kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

8-Наурыз мерекесіне арнал?ан ерте?гілік «Мені? анам- Алтын»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Армысыздар,??рметті ?она?тар, аналар ?желер,с?йкімді б?лдіршіндер.К?ктемні? ал?аш?ы 8-наурыз мерекесі ??тты болсын!Таби?атты? ?зі де б?л куні бізді? аяулы аналарды,арда?ты ?желерді,с?йкімді ?ыздарымызды да??а б?леп т?р?андай.Ана деген ?лемні? жан д?ниесі,бастауы мен таусылмайтын жал?асы.Сіздерге шатты?,ба?ыт,байлы?,тілей отырып, «Балдыр?ан» тобыны? ?йымдастыруымен «Мені? анам-Алтын» атты ерте?гілігімізді бастау?а р??сат еті?іздер.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«8-Наурыз мерекесіне арнал?ан ерте?гілік «Мені? анам- Алтын»»

8-Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік

«Менің анам- Алтын»

Жүргізуші:

Бүгін наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі

Армысыздар,құрметті қонақтар, аналар әжелер,сүйкімді бүлдіршіндер.Көктемнің алғашқы 8-наурыз мерекесі құтты болсын!Табиғаттың өзі де бұл куні біздің аяулы аналарды,ардақты әжелерді,сүйкімді қыздарымызды даңқа бөлеп тұрғандай.Ана деген әлемнің жан дүниесі,бастауы мен таусылмайтын жалғасы.Сіздерге шаттық,бақыт,байлық,тілей отырып, «Балдырған» тобының ұйымдастыруымен «Менің анам-Алтын» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші:

Аялаймыз ананы

Құрметтейміз бағалап

Сіздер үшін аналар

Шырқап әнге саламыз.

Хор: « Апатайым –анашым»

Жүргізуші:

Бала,бала,бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Қаймақты сүттей қалқытқан

Қолын қатты тигізбей

Иісін жұпар аңқытқан

Бұл кім?Балалар

Балалар :Ана,ана,ана!

Жүргізуші:Келесі кезекте балалардың жылы лебізіне кезек берейік.

Айбек:

Жарқын жүзді жан анам

Сендей болсын бар адам

Сендей болса бар адам

Шаттық кетпес адамнан

Айару:

Әр сөзімді жаттаған

Жүрегімде жаттаған

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ мамам

Б.Нұрислам:

Біз доспыз гүлдермен

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір бірден

Аналарға сыйлаймыз

Інжу:

Әр сөзімді жаттаған

Жүрегімде сақтаған

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ мамам

М.Нұрислам:

Сенен өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар

Азиза:

Шашымды өріп тараған

Қабағыма қараған

Үлкен кіші демейді

Сыйлайды оны бар адам

Жүргізуші:Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелеріңізбен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» деп бекер айтылмаған.

«Балдырған» тобының мың бұрала билейтін бишілері әжелеріміздің құрметіне «Қазақ қыздары» қарсы алайық

Жүргізуші:

Өлең айтып беремін

Әдепті боп жүремін

Өйткені мен анамды

Өте жақсы көремін-дей отырып келесі кезекті балалардың лебізіне береміз.

Омар:

Ақ қабақты анашым

Күн сәулелі анашым

Әлпештеген баласын

Айналайын анашым

Айзере:Анамыздың мейірлі

Жүзіне біз қараймыз

Анамыздың пейілді

Жомарт жанға балаймыз

Бейбарыс:

Ақ анашым,аппағым

Өзің жайлы таппағым

Өзің жайлы әнімде

Арнадым саған бәрінде

Әділхан:

Әр сөзімді жаттаған

Жүрегімде сақтаған

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ мамам!

Даяна:

Анам,анам. Ақ анам

Мен өзіңдей ақ балаң

Айтқан тіліңді аламын

Жұмсағанда барамын

Есік қағылып көк көйлек киген Көктем келеді.

Көктем:

Мен көңілді көктеммін

Былтыр келіп кеткенмін

Көзін ашып бұлақтың

Түбіне тал екенмін

Гүл боп қырда егілем

Дән боп жерге төгілем

Жаңбыр болып жуамда

Нұр боп көктен төгілем:

Жүргізуші:Амансыңба көктем Ұлан байтақ жерімізге қош келдіңіз.Шуағыңды шаттандырып ,Нұрыңды мол төге бер:

Көктем:Мынау менің құшағым толы қыр гүлін гүлдей жайнаған қыздарға сыйлағым келіп отыр-деп гүлдерді қыздарға таратады.

Көктем: Осы гүлдей құлпыра беріңдер ,Мерекелеріңіз құтты болсын!

Жүргізуші: Олай болса көктем отырып балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ән: «Құттықтаймын мама»

Жүргізіші: Келесі кезекте ойынға береміз «Кім тапқыр»

Ойынның шарты:Ата-аналар ойынға шығады көздері байлаулы ,Содан соң балалары шығады.Ата-аналар байланған көздері арқылы өз балаларын сипап сезу арқылы табу керек:

Жүргізуші:

Шуақты көктем келді гүлді алып

Көктемнің мерекесі бүгін анық

Өмірдің көктемі де,гүл – Аналар

Анадеп бас иеді күллі халық-деп биші ұлдарымызды ортаға «Жігіттер» биімен шақырамыз.

Жүргізуші:Осынау көктем мерекесінің орны қай кезде де бөлек: олай болатыны,аналарға ыстық сезім,алғыс пен құрмет сөнбек емес:Олар өмірдің гүлі,көңілдің жыры.әр отбасының алтын діңгегі.Бала десе ет жүрегі езіліп тұратын аяулы аналарымызға ,ардақты әжелерімізге арналған «Үш ана» көрінісін тамашалаңыздар:

Қатысушылыр:Қызы: Айару ,Анасы: Інжу,Әжесі:Айбек,Автор:Даяна.

Ортаға үстел қойылады,айналасына үш орындық,үстел астында қуыршақ жатады:

Автор:Ойыннан келген Айару

Қуыршағын іздеді

Астынан үстелдің таптыда

Хәл сұрауды көздеді

Қызы:Қызым менің қалайсың

Томсырайып қарайсың

Қарның ашып отырмай

Тамақ ішсең болмайма

Егер тамақ іщпесең

Қу сүйек боп қаласың

Отыр қане қасыма

Тамақтанып аласың

Автор:Айарудың осы сәт

Анасы үйге кіреді

Тағат таппай қызының

Хәлін сұрап біледі

Ана: Айару жан бүгін сен

Тамақ ішіп көрдің бе?

Қызықтап әлде ойынды

Кешке дейін жүрдің бе?

Күнде саған ұмытпай

Тамағыңды іш деймін

Тіл алмайсйң қырсығып

Осы сені не істеймін

Автор:Анасының артынан

Аптығып әже кіреді

Ол дағы өз қызының

Хәлін сұрап біледі

Әже:Айналайын алтыным!

Шаршадыңба жарқыным?

Ішпедің ау тамақта,

Жайын ойлап жалпының

Қарашығым, қарағым

Түсіңкіғой қабағың

Күнімен тұрып жұмыста

Болмай қалды –ау тамағың

Автор:Аналардың елжіреп

Ет бауыры барады

Әр қайсысы сұқтанып

Өз қызына қарады

Бәрі бірге:Қандай қиын қараңдаршы

Қырсық мінез бала болу

Бәріненде оңай емес

Білсеңіздер ана болу

Жүргізуші:

Көңіліңіз Алатаудың ақ қарындай

Мейірімің күннің шуақ шашқанындай

Қалайша аяулы ана тыны алармын

Ән болып сағыныштан ақтарылмай

Хор: «Ақ мамам»

Жүргізуші:

Аналар ақ тілекті сөз көп дейін

Жылытар жүрегіңді көз көп дейін

Ақ жаулықты аналар бұл сіздерге

Қарсы алайық балалардың әсем биін

Ортада «Балдырған» тобының бір топ балалары

Жүргізуші:Ананың әр бір сөзі жылылыққа толы.Ананың көз нұры ,мейірімі тастай мұзды да жібітеді.Сүйікті аналар,ардақты әжелер келесі кезекте балаларымыздың әніне берейік.

Ән: «Сегодня мамин праздник»

Жүргізуші:

Сүйкімді ғой балалар

Өнерлі ғой баршасы

Міне осындай қойылым

Көрсетті «Балдырған» бүлдіршіндері –дей отырып, аяулы аналар,ардақты әжелеріміздің,сүйкімді қыздарымыздың мерекелеріңсізбен құттықтап.Балалардың оқу іс-әрекетінде сіздерге арнап жасаған сыйлықтарын қабылалыңыздар!Сөз кезегі «Айгөлек» шағын орталығының әдіскері Көшкінбаева Жаннатқа береміз.


























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
8-Наурыз мерекесіне арнал?ан ерте?гілік «Мені? анам- Алтын»

Автор: Утемуратова Алия Ракымкызы

Дата: 06.04.2016

Номер свидетельства: 315866


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства