kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақтың тақырыбы: Натюрморт

Нажмите, чтобы узнать подробности

  • Сабақтың тақырыбы: Натюрморт

    Сабақтың мақсаты:

    Білімділігі:оқушыларға натюрморт туралы түсінік беру.Натюрморт салдыру арқылы жарық пен көлеңкені,заттардың пішінін дұрыс салу жолдарын үйрету.Сурет салуды әрі қарай терең меңгеру.

    Дамытушылығы:натюрморт салуда,шыны құмыра ыдыспен гүлдерді,жемісті бейнелеудегі тиімді тәсілдерді қолдану,пайдалану.Пәнге деген қызығушылығын,ынта жігерін арттыру.

    Тәрбиелігі: оқушыларды шеберлікке,шыдамдылыққа,тазалыққа,ұқыптылыққа тиянақтыққа тәрбиелеу.

    Әдісі:өткен сабақтарға тест арқылы сұрақ-жауап

    түсіндіру практикалық жұмыс.

    Көркемділігі:натюрморт салу кезеңдері,плакат суреттер.

    Құрал-жабдықтар:қағаз,карандаш,бояу түрлері,драфирофка,палитра,гүлдер,құмыра,алма т.б.

    Сабақтың барысы:

    1.Ұйымдастыру кезеңі.

    2.Сабаққа дайындықтарын тексеру.

    3.Өткен сабақты қайталау.

    4.Тест сұрақ-жауап.

    5.Жаңа сабақ түсіндіру.

    6.Практикалық жұмыс.

    7.Сабақты бекіту.

    8.Үйге тапсырма.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: Натюрморт»

Абилов Қ.С.

Батыс Қазақстан облысы

Казталов ауданы

Жалпақтал балалар өнер мектебі

Бейнелеу өнері оқытушысы.

Сабақтың тақырыбы: Натюрморт

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:оқушыларға натюрморт туралы түсінік беру.Натюрморт салдыру арқылы жарық пен көлеңкені,заттардың пішінін дұрыс салу жолдарын үйрету.Сурет салуды әрі қарай терең меңгеру.

Дамытушылығы:натюрморт салуда,шыны құмыра ыдыспен гүлдерді,жемісті бейнелеудегі тиімді тәсілдерді қолдану,пайдалану.Пәнге деген қызығушылығын,ынта жігерін арттыру.

Тәрбиелігі: оқушыларды шеберлікке,шыдамдылыққа,тазалыққа,ұқыптылыққа тиянақтыққа тәрбиелеу.

Әдісі:өткен сабақтарға тест арқылы сұрақ-жауап

түсіндіру практикалық жұмыс.

Көркемділігі:натюрморт салу кезеңдері,плакат суреттер.

Құрал-жабдықтар:қағаз,карандаш,бояу түрлері,драфирофка,палитра,гүлдер,құмыра,алма т.б.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Сабаққа дайындықтарын тексеру.

3.Өткен сабақты қайталау.

4.Тест сұрақ-жауап.

5.Жаңа сабақ түсіндіру.

6.Практикалық жұмыс.

7.Сабақты бекіту.

8.Үйге тапсырма.

Натюрморт-француз тілінде "өлі табиғат"деген сөз. Адамды қоршаған заттарды бейнелейтін суретті натюрморт деп аталады.Ондай заттар қожасының өмірі мен талғамы,үйреншікті әдеттері жайлы көп сыр айтады.Түрлі-түсті маталар,ыдыс-аяқ,гүлдер,жеміс-жидектер әр түрлі қилы көрініс үйлесімі қоршаған ортаның байлығы мен сұлулығын дәріптеп қана қоймай,біздің көңілімізді не мұңға,не шаттыққа бөлейді.

Күн сайын көріп жүрген қарапайым бұйымдар біздің көз алдымызда бұрың-соңды байқамай келген ерекше жарастық тауып тоғысқан.

Натюрморт қойылымын жүзеге асыруды заттарды жалаң механикалық топтастыруға болмайды.Әрине етік пен тіс щеткасын,тәрелке мен сыпырғышты т.с.с.заттардан үндестік те үйлесім де таппасымыз анық.Тақырып пен натюрморт заттарын таңдау берілу сипаты,заттар бояуының жарық,жарық күші(жарық немесе қараңғы зат)материалы мен фактурасы есепке алынады.Натюрморт қойылымын таңдауда әдемі және мазмұнды топтың болғаны жөн.Енді натюрморт суретінің композициясын параққа орналастыруна көшейік.Бұл тапсырманы шешу үшін бірнеше нобайды қағаз бетіне түсіреміз.Алдымен сурет үшін қағаз форматын таңдаймыз,қағазды ұзыннан не көлденең алғаны дұрыс па соны шешкен жөн.Кейін суреттің құрылымын қағазға түсіреміз.

Ескертетін жағдай:Алдымызда қойылған натюрморт толық жан-жақты көрінуі үшін одан қашығырақ орытғаны жөн.Ара-қашықтық бір жарым,екі метрден кем болмауы тиіс.Отырғанда кез келген жерге отырмай натюрморттың композициясы қызықты көрінетіндей жерді таңдау керек.

Қандай суретті салмайық,оның барлығына ортақ белгілі бір жолы,кезеңі болады.Сондықтан сурет кезеңдерімен біртіндеп салынып,өрбіп отырады.

1.Зат бейнесінің орналасуын анықтау(компановка)

2.Құрылымын табу

3.Пішінін анықтау

4.Суреттің аяқталуы

1-кезең.

Зат бейнесінің орналасуын анықтау дегеніміз-бейнелейтін затымыздың жалпы нұсқасын қағаз бетіне дұрыс немесе белгілі бір мөлшерде ықшамдап түсіру болып табылады.Оқушы берілген натюрморттың суретін тым үлкен етіп айналасына бос орын қалдырмай немесе өте кішкентай мөлшерде сызып,қағаздың қаншама жерін бос қалдырмау керек.Сондықтан суреттің орналасуына аса көңіл бөліп,жеке заттардың пішіндерін мөлшерімен білінер-білінбес сызықтармен белгілеп аламыз.Осы жерде көкжиек сызықтарын қай жерден өтетінін тексеріп білген жөн.

2-кезең

Зат бейнелерінің құрылымын табу.Енді заттаң конструкциялық құрылымын саламыз.Натюрморттағы заттардың бір-бірінің ара-қатынасын тексеріп-өлшеп олардың әрқайсысының сызықтық қаңқасын сызамыз.Мұндағы заттардың ара-қатынасын өлшеу қарындаш арқылы жүргізіледі.Қарындашпен өлшегенде,қалам ұстаған қолымызды толық созып,бас бармағымызды қаламның бойымен жылжыту арқылы белгілі өлшемді екінші заттың ұзына бойына немесе еніне салып арақатынасты табамыз.

Ал натюрмортта негізгі өлшем ретінде құмыраның енін аламыз да жаңағы әдіс бойынша қалған заттардың ұзындығы мен енін салыстырып,өлшеп шығамыз.Заттардың бізге көрінбей тұрған қабырғаларын сызық перспективалық өзгерісін көрсетеміз.Осы кезде суреттің дұрыстығына сенімді болу үшін барлық өлшем арақатынастарын тағы да бір тексеріп шығамыз.Артық сызықтарды өшіреміз,кезеңнің соңында көлеңке мен жарықтың шекара сызықтарын белгілеп,драпировка түсіне байланысты көлеңке жақтың барлығын қоюлау акварельмен рең береміз.

3-кезең

Пішінді сомдау.Бұл кезеңде акварельді пайдалана отырып,көлеңке мен жарықтың арақатынасын шешіп,табиғи пішінін бейнелеуге көшеміз,қысқаша айтқанда әр заттаң пішінін сомдаймыз,яғни заттар мен гүлдердің табиғи түсіне байланысты бояуды рет-ретімен қолдануға көшеміз.Көлеңкенің қоюлығын бояуды бірнеше рет жағу арқылы білдіреміз.Акварель бояуында бояуды қанша қабат жақсақ та мөлдірлік сақталуы қажет.Бояумен сурет салғанда өте ұқыпты болу керек.

4-кезең

Бұл кезеңде суретті мұқият тексеріп,көзге көрініп тұрған елеулі жарық,жылт болса соларды басып,жалпы натюморттың рең қоюлығына (колоритіне) бағындырамыз.Натюрморттың фонға жабысып қалмауын тексереміз.Салынған суретте түс реңдерін барынша беруге,әсіресе олардың бір-бірімен жарасымдылығына назар аудару қажет.Бұлай жасау салынған бейнеге үндестік пен айқындылық береді.

Сабақты бекіту.

Жаңа сабақ бойынша сұрақтар қою:

1. Суретті қағазда үйлестіру,орналатыру қалай аталады? (композиция)

2. Көз деңгейінің сызығы қалай аталады? (көкжиек)

3. Бояуды қайда араластырамыз? (Палитра)

4. Жансыз заттарды бейнелейтін шағарма? (Натюрморт)

5. Мөлдір бояу? (акварель)

Қорытынды.

Оқушылардың жұмысына талдау жасап бағалау,тест сұрақтарын жауабын таңдау.

Үйге тапсырма.

Ойдан бейнелеу өнері түрлерінен натюрморт құрастыру.

Бағалау.

Бүгін салған суреттеріне,сабаққа,белсенділігіне қарай оқушыларды бағалау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сабақтың тақырыбы: Натюрморт

Автор: Абилов Қ.С.

Дата: 18.02.2017

Номер свидетельства: 393265

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Сабақтың тақырыбы: Анималистік жанр"
    ["seo_title"] => string(35) "sabaktyn_takyryby_animalistik_zhanr"
    ["file_id"] => string(6) "494929"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1547292064"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(100) "Саба?ты? та?ырыбы: С?ндік ?олданбалы ?нер туралы т?сінік. "
    ["seo_title"] => string(59) "sabak-tyn-tak-yryby-s-ndik-k-oldanbaly-onier-turaly-tusinik"
    ["file_id"] => string(6) "184523"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426063754"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(125) "Қысқа мерзімді сабақ жоспары тақырыбы: "Бейнелеу өнері мен жанрлары""
    ["seo_title"] => string(67) "kyska_merzimdi_sabak_zhospary_takyryby_beineleu_oneri_men_zhanrlary"
    ["file_id"] => string(6) "533774"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1577422209"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Саба?ты? та?ырыбы: Натюрморт"
    ["seo_title"] => string(30) "sabak-tyn-tak-yryby-natiurmort"
    ["file_id"] => string(6) "332359"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464929400"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(147) "План-конспект "Натюрморт және композиция" по художественному труду для 5 классов"
    ["seo_title"] => string(80) "plan_konspekt_natiurmort_zh_ne_kompozitsiia_po_khudozhestvennomu_trudu_dlia_5_kl"
    ["file_id"] => string(6) "523972"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1571880753"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства