Сурет –бейнелеу өнері түрлерінің: графиканың, мүсіннің,сәндік-қолданбалы өнердіңнегізін құрайды. Сурет адамның қоршаған ортаны танып білудежәне зерттеуде қажетті құралдарының бірі болып есептеледі.Оның көптеген түрлері бар,яғни,ол-техника,әдістері,жанрлар мен бағыттары және тақырыптарына байланысты ажыратылады.
Көркем қолданбалы өнерде кездесетін сурет, тұйық өрнек тәрізді композицияға сүйеніп салынады.Мұндай композициялық құрылымды құру жолында оқушы табиғи формалардан қолданбалы өнердің образын жасау үшін, жалпылау және қарапайымдау сияқты талаптарды орындайды. Бұл жұмысты орындау жолында, оқушыларға бейнелеу өнерінен алған білімі мен тәжірибесі көмектеседі Сонымен бірге,бейнелеу өнерінің қағаз бетіне заттың көлемін,бейнеленетін нәрсенің шынайы бейнесін, кеңістік әсерін, сызықтық және кеңістік перспективасын, жарық пен көлеңке ережелерін шешу т. б.заңдылықтарын көркем композициянықұру кезінде қолданбайтынын естен шығармау керек.Қолданбалы өнер үйірмесінде немесе шеберханада нәрсені жазықтық бетіне әсерлі дақтармен ырғақты құрылым құрып бейнелейді.