Просмотр содержимого документа
«"?й жануарларын м?сіндеу" »
Сыныбы: 2 «А»
Пән: Бейнелеу өнері.
Сабақ тақырыбы: Үй жануарларын мүсіндеу. Сабақтың мақсаты: үй жануарлары туралы түсініктерін жалғастыру. Мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін меңгерту, ұсақ қол қимылдарын дамыту. Өзара көмекке, достыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: үй жануарларының суреттері. Керекті құралдар: ермексаз, тақтайша, сүлгі, суреттер, үлгі. Әдіс-тәсілдер: көрсету, әңгімелеу, сұрақ- жауап, түсіндіру, қайталау.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері.
Атам мені «құлыным»- дейді, әжем мені «боташым»-дейді, Әкем мені «шырағым»- дейді, шешем мені «қозым»-дейді. Ал, шынында мен кіммін ? Мен кәдімгі баламын.
« Міне балалар! Бізді еркелеткенде ата әжелеріміз, әке аналарымыз төрт түлік малдың сүйкімді төлдерінің атын қолданады. Кейбір балаларының аты да осы төлдерге сәйкес болады. Еске түсірейікші? ( ботагөз, бота, тайлақ, танагөз және т.б ). Ал енді, бір – бірімізді төлдің атымен еркелетіп көрейікші!».
«Төлін тап» ойыны Бұл ойында әр малдың суретінің астындағы қалташаға өздерінің анықтаған төлдерінің суретін дәл тауып апарып салу керек.
● мақал-мәтел ● «мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір» Үлкендерді шақыртып, ұршықпен жіп иіруге және балалардың өздеріне жіп иіртіп көрсетуге болады.
*жұмбақ Моп-момақан өзі, сүп сүйкімді көзі…………….. (қозы) «қозы» тақырыбы бойынша мүсіндеу. Кіп кішкене момақан, қошақанды ұнатам. Сүйді апам: «қозым»-деп, «қошақаным өзің»- деп. Тәрбиеші өлең жолдарын оқып, қошақанның дене мүшелерін көрсетіп, талдау жасайды. ● кесек ермексаздан бір бөлігін үзіп алып, денесін домалақтап мүсіндеу; ● екінші бөлігін үзіп алып, мойынын, басын, аяқтарын жасау.
(балаларға сұрақ беру арқылы әңгімеге олардың өздерін де қатыстырып отырады)
Сергіту сәті. «Қошақандар» Қошақандардың жайылып жүрген бейнесін келтіру.
Жұмыс аяқталған соң , « Өрісте жайылып жүрген қошақандар» атты көрме ұйымдастыру. Осылайша балалар өздері жасаған жұмыстарына баға береді.
*«үйде, ата-аналары және жақындарымен бірге…….»
Үйде үлкендермен үй жануарлары туралы әңгімелеу. Төрт түлікке байланысты тиым сөздерді үйрену.
*« Біз не білдік?» ● адаммен үй жануарлары тығыз байланыста. ● үй жануарларына күтім қажет.
Соңында тәрбиеші қорытынды жасайды. Балалар өте жақсы еңбектеніңдер! Барлығы да өте жақсы деген баға. Еңбектерің жана берсін!