Адам денесін, салып бастау алдында көптеген долбар суреттер, жаттығулар жасап, басты бейнелеудің әдістерін игеруіміз керек. Басты салу бірнеше әдіс- кезеңдерден тұрады. Бұл кезеңдер сурет пәніндегідей композициялық ұйымдастырудан, конструктивті құрылымнан, реңдік-түстік қатынастықтан және қорытындылаудан тұрады. Бірінші кезең суреттің негізгі түбірі,жобасы болып табылады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Адам денесін, салу көп кезенді өте күрделі жұмыс . Мұнда оның ішкі құрылысы мен қатар сыртқы келбетіне, мінез құлқына сипаттамалық ерекшеліктеріне назар аудару қажет.
Адам денесін, салып бастау алдында көптеген долбар суреттер, жаттығулар жасап, басты бейнелеудің әдістерін игеруіміз керек. Басты салу бірнеше әдіс- кезеңдерден тұрады. Бұл кезеңдер сурет пәніндегідей композициялық ұйымдастырудан, конструктивті құрылымнан, реңдік-түстік қатынастықтан және қорытындылаудан тұрады. Бірінші кезең суреттің негізгі түбірі,жобасы болып табылады.Мұнда құрылым заңдылықтарын сақтай отырып дененін жалпы пішінінің нобайын кенеп бетіне орналастырамыз. Екінші кезеңде денеін негізгі мүшелерінің жалпы пішінінің құрылымын салумен айналысамыз,отырған нұсқаның сипаттамасын , портреттік ұқсастығын табамыз. Конструктивті құрылымын аяқтағаннан кейін түстік жұмыстарына кірісеміз. Мұнда жалпы адам бетінің, дененін түсін анықтап,жарық-көлеңке жақтарын айырамыз. Портретті киіммен,фонмен байланыстырамыз. Жалпы локалды түстерді тапқаннан кейін,бөлшектеу жұмыстарына кірісеміз: көздерін, мұрнын, құлақтарын, саусақтар, киймнің және фондағы маталардын қыртыстарын кісінін ұқсастығын көрсетеміз.Төртінші кезеңде жалқадан жалпыға қарай бейнелейміз, яғни портреттің жалпы пішінін бейнелейміз, түстік қатнастығын , киім, фон түстерін бір реңге, колоритке бағындырып,жинақтап түйіндейміз. Тақырып түсіндіргеннен соң оқушылар өз беттерімен ардын практикалық жұмысқа кірісіп кетеді. Алдымен А4 форматына нобайлар салады,содан соң кенептеріне композициялық орналастыру жолдарын ескере отырып ,құрастыру жұмыстарына кіріседі.Сабақ өту барысында оқытушы оқушылардың жұмыстарына жекелеп назар аударып,қателіктері болса түзетіп , көрсетеді.
Бүгінгі сабақта оқушылар құрылым жұмыстарын орындайды. Сабақтың соңғы сәттерінде оқушылардың үй жұмыстары тексеріліп,жаңа үй тапсырмалары беріледі. Сабақ аяқталады.