kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қолданбалы өнердің өрісі кең

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қолөнер туралы шығармашылық жұмысты сипаттайтын мақала.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қолданбалы өнердің өрісі кең»

Қолданбалы өнердің өрісі кең

Елбасымыздың 2017 жылдың сәуір айында жарияланған «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласында айтып өтілгеніндей, ұлттық мұраларымызды қадірлеу және оны көздің қарашығындай сақтай отырып, ғаламдық өркениетке сай бағыт-бағдарымызды анықтау қажеттігі айқындалды.

Бұл әсіресе ұлттық өнерді – қазақ халқының сан ғасырдан қалыптасып келе жатқан қолданбалы өнерінің мән-маңызын, ерекшеліктерін білуге жол ашады.

Осы тұста мектептегі бейнелеу сабақтары арқылы қолданбалы өнердің қыр-сырын білім алушыларға тереңірек үйрету мақсатында Маңғыстаудың өзіне тән бор тастарын пайдалануды қолға ала бастадым. Себебі бор тас қандай да бір қолданбалы өнерге тән заттардың өзін жасауға қолайлы және аса икемді болып келеді.

Бор тасты білім алушылар оңай өңдей алады. Олардан түрлі фигуралар мен пішіндер жасап, өздерінің шеберліктерін арттыра алады.

Мысалы мен қосымша сабақ барысында білім алушыларға гүл салатын құмыра жасауға тапсырма бердім және оны жасауда қажетті құралдармен, олардың қызметімен қысқаша таныстырып өткеннен кейін, оқушылар бірден іске кірісті.

Қолданбалы өнер аса мұқияттылықты, шеберлікті, ептілікті қажет етеді. Әйтпесе сәл мүлт кетудің өзі барлық еңбегіңді еш етіп жіберуі мүмкін. Сондықтан гүл салатын құмыраның алдымен сызбасын қалаған өлшемге сай сызып алған соң, соған лайық бор тас таңдап, қажетті құралмен жұмыс бастауға болады.

Қалай дегенмен тас болған соң, оны қашап, белгілі бір қалыпқа келтіру төзімділік пен шыдамдылықты нәрсенің сызбасын геометриялық симметрия арқылы дәл өлшеу де аса ыждағаттылықты талап етеді.

Міне, осындай әдіс-тәсілдер арқылы бейнелеу мен сызу пәндерінің бірлігін сақтай отырып, пәнаралық байланыстарды одан әрі дамытуға болады. Тарих пәні арқылы гүл салатын құмыралардың ертедегі жасалу тарихымен таныстыруға пайдалансақ, әдебиет пәнін, қолданбалы өнердің ерекшелігін үйретуге пайдалануға болады.

Қазір оқушылар мұндай жұмысқа біраз төселіп қалды. Өйткені күнделікті сабақ барысында іс-әрекетті қайталау арқылы қолын жаттықтырып, шеберліктерін шыңдай бастады. Оқушыларымның осы жұмысты ынтамен атқаруы менің бұл жұмысты одан әрі жүргізуіме шабыттандырады. Оқушылар тарапынан өз идеялары қалыптаса бастады.

Қорыта айтқанда, бейнелеу өнері сабақтарында туған жеріміздің тау-тастарын қадеге жарата отырып, оқушылардың қолданбалы өнерге деген сүйіспеншілігі мен мәдени мұраларымызға деген құрметін арттыра отырып, болашағымыз балаларға өз өлкеміздегі қолда барды пайдаланып, жоқтан бар жасауға үйретіп отырсақ, өнермен айналысар болашақ шеберлеріміз қалыптаса береді деген ойымды жеткізгім келеді.


ШАТЕНОВ ОРАЗБАЙ БЕРДІХАНҰЛЫ

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы

«Құрық ауылының №1 орта мектебі» КММ

бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі







Оқушылар жұмыс үстінде


Бор тастан қашалған геометриялық фигуралар мен құмыралар



Станокта ыдыс формасы қашалуда



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Қолданбалы өнердің өрісі кең

Автор: Шатенов Оразбай Бердіханұлы

Дата: 09.02.2018

Номер свидетельства: 455926

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) ""?нерліні? ?рісі ке?" "
    ["seo_title"] => string(21) "onierlinin-orisi-kien"
    ["file_id"] => string(6) "185287"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1426165428"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(103) "Декоративті- қолданбалы өнер.Пиротопия және пирография."
    ["seo_title"] => string(61) "diekorativti_k_oldanbaly_onier_pirotopiia_zh_nie_piroghrafiia"
    ["file_id"] => string(6) "376459"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1483879549"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "?ол?нер. С?ндік-?олданбалы ?нер элементтеріні? т?рлері."
    ["seo_title"] => string(61) "k-olonier-s-ndik-k-oldanbaly-onier-eliemienttierinin-turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "279174"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453203924"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "Бейнелеу өнері сабағында жаңа технологияны қолдану."
    ["seo_title"] => string(62) "bieinielieu_onieri_sabag_ynda_zhan_a_tiekhnologhiiany_k_oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "411832"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1493219288"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "О?ушыларды к?ркем е?бекке баулу "
    ["seo_title"] => string(38) "ok-ushylardy-korkiem-ien-biekkie-baulu"
    ["file_id"] => string(6) "177999"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1424763065"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства