Мен, Жа?сыбаева Айман Оразбаевна, 1979 жылы ?араша айыны? 11 ж?лдызында ?збекстанда д?ниеге келдім. Мен 2014 жылдан бері Ма??ыстау облысы Бейнеу ауданы ?стірт орта мектебі мемлекеттік мекемесінде бастауыш сынып о?ушыларына бейнелеу ?нері п?нінен саба? беріп келемін. Т?жірибе алмасу барысында т?жірибелі м??алімдерді? саба?ына ?атысып т?жірибе жина?тап келемін.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Конспект урока ИЗО Алтын к?з»
Сабақтың тақырыбы: Алтын күз
Мақсаты:
Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту. «Ерте» және «кеш» түсетін күз туралы түсінік беру.Ағаштардың бұталардың жапырақтарына, бұтақтары мен жемістеріне қарай бір-бірінен ажырата білу үйрету.
Күз мезгілінің астық,жеміс-жидек көкөністерді жинау мезгілі екенін,күздегі ауыл шаруашылық еңбек түрлері жөнінде түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Күз мезгілінің суреттері. Көкөністер мен жемістердің суреттері.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап,әңгімелеу,тыңдау.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбер:
Армысың, ардақты Аспан ата!
Армысың,мейірімді Жер-ана!
Армысың, шұғылалы алтын күн!
Күліп шықты күн бүгін.
-Балалар қазір жылдыңқай мезгілі?
-Күз мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?
-Күз мезгілі неше айдан тұрады?
-Күздің бірінші айы-қыркүйек «Алтын күз» деп аталады.Бұл кезде біз бау – бақшадағы жеміс-жидектерімізді жинап аламыз. Сондай-ақ «қоңыр күз» деп күздің ауа райы жанға жайлы кезін айтады. Күздің екінші айы-қазанды халық желді, ылғалды,жапырақтар көп түсетін кез деп атайды.
Күздің ең соңғы айы-қарашаны «Жартылай қыс» немесе «Мұз ұстасы» деп атайды.
Кейбір құстар күннің суытуына байланысты жылы жаққа ұшып кетеді.Құстарға қамқор болып жүруіміз керек.
-Күздің келуімен орманда қандай өзгерістер болады?
Үнтаспа арқылы құстардың,жаңбырдың,найзағайдың, бұлақтың дыбыстарын естірту.
Мен сендерге жемістер мен көкөністер туралы жұмбақ жасырамын.
1.Қалың киімді ұнатады
Шешіндірсең жылатады. ( пияз)
2.Жер бетінде шашы бар
Жер астында басы бар. (сәбіз)
3.Көк лағым көгінде жатып семірді. (қауын)
4. Тәттінің іші қатты
Қаттының іші тәтті. (өрік)
Д.Ойын: «Кім шапшаң»
Үлестірмелі суреттер. ( көкөніс пен жемістердің)
Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен боп өседі.
Д.Ойын: « Күн мен жаңбыр»
«Күзгі ағаш» (суретінің жапырақтарын бояту.)
Күзгі ағашқа балалар өз тілектерін айтып жапырақтар ілдіреді.
Күз туралы тақпақтар.
Қорытынды:
Күзде күн суытады, жауын-шашын көп болады.Айнала сары түске өзгереді, бұл мезгіл «алтын күз» деп айтылады.Балалар мектепке барады.Жиын-терін болады.