kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?ош бастауыш!" ерте?гілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Білім негізі бастауыштан ?аланатын о?ушылы? ?мірді? бастап?ы баспалда?ын ая?та?ан б?лдіршіндерді? аяулы ?стазымен ?оштасу р?сімін жасау.Бастауыш мектептен ал?ан білімдерін, ?нерлерін бай?ату, орта?а салу.?стаз е?бегін ба?алай білуге, жан-жа?ты білім алу?а, саналы азамат болу?а т?рбиелеу. 1 ж?ргізуші : ??рметті ?стаздар, о?ушылар, ата-аналар! Кеше ?ана т?лымдары желбіреп, ж?ректері л?пілдеп, мектеп ?абыр?асын имене атта?ан ?л-?ыздарымыз ойы толып, бойы ?сіп, ал?аш білім ?леміне жетелеп, 4 жыл бойы білім н?рімен сусындап, т?лім-т?рбие ал?ан бастауыш мектеппен ?оштас?алы отыр. Б?л к?н-мектеп тарихында, бастауыш мектепті бітіруші т?лектер есінде м??гі ?шпесі аны?.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?ош бастауыш!" ерте?гілігі »


« Бастауышым, бал бұлағым »


Мақсаты: Білім негізі бастауыштан қаланатын оқушылық өмірдің бастапқы баспалдағын аяқтаған бүлдіршіндердің аяулы ұстазымен қоштасу рәсімін жасау.Бастауыш мектептен алған білімдерін, өнерлерін байқату, ортаға салу.Ұстаз еңбегін бағалай білуге, жан-жақты білім алуға, саналы азамат болуға тәрбиелеу.

1 жүргізуші : Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!

Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алғаш білім әлеміне жетелеп, 4 жыл бойы білім нәрімен сусындап, тәлім-тәрбие алған бастауыш мектеппен қоштасқалы отыр. Бүл күн-мектеп тарихында, бастауыш мектепті бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпесі анық.


2 жүргізуші :

Бастауышым бал бұлағым,

Арналады саған әнім.

Өзің берген біліміңмен толығып,

Талай ұлан шәкірт өсті қанығып.


1 жүргізуші :

Жас жүректің өмірлік құштары – гүл

Бағбан – ұстаз баулыған құстары – бұл,

Қоштасып бүгінгі күн бастауышпен

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр,


2 жүргізуші : Ұрпағың мақтануға болса лайық,

Біз бүгін мақтанайық, жар салайық.

Биылғы жыл бастауыш түлектерін,

Құрметпен қол соғып қарсы алайық!

–дей келе ортаға бастауышпен қоштасқалы отырған түлектерді шақырамыз:


1.Өмірбек Ботакөз – сынып әкімі, сынып жанашыры, білімді, инабатты, үлкенге құрмет, кішіге ізет қағидасын үнемі есте ұстайды. «Ақбота», «Кенгуру» республикалық марафонының, мектепішілік пән олимпиадаларының жүлдегері,оқу озаты.

2.Есімхан Айсана – қағілез, алғыр. «Ақбота» республикалық марафонының, мектепішілік пән олимпиадаларының жүлдегері.

Әнші, мың бұрала билегенді ұнататын болашақ биші.


3. Көмірбай Мендос- дене шынықтыру пәнін қатты ұнатады. Болашақ чемпион.Мектептің «Болашақ » КВН командасының ең жас мүшесі. 2011 жылы Қарағанды, Астана қалаларында өткенКВН сайыстарына қатысып, мектеп намысын қорғаған жас өнерпаз.


4.Қуандық Анель - сынып жанашыры, білімді, қағлез, алғыр. «Ақбота» республикалық марафонының, мектепішілік пән олимпиадаларының жүлдегері.Ұстаздың айтқанын бұлжытпай орындайтын, қалжыңды түсіне білетін ақылды ару.

5.Карсонбай Нұрдәулет – Отбасының еркесі,мамасының серкесі.

«Ақбота» республикалық марафонына қатысушы.Дене тәрбиесі пәнін жақсы көреді.

6.Рымтай Альбина –Анасының көмекшісі,бауырының қамқоры.

«Ақбота» республикалық марафонының, мектепішілік пән олимпиадаларының жүлдегері .


7.Мұратхан Әділет – Үлкенді сыйлай білетін, кішіге қамқор бола алатын бауырмал жан,мектепішілік пән олимпиадаларының жүлдегері. «Кім жылдам?» отбасылық сайысының жеңімпазы.


8.Климова Айгерім – ұқыпты, сабақты жақсы оқиды.Әдемілікті жаны сүйеді. «Ақбота» республикалық марафонының, мектепішілік пән олимпиадаларының жүлдегері.


9. Садыхан Ақниет – ақкөңіл, аңғал. «Ақбота» республикалық марафонының, мектепішілік пән олимпиадаларының жүлдегері.

Жан-жақты, мәнерлеп оқуда алдына жан салмайды. Ақындарымыздың 30 шақты өлеңдерін жатқа айтады.Әжесінің жанашыры.


10.Болатбаева Лаура – орнықты, қойған жерден табылатын тиянақты .Әр іске жауапкершілікпен қарайды.Бауырларына қамқор, анасына жанашыр.Аудандық математика пән олимпиадасының жүлдегері, республикалық «Ақбота» марафонына қатысушы.


11.Жазымхан Ермұрат – салмақты, ұяң.Ана тілден мүдірмей оқиды.Ұнататын пәні –дене шынықтыру.




12.Кәріғұл Әсемгүл – ақ көңіл.Математика пәнін сүйіп оқиды.

«Ақбота» республикалық марафонының, мектепішілік пән олимпиадаларының жүлдегері.



13.Жумадилова Ләйлә - «Ақбота» республикалық марафонының жүлдегері.Достыққа адал, жамандыққы жаны қас.

2 жүргізуші:

Дана да басын иетін,

Дарын да шексіз сүйетін,

Жаныңда мәңгі жүретін,

Жаныңды жақсы білетін,

Суарып ізгі тілекпен

Жаныңа сенің гүл еккен

Ол-ұстаз – дей отырып бүгінгі қоштасу кешіміздің алғашқы сөзін ұстаздарымызға береміз.

1 жүргізуші:

  • Құттықтау сөз мектеп директоры Абдрахманов Қайыр Абдрахманұлына беріледі

2 жүргізуші:

  • Келесі сөз кезегі оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Ақбергенова Саягүл Қазбекқызына беріледі.


1 жүргізуші:


  • Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан, ата-анадан бата алады,

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін

Ортаға шақырайық ата-ананы, -дей келе келесі сөз кезегі ата-ана _____________________________________________________ беріледі.

2 жүргізуші:

Бүгін мына кеш жүректі тербейді,

Бал дәурен балалық айналып келмейді.

Алғашқы ұстазым әліппе ұстатқан

Жүректен ешқашан, сөнбейді.

Келесі құттықтау сөз алғашқы ұстаз Ынтықбаева Бақыт мұғалімге беріледі.


1.Армысыздар, мұғалімдер әз жандар! - Бота

Білім іздеп инемен құдық қазғандар,

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.

2.Өлшеулі ар-намыс пен нарқымыздың, - Ақниет

Қорғаны адамдық пен салтымыздың

Армысыздар аяулы ұстаздарым,

Сенері сендерсіңдер халқымыздың


3.Өмір берер ертеңгі бағаларын - Айгерім

Бастауышпен қоштаспақ балаларың

Халқыма ұрпақ берген, өмір берген

Қош келдің әкелер мен аналарым !


4.Мектеп, мектеп бақытқа толды үйің, - Лаура

Ұша білсек болмас-ау, қону қиын.

Бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін,

Бастауыштың билейміз соңғы биін.


5.Бүгін біз алғаш сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауышпен қоштасқалы отырмыз. – Нұрдәулет


6.Қош міне келдіңіздер, сабақтастар, -Әнел

Шығатын шың, қол бұлғайды биік асқар.

4 жыл оқып, өрелі білім алдық,

Кез келді, міне, ілгері қадам тастар.


Хор «Сыңғырла қоңырау»



7.Мен бүгін бұрынғыдан саналымын, -Әділет

Қоңырау боп күмбірлейді жаңа күнім.

Дәптердің жазылмаған ақ парағы-

Ақ көйлек жеті жасар балалығым.


8.Бізді үйреткен жалықпастан, -Айсана

Рахмет ұстазыма көзімді ашқан.

Біз- шәкірт, біз –Отанның болашағы,

Білімнің басқышына қадам басқан.


9. «Қазақстан» - Мендос


Хор «Туған ел»


10.Мына біздей бірге жүрген құрдастар, - Ақниет

Алдыменен әуелетіп жыр тастар.

Оқулықтар қатарына сөз бердік,

Білімдерін шертіп өтсін сырластар.


1жүргізуші: -Балалар, ортамызға бүгінгі кешімізді бөлісіп келіп тұрған Ана тілімізді шақырайық!


Ана тілі: Ағайын, құлақ сал, мен – Ана тілімін

Шәкірттің «А» деген алғашқы үнімін.

Ал, енді қоштасам балдырған өзіңмен,

Шыңдалсын, ал енді ары қарай білімің.

- Балалар , сендер менен кейінгі достарыңмен танысқыларың келе ме?

- Иә.

-Ендеше сендермен білімімізді ортаға салайық..Мен сендерге тапсырмалар топтамасын әкелдім.Сол тапсырмаларды орындасаңдар достарыңмен таныстырамын.Орындаймыз ба, танысқыларың келе ме?

-Иә.

-Онда екі топқа бөлінейік.Ұстаздар топтардың жауаптарын саралап отырыңыздар.Соңында қай топ шапшаң, алғыр екендігін айтасыздар.

Тапсырмалар:

1 жүргізуші:Олай болса бастайық.Бірінші тур «Бәйге».Әр топқа 5 сұрақтан қойылады.Тез қолдарыңызды көтеріп жауап берулеріңіз шарт.


І.«Бәйге» І топ

  1. Білім күні қай күн?

  2. Заттың атын білдіретін сөз.

  3. Жылдың төрт мезгіліне де өлең жазған ақын.

  4. Білім, оқу туралы мақал.

  5. Ұлы Отан соғысының батыр қыздары







2 жүргізуші:Келесі топтың сұрағы:

ІІ топ

1.Еліміздің Тәуелсіздік алған күні

2.Желтоқсан құрбандарын ата.

3.Төртбұрыштың қабырғаларының қосындысы

4.Туған жер туралы мақал

5.Заттың қимылын білдіретін сөз


1 жүргізуші: Келесі тур «Зерде».Әр топқа 3 жұмбақ беріледі.Жауабын екі тілде айтасыздар.


І топ

1.Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (кітап – книга)

2.Тұмсығымен қозғалар,

Соңында аппақ із қалар. (бор – мел)

3.Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады. (қоңырау-звонок)

2 жүргізуші:Келесі топтық жұмбағы:

ІІ топ

1.Билеп-билеп бұрышқа тұрған. (сыпырғыш-веник)

2.Жүрсе ізі жоқ, сойса қаны жоқ. (қайық-лодка)

3.Бірде төмен,

Бірде шығып жоғары.

Сөз сөйлесең,

Қозғалыста болады. (тіл-язык)


1 жүргізуші:Келесі тур «Ұшқыр ой».Ұяшықтарға сурет бойынша тапсырмалар берілген.Сол тапсырмаларды орындау қажет.Әр дұрыс жауапқа ұяшықта көрсетілген ұпай беріледі.


30

40

20

20

40

30


2 жүргізуші:Келесі тур «Алтын сандық».Өлең жолдарының неге және кімге арналғанын айтасыздар.



І топ

1 жүргізуші:

Өмірімнің көктемін,

Сенде өткізем деп келдім.

Армандарым көп менің,

Атқарамын деп келдім.

Асыл анам, алтын ұям сен менің. (мектеп)


2 жүргізуші:

ІІ топ

Ақыл айтса салмақты,

Ашуы да бар қатты.

Алайда ол басқадан,

Абыройлы ардақты . (ұстаз)



1жүргізуші:Сөз кезегін саралаушы ұстаздарымызға береміз.

Ана тілі оқушыларымыздың жауабына ризасыз ба,достарымен таныстырасыз ба?

Ана тілі: Ризамын.Ендеше таныс болыңыздар.

Әдебиет: Білімді шәкірттерге сенген едім,

Толықсып әуеніне тербелемін.

Келешекте сен менен дәріс ал деп,

Ортаңа «әдебиет» боп мен келемін.


11. Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім - Әсем

Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім

Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің

Мектеп, мектеп,ана болып та көріндің


Ән «Мектебім»


12.Ана сүтін ақтаймыз, - Лаура

Қиындықтан қашпаймыз.

Жақсы оқып әрқашан,

Білімді бірге шыңдаймыз.


13. «Үш бақытым» ------- Ермұрат


Хор «Отаным Қазақстан»


2жүргізуші:Келесі жыр шумақтары ұстаздар қауымына арналады.


14. Кездескенде қалатұғын шұрқырай, - Әсем

Бастауыштық қызық бір күні-ай.

Барлығымыз бір сынып, бір партада,

Тағы осылай отырар ма ек шіркін-ай!


15. Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын, - Бота

Ұстаз – ғалым толастатпас мәңгі ісін.

Тыншымайтын асыл жандар аяулы,

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын


16.Білім сыйлап біздерге, - Айгерім

Аялайсың әр күні.

Қарыздар ғой сізге

Адамдардың барлығы.

Бақытжан апай

Бәрімізге құрметті.


17.Сая мұғалімге: - Альбина

Қазағымның қызы болсын өзіңдей

Шуақ шашсын күнімдей,

Сөзге шешен, іске ұста сіз барда

Бала өседі олқылықты сезінбей.


18. Қайыр мұғалімге: - Әнел

Ажырамай халықтан бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралсын жүрегіңіз.

Құрметпенен өзіңізге біз тілейміз,

Жарқырасын, жайнасын мектебіңіз.




19.Мектебім төл енгізген ана тектес, - Альбина

Шын ұстаз, сөзің асыл баға жетпес.

Үйреткен сурет салу,тігу,қию

Валя апай, Рымкүл апай баға жетпес.


Ән «Бақытты балалық шақ»




20.Бар қасиет беріліпті бойыңа, - Ақниет

Ризамыз арман, тілек, ойыңа.

Мейірімділік, қайраттылық ар-намыс

Бәрі сізде Қуаныш мұғалім мойыма.


21.Болаттай берік шыңдайды, - Бота

Дене шынықтыру пәнінде.

Жүлдегер барша сайыста,

Жүрсе де қанша, шаршап ол.

Сомдайды әрбір сабақта

Әлібек ағай нағыз ер.


22.Тілдің сырын меңгерген, - Ләйлә

Тіл білуді жөн көрген.

Көсегесін көгертіп,

Ғажайып бір өң берген.

Бота мұғалімге көп алғыс!


23.Нүкте, нүкте, үтір ал - Әнел

Сканер, принтер,интеграл.

Гуля мұғалім – интеллектуал!


24.Когда на нас сурово - Айсана

Вы смотрите порою,

У нас дрожат колени

И затихает класс.

И все- таки мы знаем,

Что Вы за нас горою

Мы любим Вас за это

И благодарны Вам Гульмира апай.



25.Бақыт мұғалім сүйікті менің ұстазым - Мендос

Күлімдеген, күнім деген.

Қамқор болған ұстазым

Жаны жайсаң, жайдары жан

Ұғындырған сөз сазын.


26.Алма мұғалімге: Өзін өзі тануды - Ақниет

Үйреткен бізге зер салып,

Адамгершілік, таза, тектілік

Ісінде бар ептілік.



27.Думан мұғалімге: Бар асылды бір бойына жинаған, - Әділет

Төлеген де, Шеге де өзі кәделі.

Әуелетіп ән мен жырды жүріңіз

Қыз Жібегіңіз аман болсын әдемі.



28.Гауһар мұғалімге:Тілдің сырын меңгертіп - Әсем

Мәдениетті көздеген.

Әлі талай сабақта

Кездесерміз сізбенен.


1жүргізуші: Кешімізді ары қарай жалғастырамыз.

2жүргізуші:

  • Ән «Дос болайық бәріміз» .Орындайтын ұлдар тобы.


1 жүргізуші:

Гүлдер, гүлдер, қызыл гүлдер, көк гүлдер,

Неге мұнша жайқалған нәзік көпсіңдер?!

Әдемілік, әсемдік, нағыз сұлулық,

Жер бетінде орнасыншы мәңгілік.

Би «Гүлдер» . Орындайтын бишілер тобы.


2жүргізуші:

Атам менің әулие-тін,

Сәбидей пәк жүрегі.

Сәл нәрсеге шын қуанып,

Сәл нәрседен жүдеді.


1 жүргізуші:

Қайран атам бойтұмарым,

Сәуегейім, сағынышым...

Елемеймін ой тұманын

Санамда атам бары үшін.


  • Ән «Аташым». Орындайтын Ақниет пен Әділет.


2жүргізуші:

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде

  • Кәріс биі.Орындайтын бишілер тобы.


1 жүргізуші:

  • Ән «Бау бақша белдер».Орындайтын: Әсем мен Лаура


2жүргізуші:

  • «Твист» биі.Орындайтын Айгерім, Әділет,Әнел,Ақниет.


1 жүргізуші:

  • Испан биі.Орындайтын Мендос,Нұрдәулет,Айсана,Бота


2жүргізуші:

Білімді шәкірттерін аялаған,

Жақсылығын ешкімнен аямаған.

Саялы бақ жанашыры жас ұрпақтың

Ұстаз деген ардақты, аяулы адам- дей келе

Бүгінгі бүлдіршіндерімізге бастауыш сыныпты аяқтатып, орта буынға шығарып салып отырған ұстазымыз Қуаныш

Мұхамедияқызын сахна төріне шақырамыз.

1жүргізуші:

Сөз кезегі өзіңізде.

Би «Вальс» . Ән «Әкешім,анашым»

2жүргізуші:

Келесі сөз кезегі ата-аналарға беріледі.


1жүргізуші:

Әр баланың жүрегіне гүл еккен,

Ұстаз ісін ақын біткен жыр еткен.

Бұл ұжымға айтар алғыс шексіз-ау,

Қаншама мың шәкірттерді түлеткен.


2жүргізуші:

Біліміңді бағалар,

Аяулы ұстаз даналар.

Сіздерге бізден мың алғыс,

Келешек бізбен жаңарар – дей келе бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

Сау,саламатта болыңыздар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"?ош бастауыш!" ерте?гілігі

Автор: Шардарбекова Куаныш Мухамедиякызы

Дата: 28.03.2015

Номер свидетельства: 192753

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Бастауышым-бастамам,     Білім  жолын  баста?ан. "
    ["seo_title"] => string(43) "bastauyshym-bastamam-bilim-zholyn-bastag-an"
    ["file_id"] => string(6) "214078"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1432208870"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(136) "Тема:Доклад.Бастауыш сынып о?ушыларыны?  шы?армашылы? ?абілеттерін  дамыту. "
    ["seo_title"] => string(82) "tiema-doklad-bastauysh-synyp-ok-ushylarynyn-shyg-armashylyk-k-abiliettierin-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "177046"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1424540660"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "№8 мектебіні? бастауыш сыныптары бойынша жылды? есебі"
    ["seo_title"] => string(53) "8miektiebininbastauyshsynyptaryboiynshazhyldykiesiebi"
    ["file_id"] => string(6) "310814"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1459098061"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Бастауыш сынып?а арнал?ан саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(43) "bastauysh-synypk-a-arnalg-an-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "158445"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421748086"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(219) "Атырау облысы, Ма?ат ауданы, Ма?ат поселкесі №2 бастауыш мектебіні?  бастауыш сынып м??алімі Та?ырыбы: «К??ілді тап?ырлар»! "
    ["seo_title"] => string(128) "atyrau-oblysy-mak-at-audany-mak-at-posielkiesi-2-bastauysh-miektiebinin-bastauysh-synyp-mu-g-alimi-tak-yryby-kon-ildi-tapk-yrlar"
    ["file_id"] => string(6) "176159"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424365247"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства