kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Менің анам,алтын!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Менің анам,алтын!»

Мақсаты: Балаларға көктем туралы,8- наурыз мерекесі туралы түсінік беру, отбасындағы ананың орнын,анаға деген құрметті ұғындыру, еліне,жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, адамгершілік, қамқорлық,достыққа, ұйымшылдыққа баулу және әдемілікті сезіне білуге үйрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Менің анам,алтын!»»

Тақырыбы: «Менің анам,алтын!!!»

Мақсаты: Балаларға көктем туралы,8- наурыз мерекесі туралы түсінік беру, отбасындағы ананың орнын,анаға деген құрметті ұғындыру, еліне,жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, адамгершілік, қамқорлық,достыққа, ұйымшылдыққа баулу және әдемілікті сезіне білуге үйрету.


Армысыздар аяулы аналар ,құрметті ұстаздар,гүлдей құлпырған қыздар!Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге келіп жеткен 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті.Бұл бір қолымен бесікті,екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының мерекесі.


Сөздерді ең аяулы,

Жақсы көріп жаттадым.

Енді білдім оларды

Кімнің ойлап тапқанын.


«Ана»деген сөздіде,

«Аға»деген сөздіде,

«Әке»деген сөздіде,

«Тәте»деген сөздіде,

«Ата»деген сөздіде,

«Апа»деген сөздіде,-

Ойлап тапқан балалар!


«Жаным,күнім»дегенді,

«Құлыншағым»дегенді,

«Ботақаным»дегенді,

«Қошақаным»дегенді,

«Айналайын»дегенді,

«Толғанайым»дегенді,

Ойлап тапқан аналар!!!


Ендеше келесі сөз кезегін анамызға,демек балабақша меңгерушісі Мукаримова Марал Икрамқызына беріледі.

Анаң болса қасыңда

Басқа бақыт не керек

Аналардың жүрегі

Мейірімдіғой керемет дей келе аналардың мерекесі,көктемнің алғашқы күніне орай бүлдіршіндеріміздің «Көктем»биін қабыл алыңыздар.

Би «Көктем биі»

Бүгін наурыздың 8-і

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі дей отыра,келесі кезекті тақпақтарға беріп жіберсек

Ортаға Индира,Әлия,Кәусар Қайратқызы,Қадірді шақырамыз.

Анам менің аялаған,

Құшағынан сая табам.

Қанша жақсы болса дағы,

Сендей ана қайдан маған. Индира



Айтсаң болды тіл алам,

Әйбат мамам әй мамам.

Сені көрсем қуанам,

Сен керексің қашанда. Қадір




Я поздравить мамочку

С праздником хочу,

Сделаю для мамы

Все,что захочу. Әлия


Анаң болса қасыңда

Басқа бақыт не керек,

Аналардың жүрегі

Мейрімді ғой керемет. Қайратқызы Кәусар


Әуен естіледі залға қызыл келпек кіреді.

Қ. Телпек: Сәлеметсіңдер ме балақайлар және де сұлу апайлар! Көктем мерекелерің құтты болсын!

Жүргізуші: Сәлеметпісің сұлу қыз!

Кімсің сен? Қайдан келесің?

Қ. Телпек: Мен, Қызыл Телпекпін!

Жүргізуші: Ендеше, Қызыл Телпек, сені де мерекеңмен құттықтаймыз.

Мына әдемі гүлдерді қайдан теріп алдың?

Қ. Телпек: Мен орманға барып, әжемді 8 наурыз мерекесімен құттықтап келе жатырмын. Гүлдерді сол орманнан теріп алдым.

Жүргізуші: Біздің балалар осы мерекені көптен күтті. Әжелеріне, аналарына арнап көптеген сыйлықтар дайындап қойды. Олар: көңілді әндер, билер, ойындар дайындаған. Ендеше біздің балалардың аналарына арнаған әнін тыңда.

Хор: «Айналайын ақ мамам!»

Балалар ана туралы тақпақ айтады.

Ортаға Төрежан,Сания,Альтайр,Нұрайды шақырамыз.

Ақ анашым аппағым,

Өзің жайлы тақпағым.

Өзің жайлы әнңмде,

Арнадым саған бәрінде. Төрежан


Ардақты ана,аяулы ана,қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтін,

Кең құшағын аясындай гүл бақтың. Сания


День торжественный,

Парадный,

День подарочный,

Наградный-

Это мамин день! Альтайр


Ана деген ақылшың,

Ана барда батырсың.

Қасыңда кім болсада

Тек анаға жақынсың. Нұрай

Қ. Телпек: Жарайсыңдар балалар, аналарыңды қуантып қалдыңдар. Ормандағы аңдар бұл мерекені білмейді екен,аналарын құттықтамайды екен.Ме айтармын. Балалар менімен ойын ойнайсыңдар ма?

Балалар: Иәәәә

Ойын: «Біз көмекшіміз»

Шарты: Аналары кір жуады,балалары кірді жайып көмек береді.(ойынды 2 рет қайталату)

Қ. Телпек: Ой, жарайсыңдар балалар! Ал, мен кетуім керек. Мені анам үйде күтіп отыр, маған жылдам барып кел деп еді. Сау болыңдар! ( Қ. Телпек шығып кетеді)

Жүргізуші: Көктемде мереке көп. Алкашқы көктем мерекесі 8-

Наурыз - Аналар күні. Біз сол мерекені тойлап

жатырмыз. Қане балалар, аналарымызға,әжелерімізге тақпағымызды айтып берейікші. Ортаға Мүсілім,Мирас, ,Дәметкенді шақырамын.


Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әженіде ардақтап,

Әдеппен бас иеміз. Мүсілім


Таусылмайды өлеңі

Күнде айтып береді

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит әкеп береді,

Әжем мені өиткені

Өте жақсы көреді. Мирас


Баланың да тірегі

Даланың да тірегі

Шаршамасын ешқашан

Аналардың жүрегі. Дәметкен



Хор: «Ән саламын анама!»

Жүргізуші: Балалар, әже туралы тақпағымызды айтып жіберейік

Ортаға Мұхамеджан,саяжан,,Нұрисламды шақырамыз.


Өзің мені өсірген

Айналаиын ақ әжем,

Тентек болсам кешірген

Шөлдедің бе дана әжем

Шай қайнатып келейін

Шекер салып жан әжем,

Өзім құйып берйін

Балдай тәтті бал әжем. Мұхамеджан



Мені жақсы көреді

Күндей күліп келеді

Көп ертегі біледі

Маған айтып береді. Нұрислам


Саяжан





Хор: « Ақ әжем»

Жүргізуші: Балалар, енді ойын ойнап көңілімізді көтерейік тағы.( Балалар ортаға шығып ойын ойнайды)

Ойын: «Сұлу қыздар»

Шарты: Балалар қыздарды әдемілеп мойыншақ,сақина,орамалдарын тағады.


Жүргізуші:

Өнер өрге самғасын,

Жас қанатың талмасын.

Мерекеміз мерейлі

Қуанышпен жалғассын дей келе келесі кезекті биге берсек.

Би: «Мамина каша»

Келесі кезекті аналарымызға арналаған тақпақтарға берсек. Ортаға Назгүл,Ержігіт,Динараны шақырамын



Ана деген-бәйтерегі өмірдің,

Ана деген-қуанышы өмірдің.

Ана деген-әрбір үйдің жылуы,

Ана деген-гүлі туған өмірдің. Назгүл


Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым. Динара


Мәпелейді ,әлделейді,бағады.

«құлыным» деп құшағына алады,

Өзгегеде,өзіне де жауапты,

Барлығына қалай уақыт табады? Ержігіт


Ән: «Анашым» әнімен ортаға Әлия,Сания,Мүсілімді шақырамын.

Келесі кезекті өздерінің ақ тілектерімен ортаға Кәусар мен Ұлболсынды шақырамын.

Бөбегінің сыйлығын,

Қабыл алшы анашым.

Ұзақ өмір жүр жасап

Ауырмашы анашым. Кәусар


Әр сөзіңді жаттаған,

Жүрегінде сақтаған.

Анашым деп мақтанам.

Айналайын ақ мамам. Ұлболсын

Жүргізуші;

Ән салайық келіңдер,

Жырдан моншақ теріңдер

Көтерйік көңілді

Мың бұралып билеңдер деп келесі кезекті биге берсек

Би: «Көңілді балдырған»


Пайдаланса уақытты,

Біздің қыздар бақытты.

Арманға жетер балалар,

Аманболсын аналар. Дей келе,келесі кезекті әнге берсек


Хор: «Аналар тілегі»

Жүргізуші: Аналар қалқып бақыт аралында.

Лайым мұң қонбасын жанарың

Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық.

Гүл бітсін бәріміздің қадамыңызға. –

деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Тағы да мейрамдарың құтты болсын!























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Менің анам,алтын!»

Автор: Жұбатқанова Жұлдыз

Дата: 05.04.2017

Номер свидетельства: 406995


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства