kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ылыми жоба "Жібек ??ртыны? жасыл желекке залалы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

К І Р І С П Е

Солт?стік ?аза?стан облысын а? ?айы?дар ?лкесі деп атайды. Оны? б?л ерекшелігін біз ма?тан етеміз. ?лкеміздегі орманды ал?ап  430.467 гектар болса, оны? 70 пайызы ?айы?. Орман таби?ат ресурсы болып саналатынды?тан оны ?ор?ау, ?сіру адамдарды? міндеті. Алайда осы орманды ал?ап жылдан-жыл?а азайып барады. А?аштар от?а оранады, отын ретінде пайдалу ?шін  кесіледі. Ол аздай жаз келсе, жасыл желекті? ?сіп-?нуіне ?лкен кесел тигізетіндерді? бірі – ??рт-??мырс?алар.

Мен таби?атты? осы бір ?иынды?ы ?алай туатынын, онымен к?ресті ?алай ж?ргізуге болатынын зерттеп к?рмек болдым. Ал нысан ретінде жасыл а?аштар?а зияны к?п ж?псыз жібек к?белегін алдым. Б?л ой ма?ан былтыр келген еді. О?у жылы ая?талып, жаз?ы каникул?а шы??ан кезде біз отбасымызбен ауылда т?ратын на?ашымыз?а ?она??а бара жатты?. К?лік терезесінен таби?атты? ?семдігін тамашалап отыр?ан мен, жол жиегіндегі бір топ а?ашты? жапыра?ынан айырылып, жартылай сидиып т?р?аны к?рдім. Оны? м?нісін ?кемнен с?радым. Ол сонда: “Б?л ??рт жеген а?аштар ?ой. Жапыра?ынан ерте айырылыпты” – деді. Сол кезде ол ??ртты? ?андай болатынын, ол ?алай а?ашты ??ртатынын ж?не о?ан м?ндай ?рекетке ?алай жол бермеуге болатынын білгім келді. Біра? ол туралы т?сінігім жо? бол?анды?тан, ос та?ырыпты зерттеп к?рсем деген ой келді. Орман?а кеселі к?п ж?ндіктер туралы а?параттарды жинау?а тырыстым.

ЖІБЕК ??РТЫ ТАЛАЙ А?АШТЫ ??РТТЫ

ЗЕРТТЕУ ?РЕКЕТІНЕ ?АЛАЙ КІРІСТІМ

 ??іріміз жасыл желекке оранып, дала т?рленіп, ж?ртты? ?орша?ан орта?а деген с?йіспеншілігі артып т?р?ан маусым-шілде айларында а?аштарды? жапыра?ы т?сіп, жала?аштанып ?алатыны кез келген адамды ойландырып ж?ргені с?зміз. ?йткені адамзатты? таби?ат сыйысыз ?мір с?ре аламайтынды?ы с?зсіз. Ал а? ?айы?дарды? жаз басталса, жа?адан ?сіп келе жат?ан жапыра?тарынан айырылатынды?ы бір емес, бірнеше жыл бойы ?айталанып ж?рген к?рініс екен. Бізді? Солт?стік ?аза?стан ??ірінде маусым айында к?н шуа?ына с?йсіне к?геріліп келе жат?ан а?аштарда?ы жапыра?тар адамды ерекше с?йсіндіреді. Мен нысан ретінде а??айы? а?ашын алдым. ?йткені ??рт осы а?ашты? жапыра?тарына ?уес. Ді?гегі аппа?, т?зу ?сетін б?л а?аш бас?алар?а ?ара?анда сымбатты. А??айы?ды орманны? ішіне енген кезде жас жапыра?тарды? бала? сылдыры ??ла?ы?а еміс-еміс естіліп, жан д?ние?ді ерекше бір к?йге ендіреді. ?демі ??былыс. Осындай ?сем д?ниеге зиянкестік жаса?ан кезде ренжисі?.

Мен ?кеме осы зиянкес к?белекті зерттеуге к?мектесуді с?радым. Ол келісті. Петропавл ?аласыны? солт?стік-шы?ысында Петропавл ауыр машина жасау зауытыны? сырт жа?ында а??айы?ды орам бар. ?кем екеуіміз сол жердегі а?аштарды нысан?а алу?а келістік. ?йткені былтыр теледидарда сол жерді? а?аштарыны? жапыра?ын ??рт жеп жатыр деген а?паратты естіген болатынбыз. Зерттеу ж?мысыны? жоспарын жаса?ан кезде ол жердегі а?аштарды ?ар еріп, орман іші ж?руге болатын кезден бастап ?ада?алауды ж?н к?рдік. ?зімізге белгілеп бес а?ашты? т?п жа?ында?ы ?абы?ты? астына жібек ??ртыны? к?белегі ?я сал?анын а??арды?. Оны? біреуінде к?п екен. ?ал?анында аздау.  Алдын ала о?ы?ан а?паратымыз?а байланысты а?ашты? ?абы?ына ?ол тигізбедік. Сырттай ба?ылап кеттік. К?ктем бойы ара?а 10-12 к?н салып, бір ба?ылап кетіп ж?рдік. Онда?ы ойымыз а?аш ?абы?ына еш?андай сырт к?штерді? болма?анын аны?тау. ?йткені, к?белекті? салып кеткен ж?мырт?аларын ?атты затпен т?ртсе?, олар ?рі ?арай ?мір с?рмейді. Ал бізге оны? дамы?аны керек.  Сонды?тан олар?а тиіспейміз.

ЖІБЕК ??РТЫ ?АЛАЙ ДАМИДЫ

Осы жерде т?рлі ?ылыми зерттеулерге, жариялан?ан а?парттар?а с?йене отырып, жапыра? кеміргіш зиянкес ж?псыз жібек к?белегі туралы ??гіме тар?ат?анымыз ж?н болар. Ж?мырт?а, ?ыры?буна?, дерн?сіл ж?не к?белек сатысымен дамитын ж?ндікті? ??рт кезіндегі зинякестігі ?те жо?ары. Со??ы жылдары жібек ??ртынан орманды ал?аптарды? тозуы к?рделі м?селе болып ж?р. Жапыра? жеуден бас?аны білмейтін мы?да?ан жібек ??рты а?аш?а т?скен кезде, ол ?сімдіктен не ?алатынын к?з алды?ыз?а елестетіп к?рсе?із. Оны ?дайы к?ріп ж?рген адамдарды? ?зі б?л ж?ндікті? зиянкестігіне шошына ?арайды. Ж?мырт?адан ?аламны? ?шындай ?ана болып шы?атын ??рт бір-бір жарым ай бойы дамылсыз жапыра? жеп, 70 есеге дейін ?лкейеді. Ол ?зіні? бастап?ы салма?ынан 6000 есе к?п жапыра? жейді. Б??ы, марал сия?ты т?з та?ыларыны? ?зі осы ??рттар сия?ты жасыл массаны к?п жей алмайды. Олар омырт?алылар?а ?ара?анда 100 есе жылдам ?седі. Б?л зиянкестерді? ?ома?айлы?ы мен к?беюі екпінді.

Таби?атты? адам танып білмейтін ??пиялары к?п. ?орша?ан ортаны т?бегейлі танып білу м?мкін емес. Алайда санасыз ??рт-??мырс?а ?рекеттеріні? ?зі адамды та??алдырады. Жібек ??ртын зерттеушілер ондай ?ыз?ылы?ты ?рекеттерді? біра?атарымен б?ліседі. М?селен, ?р?ашы к?белектер а?ашты? т?біне келіп, ж?мырт?а сал?ан кезде алда?ы ?ысты? ?андай болатынын болжай алады екен. Егер ол ж?мырт?асын а?аш ді?гегіні? жерден 5 сантиметр биігіне орналастырса, келер ?ыс суы? болады деген с?з. Ал егер ол ?яшы?тарды жо?ары к?терсе, ?ыс жылы болады. ?алыпты жа?дайды жібек к?белегі ж?мырт?аларын а?аш ді?гегіні? 4 метр биіктігіне дейін орналастырады.  Ж?мырт?алары а? жа?ал ?лпемен б?ркілген. Осындай ?алыпта

олар ?а?а?ан ?ысты? ыз?арына са?талып шы?ады. ?йткені ?ыс суы? болады деп к?тілсе, к?белек ж?мырт?аларын ?армен к?мкерілетіндей етіп, т?мен салады.

К?зде а?аш ді?гегіні? т?менгі жа?ына салын?ан ?яшы?тарда?ы ж?мырт?адан ?ыры?буынды ??рттар шы?ады. Ауа жылып, егістік бастал?ан кезде олар да ояна бастайды. Бір ж?мырт?адан бір ??рт шы?ады. Бір к?белек 200-250 ж?мырь?а салып кетеді. Кішкентай ?ана ??рт а?ашты? жо?ар?ы жа?ына ?рмелеп, жапыр??а жетіп орны??ан со?, оны жей бастайды. ?ыры?буындыны? белсенділігі 70-80 к?н, я?ни ол жа?тара?тармен осынша к?н ?оректенеді. Ал ауа райы ысты? болса, ?ыры?уындыны? ?мір с?руі 45-50 к?нге дейін ?ыс?арады. Олар а?аштарды? жапыра?тарын к?ндіз-т?ні отаудан шаршамайды. ?бден ?лкейген ??рт пілл?дан алын?ан талшы? жіппен ?зін-?зі орап тастайды да,15 к?н тынышты?та жатады. Кейін одан шы??ан к?белектер тамыз-?ырк?йек айларында 15 к?ндей ?ана ?мір с?ріп, а?ашты? ді?гегіне ж?мырт?асын салып ?лгіреді.

??ртты? талшы? жіп ар?ылы т?мен салбырап т?ратынын талай к?ріп ж?рсіздер. Б?л оларды? бір орыннан келесі азы? жейтін жерге ауысу?а дайынды?тары. Я?ни салбырап т?р?ан ??ртты жел екпіні келесі аума??а ?шырып жеткізеді. ??рт ?шін а?аштан т?сіп, келесі жерге бауырымен жор?алап жету о?ай емес. Оны? ?стіне б?л ж?ндік 40 минут жапыра? жемесе ?лсіреп ?алады, сонды?тан о?ан азы?ына тез жету керек. Жібек ??ртынан шы??ан к?белекті? еркегі к?ндіз ?ша алады, ал ?р?ашысы тек т?нде шы?ады. Б?л  ?р?ашы к?белектерді? денесі ірі, ауыр болатынды?тан да шы?ар, сондай-а? са?ты?тан ту?ан ?рекет те бар деп ойлаймын. К?ндіз оларды аулайтындар ?атары к?п. Сонда?тан жібек ??рты к?белек болып ?шып кеткен со?, оны? ?ліп ?алуы екіталай, я?ни ?р аналы? ?зіні? бірнеше ?ры?ын ?алдырып кетеді.

