kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

План-конспект "Натюрморт және композиция" по художественному труду для 5 классов

Нажмите, чтобы узнать подробности

5 класс. Күні:

Сабақтың тақырыбы: «Натюрморт және композиция» Затқа қарап бейнелеу.
Сабақтың түрі: Жазықтықта бейнелеу.
Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:Штрихты, реңді суреттерді салып үйрену үшін алдымен қарапайым затарды, геометриялық денелер (куб, шар, конус, т.б.) немесе сыртқы пішіні соларға жақын ыдыс-аяқтарды бейнелеу. Оқушыларды бейнелеу өнері пәнінде заттың өзіне қарап бейнелеуге баулу. Затты бір - бірімен салыстыра отырып бейнелеуге үйрету.

ә) Дамытушылық:Натюрморт және композиция дегеніз не? Көркем бейнелеу ерекшеліктерін түсіне білу, композиция құра білу дағдыларын дамыту.

б) Тәрбиелілік: Оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу, сабақ тақырыбын естеріне жеткізу.
Сабақ барысында игеруге тиісті проблемалар: натюрморт алғаш рет қай ғасырда пайда болған, композиция жайлы түсінек беру, пішін сұлулығы пропорциясы, түстін үйлесімділік.
Көрнекі құралдар: Арнайы қойылым заттары, бояулар түсінің реттік тәртібін көрсететін суретшілер шығармаларының иллюстрациялары т. б.
Оқушылар үшін: ақ қағаз, акварель немесе гуашь бояулар, қыл қалам, су құятын ыдыс, езуге араластыруға қажетті ақ түсті пластикалық тақтайша (палитра) немесе ақ бет қағаз.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығын пысықтау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Тізім бойынша үй тапсырмасын тексеру, бағалау.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Ою-өрнек немесе долбарды (набросок) сызып,біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін енді реңдік (тоновой рисунок) штрихты суреттерді салуға көшеміз. Бұл ою-өрнек пен долбар сурет салудан күрделірек. Осыған дейін суретті тек сызықтың өзімен ғана бейнелесек, енді штрихтардың көмегімен жарық пен көленкені анықтап, оның қандай материалдардан жасалғанын көрсетеміз. Бір сөзбен айтқанда, салып отырған затымызды өзінің табиғи пішініне келтіре бейнелейміз.

Штрихты, реңді суреттерді салып үйрену үшін алдымен қарапайым затарды, геометриялық денелер (куб, шар, конус, т.б.) немесе сыртқы пішіні соларға жақын ыдыс-аяқтарды бейнелегеніміз дұрыс (77-сурет)

Геометриялық денелер немесе басқа да заттардың жиынтығын (екі немесе одан да көп) натюрморт теп атайды.

«Натюрморт» сөзі – француз тілінен казақша аударғанда «өлі табиғат» немесе «тыныш, қозғалмайтын зат» мағынаны береді. Натюрморт «өлі табиғат» немесе «қозғалмайтын зат» деп аталғанымен, ондағы бейнеленген заттар арқылы табиғи өмірді, заман келбетін, тіпті бір халықтың тұрмыс-тыршілігін, әдет-ғұрпын, тарихын танып білуге болады.

Қазақ әйелдерінің ішінен суретшілік мамандықты тұңғыш рет игерген кескіндемеші-суретші Айша Ғалымбаеваның «Дастархан» атты натюрморттық шығармасын алайық. Мұнда суретші ашық, жылы түсті бояулармен қазақтың өзіне тән дастархан мәзірін бейнелей отырып, ұлттық ерекшелігімізді, халқымыздың қонақжай, ақжарқын кеңпейілігін аса бір нәзік сезіммен жеткізе білген (79-сур)

Натюрморталғаш рет XVІІ ғасырдың басында Голландияда пайда болды. Содан көптеген елдерге тарап, XVІІI ғасырдың ортасында бейнелеу өнеріндегі кең тараған жанрға айналды. Осы кезде натюрморт салудың тамаша шеберлері шықты. Олар голландиялық В.Вельде, Ван Гог, Францияның ұлы суретшілері П.Сезанн және А.Матисс еді. Қазір көптеген суретшілер аталған қылқалам шеберлерінің жолын қуып, жұмыстарын әрі қарай жалғастыруда (80,81,82-суреттер)

Натюрморт немесе басқа да заттардан құралған сурет салған кезде оның мағыналы құрылымының өзеге болатын – композицияны білуіміз керек. Онсыз ешқандай қызықты, әсерлі сурет салу мүмкін емес.

Композиция латынның «ойлап шығару» немесе «құрастыру» деген сөзіннен шыққан.

Дәлірек айтар болсақ, композиция – суретшінің бейнелегелі отырған натюрмортын немесе картинасын дұрыс, әсерлі етіп құруы,ондағы заттарды, кейіпкерлерді белгілі бір ретпен ыңғайластырып орналастыру.

Композиция – адамның ой-қиялының жемісі. Адам ой-өрісінің терендігі мен ойлау қабілетінің байлығына қарай композициялық құрылым әр түрлі болып түзіледі. Композиция құрастыру оқушының ой-өрісін шындап, алуан түрлі қиял-ғажайып құрылымдар ойлап табуға итермелейді. Тез арада композиция құрау ой зеректігін жетілдіреді. Ерекше ой түю, лезде ойлағанынды саралай білу аса талғампаз болуға жетелейді. Сондықтан оқушыларды оқу үдерісінде композициялық құрылым құрауға бағыттау керек. Әр түрлі геометриялық денелерден, ыдыстардан, ғарыштық тақырыпқа жетелейтін тұрпаты өзгеше композициялар ойластыруға болады. Мұндай тәжерибелік сабақтарды тек сыныптарда емес, үйге де беруге болады.  Еркін тақырыпқа ойластырылған композициялық жаттығулар зерделілікке жетелейді. Мына 83-суретте ғажайып ойға құралған композициялар берілген. Бастапқыда оқушыларға ой-өрісін жетілдіру үшін бірнеше геометриялық денелерді немесе күнделікті тұтыну заттардын ретсіз қойып, сол арқылы композиция құрауын талап ету керек. Ол үшін олар сурет салатын қағаздың шетіне бірнеше ұсақ жобалық-іздену суреттерін салуы қажет. Соның ішінде ұтымды құралған композициялық құрылымды мұғалімнің көмегімен таңдап алып, әрі қарай жетілдіруге болады. Көптеген композициялық жоба-суреттердің нәтижесінде оқушы өмірде қайталанбас туындылар жаза алады. Коипозицияны құру барысында қатаң сақталанын ереже –композициялық тепе-теңдік, яғни салған суретіміздің бір жағы ауыр, екінші жағы жеңіл болмауы немесе бейнелеген заттарымыз тек бір жағында топталып қалмауы керек. Оны 84-суреттен байқауға болады.

Композициялық суреттер перспектива заңдылықтарына сүйене отырып өрбиді. Мұндай суреттерде көкжиек сызығы тағы да үлкен міндет атқарады.

Әдетте, үлкен кескіндемелік шығармаларда оқиғаның өзегі мен басты кейіпкерлері орналасатын белгілі бір орталығы болады. Оны композициялық орталық деп атайды. Композициялық орталық суретшінің шешіміне қарай картинаның кез клген жерінде болуы мүмкін. Кейбір суретшілер туындысының композициялық орталығы тура ортасында орналасса, ал кейбіреунде ол не оң жағында, не сол жағында орналасады (85,86-суреттер)

Жаңа сабақ тақырыбын пысықтау:

1.Штрихты, реңді суреттерді салып үйрену үшін алдымен қандай заттарды салу қажет? (Геометриялық денелер-куб,шар,конус,т.б. немесе сыртқы пішіні соларға жақын ыдыс-аяқтар)
2.«Натюрморт» дегеніміз не? (Геометриялық денелер немесе басқа да заттардың жиынтығын (екі немесе одан да көп) натюрморт теп атайды)


2.«Натюрморт» қай елдің сөзі, мағынасы қандай ұғымды білдіреді? («Натюрморт» сөзі – француз тілінен казақша аударғанда «өлі табиғат» немесе «тыныш, қозғалмайтын зат» мағынаны береді. Натюрморт «өлі табиғат» немесе «қозғалмайтын зат» деп аталғанымен, ондағы бейнеленген заттар арқылы табиғи өмірді, заман келбетін, тіпті бір халықтың тұрмыс-тыршілігін, әдет-ғұрпын, тарихын танып білуге болады)

3.«Натрюморт» қай ғасырда, қай елде алғаш пайда болды? (Натюрморталғаш рет XVІІ ғасырдың басында Голландияда пайда болды. Содан көптеген елдерге тарап, XVІІI ғасырдың ортасында бейнелеу өнеріндегі кең тараған жанрға айналды. Осы кезде натюрморт салудың тамаша шеберлері шықты)
4. Натюрморт немесе басқа да заттардан құралған сурет салған кезде оның мағыналы құрылымының өзеге болатын не? (Композиция)

5.Композиция дегеніміз не? (Композиция латынның «ойлап шығару» немесе «құрастыру» деген сөзіннен шыққан)

6.Композицияны қалай дұрыс құрастыру жіне үйлестіру керек? (Адам ой-өрісінің терендігі мен ойлау қабілетінің байлығына қарай композициялық құрылым әр түрлі болып түзіледі. Композиция құрастыру оқушының ой-өрісін шындап, алуан түрлі қиял-ғажайып құрылымдар ойлап табуға итермелейді. Тез арада композиция құрау ой зеректігін жетілдіреді. Ерекше ой түю, лезде ойлағанынды саралай білу аса талғампаз болуға жетелейді. Сондықтан оқушыларды оқу үдерісінде композициялық құрылым құрауға бағыттау керек. Әр түрлі геометриялық денелерден, ыдыстардан, ғарыштық тақырыпқа жетелейтін тұрпаты өзгеше композициялар ойластыруға болады)

Орындайтын тапсырма: Үш заттан композиция құрастыру, орналастыру (мысалы, ақман, кесе, қасық, мата, астына жайатын) Бір оқушыны шақырып – үйымдастыру. Үстел бетіне натюрмортты дұрыс жіне әдемі орналастыру. Ең алдыменен салу барысында - қағаз бетін қалай таңдап аламыз?Қағаз бетін заттар мен бұйымдардың көлеміне байланысты таңдап аламыз. (тігінен немесе көлденеңінен)

Компоновка дегеніміз не? Компоновка дегеніміз – орындалатын жұмыста жоспарлау. Яғни қағаз бетіне дұрыс орналастыру.

Оқушыларға қойылатын талаптар:
1. Заттың суретін бір - бірімен салыстыра отырып бейнелеу.
2. Әр затты өзінің табиғи түсімен бояу.
3. Жарық пен көлеңкені ажырата отырып бояу.
4. Жұмыс барысында (бояу барысында) заттың көлемін көрсете білу.
Практикалық жұмыс:
Жұмыс барысында оқушыларды қадағалап, ұдайы көмек көрсетіп отыру. Оқушыларға заттар мен бұйымдардың көлемін салыстырып, бояу түстеріне көңіл бөлдіртіп талдау жасату.
- пішіні қандай заттар?
- Бояу түстері қандай деген сұрақтарды қоя отырып, жұмыс істеулеріне көмектесу. Суретін салып болған оқушылардың жұмысын тексеріп, қателер болса түзетіп отыру. Оларға салынған суретті бояуға рұқсат етіп, жұмыстарын жалғастыру. Сабақ барысында жұмысы дұрыс бағытта орындалған оқушының жұмысын сынып оқушыларына көрсетіп отыру

Сабақты қорыту:
Сабақ соңына қарай оқушының жұмысына таңдау жасап, бағалау.
1. Берілген бұйымдармен, заттардың дұрыс белгіленуі
2. Бояу түстерінің үйлесімділігі.
3. Бояу арқылы заттардың көлемін көрсете білулері. т. б.
4. Оқушылардың жұмысын бағалау.

Үйге тапсырма:
Заттын өзіне қарай бейнелеу. Екі - үш заттардан тұратын натюрморт.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«План-конспект "Натюрморт және композиция" по художественному труду для 5 классов»

5 класс. Күні:

Сабақтың тақырыбы: «Натюрморт және композиция» Затқа қарап бейнелеу.
Сабақтың түрі: Жазықтықта бейнелеу.
Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Штрихты, реңді суреттерді салып үйрену үшін алдымен қарапайым затарды, геометриялық денелер (куб, шар, конус, т.б.) немесе сыртқы пішіні соларға жақын ыдыс-аяқтарды бейнелеу. Оқушыларды бейнелеу өнері пәнінде заттың өзіне қарап бейнелеуге баулу. Затты бір - бірімен салыстыра отырып бейнелеуге үйрету.

ә) Дамытушылық: Натюрморт және композиция дегеніз не? Көркем бейнелеу ерекшеліктерін түсіне білу, композиция құра білу дағдыларын дамыту.

б) Тәрбиелілік: Оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу, сабақ тақырыбын естеріне жеткізу.
Сабақ барысында игеруге тиісті проблемалар: натюрморт алғаш рет қай ғасырда пайда болған, композиция жайлы түсінек беру, пішін сұлулығы пропорциясы, түстін үйлесімділік.
Көрнекі құралдар: Арнайы қойылым заттары, бояулар түсінің реттік тәртібін көрсететін суретшілер шығармаларының иллюстрациялары т. б.
Оқушылар үшін: ақ қағаз, акварель немесе гуашь бояулар, қыл қалам, су құятын ыдыс, езуге араластыруға қажетті ақ түсті пластикалық тақтайша (палитра) немесе ақ бет қағаз.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығын пысықтау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Тізім бойынша үй тапсырмасын тексеру, бағалау.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Ою-өрнек немесе долбарды (набросок) сызып,біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін енді реңдік (тоновой рисунок) штрихты суреттерді салуға көшеміз. Бұл ою-өрнек пен долбар сурет салудан күрделірек. Осыған дейін суретті тек сызықтың өзімен ғана бейнелесек, енді штрихтардың көмегімен жарық пен көленкені анықтап, оның қандай материалдардан жасалғанын көрсетеміз. Бір сөзбен айтқанда, салып отырған затымызды өзінің табиғи пішініне келтіре бейнелейміз.

Штрихты, реңді суреттерді салып үйрену үшін алдымен қарапайым затарды, геометриялық денелер (куб, шар, конус, т.б.) немесе сыртқы пішіні соларға жақын ыдыс-аяқтарды бейнелегеніміз дұрыс (77-сурет)

Геометриялық денелер немесе басқа да заттардың жиынтығын (екі немесе одан да көп) натюрморт теп атайды.

«Натюрморт» сөзі – француз тілінен казақша аударғанда «өлі табиғат» немесе «тыныш, қозғалмайтын зат» мағынаны береді. Натюрморт «өлі табиғат» немесе «қозғалмайтын зат» деп аталғанымен, ондағы бейнеленген заттар арқылы табиғи өмірді, заман келбетін, тіпті бір халықтың тұрмыс-тыршілігін, әдет-ғұрпын, тарихын танып білуге болады.

Қазақ әйелдерінің ішінен суретшілік мамандықты тұңғыш рет игерген кескіндемеші-суретші Айша Ғалымбаеваның «Дастархан» атты натюрморттық шығармасын алайық. Мұнда суретші ашық, жылы түсті бояулармен қазақтың өзіне тән дастархан мәзірін бейнелей отырып, ұлттық ерекшелігімізді, халқымыздың қонақжай, ақжарқын кеңпейілігін аса бір нәзік сезіммен жеткізе білген (79-сур)

Натюрморт алғаш рет XVІІ ғасырдың басында Голландияда пайда болды. Содан көптеген елдерге тарап, XVІІI ғасырдың ортасында бейнелеу өнеріндегі кең тараған жанрға айналды. Осы кезде натюрморт салудың тамаша шеберлері шықты. Олар голландиялық В.Вельде, Ван Гог, Францияның ұлы суретшілері П.Сезанн және А.Матисс еді. Қазір көптеген суретшілер аталған қылқалам шеберлерінің жолын қуып, жұмыстарын әрі қарай жалғастыруда (80,81,82-суреттер)

Натюрморт немесе басқа да заттардан құралған сурет салған кезде оның мағыналы құрылымының өзеге болатын – композицияны білуіміз керек. Онсыз ешқандай қызықты, әсерлі сурет салу мүмкін емес.

Композиция латынның «ойлап шығару» немесе «құрастыру» деген сөзіннен шыққан.

Дәлірек айтар болсақ, композиция – суретшінің бейнелегелі отырған натюрмортын немесе картинасын дұрыс, әсерлі етіп құруы,ондағы заттарды, кейіпкерлерді белгілі бір ретпен ыңғайластырып орналастыру.

Композиция – адамның ой-қиялының жемісі. Адам ой-өрісінің терендігі мен ойлау қабілетінің байлығына қарай композициялық құрылым әр түрлі болып түзіледі. Композиция құрастыру оқушының ой-өрісін шындап, алуан түрлі қиял-ғажайып құрылымдар ойлап табуға итермелейді. Тез арада композиция құрау ой зеректігін жетілдіреді. Ерекше ой түю, лезде ойлағанынды саралай білу аса талғампаз болуға жетелейді. Сондықтан оқушыларды оқу үдерісінде композициялық құрылым құрауға бағыттау керек. Әр түрлі геометриялық денелерден, ыдыстардан, ғарыштық тақырыпқа жетелейтін тұрпаты өзгеше композициялар ойластыруға болады. Мұндай тәжерибелік сабақтарды тек сыныптарда емес, үйге де беруге болады. Еркін тақырыпқа ойластырылған композициялық жаттығулар зерделілікке жетелейді. Мына 83-суретте ғажайып ойға құралған композициялар берілген. Бастапқыда оқушыларға ой-өрісін жетілдіру үшін бірнеше геометриялық денелерді немесе күнделікті тұтыну заттардын ретсіз қойып, сол арқылы композиция құрауын талап ету керек. Ол үшін олар сурет салатын қағаздың шетіне бірнеше ұсақ жобалық-іздену суреттерін салуы қажет. Соның ішінде ұтымды құралған композициялық құрылымды мұғалімнің көмегімен таңдап алып, әрі қарай жетілдіруге болады. Көптеген композициялық жоба-суреттердің нәтижесінде оқушы өмірде қайталанбас туындылар жаза алады. Коипозицияны құру барысында қатаң сақталанын ереже – композициялық тепе-теңдік, яғни салған суретіміздің бір жағы ауыр, екінші жағы жеңіл болмауы немесе бейнелеген заттарымыз тек бір жағында топталып қалмауы керек. Оны 84-суреттен байқауға болады.

Композициялық суреттер перспектива заңдылықтарына сүйене отырып өрбиді. Мұндай суреттерде көкжиек сызығы тағы да үлкен міндет атқарады.

Әдетте, үлкен кескіндемелік шығармаларда оқиғаның өзегі мен басты кейіпкерлері орналасатын белгілі бір орталығы болады. Оны композициялық орталық деп атайды. Композициялық орталық суретшінің шешіміне қарай картинаның кез клген жерінде болуы мүмкін. Кейбір суретшілер туындысының композициялық орталығы тура ортасында орналасса, ал кейбіреунде ол не оң жағында, не сол жағында орналасады (85,86-суреттер)

Жаңа сабақ тақырыбын пысықтау:

1. Штрихты, реңді суреттерді салып үйрену үшін алдымен қандай заттарды салу қажет? (Геометриялық денелер-куб,шар,конус,т.б. немесе сыртқы пішіні соларға жақын ыдыс-аяқтар)
2.«Натюрморт» дегеніміз не? (Геометриялық денелер немесе басқа да заттардың жиынтығын (екі немесе одан да көп) натюрморт теп атайды)


2.«Натюрморт» қай елдің сөзі, мағынасы қандай ұғымды білдіреді? («Натюрморт» сөзі – француз тілінен казақша аударғанда «өлі табиғат» немесе «тыныш, қозғалмайтын зат» мағынаны береді. Натюрморт «өлі табиғат» немесе «қозғалмайтын зат» деп аталғанымен, ондағы бейнеленген заттар арқылы табиғи өмірді, заман келбетін, тіпті бір халықтың тұрмыс-тыршілігін, әдет-ғұрпын, тарихын танып білуге болады)

3.«Натрюморт» қай ғасырда, қай елде алғаш пайда болды? (Натюрморт алғаш рет XVІІ ғасырдың басында Голландияда пайда болды. Содан көптеген елдерге тарап, XVІІI ғасырдың ортасында бейнелеу өнеріндегі кең тараған жанрға айналды. Осы кезде натюрморт салудың тамаша шеберлері шықты)
4. Натюрморт немесе басқа да заттардан құралған сурет салған кезде оның мағыналы құрылымының өзеге болатын не? (Композиция)

5.Композиция дегеніміз не? (Композиция латынның «ойлап шығару» немесе «құрастыру» деген сөзіннен шыққан)

6.Композицияны қалай дұрыс құрастыру жіне үйлестіру керек? (Адам ой-өрісінің терендігі мен ойлау қабілетінің байлығына қарай композициялық құрылым әр түрлі болып түзіледі. Композиция құрастыру оқушының ой-өрісін шындап, алуан түрлі қиял-ғажайып құрылымдар ойлап табуға итермелейді. Тез арада композиция құрау ой зеректігін жетілдіреді. Ерекше ой түю, лезде ойлағанынды саралай білу аса талғампаз болуға жетелейді. Сондықтан оқушыларды оқу үдерісінде композициялық құрылым құрауға бағыттау керек. Әр түрлі геометриялық денелерден, ыдыстардан, ғарыштық тақырыпқа жетелейтін тұрпаты өзгеше композициялар ойластыруға болады)

Орындайтын тапсырма: Үш заттан композиция құрастыру, орналастыру (мысалы, ақман, кесе, қасық, мата, астына жайатын) Бір оқушыны шақырып – үйымдастыру. Үстел бетіне натюрмортты дұрыс жіне әдемі орналастыру. Ең алдыменен салу барысында - қағаз бетін қалай таңдап аламыз? Қағаз бетін заттар мен бұйымдардың көлеміне байланысты таңдап аламыз. (тігінен немесе көлденеңінен)

Компоновка дегеніміз не? Компоновка дегеніміз – орындалатын жұмыста жоспарлау. Яғни қағаз бетіне дұрыс орналастыру.

Оқушыларға қойылатын талаптар:
1. Заттың суретін бір - бірімен салыстыра отырып бейнелеу.
2. Әр затты өзінің табиғи түсімен бояу.
3. Жарық пен көлеңкені ажырата отырып бояу.
4. Жұмыс барысында (бояу барысында) заттың көлемін көрсете білу.
Практикалық жұмыс:
Жұмыс барысында оқушыларды қадағалап, ұдайы көмек көрсетіп отыру. Оқушыларға заттар мен бұйымдардың көлемін салыстырып, бояу түстеріне көңіл бөлдіртіп талдау жасату.
- пішіні қандай заттар?
- Бояу түстері қандай деген сұрақтарды қоя отырып, жұмыс істеулеріне көмектесу. Суретін салып болған оқушылардың жұмысын тексеріп, қателер болса түзетіп отыру. Оларға салынған суретті бояуға рұқсат етіп, жұмыстарын жалғастыру. Сабақ барысында жұмысы дұрыс бағытта орындалған оқушының жұмысын сынып оқушыларына көрсетіп отыру

Сабақты қорыту:
Сабақ соңына қарай оқушының жұмысына таңдау жасап, бағалау.
1. Берілген бұйымдармен, заттардың дұрыс белгіленуі
2. Бояу түстерінің үйлесімділігі.
3. Бояу арқылы заттардың көлемін көрсете білулері. т. б.
4. Оқушылардың жұмысын бағалау.

Үйге тапсырма:
Заттын өзіне қарай бейнелеу. Екі - үш заттардан тұратын натюрморт.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (мальчики)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
План-конспект "Натюрморт және композиция" по художественному труду для 5 классов

Автор: Бергариева Бактылы Бактыгалиевна

Дата: 24.10.2019

Номер свидетельства: 523972


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства