3. Натюрморт – жансыз заттар мен б?йымдарды бейнелейді.
4. Маринистік- су ?лемін суреттейді.
5. Т?рмысты?- салт- д?ст?рге, т?рмыс?а байланысты бейнеленетін к?ркем шы?арма.
6. Тарихи- белгілі бір тарих?а ?атысты жанр.
7. Батальды- со?ыс та?ырыбына ?атысты жанр.
8. Анималистік- хайуанаттар мен жануарлар д?ниесін бейнелейтін жанр.
«Натюрморт» француз с?зінен алын?ан. ?аза?ша «?лі таби?ат» немесе «тыныш, ?оз?алмайтын зат» деген ма?ына береді. Натюрморт «?лі таби?ат» немесе «?лі зат» атал?анымен, сонда бейнеленген заттар ар?ылы таби?и ?мірді, заман келбетін, тіпті бір халы?ты? т?рмыс-тіршілігін, ?дет-??рпын, тарихын танып білуге к?мектеседі. «Натюрморт» халы?аралы? термин бол?анды?тан, «натюрморт» деп пайдаланамыз.
Енді натюрморт ??рау?а болады. Мысалы, г?л мен ??мыра, о?ушыны? о?у ??ралдары т. б. Натюрмортты бір немесе бірнеше заттар ар?ылы ??рау?а болады.
Натюрморт саламыз. ?р т?рлі заттарды?, б?йымдарды? тобын бейнелегенде, оларды? бір-біріне ?атысты м?лшерін д?рыс бере білу керек. Ол ?шін б?йымдарды? жеке-жеке пропорциялы? ерекшеліктерін ай?ындау ?ажет.
Салын?ан суреттерді м??ият ?арап шы?са?дар (1, 2, 3), бірінші суреттен кастр?л, ба?ыраш, графинді, екінші суреттен к?к?ністер мен жемістерді, жасылк?ктерді бай?айсы?дар. Ал ?шінші суретте барлы? заттар мен б?йымдар бір жерге топтал?ан. Б?л суреттерден б?йымдар тобыны? ерекшелігі тек оны? пішіні, к?лемі, фактурасында ?ана емес, сондай-а? оларды? ?зара орналасу жа?дайына да байланысты екендігін бай?аймыз. Сонды?тан да суретші сурет сал?анда е? алдымен ?а?азды тік немесе к?лдене? ?алпында пайдалану керектігін шешеді.
Б?л ж?мыстар ал?аш?ыда ?арындашпен орындалып, біткеннен со? бояу т?стерімен ре?ктерді беріп, бояуды бастаймыз. Саба? со?ында о?ушылар ж?мысын к?ремін.
Просмотр содержимого документа
«Кескіндеме жанрлары. Натюрморт»
Сабақ реті: №4
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Кескіндеме жанрлары. Натюрморт
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Натюрморт жайлы мағлұматтармен таныс болу.
ә) Дамытушылық: Затқа қарап сурет салуды меңгеру.
б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,
ұқыптылыққа үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: : Бояу түрлері, түрлі қарындаштар, Натюрморт бейнеленген суретшілер шығармалары. Балалар салған суреттер. т. б. заттар.
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, оқушының сабаққа қатысуын және дайындығын тексеру. Оқушы назарын сабаққа аудару. Сенімге негізделген мықты қатынасты дамытуға көмектесу.
ІІ. Үйге берілген тапсыраманы тексеру:
1.Бейнелеу өнері неше түрге бөлінеді?
2.Қазақ халқының ұлы суретшісі кім? (Ә Қастеев.)
3.Табиғат көрінісін тікелей бейнелеуді не дейміз? (Плэнер)
4.Суретті қағазда үйлестіру, орналастыру қалай аталады? (Композиция)
5.Аспан мен жердің қиылысқан сызығын не дейміз ? (Көкжиек)
6. Табиғат көрінісін бейнелеген қазақ суретшілерін ата
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Кескіндеме бейнелеу өнерінің негізгі және ең көп тараған түрі болып саналады.
Кескіндемені бояулармен қоршаған ортаның өмір шындығын әсерлі етіп бейнелеуде қолданылады.Кескіндеме шығармаларын қатты қағазда, қабырғаларда, ағашта, әйнекте,
металда, салуға болады.Мысалға, Мысырда ғалымдар осыдан 2мың жыл бұрын өмір сүрген адамдар портреттерін салғандығын дәлелдеп отыр.
Кескіндеме өнерінің жанрлары:
1. Табиғат көрінісі (живопись) — табиғат әсемдігіін бейнелейтін өнер.
2. Портрет – адам келбетін бейнелейтін шығарма.
3. Натюрморт – жансыз заттар мен бұйымдарды бейнелейді.
4. Маринистік- су әлемін суреттейді.
5. Тұрмыстық- салт- дәстүрге , тұрмысқа байланысты бейнеленетін көркем шығарма.
6. Тарихи- белгілі бір тарихқа қатысты жанр.
7. Батальды- соғыс тақырыбына қатысты жанр.
8. Анималистік- хайуанаттар мен жануарлар дүниесін бейнелейтін жанр.
«Натюрморт» француз сөзінен алынған. Қазақша «өлі табиғат» немесе «тыныш, қозғалмайтын зат» деген мағына береді. Натюрморт «өлі табиғат» немесе «өлі зат» аталғанымен, сонда бейнеленген заттар арқылы табиғи өмірді, заман келбетін, тіпті бір халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, тарихын танып білуге көмектеседі. «Натюрморт» халықаралық термин болғандықтан, «натюрморт» деп пайдаланамыз.
Енді натюрморт құрауға болады. Мысалы, гүл мен құмыра, оқушының оқу құралдары т. б. Натюрмортты бір немесе бірнеше заттар арқылы құрауға болады.
Натюрмортты кезең бойынша саламыз. Тақтаға сызып, оқушыларға натюрморт салудың кезеңдерін көрсетемін.
Натюрморт саламыз. Әр түрлі заттардың, бұйымдардың тобын бейнелегенде, олардың бір-біріне қатысты мөлшерін дұрыс бере білу керек. Ол үшін бүйымдардың жеке-жеке пропорциялық ерекшеліктерін айқындау қажет.
Салынған суреттерді мұқият қарап шықсаңдар (1, 2, 3), бірінші суреттен кастрөл, бақыраш, графинді, екінші суреттен көкөністер мен жемістерді, жасылкөктерді байқайсыңдар. Ал үшінші суретте барлық заттар мен бұйымдар бір жерге топталған. Бұл суреттерден бүйымдар тобының ерекшелігі тек оның пішіні, көлемі, фактурасында ғана емес, сондай-ақ олардың өзара орналасу жағдайына да байланысты екендігін байқаймыз. Сондықтан да суретші сурет салғанда ең алдымен қағазды тік немесе көлденең қалпында пайдалану керектігін шешеді.
Бұл жұмыстар алғашқыда қарындашпен орындалып, біткеннен соң бояу түстерімен реңктерді беріп, бояуды бастаймыз. Сабақ соңында оқушылар жұмысын көремін.
Композициялық шешімі, түс жарасымдылығы жағынан дұрыс орындалған жұмыстарды сынып көрмесінде талқылаймыз.
ІV. Тапсырмаларды орындау: Натюрмортты кезең бойынша саламыз. Тақтаға сызып, оқушыларға натюрморт салудың кезеңдерін көрсетемін.
V. Сабақты бекіту. «Сезімтал саусақтар» ойыны. Тақтаға бір оқушы шығады. Оның көзін байлап, қолына бір затты ұстатып, сипалап көргіземіз. Сонан соң затты алып қойып, көзінің байлауын шешеміз. Оқушыдан сол заттың суретін тақтаға бейнелеу талап етіледі. VІ. Үйге тапсырма Суретті аяқтап келу.