ЖІБЕК ??РТЫН ?АЛАЙ ??РТАМЫЗ

Б?л сауалды? жауабын табу ?шін жергілікті мамандар?а жолы?уды ж?н к?рдік.  Осындай ж?мыс ат?арып ж?рген к?сіпорындарды? бірі “Gard-сервис” АА?-ны? бізді???ірдегі б?лімшесіне хабарласты?. Олар биыл т?ртінші жыл жаз айларында ??ірдегі парсыз жібек ??ртымен к?ресті. Оны? басты?ы М?ден Ж?ма??лов ж?мыс ж?ргізілген кезде бізді ерте алмайтындарын айтты, біра? ол ж?мысты? ?алай ?йымдастырылатыны туралы ке? баяндап берді.

Оларды? ?здеріні? арнайы к?ліктері мен мамандан?ан ?ызметкерлері бар. Ж?мысты? ?алай ж?ргізілетінін білмеген адам ол ?ызметті ат?ара алмайды. Олар сумен араластырыл?ан химиялы? ертіндіні ауа?а т?ман т?рінде тарату ар?ылы а?ашты? жапыра?тарында отыр?ан ??рттрады ?лтіреді. Т?манны? ?са? б?лшектері ж?ндіктерді улайтын д?рі. Т?ман к?ндіз тез буланып, аспан?а к?теріліп кететіндіктен, ж?мыс тек т?нде ат?арылады. К?н бат?ан кезде ж?мыс басталып, та??ы шуа?ты? атарына 20 минут ?ал?анда ж?мыс то?татылады. Бір шашыл?ан д?рі желді? ба?ытымен 500 метрге дейін тарайды. Ауа райы ?олайлы болса, екі адамнан ??рыл?ан топ бір т?нде 1000 гектар жерді ??дейді. Ж?мыс желді? ба?ытына байланысты. Желсіз тыны? ауа немесе ?атты жел ж?мысты тиімді етпейді. Олар?а жел секундына 5-15 метр со?са ы??айлы. Жібек ??ртымен к?рес ?лкен м?селе. Былтыр к?сіпорын ??ірімізді осы зиянкестерден тазарту ?шін 14 “КамАЗ” к?лігін іске ?ос?ан. Биыл 16 к?лік ж?мыс?а ж?мылдырылды.Б?л аса ма?ызды м?селе бол?нады?тан зиянкестерді ??рту ?шін мемлекет ?аржы б?ліп отыр. Ал ?ай жерде ?анша ??рт болатынын ?р аума?ты? орманшысы білуі керек. Солар аума?ын зерттеп оны жазда д?рілеу ?шін а?парат береді. Былтыр 250 мы? гектар жердегі жібек ??ртынан тазарту ж?мыстары ж?ргізілсе, биыл орманшылар 300 мы? гектар аума?ты тазарту кекертігін айт?ан. Б?л санды? к?рсеткішк е?арап, біз ??ртты? таралуы жылдан-жыл?а ?л?айып келеді деп айта аламыз. Ал егер жасыл а?ашты жібек ??рты ?атарынан екі жыл жесе, ол  а?аш ?шінші жылы ?урап ?алады.

Жалпы жібек ??ртымен к?ресте д?рі-д?рмектерді? т?рі к?п. Оларды ?серіне  ?арай та?дай білу керек. А?ашта ??рт-??мырс?алар болмай ?оймайды. Біра? олар к?бейіп кетсе, ?лкен зиян ?келеді. Сонды?тан зинянкестермен к?ресетін мекеме бар. Ал оларды? ж?мысында?ы тиімділікті ?алай тексеруге  болатынын да мамандардан с?рап білдік. Бір а?ашта мы?да?ан ??рттар болса, ол оны? тіршілігіне ?ауіп т?ндіреді. ?детте оларды? ж?мыс н?тижесін тексеру ?шін мынадай т?сіл бар: ?атар т?р?ан ??рт ?апта?ан екі а?ашты? бірін алдын-ала т?селген ш?беректі? ?стіне ??латып, о?ан т?скен ??рттарды? саны шы?арылады. Ал аума?та ж?мыс ж?ргізіліп, ?олданыл?ан химикат сі?ірілгеннен кейін екінші а?аш ??латылып, онда?ы ?ал?ан ??рттар саналады. Алды??ы мен со??ы а?ашта?ы ??рттар саныны? айырмашылы?ы 95 пайыздан жо?ары болса, ж?мыстарына о? ба?а беріледі.

Химиялы? ертіндіні? т?рлері к?п. Бізді? ??ірде к?біне химикаттар ?олданылады. Ал ресейліктер жібек ??ртын биологиялы? ?сермен жоюды ?натады, дейді мамадар. Б?л т?сіл ?орша?ан орта?а аз зиян тигізеді деп т?снідірді. Ол ??ртты улап ?лтірмейді, жапыра??а б?ркілген ертінді ж?ндікті кілейлеп тастайды. Химиялы? т?сілді? бас?а ж?ндіктерге зияны бар. ?сіресе химиялы? ??деу ж?ргізілетін жерде омарташылы? болса, о?ан алдын ала ескерту жасау керек. Себілген д?ріден аралар жаппай ?ырылып ?алуы ы?тимал. Білгілі бір уа?ыт?а дейін ол жерлерге мал жайылма?аны ж?н.

