Просмотр содержимого документа
«Пейзаж "?ыс к?рінісі" »
Сабақтың тақырыбы:Пейзаж.”Қыс көрінісі”.
Сабақтың мақсаты:а)білімділігі:оқушыларға қыс мезгілітуралы түсінік бере отырып,қысқы табиғат әсемділігін көре білуге баулу.
ә)бояу түстері арқылы салынғансуреттер бойынша ,оқушының ой-өрісін,қиялын дамыту,сурет салу икемділігінқалыптастыру,пейзаж жанры туралы білімдерін тереңдету.
б)тәрбиелік:оқушылардың туған жердің табиғатын аялауға,елін,жерін сүюге,қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері:қыс көрінісі бейнеленген 4кезеңі бар плакат,тақырып жазылған плакат,қыс мезгілі туралы әр түрлі көріністер,интерактивті тақта,слайдтар.
Балалар ,біз бүгін “Қыс көрінісі”Пейзаж атты жаңа сабағымызды бастаймыз.Сабақты бастамас бұрын ,ақ қағаз, қарындаш,өшіргіш,акварель,қылқаламдарыңды дайындап алайық.
III.Жаңа сабақ.
Бейнелеу өнері неше түрге бөлінеді.(графика,живопись,мүсін,сәндік қолданбалы өнер,сәулет өнері).
Бейнелеу өнері бірнеше жанрларға бөлінеді.Натюрморт,портрет,тарихи жанр,батальдық жанр,маринистік жанр,анималистік жанр,пейзаж жанры.
Пейзаж жанры.Оқушыларға слайдтағы суреттер бойынша түсіндіріледі.
Пейзаж жанрына тоқталамыз. Пейзаж жанры-табиғат көрінісі бейнеленген көркем щығарма.
Жылдың төрт мезгілі бар.Олар қыс,көктем,жаз,күз.Біз бүгінгі сабағымызда қыс мезгілі туралы түсінік береміз.
Қыс.Бұл мезгілде адамдартабиғаттың ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.”қыстың көзі қырауда”деген халқымыздың тамаша сөзі осы бір мезгілді айна қатесіз баяндап тұрғандай,немесе Абай атамыз ақ киімді денелі,ақ сақалды деп келетін өлең жолдарында қыстың басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігін паш етеді.
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз.Әрбір маусымға тән сейіл-серуені де болады.Жазда адамдар суға шомылып,күнге қыздырынса,қыста шаналарын арқалап,биік жоталарға,таулы қыраттарға бет түзейді.Яғни қыс қызықтарына не жетсін! Достарыңмен уақытты көңілді өткізген тамаша-ақ ғой! Қар лақтырып, қар қамалын тұрғызып, шаңғы тебу,шанамен сырғанау,аққала соғу.Қысқы орман табиғаты,қысқы дала көріністері алуан түрлі.
Табиғат көрінісін бейнелеуде алыс-жақын,асты-үсті,жаны ұғымдарын қалыптастыратын перспектива заңдылықтарын міндетті түрде білуіміз қажет.Бірінші зат бізден неғұрлым алыс тұрса ,ол соғұрлым кішкентай болып көрінеді.”Перспектива”ұғымы латынның тасадан көру деген сөзінен шыққан.Перспектива ұғымын дұрыс білмесек,алыстағы, жақындағы заттар бірдей салынған болып шығады.
Енді жаңа сабағымыздың 4 кезеңі туралы түсінік берейік.
1-кезең.Ең әуелі көкжиек сызығын жүргізілген соң төменгі бөлігі есептеледі.Бірінші қырларды,тау етегіндегі ағаштарды алыста орналасқан үйлерді салу қажет.Екінші ойнап жүрген екі бала салынған кеңістікте салыстырмалы түрде бері орналасқандықтан көлемі үлкендеу болады.
2-кезең.Тау ағаш,үйлердің көлеңкелерін кеңістікте бейнелеп көрсету қажет.
3-кезең.Көріністердің бояулары сұйық және көмескілеу,кейбір жерлері қоюлау боялып,негізгі түстерді шығарамыз.
4-кезең.Қалған боялмаған көріністерді бояп,қанық түстерді шығарып,жұмысты толығымен аяқтаймыз.
IV.Өзіндік жұмыс.Оқушыларға берілген сөзді топтастыру.
1.Қысқы ойын.
2.Қысқы мереке.
3.Қысқы еңбек.
V.Сабақты қорыту.Оқушыларды психологиялық тұрғыда көңіл күйлерін тексеру.
Қыс ұнайды? Қыс ұнамайды?
Бүгінгі сабағымызда не ұқтық? Оқушыларға сұрақтар қою.
Пейзаж дегеніміз не ? Перспектива дегеніміз не?
VI. Қорытынды.Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, бағалау.