Просмотр содержимого документа
«Үй жануарларын мүсіндеу»
Сабақтың тақырыбы
Үй жануарларын мүсіндеу
Мақсаты
Оқушыларға мүсін, үй жануарларын мүсіндеу туралы мағлұмат беру. Үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету.
Мүсіндеу әдіс-тәсілдерін меңгерту, ұсақ моторикасын дамыту.
Өзара көмекке, достыққа тәрбиелеу.
Сілтеме
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Оқыту нәтижесі
Диалогтік оқытуда жетелеу сұрақтары арқылы оқушылар
Адам мен үй жануарларының тығыз байланысы туралы және мүсін түрлерімен танысады.
Жануарлардың дене мүшелерінің қозғалыстағы қалпын сомдауды үйренеді.
Оқушылардың ойлау ,елестету ,шығармашылық қабілеттері дамиды,жануарларға сүйіспеншілігі арта түседі.
Түйінді идеялар
Адаммен үй жануарлары тығыз байланыста.Мүсінді «Скульптура» деп те атайды. «Sculptura, sculpo»-шекимін, қашаймын деген латынның сөзі. Мүсіндеудің сызба мен кескіндемеден айырмашылығы-ол барлық жағынан алып қарауға болатын көлемді туынды.
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Пайдаланылған ресурстар
Сабақтың кезеңдері:
І.Қызығушылығын ояту
1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушыларды түгендеу.
3.Психологиялық дайындық.
Тренингке шақыру. «Бұл не?» Жұмбағын жасыру
Жарысуға дайын, менің қасқа... (тайым)
Тастан тасқа секіріп, ұзын салпақ құлақты,
Қандай маза кетірген, кім біледі... (лақты)
Моп-момақан өзі, сүп-сүйкімді... (қозы)
Басында екі таяғы бар, төрт аяғы бар. (сиыр)
Жарға шығып ойнайды, ойынға бір тоймайды,
Болса дағы сақалы, секендеуді қоймайды. (ешкі)
Ұрлап ішіп үйде сүтті қоймайды,
Өз құйрығын өзі қуып ойнайды. (мысық)
Лағымның құлағы, селтиіп тұрады,
Қозы көрсе болғаны, оны тұра қуады. (ит)
Кішкене ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
От басында құмған, Екі көзін жұмған. (Мысық)
Ерте тұрады, жар шақырады. (Қораз)
Басы тарақ, арты орақ. (Қораз)
Оқушылар амандасқан соң тренингке қатысып, жұмбақ шешеді.
Қол,конверт,карточ-калар
ІІ.Мағынаны ашу.
1.Топқа бөлу.
2.Мүсін және оның түрлеріне талдау жасау:
Үй жануарлары
Мүсін өнері
Мүсін сомдауға қолданатын материалдар және ермексазбен жұмыс
/Мәтін арқылы ойлау
деңгейлеріне қозғау сала отырып, жетелеу сұрақтарын қойып,
шығармашылығына келу. / Постер қорғау.
3. Ермексазбен жұмыс жасау ережелерін еске түсіру.
кесек ермексаздың бір бөлігін үзіп алып, денесін домалақтап мүсіндеу.
екінші бөлігін алып, мойынын, басын, аяқтарын жасау
4.Білімді дамыту.
« Үй жануарларын мүсіндеу » Жеке жұмыс.
Оқушылар 3 топқа бөлініп отырады.
Сұрақтарға жауап іздеу арқылы мүсін және оның түрлеріне талдау жасап, теориялық мағлұмат алады.Постер қорғайды.
Оқушылар тақырыпты қалай түсінетіндіктерін сызбамен, суретпен, көрініспен, т.б. түсінгендерін баяндайды.
Ермексазбен жұмыс жасау ережесін еске түсіреді.
«Үй жануарларын мүсіндеу»тақыры -бына жеке жұмыс орындайды.
Плакаттар маркер, қарындаш, т.б.
, оқулық
Үлестірмелі қағаздар,репродукциялар
Ш.Рефлексия.
Анаграмма:«Адасқан әріптер»/Тақырыпқа байланысты сөздер құрау/
Үйге тапсырма:Қазақтың суретші-мүсіншілері туралы мәлімет әкелу.
Бағалау.
Оқушылар анаграмма:«Адасқан әріптер» бойынша тақырыпқа байланысты сөздер құрайды.
Оқушылар сабақтың өтілу сәтіне баға беріп, парақшаларын апарып жапсырады.
Кері байланыс
Бағалау парағы
Оқушының өзін-өзі бағалау парағы
р/с
Тапсырма атауы
Оқушының бағасы
Оқушының бағасы
Оқушының бағасы
Оқушының бағасы
І кезең
Жұмбақ шешу
«+»
«+»
«+»
«+»
ІІ кезең
Жаңа сөздер. Постер қорғау
«+»
«+»
«+»
«-»
ІІІкезең
«Үй жануарларын мүсіндеу»
«+»
«+»
«-»
«-»
ІV кезең
Анаграмма:«Адасқан әріптер»
«+»
«-»
«-»
«-»
Бағалау критерийі:
4«+»– «5»
3«+»– «4»
2«+»– «3»
1«+»– «2»
Мүсін өнері
Мүсіндеу - көркемөнердің бір түрі. Мүсінді «Скульптура» деп те атайды. «Sculptura, sculpo»-шекимін, қашаймын деген латынның сөзі. Мүсіндеудің сызба мен кескіндемеден айырмашылығы-ол барлық жағынан алып қарауға болатын көлемді туынды. Мүсін өнері ежелден келе жатқан көне өнердің бір түрі болып табылады. Ол тас дәуірінен бастап қалыптасқан, өңделе келіп классикалық өнерге айналған.Жалпы мүсін түрлері:монументті мүсіндеу,қондырғылы мүсіндеу жәнерельефті мүсіндеуболып бөлінеді.
Мүсін өнері көлеміне қарай: монументті мүсіндеу және қондырғылы мүсіндеу болып бөлінеді.Монументті мүсіндеуде оның барлық жағынан қарауға болады. Рельефті мүсіндеу жазықтық бетінде орындалады.
Қазақ мүсін өнерінің қалыптастырушысы-Хакімжан Наурызбаев (1925-2009ж.ж) Парасат кавальер орденінің иегері. 300 ден астам жұмысы бар. Солардың ішінде ен танымал жумыстары:
«Абай Құнанбаев» (1960) ескерткіші,
«Ш .Уәлиханов» (1969) Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының алдында орналасқан биіктігі 8 м,
«Ж.Жабаев» ескерткіштері тұлғалық мүсінге жатады.
Астана қаласындағы Есіл өзені арқылы өтетін көпірлерде орналасқан Төлеген Досмағанбетовтың «Барыс» мүсіндері, бұлар да сәндік монументалды мүсінге жатады. Мүсін тек бір ғана фигурадан емес екі немесе одан да көп фигурадан тұруы мүмкін. Солардын бірі,біздің қаламызда Достоевский мұражайының іргесін де орналасқан қоладан жасалған «Ш. Уәлиханов пен Ф.Достоевский» мүсіндері . Бұл мүсіндердің авторы Мәскеулік мүсінші Д.Г.Эльбакидзе. Д.Г. Эльбакидзенің Семей қаласындағы тағы бір жұмысы 1972 жылы жасалған Абай көшесінде орналасқан «Абай» ескерткіші.
Келесі рельефті мүсін түріне тоқтала кетейік. Рельефті мүсін жоғарыда айтылып кеткендей, белгілі бір жазықтық бетінде орындалады, ғимарат қабырғаларында ,тиынның бетінде орындалады.
Мүсін сомдауға қолданатын материалдар және ермексазбен жұмыс
Мүсін сомдауға көптеген заттар материал бола алады. Мысалы ағаш, түрлі тастар , саз балшықтар, металл, ермексаз,сүйек,гипс т.б.Мүсіндеу үш түрлі әдіспен орындалады:
саз балшық, ермексаз-жұмырлап,иіп,созып жасайтын материал,
гипс,металл-қалыпқа құйып орындайтын материал.
Осылардың ішінде мүсіндеуге үйрену үшін оқушыларға ең ыңғайлысы-саз балшық пен ермексаз. Олардың жақсы бір қасиеті ырыққа көнгіш, тез иленеді, жасаған мүсін формасын қалай өзгертем десең де ыңғайлы. Мүсін жасағанда қолданылатын басты құралдар: тақтайша,каркас, қалақша,кескіш құрал т.б. Мүсін орындағанда арнайы киім немесе алжапқыш кию керек. Өйткені оқушылардың мектеп формасы былғанбауы тиіс.Мүсін кезінде айналмалы станокты пайдалану орынды. Бұл станокпен жұмыс істеу өте қолайлы. Жан-жақты бұрып көруге болады. Мүмкіндігінше бір түсті ермексазды немесе саз балшықты қолданған дұрыс. Бұл біртұтас көруге ықпал етеді. Әр түрлі ала-құла болып кеткен ермексаз көзді алдайды және сомдалған мүсін пішінін жоғалтып алады.
Ең алдымен кесек ермексаздың бір бөлігін үзіп алып,денесін домалақтап мүсіндеу,екінші бөлігін алып, мойнын, басын, аяқтарын жасау қажет.
Жұмысты аяқтағаннан кейін жұмыс орнын жинап ,қалған ермексаз немесе саз балшық қалдықтарын жинап қорапқа салу керек. Қолды сүрткішпен тазалап,жылы сумен сабындап жуу қажет.
Үй жануарлары
“Жылқы, түйе, сиыр,қой, ешкі, ит, мысық, тауық адамның үйінің маңайында тіршілік етеді. Сол үшін үй жануарлары деп аталады.Үй жануарлары адамға көп пайда келтіреді. Төрт түлік мал адамдарды етімен, сүтімен асырайды. Ит қасқыр мен ұрыдан сақтап, қора күзетеді.Осылардың бәрі тегін қызмет етпейді. Олардың қызметі үшін адам асырайды, бағады, қысты күні аяздан тоңбайтын жылы қора жасайды, ұры, бөріден сақтау үшін бақташы қояды”.
Жылқы-жеті қазынаның бірі, киелі мал. Жылқыға мінеді, оны арбаға, шанаға жегеді, бие сүтінен қымыз ашытады:ол шипалы сусын. Жылқы өзін күткен адамға тез үйренеді, оны таниды. Жылқы етінен жал, жая, қазы, қарта, шұжық әзірленеді.Дүние жүзінде 250-ден астам жылқы тұқымы бар.
ТҮЙЕ-төрт түліктің ішінде ең ірісі және ауыр салмақты жануарлардың бірі.Түйе күй талғамайды, басқа жануарлар жей алмайтын тікенекті, қатты өсімдіктермен қоректенеді, арқасына май жинайды, оны “өркеш” деп атайды. Шұбат-түйе сүті, өте шипалы сусын. Түйенін еті, жүні, шұбаты адамға қөп пайда әкеледі.
Ішіп көрген шұбатты Денсаулыққа пайдалы
Дәмін бірден ұнатты “Зәм-зәм” суы сияқты
Ит-қолға ең бірінші үйретілген жануар. Ол – адамның сенімді досы. Үнемі адамға қызмет етіп, үйін, малын, қорасын күзетеді. Иттің сезім мүшелері жақсы жетілген. Қазіргі кезде иттердің әр түрлі тұқымдары шығарылған.
Мысық бірнеше мың жыл қолға үйретілген. Қазір де оны тышқаннан қорғану үшін ұстайды. Тұмсығындағы қылшық мұрты арқылы иісті сезеді. Мысық - өте таза жануар. Қазіргі кезде мысықтардын көп түрі бар.