1. Бұйымды оюмен әшекейлеу үшін қандай ережелерді білу керек?
2.Тұйық өрнектер дегеніміз қандай өрнектер?
3.Симметрия дегеніміз не?
Сәйкестендіру тестін шешу арқылы үй тапсырмасын қорытындылау
Жануарлар тектес өрнектер
Жұлдызша, айшық , шұғыла
Геометриялық өрнектер
Жауқазын, үш жапырақ, ағаш
Аспан әлеміне байланысты өрнектер (космогендік)
Қоңыр мүйіз, қошқар мүйіз, қаз мойын
Өсімдік тектес өрнектер
Балдақ, шынжара,
Жаңа сабақ. Киіз үй.
1.Киіз үй деген не?
2.Киіз үйдің түрлері
3.Киіз үйдің құрылымы
Киіз үй - «Атамыз - Алаш, керегеміз - ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз айтып қалдырған ата-бабаларымыздың негізгі баспанасы. Киіз үй - тек қазақ халқының ғана сонау ежелгі заманнан бері көшпелі тайпалардың баспанасы болып келеді. Оның арғы тегі арба үстінде орналасқан күйме үй. Ол көбіне жел өтінен қағаберіс, шаңы шығып кетпейтін көк майса тегіс жерге тігіледі.
Киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекені, баспанасы ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып, мақтан тұтатын өнер туындысы.
Киіз үй қазақ даласында пайда бола бастауының өзіне 3000 жыл уақыт өтті. Оның «Киіз үй» аталу себебі сырты киізден, ішіндегі тұрмыстық бұйымдар киізден жасалған.
Киіз үй аптап ыстық шілдеде сая, ызғырық суықта баспана болуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ дөңгелек киіз үйдің ішіндегі ауа тез алмасып, тазарып отырады Астрономиялық тұрғыдан алғанда киіз үйдің сыртқы көрінісі жарты шар болып көрінетін, шаңырақтан төмен салбырап тұрған айды және алып жерге сәулесін шашып, жылуын беріп тұрған күнді нұсқайды.
Киіз үй шеңберлене құрастырылып бірнеше керегеден, оның үстінен күмбез еңсесін құрайтын уық пен шаңырақтан тұрады. Киіз үйдің тамаша желдеткіш «терезелері» бар. Ол- көлеңке жақтан түрілетін ірге, күннің жылуына қарай ашылып отыратын- түндік.
Түндік- күннің суығында мұржа қызметін атқарады.
2. Киіз үйдің түрлері:
Киіз үйдің қазақы және қалмақы деген екі түрі бар.
Қазақы үй – дөңгелек, толық күмбезді.
Қалмақы үй – төбесі шошақтау келеді
Қазақы үйлер пайдалануына, сән – салтанатына қарай бірнеше түрге бөлінеді.
1.Қара үй – 3 қанатты.
2.Қоңыр үй – 4 қанатты
3.Боз үй – 5 қанатты.
4.Ақ орда – 6 қанатты
5.Ақ ала орда – 8 қанатты
6.Алтын үзік – 12 қанатты.
7.Алтын орда – 18 қанатты.
Киіз үйдің іші 4 бөлмеге бөлінген:
1.Төр – мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Бұл киіз үйдің жоғары әрі сыйлы орны.
2.Кіргенде оң жақ – үй егесінің отыратын, жататын орны. Оны шимен жауып қояды.
3.Кіргенде оң жақ – балалар орналасады. Босағаға жақын ер-тұрмандар, киімдер ілінеді.
От орны- қасиетті орын болып саналады . Мұнда от жағылып, қазан асылады .
Киіз үйдің құрылымы :
Киіз үйдің құрылымы 3 бөліктен тұрады :
Киіз үй сүйектері(ағаштан тұратын бөліктері: кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық есік)
Киіздер(ши де осыған кіреді)
Бау – құрлар(баулар мен басқұр , арқандар)
Киіз үйдің қаңқасы:
Киіз үйдің қаңқасы шаңырақ , кереге, уық , сықырлауықтан тұрады .
Шаңырақ – киіз үйдің қасиетті , еңсесін ұстап тұратын күмбез .
Шеңбер түріндегішаңырақтың қақ ортасы қосу белгісі сияқты бір-бірімен айқасқан . Бұл бір жағынан шаңырақтың беріктігін қамтамасыз етсе , екінші жағынан төрткіл дүниені төрт бөлікке бөлген . Сондай- ақ шаңырақ күн сағатының қызыметін атқарған .
Шаңырақ-киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес , ол уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады.
Кереге- киіз үйдің негізгі қаңқасын құрайтын сүйгі. Киіз үйдің аталуы осы керегеге байланысты.
Уық – кереге мен шаңырақты ұстастырып түратын ағаш.
Есік (сықырлауық)-киіз үйдің есігі.
Уық кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Киіз үйдің кеңдігі керегесіне ,ал биіктігі уықтың ұзындығына байланысты . Уық саны үйге жайылған кереге басынының санына байланысты.
Киіз үйдің есігі екеу болады:
Ішкі есік – сықырлауық .Ағаш есік арнайы ағаштардан дайындалып жасалады.
Киіз есік- киізден жасалады, сықырлауықтың сыртынан жылуды сақтап тұру үшін жабылады.
Күн ыстық , ашық күндері киіз есік шиыршықталып, жиналып , маңдайшаға екі жағынан жиналып байланады . Жай күндері оның бір жағы бақан арқылы ашық тұрады.
Сондай-ақ киіз үйдің бір бөлшегі – кәдімгі ши .
Ши сыртына құрт-құмырсқа, жәндіктерді кіргізбей тұратын үлкен қызмет атқарады .
Практикалық жұмыс
Кезең бойынша балалар сурет дәптерлеріне киіз үйдің суретін салады.