kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жеті жар?ы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Жеті жар?ы

Саба?ты? ма?саты:

                        Білімділік: Т?уке ханны? «Жеті жар?ысы» сия?ты за?дар жина?ы б?л ?азіргі т?уелсіз ?аза? елі Конституциясыны? бастамасы екенін білу. 

                        Т?рбиелік: О?ушыларды жа?а та?ырыпты тал?ылау?а, ?з 

                        бетімен ж?мыс істеуге ?йрету, ой ?рісін, ойлау ?абілетіні? 

                        белсенділігін арттыру.

                        Дамытушылы?: За? сыйла?ыш т?л?аны ?алыптыстыру.

Саба?ты? т?рі: Тренинг – саба?ы

Саба?ты? ?дісі: Глоссаий. Блиц- с?раныс. Тал?ылау.

Саба?ты? к?рнекілігі: ?анатты с?здер

Саба?ты? барысы:

  1. ?йымдастыру кезе?і.

О?ушылармен с?лемдесіп, сынып ?жымын саба??а бейімдеу.

Кіріспе с?з

        М??алім: Жеті жар?ы

Жеті жар?ы – Т?уке хан (1678 – 1718) т?сында ?абылдан?ан ?аза? хал?ыны? д?ст?рлі ?деп-??рып за?дарыны? жина?ы. 17-?асырда ?аза? ханды?ыны? ыдырау ?аупіні? тууына байланысты Т?уке хан елді? ауызбірлігін арттыратын шаралар ?арастырып, ханды? билікті ны?айту?а к?ш салды. ?аза? ?о?амыны? дамуы мы?ты билік пен бірлікті ?амтамасыз ете алатын жа?а за?дар ж?йесін ?ажет етті. Осы ретте Т?уке хан б?рыннан ?алыптас?ан д?ст?рлі ?деп-??рып за?дары мен ?зінен б?рын?ы хандарды? т?сында ?абылдан?ан “?асым ханны? ?ас?а жолы” мен “Есім ханны? ескі жолын” одан ?рі жетілдіру ар?ылы жа?а за? ж?йесін жасау?а тырысты. ?ш ж?зді? игі жа?сылары мен билерін жинап, оны? ішінде ата?ты Т?ле би, ?азыбек би, ?йтеке билер бар, К?лт?бені? басында “Т?уке ханны? Жеті жар?ысы” деген атау?а ие бол?ан за?дар жиынты?ын ?абылдады. Жеті жар?ы?а с?йенген ?аза? билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси ма?ызы бар м?селелерді тиімді шеше алды. Жа?а за? ж?йесі ?аза? хал?ыны? ?мірлік м?селелерін барлы? жа?ынан ?амтыды, соны? н?тижесінде Т?уке ханны? билік еткен т?сы ?аза? ханды?ыны? барынша к?шейіп, д?уірлеген кезі болды. Жеті жар?ыдан кейін арнайы атаулы за? ж?йесі жасалма?анды?тан ж?не Жеті жар?ыны? ?зі талап, тілекті ?ана?аттандырарлы? де?гейде бол?анды?тан, оны? к?птеген жол-жобалары мен ?а?идалары 20-?асырды? басына дейін ?олданылып келді. (Мысалы, б?л ?а?идалар?а Абай да ?лкен м?н бергені ж?не кезінде ?зі жаса?ан за? жобасында ескергені белгілі.) Жеті жар?ы, ?аза?ты? ?лтты? шешендік ?неріне сай, негізінен, афоризмдерден, ма?ал-м?телдерден, ?анатты с?здерден ??рал?ан. Б?л ж?йені мазм?нды?-кезе?дік жа?ынан “?асым ханны? ?ас?а жолы” мен “Есім ханны? ескі жолына” негізделген ж?не Т?уке ханны? ?з д?уіріне, саясатына сай енгізілген ?згерістер деп ?шке б?луге болады. Жеті жар?ыны? толы? н?с?асы са?талма?ан. Кейбір ?зінділері К.Ш?кір?лиевті? (1804), Я.Гавердовскийді? (1806), А.Левшинні? (1832) жазбаларында кезігеді. Олардан бас?а Н.Гродеков, Л.А. Словохотов, А.П. Чулошников т?різді орыс ?алымдарыны? зерттеулері мен айт?ан ой-пікірлері шежіреші ?.?айнарбай?лынан алын?ан н?с?а?а жа?ын келеді. Атал?ан н?с?ада Жеті жар?ыны? аталуы Т?уке хан енгізген жеті ?згеріске байланысты деген т?жырым жасалын?ан. Б?л ?згерістерде т?релер мен ?ожалар?а ерекше ???ы? беру ар?ылы билікті ны?айту ма?саты к?зделгені ай?ын бай?алады.

Онда жер дауы, отбасы ж?не неке за?ы, ?ылмыс пен ??н дауына, ?рлы?-?арлы?, тонаушылы??а ж?не ку?лік ету мен ант беру р?сімдеріне орай ?алыптасып, т?жырымдал?ан ?аза?ты? ?лтты? ?деп-??рып за?дары к?рініс тап?ан. «Жар?ы» с?зі ?аза?ша ?ділдік, шешім деген ??ымды білдірген. Т?пкі м?ні жарудан, н?рсені? салма?ын бір жа?ына аудармай, д?л де ?діл айырудан шы??ан. Дауды ?діл, тура шешкен билерді халы?: «?ара ?ылды ?а? жар?ан» деп мада?тайды. Ол заманда бас кетсе де ?діл с?йлеген.

Бізге белгілі, «?ысам ханны? ?ас?а жолы», «Есім ханны? ескі жолы» ж?не Т?уке ханны? «жеті жар?ысы» осы хан ке?сіні? шешімі ар?ылы жары??а шы?ып, елге тарал?ан. Ж??гір ханны? ?лы Т?уке «?асым ханны? ?ас?а жолын», «Есім ханны? ескі жолын» ?з д?уіріне сай етіп, сонда?ы ережелероді? жеті т?ріне к?рделі ?згеріс енгізгендіктен, ол ?згерістер «Т?уке ханны? Жеті жар?ысы» («Жеті жарлы?ы») аталып кеткен делінеді.

Мазм?ны

Бірінші жарлы?ы: «Халы?ты? ханы, с?лтаны, пірі-?зіреті ?астан ?лтірілсе, оларды? ?р?айсысы ?шін жеті кісіні? ??ны м?лшерінде ??н т?ленсін».

Екінші жарлы?ы: «Т?релер мен ?ожаларды? жай ?атарда?ы біреуі ?лтірілсе, оларды? ?р?айсысына («а?с?йекті?, пірді? т??ымы деп) екі кісіні? ??ны т?ленуі тиіс».

?шінші жарлы?ы: «Сырттан келген адам ?йге кірерде мініп келген атын боса?а?а байла?анды?тан біреуді теуіп ?лтірсе «б?тін ??н», ?йді? жапсарына байла?ан ат теуіп ?лтірсе «жарты ??н», ал ?йді? артына байла?ан ат теуіп ?лтірсе тек «ат-тон» айып тартады».

Т?ртінші жарлы?ы: «Ата-анасын ту?ан баласы ренжітіп, ?арсы келіп ?ол ж?мсаса, онда ол баланы ата-анасы ?лтіремін десе де ерікті, с?раусыз болады».

Бесінші жарлы?ы: «К?мелетке жеткен баласы ту?ан ата-анасына тіл тигізіп с?ккені ?шін (?ол тигізбесе) – ?ара сиыр?а немесе ?ара есекке теріс мінгізіп, мойнына ??рым іліп, б?кіл ауылды айналдыру керек».

Алтыншы жарлы?ы: «??да т?сіп, ??йры?-бауыр жескеннен со? – а? баталы жесір бас?а?а кетсе, о?ан берілген ?алы? мал жесір иесіне т?гел ?айтарылып, оны? ?стіне ?алы?сыз ?ыз немесе бір ?ызды? ?алы? малы т?ленсін».

Жетінші жарлы?ы: «?рыдан айыр т?йеге – нар, ат?а – аруана, тайла??а – атан, тай?а – ат, ?ой?а – тана т?летеді. Оны? ?стіне ?ш то?ыз айып т?лейді».

 ?азіргі та?да?ы еліміз т?уелсіздігін алып, о?ы мен солын танып, бары мен жо?ын т?гендеп жат?ан т?ста мемлекетімізді? ?абылдан?ан Конституциясы  ел дамуыны? т?с ба?дары болды десек ?ателеспейміз. Мемлект дегеніміз белгілі бір территориясы, шекарасы, р?міздері, ?лты бр жалпы халы?ты? ірі ?йым десек, сол ?аз? ?лтыны? т?л конституциясыны? ?абылдан?анына 15 жыл толып отыр. Енді аздап тарих?а к?з ж?гіртсек ?ыпша? хал?ында?ы (Х-Х1 ??.) «Кодекс Куманикус» я?ни кумандар за?дары, XVI ?. «?асым ханны? ?ас?а жолы, Есім ханны? ескі жолы», Т?уке ханны? «Жеті жар?ысы» сия?ты за?дар жина?ы б?л ?азіргі т?уелсіз ?аза? елі Конституциясыны? бастамасы болып табылады. Ал ХХ ?. ?зінде КСРО ??рамында болып т?р?ан кезде 1936 жылы 28 ?а?тарда ж?не ?азіргі ?олданыста ж?рген 1995 жылы 30 тамызда ж?рген Ата за?ымызда?ы билікті? ?ш тарма?ыны? за? шы?арушы (парламент), ат?арушы (?кімет) ж?не сот ?ызметтері бір арна?а то?ыстырылып, саяси институттарды? ж?мысы ?бден жетілдірілді ж?не е? бастысы б?л Конституция адам ж?не азамат ???ы?тарыны? ?ор?алуы жан – жа?ты ?арастырыл?ан орны?ты ??жат болып отыр.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жеті жар?ы. »

Сабақтың тақырыбы: Жеті жарғы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сияқты заңдар жинағы бұл қазіргі тәуелсіз қазақ елі Конституциясының бастамасы екенін білу.

Тәрбиелік: Оқушыларды жаңа тақырыпты талқылауға, өз

бетімен жұмыс істеуге үйрету, ой өрісін, ойлау қабілетінің

белсенділігін арттыру.

Дамытушылық: Заң сыйлағыш тұлғаны қалыптыстыру.

Сабақтың түрі: Тренинг – сабағы

Сабақтың әдісі: Глоссаий. Блиц- сұраныс. Талқылау.

Сабақтың көрнекілігі: Қанатты сөздер

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесіп, сынып ұжымын сабаққа бейімдеу.

Кіріспе сөз

Мұғалім: Жеті жарғы

Жеті жарғы – Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. (Мысалы, бұл қағидаларға Абай да үлкен мән бергені және кезінде өзі жасаған заң жобасында ескергені белгілі.) Жеті жарғы, қазақтың ұлттық шешендік өнеріне сай, негізінен, афоризмдерден, мақал-мәтелдерден, қанатты сөздерден құралған. Бұл жүйені мазмұндық-кезеңдік жағынан “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолына” негізделген және Тәуке ханның өз дәуіріне, саясатына сай енгізілген өзгерістер деп үшке бөлуге болады. Жеті жарғының толық нұсқасы сақталмаған. Кейбір үзінділері К.Шүкірәлиевтің (1804), Я.Гавердовскийдің (1806), А.Левшиннің (1832) жазбаларында кезігеді. Олардан басқа Н.Гродеков, Л.А. Словохотов, А.П. Чулошников тәрізді орыс ғалымдарының зерттеулері мен айтқан ой-пікірлері шежіреші Ә.Қайнарбайұлынан алынған нұсқаға жақын келеді. Аталған нұсқада Жеті жарғының аталуы Тәуке хан енгізген жеті өзгеріске байланысты деген тұжырым жасалынған. Бұл өзгерістерде төрелер мен қожаларға ерекше құқық беру арқылы билікті нығайту мақсаты көзделгені айқын байқалады.

Онда жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдеп-ғұрып заңдары көрініс тапқан. «Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл де әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық: «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтайды. Ол заманда бас кетсе де әділ сөйлеген.

Бізге белгілі, «Қысам ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «жеті жарғысы» осы хан кеңсінің шешімі арқылы жарыққа шығып, елге таралған. Жәңгір ханның ұлы Тәуке «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын» өз дәуіріне сай етіп, сондағы ережелеродің жеті түріне күрделі өзгеріс енгізгендіктен, ол өзгерістер «Тәуке ханның Жеті жарғысы» («Жеті жарлығы») аталып кеткен делінеді.

Мазмұны

Бірінші жарлығы: «Халықтың ханы, сұлтаны, пірі-әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін».

Екінші жарлығы: «Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлтірілсе, олардың әрқайсысына («ақсүйектің, пірдің тұқымы деп) екі кісінің құны төленуі тиіс».



Үшінші жарлығы: «Сырттан келген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе «бүтін құн», үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе «жарты құн», ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе тек «ат-тон» айып тартады».



Төртінші жарлығы: «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп қол жұмсаса, онда ол баланы ата-анасы өлтіремін десе де ерікті, сұраусыз болады».



Бесінші жарлығы: «Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) – қара сиырға немесе қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, бүкіл ауылды айналдыру керек».



Алтыншы жарлығы: «Құда түсіп, құйрық-бауыр жескеннен соң – ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалың мал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалың малы төленсін».



Жетінші жарлығы: «Ұрыдан айыр түйеге – нар, атқа – аруана, тайлаққа – атан, тайға – ат, қойға – тана төлетеді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді».

Қазіргі таңдағы еліміз тәуелсіздігін алып, оңы мен солын танып, бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемлекетіміздің қабылданған Конституциясы ел дамуының тұс бағдары болды десек қателеспейміз. Мемлект дегеніміз белгілі бір территориясы, шекарасы, рәміздері, ұлты бр жалпы халықтық ірі ұйым десек, сол қазқ ұлтының төл конституциясының қабылданғанына 15 жыл толып отыр. Енді аздап тарихқа көз жүгіртсек қыпшақ халқындағы (Х-Х1 ғғ.) «Кодекс Куманикус» яғни кумандар заңдары, XVI ғ. «Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сияқты заңдар жинағы бұл қазіргі тәуелсіз қазақ елі Конституциясының бастамасы болып табылады. Ал ХХ ғ. өзінде КСРО құрамында болып тұрған кезде 1936 жылы 28 ұаңтарда және қазіргі қолданыста жүрген 1995 жылы 30 тамызда жүрген Ата заңымыздағы биліктің үш тармағының заң шығарушы (парламент), атқарушы (үкімет) және сот қызметтері бір арнаға тоғыстырылып, саяси институттардың жұмысы әбден жетілдірілді және ең бастысы бұл Конституция адам және азамат құқықтарының қорғалуы жан – жақты қарастырылған орнықты құжат болып отыр.

Дүниежүзілік адамзат тарихының өткен кезінде көз бойлатып үңілсек, алғашқы адам құқықтары жайлы құжат 1644 жылы Англияда император Вильгельм Оранскийдің қаулысы «Адам құқықтар туралы билль» (қаулы,заң)

қабылданды.

Ал қазіргі заманғы адам құқықтары жайлы құжат яғни, «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ – ның шешімімен қабылданды.

Адам және азаматтардың құқықтары, ерік бостандықтары терең қарастырылған құжат, бұл – өзіміз жиі айта беретін 1787 жылы қабылданған АҚШ Конституциясы. Бұл кезге 200 жылдан астам уақыт өтсе де сол Конституция әлі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Соның жарқын дәлелі әрбір американдық азамат қайда жүрседе ел Конституциясы жазылған кітапшаны өз жандарынан тастамайды екен. Егер қндай да бір уақытта өз құқығы бұзылғандай жағдай болған жағдайда дереу өз заңды міндеттерін талдауға кіріседі екен.

Яғни, олардың заңы бойынша Конституция алдында Президент те, қарапайым адамда бірдей құндылыққа, бірдей жауапкершілікке ие.

Қабылданғанына 15 жыл толған қазақ елінің Ата Заңы бүгінге дейін жалғасып келе жатқан гуманистік (адамгершілік) принциптерге негізделген демократиялық қоғамды құрудағы өзінің адал дәстүрлерін алдағы уақытта әрмен қарай жалғастыра бермек.

Сынып екі топқа бөлінеді: 1 – топ және 2 – топ. Сабақ 8 турдан тұрады. Әрбір турдан кейін баға беруші мұғалімдер жауаптың, ереженің дұрыстығы жөнінде және балдарын атап өтеді.


1 Глоссарий «Тәртіп орнат»

  1. Құқық А – Еліміздің негізгі заңы.

  2. Конституция Б – Мемлекет басшысы

  3. Мемлекет В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым

  4. Азамат Г – Тәуелсіздік

  5. Құқық бұзушылық Д – Заңдар жүйесі

  6. Президент Е – Заң шығарушы орган

  7. Парламент Ж – Заң жүйесін бұзу

  8. Егемендік З – Құқығы бар ел тұрғыны

1

2

3

4

5

6

7

8

Д

А

В

З

Ж

Б

Е

Г


2 Байқау

«Құқық дегеніміз не?»

Оқушылар спикермен бірге 2 топқа бөлінеді. Топтың әр жауабынан кейін мұғалім өзінің толық жауабын оқу керек.

Сұрақ

Жауап

1. Жеке адамның құқығы дегеніміз не?

- Адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған заң арқылы қорғалған тәртіптік шара

2. Құқықтың қандай түрлері бар?

- Жеке (азаматтық)

- Саяси

- Экономикалық

- Әлеуметтік

- Мәдени т.б.

3. Адам құқығы қай уақыттан пайда болады?

- Туылғаннан беріледі

4. Оларды орындау үшін не қажет?

- Міндеттерін орындау

5. Адамның негізгі құқығы?

- Өз құқықтарын пайдалану құқығы

6. Құқық қашан және қайда пайда болды?

- Азаматтарға құқық керек кезде, ол пайда болады


7.Бізге құқықпен бірге бостандық беріледі. Бостандық – деген не?

- Бостандық – бұл таңдау

8. Бостандықты не шектейді? Бостандық және өз қалауымен орындамалық – бұлар бірдей ме?

- Бостандықты шектеу әр адамның саналығында



3. Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттерін анықтаңыз

Қоғам қарапайым ағыммен даму үшін оның азаматтары құқықтарымен пайдаланып ғана қоймай, өз міндеттерін орындау керек.

Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттерінің мысалдарын келтіріңіз.

Байқау ережелері: Тақтаға әр командадан бір – бір оқушыдан шақырылады. Оқушылар алма – кезек бір міндеттен тақтаға жазады. Бүкіл міндеттерін дұрыс орындап, жазған топ жеңеді.

Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері:

    1. Заңдарға бағыну;

    2. Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу;

    3. Мемлекет рәміздерін құрметтеу;

    4. Қаржы, салықты төлеу;

    5. Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау;

    6. Табиғатты және табиғи байлықтарын сақтау;

    7. Ата – аналардың балаларына қамқорлық етуі, алдындағы міндеттерін

орындау;

    1. Орта мектеп білімін алу;

    2. Қазақстан Республикасын қорғау;

4. Талқылау

«Жаза мен қылмыс»

      1. Жол ережесін бұзу адам үшін қылмыс па? Неге?

      2. Адамды қылмыс жасаудан не сақтайды? Құқық туралы білімі не өз санасы.

      3. Қылмыс жасағанға қоғам кінәлі ме?

      4. Қылмыскерге рақымшылық беруге сіздің көзқарасының қандай?

      5. Адамның заңға немқұрайлы қарауы неден басталады деп ойлайсыз?

      6. Жайбарақат қараушылық қылмысқа жата ма?



5. Конституцияңды білесің бе?

1. Мемлекет билігінің қайнар көзі?

Халық (3 бап)

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды?

1992жылы

3. ҚР- ның азаматы екінші, басқа елдің азаматтығын алуға құқықтыма?

Жоқ (10 бап)

4. Өз дінім мен ұлтымды айыптауға құқығым барма?

Ия (19 бап)

5. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін таңдауға құқығы барма?

Ия (23 бап)

6. ҚР – ның Президентін сайлау қашан өтеді?

Желтоқсанның бірінші жексенбісінде (44 бап)

7. Президент кәсіпкерлік қызметпен айналыса алама?

Жоқ (43 бап)

8. ҚР – ның жоғары өкілетті органы?

Парламент (49 бап)

9. Үкімет қызметтерін ұйымдастырушы кім?

Премьер – Министр (67 бап)

10. ҚР-ның атқарушы билігін билігін жүзеге асырушы?

Үкімет (64 бап)

11. Премьер – Министрдің орнынан түсуінен кейін ... өкілеттігі тоқтағанын білдіреді.

Үкіметтің (70 бап)

12. ҚР нешінші Конституция пайдаланылады?

Екінші

13. Заң құдайы?

Фемида

14. ҚР – ның азаматы қашан болуғақұқылысыз?

Дүниеге келген кезде(12 бап)

15. ҚР – ның төл мейрамдарын атаңыз?

- Конституция күні

- Республика күні

- Тәуелсіздік күні

6. Жұмбақ

Оқушы болсаң жақсы, жылдам зерек,

Ондайлар отаныма өте керек.

Тәуке хан жазған екен заң жинағын,

Тапсаңдар болғандарың асқан зерек.

Жеті жарғы

Мерекең құтты болсын ұстаздарым,

Оқушы, келім – кетті бар достарым.

Тәуелсіздік заңының қаблданған,

Жылын тап мықты болсаң, біз тосалық.

1991 жыл

Еліме білім керек, ғылым керек,

Жазған жөн стратегиялық мақсат қылып.

Білесіңбе Нұрекеннің төл еңбегін,

Жазған екен болашаққа көзін тігіп.

Қазақстан – 2030

Жақсы ел шығарып заң игілікті,

Депутат заң шығарып билік қыпты.

Парламент палатасы нешеу екен,

Таба алсаң бұл жауапты игі екен.

Екі



Қорытынды

  • «Бақытты өмір» - дегенді қалай түсінесіз?

  • Бақытты өмір сұру үшін не істеу керек?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жеті жар?ы.

Автор: Шакирбаева Назым Тасболатовна

Дата: 28.03.2015

Номер свидетельства: 192718

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) ""Тәуке ханның «Жеті Жарғы» заңдар жинағы""
    ["seo_title"] => string(46) "t_ukie_khannyn_zhieti_zharg_y_zan_dar_zhinag_y"
    ["file_id"] => string(6) "466731"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1524053551"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Т?уке ханны? "Жеті Жар?ысы". Салы?тар мен міндеткерліктер "
    ["seo_title"] => string(65) "t-ukie-khannyn-zhieti-zharg-ysy-salyk-tar-mien-mindietkierliktier"
    ["file_id"] => string(6) "210964"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431522961"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) "Т?укені? "Жеті жар?ысы" Салы?тар мен міндеткірліктер"
    ["seo_title"] => string(59) "t-ukienin-zhieti-zharg-ysy-salyk-tar-mien-mindietkirliktier"
    ["file_id"] => string(6) "247730"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446622735"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(126) "Саба?ты? та?ырыбы: Т?уке ханны? билік ??руы ж?не оны? за?дары «Жеті жар?ы»"
    ["seo_title"] => string(84) "sabak-tyn-tak-yryby-t-ukie-khannyn-bilik-k-u-ruy-zh-nie-onyn-zan-dary-zhieti-zharg-y"
    ["file_id"] => string(6) "317916"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460463393"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(19) "Жеті жарғы"
    ["seo_title"] => string(14) "zhieti_zharg_y"
    ["file_id"] => string(6) "394826"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487823560"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства