Білімділік: О?ушылар?а жалпы ??стар?а деген ?ызы?ушылы?ын, белсенділігін, білім де?гейі, ой-?рісін дамыту.
Дамытушылы?: О?ушылар?а н?рсеге ?арап сурет салу ?абілеттерін дамыту, шы?армашылы? ойлауды арттыру
Т?рбиелік: Ту?ан жер таби?атын аялау?а, ??старды ?ор?ау?а, ?ам?оршы болу?а т?рбиелеу
Просмотр содержимого документа
«Жыл құстары 5»
Бейнелеу өнері 5-сынып күні: Тексерілді:
Сабақтың тақырыбы: «Жыл құстары».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жалпы құстарға деген қызығушылығын, белсенділігін, білім деңгейі, ой-өрісін дамыту.
Дамытушылық: Оқушыларға нәрсеге қарап сурет салу қабілеттерін дамыту, шығармашылық ойлауды арттыру
Тәрбиелік: Туған жер табиғатын аялауға, құстарды қорғауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекігілігі: құстар суреті
Пәнаралық байланыс: биология
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
-Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Құстардың түрі өте көп. Олардың біз үлкен екі топқа бөлеміз?
1.Жабайы құстар
2.Үй құстары.
Жабайы құстар –табиғатта өз алдына тіршілік етеді.Құстардың пайдасы өте көп .Олар табиғаттың байлығы ағаштарды, өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден құтқарады.Құстар бір орныда тұрмайды.Олардың бір жерден екінші жерге ұшып –қонып жүреді.Барлық құстарға ортақ қасиет :ұшады,қанаттары , мамықтары ,тұмсықтары болады.
Құстардың тұмсығы қоректену ерекшелігіне қарай түрліше болады.Мысалы :бүркіттің тұмсығы өткір,қатты болады.Себебі, олар түрлі тышқандармен ,ұсақ жануарлармен қоректенеді.Өсімдік дәндерімен, жемістермен қоректенетін құстардың тұмсығы үшкір, жерден іліп алуға икемді болады. Құстар өте пайдалы. Олардың етін, жүнін, мамығын, жұмыртқасын адамдар керегіне пайдаланады. Кейбір құстарды құсбегі аталарымыз аң аулауға пайдаланған. Құстар көктемде жылы жақтан келеді. Жылы жақ Африка, Оңтүстік. Ең алдымен тырна келеді. Сосын су құстары, қарлығаш. Оларды жыл құстары дейміз. Бұлардың көктемгі тіршілігіндегі ерекшелігі туған жерге оралуы, ұрпақ қамы, ұя салуы, жұмыртқа салып, балапан шығаруы.
Жұмбақ шешу ойыны.
1.Үй маңына үйір, адамға жақын, ел тыныштығының белгісі қандай құс?
(Ақ көгершін)
2.Тоқылдатып манағы ап,
Ағаштарды тазалап.
Ормандарды емдейді,
Зиян кесте жазалап.(Тоқылдақ)
3.Қызығып әр адам,
Ұстап ап даладан.
Жүнімді жұлып ап,
Бесікке қадаған.
Бұл қандай құс? (Үкі)
ІV. «Жыл құстары» тақырыбына сурет салу. /нұскау суреттің көмегімен./
V. Бағалау
VІ. Үйге тапсырма: «Жыл құстары»