Пәні: Бейнелеу өнері САБАҚ тақырыбы: – Натюрморт | Мектеп: М.Бегалиева атындағы ЖОББМ |
Күні: 23.11.2016 | Мұғалімнің аты-жөні: Байболова Сағадат Саржанқызы |
Сынып: 4 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Натюрморт ұғымымен, өнер туындыларымен танысады. • Сурет салуда материалдармен жұмыс жасауды біледі |
Оқушылардың көпшілігі: • Өнер туындыларымен, авторларын меңгереді. Бейнені нобайлауда қағазға орналасуын және композициясын біледі, қолданады. |
Кейбір оқушылар: •Шығармаларды талдайды, өз ойын нақты білдіре алады. • |
Сабақ барысы |
Ресурстар | Натюрморт суреттері, суретшілердің жұмыстары.Көрме суреттер. Презентация-слайд. Альбомдар, қарындаш, акварель, түсті қарындаштар. |
Сабақ кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған әрекет | Оқушы әрекеті |
Сабақтың басталуы 0-2 Топқа бөлу | Жемістер арқылы топтарға бөлу Топтық ереже, ,бағалау парақтарымен, стикер жапсыру тәртібімен таныстырамын. | Оқушылар алған жемістеріне қарай топқа бөлінеді. |
Ой қозғау 3-5 мин | Тақырыпқа байланысты таныстырылым Өткен сабақтарға шолу. - Бейнелеу өнері дегеніміз не? Айналамыздың өмір көріністерін жазықтықта, әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі. Бейнелеу өнерінің қанша түрі бар? Қайталап еске түсірейікші. 1.Кескіндеме. 2.Графика. 3.Мүсін. 4.Сәулет өнері. 5.Сәндік қолданбалы өнер. 6.Дизайн өнері. /Стикер жапсыру/ - Ал, енді, балалар, алдарыңда тұрған заттар жиынтығы бейнелеу өнерінің қай жанрына жатады? Кескіндеме өнерінің натюрморт жанры. Кескіндеме өнерінің портрет, пейзаж, натюрморт т.б. жанрлары бар. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы- натюрморт. | Оқушылар ойланады, жауап береді. Бірін-бірі тыңдайды. Еске түсіреді. Бағалау парағына өздері стикер жапсырады. |
Жаңа сабақ 6-7мин | Натюрморт - қоршаған ортадағы бір құрылымға топтастырылған түрлі тұрмыстық заттар мен жеміс-жидектерді, өсімдіктер, жансыз заттар мен әр түрлі бейнеленген көркем сурет құралымен орындалған көркем шығарма болып табылады. Натюрморт алғаш рет ХVІІ ғасырдың басында Голландияда пайда болады. Суретші қарабайыр тұрмыстың ең бір қарапайым көрінісін бейнелегенмен қаншалықты сұлулық, қаншалықты поэзия таба алады. Жай нәрсенің өзінен елең еткізер сұлулық таба білу суретшілердің төл мінезі болып табылады. Батысеуропада 17 ғасырда натюрморт жанры жақсы дамыды. Қазақстанда 19 ғасырда натюрморт жанры дами бастады. Қазақ суретшілері арасында Айша Ғалымбаеваның ұлттық натюрмортын, мың құбылта бояулармен салған шығармаларын тамашалауға болады. Сондай-ақ қазіргі кездегі қазақ суретшісі Ботакөз Ақанованың натюрморттарын атап айтуға болады. Натюрморт - қарапайым, күрделі болып екіге бөлінеді. Қарапайым натюрморт екі, үш заттан аспайтын, күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым заттардан, бұйымдардан тұрады. Ал, күрделі натюрморт көптеген заттардың жиынтығынан құралады. Суретші мақсатының бірі - натюрмортта белгілі бір көңіл - күйді бейнелеу.Кез - келген картина сияқты натюрморт та мерекелік, көңілді немесе мұңлы бола алады. Натюрморт салу кезінде жарық пен көлеңке , ең бастысы композициялық заңдарға сәйкес орналасу тәртібін сақтау керек.Ұ,Ж,Ө,МК, Қ/мадақтау/Стикер жапсыру/ |
Жауап береді. Жаңа сабақпен танысады. |
Сабақтың ортасы Топтық тапсырма 8-13мин Өздік тапсырма 14-30мин | Топтарға тапсырма -Картинадан көрсең сен Әжеңнің ожау- тостағын, Атаңның қара торсығын, Немесе алмұрт, алманы, Қасында тұрған- шабдалы, Жүзімді де табарсың. Қызығып жақын барарсың- Салынған мұндай суретті, Натюрморт деп қарарсың,-өлең бойынша нәрселердің суреті салынған қағаздарды аппликациялау. Т, Қ /мадақтау/Стикер ж/ Сурет салу кезеңдерімен таныса отырып, өз дәптерлеріне натюрморт салады. /Сурет салу кезеңдерімен, мектеп оқушыларының натюрморт тақырыбына салған суреттерімен, кітаптардағы суретші туындыларымен таныстырамын. | Топтасып жобалайды, ортақ пікірге келеді. Жапсырады.
Талдайды. Топтар бір-бірін бағалайды. Тыңдай отырып, сурет салады. Аяқтағаны көрмеге қояды |
Сергіту сәті. 31-32мин | Мынау сары қарындаш Онымен күнді бояймын Мынау қызыл қарындаш Онымен гүлді бояймын Мынау жасыл қарындаш Онымен жерді бояймын Қолға қалам аламын Мен суретші баламын Түрлі-түрлі бейнені Әдемілеп саламын |
Қимылдайды. |
Сабақтың соңы 33-39 Рефлекция 40-41 42-45 | Көрме жасау. Талдау. /мадақтау/Стикер жапсыру/ Бекіту сұрақтары Ұ,Ө,МК Нені білдік? /Стикер жапсыру/ Үйге тапсырма.Оқушы құралдарының натюрмортын салып келу. Бағалау. Қалыптастырушы бағалау нәтижелерін, топтық және жеке алған бағаларын ескере отырып, журналға баға қою. Себебін айту. Келесі сабақтың тақырыбын айту.Сабақ аяқталды. | Сұраққа жауап береді. Бір-біріне сұрақ. Әрқайсысы өз бағаларын санайды. /смайлик, үшбұрыш, т.б белгілер/ |
Қосымша ақпарат |
Дифференциация –сіз қолдауды қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырма беруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыстар Денсаулық және қауіпсіздік АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелеу элементі) |
Шығармашылық міндеттердің нәтижелерін дифференциациялау. Міндеттерді оқып-үйренуді мұғалімнің альбомы мен көрсетуі арқылы үлгілеу. Мұғалім мүмкіндігінше басшылық жасайды және қолдау көрсетеді. Оқушылардың бір-бірін қолдап, жұмыс істеуін ынталандыру (біреуі басып шығарып жатқанда, екіншісі газетті ұстап тұрады). Мұғалімнің неғұрлым күрделі баспаны ұсынуы. | | Музыкамен (музыкалық сүйемелдеу), ғылыммен (материалдарды зерттеу) және оқу бағдарламасына сілтемемен (формасын зерттеу) байланыстар. Басқалармен жұмыс, пікірлерді құрметтеу |
Рефлексия Сабақтың мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма? Оқушылар бүгін нені үйренді? Сабақтағы көңіл-күй неге ұқсас болды? Менің дифференцациялық әдісім дұрыс болды ма? Мен уақытында үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгізуді қалар едім және неге? | Осы тарауды сабақтың рефлексиясы үшін пайдаланыңыз. Сіздің сабағыңыз туралы сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
Қорытынды бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру туралы, сондай-ақ үйрету туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсартатын еді (сабақ беру туралы, сондай-ақ үйрету туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Мен сабақ барысында сынып және жекелеген оқушылар туралы келесі сабаққа дайындалуыма көмектесетін қандай деректерді білдім? |