ІІ. Сабаққа келесі мақсат қойылды: Натюрморт туралы мағлұмат беру және үйрету.
Күтілетін нәтиже: деректерді өз бетінше оқып пайдалану дағдысын дамыту, топтапсып жұмыс жасау натюрморттың не екенін менгеру.
Сабақтың өткізу әдіс-тәсілі: топпен, жеке жұмыс, практикалық жұмыс.
Сабақтың жабдықталуы : интерактивті тақта, бейнероликтер, плакат, стикер, оқулық, жазу дәптері, қойлым .т.б. Сабақ Блум таксономиясы бойынша өткізілді.
Блум таксономиясы бойынша:
І. Алғашқы рефлексия (ұйымдастыру кезеңі) болды, сәлемдесу, психологиялық ахуал. Оқушыларды карта таңдау арқылы топқа бөлінді, лидер сайлайды.
ІІ. Ой шақыру (Қайталау). Үй тапсырмасын тексеруде топ бойынша жұмыс жасайды, әр топ сұрақтарға жауап береді.
ІІІ. Түсіну (жаңа сабақты меңгеру). Слайд көрсетіліп, техника қауіпсіздік ережесі қайталанды, бейнежазба натюрморттың жазу техникасын менгеру арқылы, сабақтың мақсаты анықталды. Оқушылар жаңа тақырыпты өздері ашып, өз беттерімен оқып түсінді, натюрмотты өздері салып шықты. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артты, бір –бірімен пікірлесіп, сыйлластық қатынас орнатты.
V. Қолдау.Сарамандық жұмыс. Оқушылар берілген тақырып бойынша ортаға қойылған қойылымды әр қайсысы жеке жұмыс орындадытүсініксіз жерлерін көрсетіп, оқушылармен қарым-қатынас орнаттым.
VІ. Жинақтау. Инсерт кестесі бойынша тақырыпты қорытындылады, әр оқушыға кесте таратылды «білемін, білдім, білгім келеді», оқушылар кестені толтырып, өз жазғандарын айтып берді. Оқушылар емін еркін өз ойларын жеткізе білді.
VІІ. Бағалау. Оқушылар Формативті бағалау парағы бойынша өздерін бағалады. Бағалау парағындағы критерилер мен дескрипторлары оқушылардың өз білімдерін бағалауға мүмкіндік берді. Рефлексия. Сабақ соңында өз тілектерін стикерге жазып, плакаттағы ваза бейнесіне жапсырып, әдемі гүл шығарды.. Соңында үйге тапсырма берілді.
Сабақ өз мақсатына жетті. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, өздері жеке, топта жұмыс жасай білетіндіктерін көрсетті. Сабаққа деген ынтасы, қызығушылықтары жоғары екендігі байқалды.