| Пән мұғалімі | Пәні | Сабақтың тақырыбы | Сынып | Күні |
| Молдабаева Жанна Маратқызы | Ежелгі Қазақстан тарихы | Сақтар | 6А | 20.12.2014ж |
| Сілтеме | Интернет, Қазақстан тарихы оқулық 2011 Атамұра |
| Оқыту мақсаттары | Оқушыларды ежелгі Қазақстан жерін мекендеген сақ тайпаларының мекендеген аймағы, қоғамы, өмір тіршілігі мен шаруашылығы туралы деректермен таныстыру. |
| Дамытушылық | Оқушылардың өзіндік ой қорыта білу дағдысын дамыту; |
| Тәрбиелік | Сақтарды ер жүрек халық ретінде сипаттап, олардың дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесін анықтау, оқушыларды отаншылдққа, ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу; |
| Оқу мақсаты | -Сақ мәдениеті, қоғамы, шаруашылығы жайлы жан-жақты мағлұмат алу; -Топпен жүмыс істеуге дағдылану; |
| Күтілетін нәтиже | -Сақтар билік құрған тұстағы саяси жағдайларды біледі; -Сақтардың ішкі-сыртқы саясаты туралы түсініктері қалыптасады, ерекшеліктерін айта алады. |
| Негізгі идеялар | Оқушылардың сабаққа деген жауапкершіліктерін арттыру |
| Сабақтың түрі | Жаңа сабақ |
| Іс-әрекет түрлері | Өз бетімен жұмыс | Диалогтық әңгіме | Топпен жұмыс | Бірін-бірі бағалау |
| Сабақ кезеңдері | Мүғалім әрекеті | Бөлінген уақыт | Оқушы әрекеті | Рефлексия |
| І. Ұйымдастыру кезеңі Сыныптағы психологиялық ахуалды жақсарту | 1.Сәлемдесу 2. Шаттық шеңбер құру: Мен сендерді көргеніме қуаныштымын, қане бір-біріңнің көздеріңе қараңдаршы. Мен сендердің көздеріңненмейірімділікті, әсемдікті, достықты көркіп тұрмын. Енді бір-бірімзіге жылы сөздер айтып, сәттілік тілейік!    3. Топқа бөлу Фигуралары арқылы бөлу | 3 минут | 1 Амандасады 2. Шаттық шеңбер құрып, бір-біріне жақсы сөздер айтады 3. Оқушылар назары ватманға жазылған «Алтын ережеге» аударылады. 4. Топ ішінде: -баяндамашы -топ басшы -таймкипер сайлайды | |
| Теориясы:«Білу» (тақырып мазмұны бойынша кім?не? қандай? қалай?нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек) | 5 минуттық видео ролик | 5 минут | Оқушылар интербелсенді тақтадан қысқаша видео ролик арқылы ақпарат алады | |
| Теориясы: «Түсіну» (неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшінқойылады) | Миға шабуыл Неге сақтарды «Досқа адал, дұшпанға қатал»деп айтқан? | 2 минут | Оқушылар өз ойларын айтып, сұрақтарға жауап береді | |
| 3. Теориясы:«Қолдану» Практикасы: «Қолдану»(оқулықпен жұмыс жүргізу) | «Ойлан, жұптас, топтас» тапсырмасы. (оқулықпен жұмыс) тақырыпшаларды топтарға бөліп беру. 1-топқа; «Сақ тайпалары туралы деректер» 2-топқа; «Сақтардың қоғамдық құрылысы» 3-топқа; «Сақтардың мәдениеті» 4-топқа; «Сақтардың шаруашылығы, өнері» | 15 минут | Әр топта оқушылар берілген тапсырманы жұптаса бір-бірімен пікір алмасып, өз ойларын ортаға, постерге түсіреді. | |
| 4. Талдау | 1.«Цор» мен жұмыс (электронды оқулық) 2. Жұмбақ жасыру | 5 минут | Оқушылар интербелсенді тақтамен жұмыс, логикалық ойлау арқылы жұмбақтарды шешеді | |
| 5.Теориясы: «Жинақтау» (Қорытынды шығар,анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны толтыру | 1.Симантикалық карта, мағынаны айыру; + - 2. «Ия» немесе «жоқ» ойыны | 10минут | Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін алады | |
| Практикасы «Баға беру»(Сен қалай ойлайсың?Не істер едің?сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады | 1.Сен қалай ойлайсың? -Сақ патшайымы туралы рим тарихшылары жаздыма? Ж. иә -Геродотты тарихтың атасы деп есептейсің бе? Ж. Ия 2. «ЕКІ ЖҰЛДЫЗ, БІР ТІЛЕК» | 5 минут | Әр топ бір-бірін екі жұлдыз бір тілек арқылы бағалайды | |
| Үйге тапсырма | «Мен сақтарды ұлы халық деп санаймын, себебі ………» атты тақырыпқа эссе жазу |