kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақтың ою-өрнектері

Нажмите, чтобы узнать подробности

  1. Сабақтың мақсаты:

    а) Білімділік: оқушыларға қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің түрлері, шығу тарихы, мағынасы жайлы түсінік беру, өрнектерді ою әдістерін үйрету.

    ә) Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, сабаққа қызығушылығын арттыру.

    б) Тәрбиелік: ою-өрнек үлгілері арқылы әсемдікке, сұлулыққа, ұлттық өнерді құрметтеуге тәрбиелеу; эстетикалық талғамға сай жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақтың ою-өрнектері»

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ою-өрнектері

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: оқушыларға қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің түрлері, шығу тарихы, мағынасы жайлы түсінік беру, өрнектерді ою әдістерін үйрету.

ә) Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, сабаққа қызығушылығын арттыру.

б) Тәрбиелік: ою-өрнек үлгілері арқылы әсемдікке, сұлулыққа, ұлттық өнерді құрметтеуге тәрбиелеу; эстетикалық талғамға сай жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

  1. Сабақ типі: жаңа оқу материалын меңгерту,аралас сабақ

  2. Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

  3. Сабақ көрнекілігі: ою-өрнек үлгілері, слайдтар

  4. Сабақ барысы:

  5. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сабаққа даярлау.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгендеп, жұмыс орнын ұйымдастыру.

  1. Жаңа сабақ.

Сабақ тақырыбын баяндау.Өнерді тудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

Апамның киізінен,

ҚОШҚАРДЫҢ МҮЙІЗІНЕН ҮЙРЕНДІМ ә.қАСТЕЕВ

Ою-өрнек – қайталанатын ритмикалық элементтерден тұратын нақыш. Қазақтың «ою» және «өрнек» деген екі сөзі біріге келіп, латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Орнаменттің мағынасы – сәндеу, әсемдеу. Ою-өрнек бір затты ою, кесу, тілу, қию тәсілдері арқылы жүзеге асады. Ойылған, кесіоген, қиылған оюды екінші бір затқа кіріктіріп, жапсырып, желімдеп әшекейлейді, әсемдейді, түрлендіреді. Ою күнделікті тұрмыста үй жиһаздарын – сырмақ, текемет, көрпеше, кілем, сандық, кебеже, жұкаяқ беттерін киім-кешектерді, ыдыс-аяқтарды, қару-жарақ, зергерлік бұйымдарды т.б. безендіруде, сондай-ақ сәулет өнерінде кеңінен қолданылады.

Ұлттық ою-өрнектер.

Қазақтың осы күнгі ою-өрнектерін қарт шеберлер екіге бөліп қарайды. Біріншісі, қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатқан ұлттық оюлары. Екіншісі, басқа халықтардан ауысқан және интернацоиналды ою-өрнектер. Ертедегі қазақ оюларын мазмұн жағынан іріктесек, негізінен үш түрлі ұғымды бейнелейді. Олар біріншіден мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден жер-су, көшіп-қону көріністерін, үшіншіден күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Қазақтың ұлттық ою-өрнегіндегі бір ерекшелік – осы түрлі ұғымның қайсысын бейнелегенде де, ұлттық ою-өрнектің негізі болған мүйіз оюы үнемі араласып отырады.

Қазіргі кезде ою-өрнек атаулары мағынасына қарай мынадай топтарға жіктелген:

  1. Ай-күн, жұлдыздарға – көк әлеміне байланысты ою-өрнектер;

  2. Малға, малдың денесіне, ізіне байланысты ою-өрнектер;

  3. Аңға, аңның денесіне, ізіне байланысты ою-өрнектер;

  4. Құрт-құмырсқаларға байланысты ою-өрнектер;

  5. Құстарға байланысты ою-өрнектер;

  6. Жер, су, өсімдік гүл, топырақ, жапырақ бейнелі ою-өрнектер;

  7. Қару-құралдарға байланысты ою-өрнектер;

  8. Геометриялық фигуралар тектес ою-өрнектер.

Қазақ ою-өрнегі дамып, өзгеріске ұшырады, жетілді. Қазір оның 200-ден астам түрі мен атауы бар.

Солардың ішінде мүйіз тектес ою-өрнектер халық арасында көп тараған. Ою-өрнектердің бұл тобын, қазақ халқының ою-өрнектерінің төркіні деуге болады. Өйткені барлық жаңа өрнектер осының негізінде жасалып, тек атаулары ғана өзгеріп отырған. Мысалы қошқар мүйіз, арқар мүйіз, бұғы мүйіз, қырық мүйіз, қос мүйіз, сыңар мүйіз, сынық мүйіз, төртқұлақ, түйе табан, құс қанаты, қаз табан т.б. ою-өрнектердің негізгі арқауы. Осы элементтерден ою-өрнек композициясы жасалады.Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің басты мәнері, ең көп түрі және әр түрлі мәнер жасауда жиі қолданылатыны «мүйіз» тектес ою-өрнектер. Ғалымдардың анықтауынша, ол ежелгі өрнек, сондықтан онда көбінесе мал шаруашылығы мен көшпенді өмір салты бейнеленген.

Мүйіз тектес  ою-өрнектер кейде өте ұсақ, кейде өте ірі болып келеді. Ұсағы зергерлік, кесте тігу, ағаш, сүйек, мүйіз ұқсату сияқты нәзік істерге қолданылса, ірісі кілем, алаша, терме алаша, текемет, сырмақ, ши орау, қоржын, киім-кешек, құрылысқа қолданылады.

Әрбір ою-өрнектің тақырыптық мағынасы, композициясы, симметриясы мен ассиметриясы, колориті мен ритмі болуы керек.

Композиция дегеніміз латынның ою-өрнекті бір заттың бетіне реттеп орналастыру дегене сөзі. Мысал ою-өрнек кесеге салынатын болса, ол үлкен де, кіші де болмай, асқан дәлдікпен жарасым табу керек.

Өрнек үшін симметрияның да маңызы зор. Оның екі жағының бірдей болуы – симметрия заңы. Симметрия кез келген ою-өрнекте болады.

Мүйіз тектес ою-өрнек үлгілерін көрсету.

Мақалдарды жалғстыру

Талаппенбаста

Талғаммен аяқта

Ою ойған, сызу да сызады.

Ою ойғаның ойы ұшқыр

  1. Өзіндік жұмыс.

Тапсырма – түрлі-түсті қағаздан мүйіз тектес ою-өрнек түрлерін қиып композиция жасау

Кім жылдам

Қазақ киімді оюмен әсемдеу.

  1. Сабақты қорытындылау.

Бүгінгі сабақта ою-өрнек туралы мағлұматтар алдық. Ою-өрнек өнері қазақ халқында ертеден-ақ өнердің бар түріне арқау болып, ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып, мәдени асыл қазынаның өзекті бір саласына айналған. «Өнер — өшпес мұра» дейді халық даналығы. Өнер өлмейді, көнермейді, өнер жеміс ағашының бұтағындай гүлдеп, жемістене береді.

  1. Үйге тапсырма.

Өз ойларынан ою композициясын құрастырып жасау.

Соңғы тыныштық сәті

- Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көздеріңізді ашуға болады. 
Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!



 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Қазақтың ою-өрнектері

Автор: Муратбаева Раушан Каиржановна

Дата: 07.04.2017

Номер свидетельства: 407530

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "?аза?ты? ?лтты? ою ?рнектері. Ою т?рлері ж?не дайындау реттілігі."
    ["seo_title"] => string(63) "kazaktynulttykoiuorniektierioiuturlierizhniedaiyndauriettilighi"
    ["file_id"] => string(6) "319282"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460794166"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "?аза? ою- ?рнектері"
    ["seo_title"] => string(19) "kazakoiuorniektieri"
    ["file_id"] => string(6) "265652"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1450009230"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "?аза? ою- ?рнектері"
    ["seo_title"] => string(20) "kazakoiuorniektieri1"
    ["file_id"] => string(6) "265653"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1450009237"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) ""Қазақтың ұлттық ою-өрнектері" ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(41) "kazaktyn_ulttyk_oiu_ornekteri_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "535587"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1578938453"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "Сурет салу "Қазақтың ұлттық ою-өрнегінің элементі""
    ["seo_title"] => string(57) "suriet_salu_k_azak_tyn_u_lttyk_oiu_ornieghinin_eliemienti"
    ["file_id"] => string(6) "416406"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1495041265"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства