымен біздің меркелік ертеңгілігіміз аяқталды.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Менің анам-алтын!

Автор: Акимжанова Еркежан Сеймухаметовна

Дата: 08.04.2020

Номер свидетельства: 545789


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства