Қазақ музыкалық аспаптарын қолда бар материалдан қалай жасауға болады. Сабаққа қажетті ақпарат: (2 минут) Дауылпаз. Пішіні дөңгелек болып келген бос қорапты алыңыз. Қақпағын қорапқа тығыздап жауып, жиегін скотчпен бекітіңіз. Барабан таяқшалары орнына қарындаштар пайдалануға болады. Ішекті аспаптар. Домбыра, қобыз, жетіген істеуге болады. Аспаптарды жасауға қатырмақағаз, қораптың қақпағын, ағаш сызғыш, шере, жұқа тақтайша қолдануға болады. Ішекті қармақ жібінен істеңіз. Ішектің астынан қарындаш салыңыз. Ішекті аспапты жасау оқушылардан ептілік пен шеберлікті талап етеді. Оларға тақтайшаға белгі қояды, сызғышпен жұмыс істейді және қармақ жібін бекітеді. Шулы аспаптар. Бос пластикалық бөтелке, азық- түлік салуға арналған пластикалық ыдыс, темір қораптар алыңыз. Ішіне бұршақ тұқымдастар дәнін, бұршақ, күріш, жасымық сияқты заттарды салыңыз. Сондай-ақ шытыра-моншақ пен моншақтарды да пайдалануға болады. Сабақ бойынша ескертпе. (3 минут) Сабақтың басында оқушыларға шебердің домбыра жасап жатқан сәті түсірілген бейнематериалды көрсетіңіз. Бейнематериалдың сілтемесі. https://www.youtube.com/watch?v=JLj7hT1XJvQ Оқушыларға шебердің жұмысын мұқият қадағалап отыруды ескертіңіз. Назарларын шебер жұмыс істеп жатқан табиғи материалға аударыңыз. Бейнематериалды көріп шыққан соң, атқаратын жұмыстарына дайындалсын. Өткен сабақта салған суреттерін және музыкалық аспап жасау үшінүйден әкелген материалдарын шығарсын. Өткен сабақта айтылған ақпаратты естеріне түсіру үшін домбыра, дауылпаз, асатаяқтың қандай табиғи материалдан жасалатынын сұраңыз. Одан кейін өзіңіз қайталама материалдардан жасаған аспабыңызды көрсетіңіз. Оқушыларға қолда бар материалдан аспап жасаудың соншалықты қызық жұмыс екенін айтыңыз. Олар жасайтын аспап нағыз аспапқа ұқсас болуы керек екенін ескертіңіз. Аспаптары қандай дыбыс шығаратынын сұраңыз. Қызықты және қажет ақпарат: Бұл ақпарат оқушылардың музыкалық аспап жасау туралы білімдерін кеңейтеді. Бұрын ішекті жылқы қылынан жасағанын айтыңыз. Ішекті аспаптың дыбысы жақсы шығу үшін ішегі жақсылап керілу керек. Ұрмалы аспаптың іші бос болу керек. Шулы аспаптардың құрамында даңғырлайтын бөлшектер болу керек. Практикалық жұмыс: (25 минут) Аспап жасау әдістері «Сабаққа қатысты деректі материалдар» бөлімінде берілген. Оқушылардан салған суреттері бойынша қандай аспап жасай алатынын сұраңыз. Суреттері мен қажетті қайталама материалдарын дайындап алып, аспап жасай бастауды тапсырыңыз. Техника қауіпсіздігін сақтауды міндетті түрде естеріне салыңыз. Өткір затпен жұмыс істегенде абай болу керек. Пәнаралық байланыс: (3 минут) өздері жасаған аспаптарында ойнап көруді ұсыныну. |