Психологиялық дайындық . Оқушыларды түгендеп, сабаққа қажетті құралдарын қадағалап, сабаққа деген қызығушылықтарын ояту.
Алма ағашынан стикерлер алып реттік сандары бойынша топқа бөлінеді.(бір топ екінші топқа қағазға тілек жазып береді)
ІІ-Өткен сабақты қайталау.
1.Батик өнері бейнелеу өнердің қай түріне жатады?
2.Түстер неше түрге бөлінеді, оларды атаңдар?
3.Сәндік қолданбалы өнер дегеніміз не?
4.Ою-өрнек неше түрге бөлінеді?
5.Екі түрлі киізден сырылған төсеніш. (сырмақ)
6.Сырты ағаш, іші графиттен жасалған құрал. (қарандаш)
7.Бір түсті бояумен орындалатын жұмыс (графика)
Шағын көрме ұйымдастыру арқылы оқушылардың жұмыстарын өздеріне бағалату. Мадақтау, ескерту, бағалау.
ІІІ-Жаңа сабақ
(ойашар сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашамыз. Батик салу.)
1.Мата атауы (Бархыт)
2.Суға тез еритін бояу (акварель)
3.Жансыз заттарды бейнелейтін жанр (натюрморт)
4.Ақ қара бояумен салынатын сурет (графика)
5.Құрастыру, ойластыру дегеніміз не? (композиция)
6. Бояулар көмегімен орындалған көркем шығарма (кескіндеме)
7.Табиғат көрінісін бейнелейтін жаныр (пейзаж)
8. Таза ауа. Табиғат аясында жүріп сурет салуды не деп атаймыз? (плэнер)
9.Үйлер мен ғимараттарды салу өнері (сәулет)
Б
а
р
х
ы
т
а
к
в
а
р
е
л
ь
н
а
т
ю
р
м
о
р
т
г
р
а
ф
и
к
а
к
о
м
п
о
з
и
ц
и
я
к
е
с
к
і
н
д
е
м
е
п
е
й
з
а
ж
п
л
э
н
е
р
с
ә
у
л
е
т
Батик арқылы жасалатын бұйымдар.
Батиктің шығу тарихы. Батик өнері ең алғаш рет Индонезиядағы Ява аралынан басталған өнер. Бұл матаны ерекше әшекейлеу болып табылады. «Ba-tik» -Ba сөзі к.б. мата, ал tik –тамшы, нүкте деген мағынаны білдіреді. «Batik» - матаға сурет салу, нүктелермен толтыру немесе мата бетінде штрихтау деген сөз.
Түйінді батик өнері. Түйінді батик матаға сурет салудың ең оңай түрі болып табылады. Матаның ерекше және керемет түстермен бояу сәнді түйіндерден небір әдемі сурет шығуы ол адамның фантазиясына бірден – бір байланысыты болып табылады.
Батик түрлері: Бұл техниканы матаға салынатын әдісіне қарай бірнеше түрге бөлінеді: ыстық, суық және аралас батик. Ыстық және суық батиктің салыну жолдары өте күрделі. Біз бүгінгі сабағымызда аралас батикті саламыз.
Сарамандық жұмыс
Аралас тәсілмен мата үстіне батик суретін салу.
.Нақты өлшеммен бұйымның суретін салу
.Желім арқылы керілген дайын матаны аламыз
.Керілген матаға ПВА желімін сумен араластырып жағып кептіріп аламыз.
.Дайын мата бетіне жай қарандашпен суретті көшіріп саламыз.
.Бояуды бастаймыз. Контур ішіндегі суретті бірінші ашық түстермен, содан соң қою түспен бояймыз.
.Гүлдерді бояп болған соң жапырақтарын бояймыз.
Сергіту сәті.
ІҮ-Сабақты бекіту
Батик қандай бейнелеу өнеріне жатады:
А) мүсін;
Ә) кескіндеме;
Б) Сәндік қолданбалы өнер.
Батик өнері ең алғаш қай мемлекетте пайда болған:
А) Ресейде
Ә) Африкада
Б) Индонезияда
Ү-Сабақты қорытындылау.
Біз бүгінгі сабақта не үйрендік (әр оқушы өз ойын айтады)
Рефлекция.
Пікір ағашына сабақтың ұнағандығын білдіретін түстер жапсырамыз.