Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? :Пейзаж "Жыл мезгілдері"»
Сабақтың тақырыбы: Пейзаж. Жыл мезгілдері
Мақсат: бейнелеу өнерін дәріптей отырып,балалардың ойлау қабілетін дамыту, өнерді, табиғатты сүюге, әсемдік пен әдемілікке баулу.
1.Білімділігі: оқушыларды пейзаж жанрымен таныстыру.Табиғат көрінісін бейнелеудің перспективалық заңдылықтарды ескере отырып, зат көлемін толық бейнелеуге үйрету, сурет заңдылықтарын баулу.
2.Коррекциялық - дамытушылығы:Табиғат құбылыстарын бейнелеуде алуан құбылыстарды меңгертуге дағдыландыру.Есте сақтау қабілетін дамыту,оқушылардың эстетикалық талғамын, ой қиялын дамыту. 3. Коррекциялық - тәрбиелігі: Эстетикалық тәрбие беру; табиғат көрінісін бейнелеу арқылы бейнелеу өнері пәнін және өз елінің табиғатын сүюге, құрметтеуге,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Құрал-жабдықтар, суреттер, үлгі,слайд, плакаттар. Слайд «Жыл мезгілдері туралы» Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, практикалық жұмыс.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. а) сәлемдесу, түгелдеу. б) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 2.Үй тапсырмасын тексеру. а)натюрморт дегеніміз не? б)Натюрмортты неден яғни қандай заттардан құрастыруға болады?
Жаңа сабақ:
Бүгінгі сабақтың тақырыбын білу үшін сөз жұмбақты шешуіміз керек, сонда біз бүгінгі сабақтың тақырыбын табамыз.
Табиғат атты ананың
Бой жеткен төрт қызы бар
Көркіде де солар даланың
Ісіне адам қызығар.
Қәне оқушылар жұмбағымыздың жауабын кім айтады?
( Жыл мезгілдері деп оқушылар айтады)
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Пейзаж. Мұнда біз сіздер тапқандай табиғаттың төрт мезгілін топтарға бөліп саламыз. Оның алдында сендерге пейзаж туралы түсінік беріп өтемін. Пейзаж –француз сөзі,бұл ландшафты, табиғаты бейнелеу.Пейзаж өнері әр алуан.Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе,енді біреулер суретшінің қиялынан туады. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай-ақ Еуропада дамыған.XYII ғасырдан бастап суретшілер біріңғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар жазудан бастады. Қазақстан суретшілері Ә .Қастеев ,Ә Ысмайылов ,С Мәмбеев,О.Таңсықбаев Ұ.Әжиев т.б.пейзаж жанрында көптеген шығармалар ұсынды.Олар өз шығармаларында Қазақстанның сұлу табиғатын паш етеді. Енді оқушылар әр бір топқа мезгілдер туралы жұмбақтар айтылады қай топ бірінші айтса сол топ сол мезгілге байланысты сурет салады және салған суретін қорғайды.
Біреу әйнек қойыпты
Біреу есік қойыпты.
Өздеріне шақ қала ,
Соғып жатыр аққала (қыс)
Берекесін сыйлауға
Жемістерін жинауға
Қызыл құрман ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?(күз)
Қойын тойып жеміске
Көк майсалы өніске
Көбелек қуып ойнайтын
ай мезгіл деп ойлайсың?(жаз)
Сай салаға қашады
Бүршақ шашып
Жапырақ ашып
Гүл бәйшешек басады.
Бүл қай кезде болады?(Көктем)
Топ «Күз», 2- Топ «Қыс», 3- Топ «Жаз», 4-топ «Көктем» Топтар белгілі болды. Енді оқушылар әр топ өздеріне берілген тақырыптар бойынша сурет салады. Суретті салып болған соң ,оны қорғайды. Олар сол мезгілде қандай айлар,мерекелер туралы айтып өтеді.
4. Жаңа сабақты бекіту: Оқушылар жыл мезгілдеріне байланысты өлең оқиды.
Сарамандық жұмыс: оқушыларға «Алтын күз» тақырыбында сурет салуға тапсырма беріледі.
Сабақты қорытындылау: 1) Бейнелеу өнерінің түрлерін атаңыз? 2) Пейзаж дегеніміз не?