Жібек ??рты тек орманды ал?аптарда ?ана емес, ауылдарды? ішіндегі а?аштарда да кездеседі. Ал ??рт т?скен жер тазартылмаса, а?аш ??риды. Жібек ??рты б?гін ?ана пайда бол?ан жо?, ол б?рыннан бар. ?ткен ?асырды? 80-шы жылдары да ?лкен м?лшерде бол?ан. На?ашы а?амнан с?ара?анымда ол ?мір с?рген  ауылда “??рт т?скен” деп атал?ан ?лкен орман болыпты. Кейін сол орман жойылып кетті. ?йткені жібек ??рты оны? ?рі ?арай ?суіне кедергі жаса?ан.

Мен с?хбат ал?ан мамандар жібек ??ртымен к?ресті кешіктіріп алды? дейді. Б?л ж?мыс ?ткен ?асырды? 90-шы жылдары басталуы керек еді. Егер бір к?белек тамыз айында бір а?ашты? т?біне 200-ге дейін ж?мырт?а салып кететін 

болса, оны? ?сімділігі туралы ??гіме ?оз?ауды? ?зі ?ор?ынышты. Сонды?тан оларды? санын кемітуге м?мкіндік болмай келеді. Сондай-а?, Солт?стік ?аза?стан облысында м?нымен айналысып ж?рген жал?ыз компания бар, ол  “Gard-сервис” АА?. Б?л компанияны? облысымызды? ?лкен орманды ал?абын толы? ??деп шы?у?а шамасы жетпей келеді. Сонды?тан парсыз жібек ??ртын азайту?а м?мкіндік болмай отыр. Олар?а к?мек керек.

“Gard-сервис” ж?мысы барлы? жерде ж?ргізуге р??сат етілмейтінін де ?мытпа?ан ж?н. М?селен олар ауыл-айма??а, адамдар шо?ырлан?ан жерлерге барып, химиялы? д?ріні себе алмайды. А?аштарды аздап д?рілесе де к?п ?олдана алмайды. Сонды?тан кейде ауыл, ?ала ішіндегі а?аштарда жібек ??ртыны? ж?мырт?алары жа?сы са?талып алуы м?мкін. Сонда кейін к?ктемде олар оянып, а?аштарды? жапыра?ын жейді. Олармен к?ресті? т?р?ындар ?шін  ?арапайым жолдар бар. Соны? бірі к?белекті? а?аш т?біне сал?ан ?яшы?тарын тая?пен т?ртіп,  онда?ы ж?мыр?аларды жарамсыз ету.  М?селен, жібек ??рты к?белегіні? ж?мрт?алары орналас?ан а?ашты? т?бін пергілеген кезде, ж?мырт?а шай?алып, одан ??рт шы?пайды. М?ндай ?рекетті ойнап ж?рген балалар да жасай алады. Т?р?ындар ?шін ??рт ж?мырт?аларынан ??тылуды? та?ы бір ?арапайым т?сілі бар. Ол а?аштарды? т?бін а? балшы?, известпен ?арту. А?аштарды? т?бін а?арт?ан кезде ол жерге еш?андай ??рт ?я салмайды. А?арту ж?мыстары к?бінде к?ктем айларында ж?ргізіледі. Сондай-а? к?зде де осындай профилактикалы? ж?мыстар ж?ргізссе, ??рттардан а?аштарды ?те тиімді ??т?арамыз.  

Жалпы ж?рт зиянкестермен ?алай к?рес ж?ргізу керектігіне м?н бере бермейді. Былтыр облыс орталы?ында?ы Петропавл ауыр машина жасау зауытыны? ма?ында?ы а?аштар осы жібек ??ртынан ?атты за?ымдалды. Біра? сол жолы к?сіпорын ж?мысшылары топпен шы?ып, ?рбір адам бір-екі а?ашты? т?бін тазаласа, м?селе о? шешілер еді. Олар жасыл желек желініп ?ал?анын к?рген со? арнайы мамандарды ша?ырып, тазартып алды.

?ОРЫТЫНДЫ

     Жасыл ?сімдікті? адамзат ?шін ма?ызы зор. Біз оны 1-ші сыныптан бастап мектеп ба?дарламасында о?ып келеміз. Жасыл желектен б?лінетін оттегі болмаса адамзатты? тыныс алуы ауырлайды. ?ылыми зерттеу басылымдарында,  БА? беттері мен ба?дарламаларда осыдан бірнеше онда?ан ?асыр б?рын жер бетін жасыл желек ора?аны айтылады. Б?гінде адам факторыны? ?серінен жасыл ?сімдіктерді? ?атары азай?ан. Жа?ында мен ол туралы мынадай бір дерек о?ы?ан едім:  «Еуропа мемлекеттеріні? жер аума?ын жасыл желек ора?аны ?ткен ?асырларды? еншісінде ?алды. Б?гінде оларды? 1/3 ?ана орманды ал?ап. Ормандары жа?сы са?тал?ан ел –  Финляндия. Оны? жеріні? 70 пайызы жасыл желек. Орман?а ж?та?ан ел – ?лы Британия, жер аума?ыны? 6 пайызында ?ана а?аш ?седі. Жыл сайын ?лемде 13 миллион гектар а?аш кесіледі. Ал орнына егілетіні 6 миллион гектар ?ана. Бір секундта, я?ни ?ас-?а?ымда ?лкен футбол ала?ындай жерді? а?ашы ??ртылады. Жер шарында а?ашты? 100 мы? т?рі бар болса, соны?  8000-на ??рып кету ?ауіпі т?нуде» - делінген.

Жасыл желекті ?зіні? тіршілігі ?шін пайдаланатындар жал?ыз адамдар емес, сондай-а? тіршілікті? бас?а да иелері. Соларды? бірі біз жо?арыда с?з еткен парсыз жібек ??рты. Біз олардан а?аштарды ?ор?амаса?, бірнеше онда?ан жылдан кейін ?кініп ?алуымыз м?мкін. Сонды?тан барша адамзатты жасыл желекке ерекше ?ам?орлы? пен жанашырлы? таныту?а ша?ырамын!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ылыми жоба "Жібек ??ртыны? жасыл желекке залалы" »


4.


К І Р І С П Е


Солтүстік Қазақстан облысын ақ қайыңдар өлкесі деп атайды. Оның бұл ерекшелігін біз мақтан етеміз. Өлкеміздегі орманды алқап 430.467 гектар болса, оның 70 пайызы қайың. Орман табиғат ресурсы болып саналатындықтан оны қорғау, өсіру адамдардың міндеті. Алайда осы орманды алқап жылдан-жылға азайып барады. Ағаштар отқа оранады, отын ретінде пайдалу үшін кесіледі. Ол аздай жаз келсе, жасыл желектің өсіп-өнуіне үлкен кесел тигізетіндердің бірі – құрт-құмырсқалар.

Мен табиғаттың осы бір қиындығы қалай туатынын, онымен күресті қалай жүргізуге болатынын зерттеп көрмек болдым. Ал нысан ретінде жасыл ағаштарға зияны көп жұпсыз жібек көбелегін алдым. Бұл ой маған былтыр келген еді. Оқу жылы аяқталып, жазғы каникулға шыққан кезде біз отбасымызбен ауылда тұратын нағашымызға қонаққа бара жаттық. Көлік терезесінен табиғаттың әсемдігін тамашалап отырған мен, жол жиегіндегі бір топ ағаштың жапырағынан айырылып, жартылай сидиып тұрғаны көрдім. Оның мәнісін әкемнен сұрадым. Ол сонда: “Бұл құрт жеген ағаштар ғой. Жапырағынан ерте айырылыпты” – деді. Сол кезде ол құрттың қандай болатынын, ол қалай ағашты құртатынын және оған мұндай әрекетке қалай жол бермеуге болатынын білгім келді. Бірақ ол туралы түсінігім жоқ болғандықтан, ос тақырыпты зерттеп көрсем деген ой келді. Орманға кеселі көп жәндіктер туралы ақпараттарды жинауға тырыстым.










5.

ЖІБЕК ҚҰРТЫ ТАЛАЙ АҒАШТЫ ҚҰРТТЫ

ЗЕРТТЕУ ӘРЕКЕТІНЕ ҚАЛАЙ КІРІСТІМ

Өңіріміз жасыл желекке оранып, дала түрленіп, жұрттың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігі артып тұрған маусым-шілде айларында ағаштардың жапырағы түсіп, жалаңаштанып қалатыны кез келген адамды ойландырып жүргені сөзміз. Өйткені адамзаттың табиғат сыйысыз өмір сүре аламайтындығы сөзсіз. Ал ақ қайыңдардың жаз басталса, жаңадан өсіп келе жатқан жапырақтарынан айырылатындығы бір емес, бірнеше жыл бойы қайталанып жүрген көрініс екен. Біздің Солтүстік Қазақстан өңірінде маусым айында күн шуағына сүйсіне көгеріліп келе жатқан ағаштардағы жапырақтар адамды ерекше сүйсіндіреді. Мен нысан ретінде аққайың ағашын алдым. Өйткені құрт осы ағаштың жапырақтарына әуес. Діңгегі аппақ, түзу өсетін бұл ағаш басқаларға қарағанда сымбатты. Аққайыңды орманның ішіне енген кезде жас жапырақтардың балаң сылдыры құлағыңа еміс-еміс естіліп, жан дүниеңді ерекше бір күйге ендіреді. Әдемі құбылыс. Осындай әсем дүниеге зиянкестік жасаған кезде ренжисің.

Мен әкеме осы зиянкес көбелекті зерттеуге көмектесуді сұрадым. Ол келісті. Петропавл қаласының солтүстік-шығысында Петропавл ауыр машина жасау зауытының сырт жағында аққайыңды орам бар. Әкем екеуіміз сол жердегі ағаштарды нысанға алуға келістік. Өйткені былтыр теледидарда сол жердің ағаштарының жапырағын құрт жеп жатыр деген ақпаратты естіген болатынбыз. Зерттеу жұмысының жоспарын жасаған кезде ол жердегі ағаштарды қар еріп, орман іші жүруге болатын кезден бастап қадағалауды жөн көрдік. Өзімізге белгілеп бес ағаштың тұп жағындағы қабықтың астына жібек құртының көбелегі ұя салғанын аңғардық. Оның біреуінде көп екен. Қалғанында аздау. Алдын ала оқыған ақпаратымызға байланысты ағаштың қабығына қол тигізбедік. Сырттай бақылап кеттік. Көктем бойы араға 10-12 күн салып, бір бақылап кетіп жүрдік. Ондағы ойымыз ағаш қабығына ешқандай сырт

6.

күштердің болмағанын анықтау. Өйткені, көбелектің салып кеткен жұмыртқаларын қатты затпен түртсең, олар әрі қарай өмір сүрмейді. Ал бізге оның дамығаны керек. Сондықтан оларға тиіспейміз.



ЖІБЕК ҚҰРТЫ ҚАЛАЙ ДАМИДЫ

Осы жерде түрлі ғылыми зерттеулерге, жарияланған ақпарттарға сүйене отырып, жапырақ кеміргіш зиянкес жұпсыз жібек көбелегі туралы әңгіме тарқатқанымыз жөн болар. Жұмыртқа, қырықбунақ, дернәсіл және көбелек сатысымен дамитын жәндіктің құрт кезіндегі зинякестігі өте жоғары. Соңғы жылдары жібек құртынан орманды алқаптардың тозуы күрделі мәселе болып жүр. Жапырақ жеуден басқаны білмейтін мыңдаған жібек құрты ағашқа түскен кезде, ол өсімдіктен не қалатынын көз алдыңызға елестетіп көрсеңіз. Оны ұдайы көріп жүрген адамдардың өзі бұл жәндіктің зиянкестігіне шошына қарайды. Жұмыртқадан қаламның ұшындай ғана болып шығатын құрт бір-бір жарым ай бойы дамылсыз жапырақ жеп, 70 есеге дейін үлкейеді. Ол өзінің бастапқы салмағынан 6000 есе көп жапырақ жейді. Бұғы, марал сияқты түз тағыларының өзі осы құрттар сияқты жасыл массаны көп жей алмайды. Олар омыртқалыларға қарағанда 100 есе жылдам өседі. Бұл зиянкестердің қомағайлығы мен көбеюі екпінді.

Табиғаттың адам танып білмейтін құпиялары көп. Қоршаған ортаны түбегейлі танып білу мүмкін емес. Алайда санасыз құрт-құмырсқа әрекеттерінің өзі адамды таңғалдырады. Жібек құртын зерттеушілер ондай қызғылықты әрекеттердің бірақатарымен бөліседі. Мәселен, ұрғашы көбелектер ағаштың түбіне келіп, жұмыртқа салған кезде алдағы қыстың қандай болатынын болжай алады екен. Егер ол жұмыртқасын ағаш діңгегінің жерден 5 сантиметр биігіне орналастырса, келер қыс суық болады деген сөз. Ал егер ол ұяшықтарды жоғары көтерсе, қыс жылы болады. Қалыпты жағдайды жібек көбелегі жұмыртқаларын ағаш діңгегінің 4 метр биіктігіне дейін

7.

орналастырады. Жұмыртқалары ақ жағал үлпемен бүркілген. Осындай қалыпта

олар қақаған қыстың ызғарына сақталып шығады. Өйткені қыс суық болады деп күтілсе, көбелек жұмыртқаларын қармен көмкерілетіндей етіп, төмен салады.

Күзде ағаш діңгегінің төменгі жағына салынған ұяшықтардағы жұмыртқадан қырықбуынды құрттар шығады. Ауа жылып, егістік басталған кезде олар да ояна бастайды. Бір жұмыртқадан бір құрт шығады. Бір көбелек 200-250 жұмырьқа салып кетеді. Кішкентай ғана құрт ағаштың жоғарғы жағына өрмелеп, жапырққа жетіп орныққан соң, оны жей бастайды. Қырықбуындының белсенділігі 70-80 күн, яғни ол жақтарақтармен осынша күн қоректенеді. Ал ауа райы ыстық болса, қырықуындының өмір сүруі 45-50 күнге дейін қысқарады. Олар ағаштардың жапырақтарын күндіз-түні отаудан шаршамайды. Әбден үлкейген құрт пілләдан алынған талшық жіппен өзін-өзі орап тастайды да,15 күн тыныштықта жатады. Кейін одан шыққан көбелектер тамыз-қыркүйек айларында 15 күндей ғана өмір сүріп, ағаштың діңгегіне жұмыртқасын салып үлгіреді.

Құрттың талшық жіп арқылы төмен салбырап тұратынын талай көріп жүрсіздер. Бұл олардың бір орыннан келесі азық жейтін жерге ауысуға дайындықтары. Яғни салбырап тұрған құртты жел екпіні келесі аумаққа ұшырып жеткізеді. Құрт үшін ағаштан түсіп, келесі жерге бауырымен жорғалап жету оңай емес. Оның үстіне бұл жәндік 40 минут жапырақ жемесе әлсіреп қалады, сондықтан оған азығына тез жету керек. Жібек құртынан шыққан көбелектің еркегі күндіз ұша алады, ал ұрғашысы тек түнде шығады. Бұл ұрғашы көбелектердің денесі ірі, ауыр болатындықтан да шығар, сондай-ақ сақтықтан туған әрекет те бар деп ойлаймын. Күндіз оларды аулайтындар қатары көп. Сондақтан жібек құрты көбелек болып ұшып кеткен соң, оның өліп қалуы екіталай, яғни әр аналық өзінің бірнеше ұрығын қалдырып кетеді.



8.

ЖІБЕК ҚҰРТЫН ҚАЛАЙ ҚҰРТАМЫЗ

Бұл сауалдың жауабын табу үшін жергілікті мамандарға жолығуды жөн көрдік. Осындай жұмыс атқарып жүрген кәсіпорындардың бірі “Gard-сервис” ААҚ-ның біздіңөңірдегі бөлімшесіне хабарластық. Олар биыл төртінші жыл жаз айларында өңірдегі парсыз жібек құртымен күресті. Оның бастығы Мәден Жұмағұлов жұмыс жүргізілген кезде бізді ерте алмайтындарын айтты, бірақ ол жұмыстың қалай ұйымдастырылатыны туралы кең баяндап берді.

Олардың өздерінің арнайы көліктері мен маманданған қызметкерлері бар. Жұмыстың қалай жүргізілетінін білмеген адам ол қызметті атқара алмайды. Олар сумен араластырылған химиялық ертіндіні ауаға тұман түрінде тарату арқылы ағаштың жапырақтарында отырған құрттрады өлтіреді. Тұманның ұсақ бөлшектері жәндіктерді улайтын дәрі. Тұман күндіз тез буланып, аспанға көтеріліп кететіндіктен, жұмыс тек түнде атқарылады. Күн батқан кезде жұмыс басталып, таңғы шуақтың атарына 20 минут қалғанда жұмыс тоқтатылады. Бір шашылған дәрі желдің бағытымен 500 метрге дейін тарайды. Ауа райы қолайлы болса, екі адамнан құрылған топ бір түнде 1000 гектар жерді өңдейді. Жұмыс желдің бағытына байланысты. Желсіз тынық ауа немесе қатты жел жұмысты тиімді етпейді. Оларға жел секундына 5-15 метр соқса ыңғайлы. Жібек құртымен күрес үлкен мәселе. Былтыр кәсіпорын өңірімізді осы зиянкестерден тазарту үшін 14 “КамАЗ” көлігін іске қосқан. Биыл 16 көлік жұмысқа жұмылдырылды.Бұл аса маңызды мәселе болғнадықтан зиянкестерді құрту үшін мемлекет қаржы бөліп отыр. Ал қай жерде қанша құрт болатынын әр аумақтың орманшысы білуі керек. Солар аумағын зерттеп оны жазда дәрілеу үшін ақпарат береді. Былтыр 250 мың гектар жердегі жібек құртынан тазарту жұмыстары жүргізілсе, биыл орманшылар 300 мың гектар аумақты тазарту кекертігін айтқан. Бұл сандық көрсеткішк еқарап, біз құрттың таралуы жылдан-жылға ұлғайып келеді деп айта аламыз. Ал егер жасыл ағашты жібек құрты қатарынан екі жыл жесе, ол ағаш үшінші жылы қурап қалады.

Жалпы жібек құртымен күресте дәрі-дәрмектердің түрі көп. Оларды әсеріне

9.

қарай таңдай білу керек. Ағашта құрт-құмырсқалар болмай қоймайды. Бірақ олар көбейіп кетсе, үлкен зиян әкеледі. Сондықтан зинянкестермен күресетін мекеме бар. Ал олардың жұмысындағы тиімділікті қалай тексеруге болатынын да мамандардан сұрап білдік. Бір ағашта мыңдаған құрттар болса, ол оның тіршілігіне қауіп төндіреді. Әдетте олардың жұмыс нәтижесін тексеру үшін мынадай тәсіл бар: қатар тұрған құрт қаптаған екі ағаштың бірін алдын-ала төселген шүберектің үстіне құлатып, оған түскен құрттардың саны шығарылады. Ал аумақта жұмыс жүргізіліп, қолданылған химикат сіңірілгеннен кейін екінші ағаш құлатылып, ондағы қалған құрттар саналады. Алдыңғы мен соңғы ағаштағы құрттар санының айырмашылығы 95 пайыздан жоғары болса, жұмыстарына оң баға беріледі.

Химиялық ертіндінің түрлері көп. Біздің өңірде көбіне химикаттар қолданылады. Ал ресейліктер жібек құртын биологиялық әсермен жоюды ұнатады, дейді мамадар. Бұл тәсіл қоршаған ортаға аз зиян тигізеді деп түснідірді. Ол құртты улап өлтірмейді, жапыраққа бүркілген ертінді жәндікті кілейлеп тастайды. Химиялық тәсілдің басқа жәндіктерге зияны бар. Әсіресе химиялық өңдеу жүргізілетін жерде омарташылық болса, оған алдын ала ескерту жасау керек. Себілген дәріден аралар жаппай қырылып қалуы ықтимал. Білгілі бір уақытқа дейін ол жерлерге мал жайылмағаны жөн.

Жібек құрты тек орманды алқаптарда ғана емес, ауылдардың ішіндегі ағаштарда да кездеседі. Ал құрт түскен жер тазартылмаса, ағаш құриды. Жібек құрты бүгін ғана пайда болған жоқ, ол бұрыннан бар. Өткен ғасырдың 80-шы жылдары да үлкен мөлшерде болған. Нағашы ағамнан сұарағанымда ол өмір сүрген ауылда “Құрт түскен” деп аталған үлкен орман болыпты. Кейін сол орман жойылып кетті. Өйткені жібек құрты оның әрі қарай өсуіне кедергі жасаған.

Мен сұхбат алған мамандар жібек құртымен күресті кешіктіріп алдық дейді. Бұл жұмыс өткен ғасырдың 90-шы жылдары басталуы керек еді. Егер бір көбелек тамыз айында бір ағаштың түбіне 200-ге дейін жұмыртқа салып кететін

10.

болса, оның өсімділігі туралы әңгіме қозғаудың өзі қорқынышты. Сондықтан олардың санын кемітуге мүмкіндік болмай келеді. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысында мұнымен айналысып жүрген жалғыз компания бар, ол “Gard-сервис” ААҚ. Бұл компанияның облысымыздың үлкен орманды алқабын толық өңдеп шығуға шамасы жетпей келеді. Сондықтан парсыз жібек құртын азайтуға мүмкіндік болмай отыр. Оларға көмек керек.

“Gard-сервис” жұмысы барлық жерде жүргізуге рұқсат етілмейтінін де ұмытпаған жөн. Мәселен олар ауыл-аймаққа, адамдар шоғырланған жерлерге барып, химиялық дәріні себе алмайды. Ағаштарды аздап дәрілесе де көп қолдана алмайды. Сондықтан кейде ауыл, қала ішіндегі ағаштарда жібек құртының жұмыртқалары жақсы сақталып алуы мүмкін. Сонда кейін көктемде олар оянып, ағаштардың жапырағын жейді. Олармен күрестің тұрғындар үшін қарапайым жолдар бар. Соның бірі көбелектің ағаш түбіне салған ұяшықтарын таяқпен түртіп, ондағы жұмырқаларды жарамсыз ету. Мәселен, жібек құрты көбелегінің жұмртқалары орналасқан ағаштың түбін пергілеген кезде, жұмыртқа шайқалып, одан құрт шықпайды. Мұндай әрекетті ойнап жүрген балалар да жасай алады. Тұрғындар үшін құрт жұмыртқаларынан құтылудың тағы бір қарапайым тәсілі бар. Ол ағаштардың түбін ақ балшық, известпен ғарту. Ағаштардың түбін ағартқан кезде ол жерге ешқандай құрт ұя салмайды. Ағарту жұмыстары көбінде көктем айларында жүргізіледі. Сондай-ақ күзде де осындай профилактикалық жұмыстар жүргізссе, құрттардан ағаштарды өте тиімді құтқарамыз.

Жалпы жұрт зиянкестермен қалай күрес жүргізу керектігіне мән бере бермейді. Былтыр облыс орталығындағы Петропавл ауыр машина жасау зауытының маңындағы ағаштар осы жібек құртынан қатты зақымдалды. Бірақ сол жолы кәсіпорын жұмысшылары топпен шығып, әрбір адам бір-екі ағаштың түбін тазаласа, мәселе оң шешілер еді. Олар жасыл желек желініп қалғанын көрген соң арнайы мамандарды шақырып, тазартып алды.



11.


ҚОРЫТЫНДЫ

Жасыл өсімдіктің адамзат үшін маңызы зор. Біз оны 1-ші сыныптан бастап мектеп бағдарламасында оқып келеміз. Жасыл желектен бөлінетін оттегі болмаса адамзаттың тыныс алуы ауырлайды. Ғылыми зерттеу басылымдарында, БАҚ беттері мен бағдарламаларда осыдан бірнеше ондаған ғасыр бұрын жер бетін жасыл желек орағаны айтылады. Бүгінде адам факторының әсерінен жасыл өсімдіктердің қатары азайған. Жақында мен ол туралы мынадай бір дерек оқыған едім: «Еуропа мемлекеттерінің жер аумағын жасыл желек орағаны өткен ғасырлардың еншісінде қалды. Бүгінде олардың 1/3 ғана орманды алқап. Ормандары жақсы сақталған ел – Финляндия. Оның жерінің 70 пайызы жасыл желек. Орманға жұтаған ел – Ұлы Британия, жер аумағының 6 пайызында ғана ағаш өседі. Жыл сайын әлемде 13 миллион гектар ағаш кесіледі. Ал орнына егілетіні 6 миллион гектар ғана. Бір секундта, яғни қас-қағымда үлкен футбол алаңындай жердің ағашы құртылады. Жер шарында ағаштың 100 мың түрі бар болса, соның 8000-на құрып кету қауіпі төнуде» - делінген.

Жасыл желекті өзінің тіршілігі үшін пайдаланатындар жалғыз адамдар емес, сондай-ақ тіршіліктің басқа да иелері. Солардың бірі біз жоғарыда сөз еткен парсыз жібек құрты. Біз олардан ағаштарды қорғамасақ, бірнеше ондаған жылдан кейін өкініп қалуымыз мүмкін. Сондықтан барша адамзатты жасыл желекке ерекше қамқорлық пен жанашырлық танытуға шақырамын!







Пайдаланған әдебиеттер:


  1. «Солтүстік Қазақстан» газеті беттерінде жарық көрген мақалалар.

  2. «Экология» журналы, №10, 2012.

  3. Интернет желісіндегі материалдар мен суреттер.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
?ылыми жоба "Жібек ??ртыны? жасыл желекке залалы"

Автор: Саян ?лішер Ерлан?лы

Дата: 02.11.2015

Номер свидетельства: 246846


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства