kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ата ананың бала тәрбиесіндегі ролі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ата аналармен өткізілетін іс шара жоспары. Жоспар бойынша ата аналармен тренинг жасалды. Сұраққа жауап алынды. Рефлексия жасалды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ата ананың бала тәрбиесіндегі ролі»






Тақырыбы:


/9-сынып/


Өткізген: 9-сынып жетекшісі

Жұбаева Гүлмира Кенжеқарақызы




2019-2020 оқу жылы



Тақырыбы: Біз бала тәрбиесіне қаншалықты жауаптымыз?

Мақсаты: Ата – аналармен тілдесіп, оларды ынталандыру, ортақ шешімді анықтау. Болашақта баламен жұмыс істеу міндетін белгілеу, ата - аналармен бетпе - бет кездесе отырып, бала тәрбиесі туралы пікір алысу. Бала тәрбиесі де ата - ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру. Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.

Көрнекілігі:
Тақтаға ұлағатты сөздер жазған парақшалар ілінеді: «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Бала нені білсе жастан, ұядан - өле өлгенше соны таныр қиядан»

Даналық сөз: «Баланы дұрыс тәрбиелеу - бұл біздің қарттық шағымыз, жаман тәрбиелеу - бұл біздің келешек қасіретіміз» А. С. Макаренко т. б. Сұрақтар жасырылған алқаптағы гүлдер.

Кіріспе сөз
Құрметті ата - аналар! Бүгін біз сіздермен бала тәрбиесі жөнінде ой бөлісу мақсатында жиналып отырмыз. «Ағаштан ағаш рең алады, адамнан адам тәлім алады» демекші әрбір ата - ана өз баласының тәрбиелі де рухани азығы мол азамат болып өсуін тілейді. Қазіргі заманымыздың басты мақсаттарының бірі - жас ұрпаққа саналы тәрбие беру. Жас ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуында ата - анамен тәрбиешінің рөлі зор. Бұл істе асығыс шешім, жалған әдіс, қатып қалған тәсіл қолдануға болмайды. «Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алымен баланың сезімін оятып, баланың әсершілдігін дамыту». «Сезімді тәрбиелеу»яғни баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қылық қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз. Парасаттылық дегеніміз - адамзатқа қызмет ету. Әр ата - ана перзентінің мәдениетті, адамгершілігі мол, білімді, саналы, еңбекқор, ата - салтын, ана - тілін қастерлейтін, үлкенді сыйлай білетін адам етіп тәрбиелеуді ата - аналық міндеті деп түсіну керек.
«Күллі ғажайыптардың ішіндегі ең тамашасы - жақсы тәрбиеленген адам» деген болатын грек философы - Эпикет.
Бала - әр ата - ананың болашағы. Ол – оның өмірінің жалғасы. менің болашағым дегенде ойларыңызға қандай ұғымдар келеді?

Ой қозғау
Бала деген кім?
Гүлдің бейнесін келтіріп гүлдің жапырақшаларының ішіне ата - аналар жауаптарын жазады. Мысалы: бауыр етіміз, болашағымыз, үмітіміз, мұрагерім, жанымның саясы, асыраушым т. б

Біздің ұрпағымыздан күтеріміз көп. Олай бола, біз тәрбие үрдісіне баламыздың жат қылықтардан аулақ болуын қадағалауымыз керек. қандай жағымсыз тілектерді баламызға тілемейміз. Мысалы: еріншектік, жалқаулық, сараңдық, т. б Біздің баларымыздың адамгершілік, моральдік бейнесі әр уақытта көңілімізден шыға бермейді. Күнделікті өмірде ашуланшақ, әдепсіз балалар кездесіп жатады. Бала өзінің болашағы екенін ұғынатын әр ата - ана өз баласына көп көңіл бөлуі керек

Гүл теруге шығайық!
(Әуен ойналып тұрады, арнайы дайындалған гүлдер алқабына бару) Барлық ата - аналар орындарынан тұрып, гүл теруге шығады. Бір - бір гүлден алады. Сол гүлдерде сұрақтар жасырылған. Осы сұрақтар көлемінде пікірталас өрбиді.

Сұрақтар:
1. Сіздің бойыңызда, сіздің ойыңызша қандай жақсы қасиеттер бар?
2. Егер сіздікі дұрыс болмасада балаңыздан кешірім сұрай аласыз ба?
3. Баланың бойына жақсы қасиеттер қалыптастыру жолын айтыңыз?
4. Шыдамды деген не? Шыдамдылық қасиетін қалыптастыруда сіз қандай роль атқарасыз?
5. «Өнегелі отбасы» дегенді қалай түсінесіз? т. б

«Байлаулы бала»? ойыны.
Ойын барысында қатарда тұрған ата - аналар жеке - жеке шығып, көзі жұмулы күйінде сипаттайды.

  • Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)

  • Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)

  • Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)

  • Балаңыз сізге басқа ұлттың қызын ұнатты. Бірақ сіздің қалауыңыз ол емес еді. Сіздің әрекетіңіз? (кеудесі байланады)

Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)

Ситуациялық сұрақтар
«Қымбат машина» әңгімесі
«Бірде әкесі Аманға жаңа ойыншық сатып әкеліп берді де: «Сындырушы болма, қымбатқа сатып алдым»- дейді. Қандай ойыншық десейші. Қара бояуы жалтылдаған әдемі машина. Келесі күні Аман жаңа ойыншығын құшақтап аулаға шықты. Сыртта оны Рахат, Қанат, Мұса қоршап алды.
- Қараңдаршы, папам әперді. Аман машинасын құшағынан шығармай мақтана сөйледі.
- Келші көрейік...
Бере тұршы жүре ме екен?
- Қандай әдемі, кел. ойнайық.
Аман ойыншығын құшақтап оларға бермей қойды. Әрі - беріден соң Рахат та, Қанат та, Мұса да өз беттерімен ойнап кетті. Аман ойыншықты үйге әкеліп, төсегінің астына қойды да сыртқа шықты. Қараса, балалар өздерінше арық қазып ойнап жүр екен. Аман қызығып, жүгіріп қастарына келді.
- Мен де ойнайыншы.
- Ал, балалар болса үндемей, ойындарын жалғастыра берді.»
Сұрақтар:
1. Әңгімеден не түсіндіңіздер?
2. Кім қателік жіберді деп ойлайсыздар?
3. Аман кінәлі ме?
4. Аманның әкесінің орнында сіздер қайтер едіңіздер?

Қортынды  жаттығу  «Балаңыздың арманын орында»

Мақсаты:  ата-аналар өз балаларының арман, қиялдар туралы білу және ойларын түйіндеу.

 Барысы: Ата – аналардың  алдында, өз балаларының арманы жазылған жұлдызшалар бар, ата-ананың  өз баласының аты жазылған жұлдызшаны таңдап алып оқиды.  Жұлдызшаға болшақта баласының  қандай адам ретінде болатынын елестетіп, арманын  тілектерінің орындалуна тырысатынын жазады, жұлдызшаны арман әлеміне іледі.

.

Кері байланыс. Май шам” (Шырақ).

Біздің бала тәрбиесі жөнінде ой бөлісу мақсатында өтілген пікірталасымыз аяқталуға жақын қалды. Мен сіздердің барлығыңызға қатысқандарыңыз үшін ризамын..

Ал қазір мен май шамды жағамын. Барлығымыз бір – бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір – бір жылы сөз айтып май шамды беріп отырамыз.

Қоштасуға май шамды алған себебім, жарық деген әрқашанда жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек.

Барлығы бір – бірімен бірігіп жұмыс жасағандары үшін бір – бір жылы сөз айтып май шамды беріп отырады.

Қорытынды
Барлық өнеге отбасынан басталады. Балаларымыздың бойына сіңген ізеттілік - дөрекілікке, қайрымдылық – қатігездікке, адалдық – арамдыққа ауыспасын деген тілегімізді орындау - ұрпақ алдындағы ұлы міндет деп түсінейік








Бала







.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ата ананың бала тәрбиесіндегі ролі

Автор: Сәрсенбаева Нағима Әбдінәбиқызы

Дата: 23.01.2020

Номер свидетельства: 537131

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "АТА-АНА МЕН БАЛАБА?ШАНЫ? БАЛА Т?РБИЕСІНДЕГІ РОЛІ. "
    ["seo_title"] => string(53) "ata-ana-mien-balabak-shanyn-bala-t-rbiiesindiegi-roli"
    ["file_id"] => string(6) "236470"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1444068429"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "" Бала тәрбиесіндегі ата- ананың ролі""
    ["seo_title"] => string(39) "bala_t_rbiiesindieghi_ata_ananyn_roli_2"
    ["file_id"] => string(6) "411119"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1492978733"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(140) "??зіретті т?л?а ?алыптастыруда?ы  ата - ана мен м??алімні? ролі (коучинг - сессия) "
    ["seo_title"] => string(89) "k-u-zirietti-tu-lg-a-k-alyptastyrudag-y-ata-ana-mien-mu-g-alimnin-roli-kouchingh-siessiia"
    ["file_id"] => string(6) "214649"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1432391161"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "БАЛА Т?РБИЕСІНДЕГІ АТА – АНАНЫ? РОЛІ."
    ["seo_title"] => string(36) "bala-t-rbiiesindiegi-ata-ananyn-roli"
    ["file_id"] => string(6) "295467"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1455814688"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) ""Ата-ана?а ?олдау" психологиялы? тренинг "
    ["seo_title"] => string(45) "ata-anag-a-k-oldau-psikhologhiialyk-trieningh"
    ["file_id"] => string(6) "205178"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429809757"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства