I.Ұйымдастыру бөлімі. Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, жұмыс орынын даярлау,
II.Жаңа сабаққа дайындық.
1.Қазақ халық өнерінен басқа қандай өнерді білесіңдер? Макраме, коллаж
III. Жаңа сабақты меңгерту. (Интерактивті тақтадан слайдтарды көрсете отырып)
Батик өнері арқылы жасаған бұйымдар, әр халықтың ғасырлар бойына жинақталып, бір жүйеге түскен рухани өмірінің ұлттық мәдениетінің маңызды бір саласы- қолөнер.
Батик өнерінің Отаны Қытай және Үнді елі. Бірақ бұл Батик өнері XVII ғасырда Индонезия елінде Ява және Бали аралдарында дамып,бүкіл әлемге тараған өнер.Батиктің үш түрі бар: ыстық батик, суық батик және түйінді батик. «Батик» сөзінің аудармасы ыстық балауызбен сурет салу.
(Суретшілер шығармаларын көрсету)
Біз бүгін сабағымызда суық батик түрін қолданамыз. Суық батикте- әрбір суреттің шеткі сызығы көмкеріліп жүргізіледі, өрнектер өзінік әсем айқын көрінеді. Суық батиктегі суреттің матада салынуы графикалық түзумен сызылып құрғақ орындалады.
(Слайд арқылы көрсетіп отыру)
Жұмыстың жасалу жолдары.
Керекті материалдарды дайындап алу,
Рамаға матаны мықтап орнату(кнопкамен,шегемен)
Эскиз дайындау,
Матаға сурет салғанда матаның түрлері таңдалып алынады. Олар: жеңіл жай штапель матадан бастап, ауыр портьер маталар және барқыттар. Матаға сурет салғанда барлық мүмкіндіктерді орындау үшін табиғи шелк алынады Шелктің әр түрлісі болады.
IV.Машықтық жұмыс.
Қажетті құрал жабдықтар: резерв, анилин бояуы, қыл қалам, резерв құрамы: 220гр резина желімі, 250гр жанар майы, 50гр парафин.
Құттықтау ашық хатын жасаймыз. Ол үшін өте жұқа мата, шелк-жібек алынады. Суретін салып аламыз да, резервпен суреттің жиегін жүргіземіз. Матаның бетіне тигізсек болғаны бояу өзі жайылып сіңеді. Енді түрі мен көлемі жағынан дәстүрлі ашық хатты жабдықтаймыз.
V.Жаңа сабақты бекіту.түсінігін тексеру
Батик өнері қай елден шықты?
Батиктің қандай түрлері бар?
VI.Қорытынды.
-Бүгінгі сабағымызда батик өнерінің тарихын білдік. Суық батик техникасын қолдана отырып, құттықтау ашық хатын жасадық. Қазіргі кезде бұл өнер үлкен сұранысқа ие. Оны адамдар үлкен табыс көзіне айналдырған. Түрлі сыйлық бұйымдар жасайды.
Өнерлі өрге жүзер,
Өнерсіз тұмсығымен жер сүзер.
Өнер үйрен,өнерде бар түрлі сыр,
Жабық есік ашылады бірме-бір
Өнерлінің тірлігі оңынан келер,
Өйткеніоның қолынан келер.
Үйге тапсырма: өзіңе ұнайтын бұйымдар жаса.
Теректі аудандық шығармашылық үйі, Батыс Қазақстан облысы