Оқушыларға Қазақ КСР-нің 1950 -1980 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы, тың және тыңайған жерлерді игерудің демографияға әсері туралы нақты мәліметтер арқылы түсіндіріп, қазақ халқының ұлттық құрамының түбірлі өзгеруіндегі алатын орнын ашып көрсету. Республика бойынша құрылған ауыр және жеңіл өнеркәсіп орындары салынуы туралы білу және КОКП -нің ұлт саясатында ұстанған саясатын түсіндіру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«“Тоқырау жылдарындағы Қазақстан”»
Пән оқытушысы: Тажибаева С.М.
Пәні: Қазақстан тарихы
Ашық сабақ жоспары
Ашық сабақтың тақырыбы: “Тоқырау жылдарындағы Қазақстан”
Сынып:9г
Сабақтың мақсаты:
А)Білімділігі: оқушыларға Қазақ КСР-нің 1950 -1980 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы, тың және тыңайған жерлерді игерудің демографияға әсері туралы нақты мәліметтер арқылы түсіндіріп, қазақ халқының ұлттық құрамының түбірлі өзгеруіндегі алатын орнын ашып көрсету. Республика бойынша құрылған ауыр және жеңіл өнеркәсіп орындары салынуы туралы білу және КОКП -нің ұлт саясатында ұстанған саясатын түсіндіру.
Ә)Тәрбиелігі: оқушыларды Отанын сүюге, құрметтеуге, еңбексүйгіштікке және өз елінің табиғатын қорғауға, елжандылыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Б)Дамытушылық: Білім алушылардың білімге деген ынтасын, белсенділігін арттырып, топпен жұмыс арқылы олардың бойында ізденгіштік, шығармашылық, танымдық қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Ізденіс, аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, ой қозғау, интерактивті әдіс, СТО технологиясының элементтері, Фандрейзинг тәсілі.
Б)Оқушыларды екі топқа бөлу және лидерлерін сайлау.
“Социализм” және “Коммунизм” тобы.
Лидерлер өз тобындағы оқушылардың сабаққа белсенділігін, араласуын бақылап, бағалау кезінде мұғалімге көмектеседі, бағалау парағын толтырып отырады.
Ә)Әр түрлі әдіспен жаңа материалды түсіндіру.
II.Үй тапсырмасын сұрау.
Тақырыбы: Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945 жж.)
“Сұрақ қою” стратегиясы
1.Фашистік Германия КСРО-ға қашан басып кірді?
2.Москва түбіндегі шайқаста қай Қазақстандық дивизия ерекше көзге түсті?
3.Ленинградты қоршау қанша уақытқа созылды?
4.Сталинград шайқасының тарихи мәнін атаңыз?
5.Курск иініндегі шайқас туралы айтып беріңіз?
6.Берлин шайқасы немен аяқталды?
7.Қазақстандық Кеңес Одағы батыры атағын алғандарды жалпы санын атаңыз?
8.Қызылордалық Кеңес Одағының батыр атағын алған жауынгерлерді атаңыз?
9.Екінші дүние жүзілік соғыстың аяқталуы және әлемнің екі жүйеге бөлінуін атаңыз?
Үй тапсырмасын бекіту. Оқушылардан алынған сұрақ жауаптарын команда бойынша ұпайларын жинап, белсенділік танытқан оқушыларға журналға бағасын қою және үй тапсырмасын пысықтау.
Жаңа сабақ тақырыбы: Тоқырау жылдарындағы Қазақстан
Сабақтың жоспары:
1.Қазақстанның соғыстан кейінгі әлкуметтік –экономикалық дамуы.
2.Қазақстан 1950-1980 жылдардағы әлеуметтік экономикалық және саяси дамуы
3.Ұлт зиялыларын қудалау.
4.Тың және тыңайған жерлерді игеру.
Бұрын соғысқа қажет өнімдер шығарған өнеркәсіп орындары бейбіт тұрмыс өнімдерін шығару үшін қайта құру. Өнеркәсіп, байланыс, көлік жүйесін дамыту.
1946 ж. 18 наурыз - 1946-1950 жылдарға арналған төртінші
бесжылдық жоспар қабылданды.Міндеттері:
Қираған халық шаруашылығын қалпына келтіру.
Ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез қарқынмен
дамыту.
Радио жүйесі 40 жылмен салыстырғанда 2 есе артты.
Республикадағы жұмыс қолдарының жетіспеуін жою,
жұмысшы мамандарды көбейту мақсатында еңбек
резервтерінің мектептері мен училищелері құрылды.
МӘДЕНИЕТ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
1950 жылы жұмысшылар мен қызметкерлердің айлық жалақысы 64 сом болды. 1950 ж. басында колхозшылардың айлық жалақысы 16,4 сом. Еңбекшілердің тауарларды сатып алу мүмкіндігі төмен болды. Ауыл шаруашылығының артта қалуының басты себептері: Шаруашылықты басқарудың әміршіл-төрешіл жүйесі. -жергілікті жағдайлармен есептеспей жоғарыдан жоспарлап, аппарат тарапынан бұйрық беру. Еңбекшілерді өндіріс құралдарынан еңбек өнімінің нәтижесінен шектеу
Қазақстанның 1950-1980 жылдардағы алеуметтік экономикалық және саяси дамуы
Ұлт зиялыларын қудалау.
Өнеркәсіптің дамуы Ауыл шаруашылығы
Негізгі
міндеттер
Өндірісті басқарудың жаңа жолдарын іздестіру. Ғылыми техникалық прогрестің қарқынын жеделдету. Азық-түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатында тың және тыңайған жерлерді игеру.
Қабылданған
шаралары
1957 жылы халық шаруашылығын басқаруда реформа жүргізілді. Халыық шаруашылығын басқару жүйесі: Орталықтандырылған басқару, Территориялық басқару, Салалық Министрлік, Халық шаруашылық кеңестері.
Даму барысы
1954-1958 жж. 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. 1957 ж. тұңғыш тепловоздар Ерейментау депосында пайда болды. 1958 ж. Қазақстан өнім өндіруден одақта 3-орынға шықты. 1958 ж.- Қазақ Темір жол басқармасы құрылды. 1957 ж. 4 қазан Байқоңыр ғарыш алаңынан дүние жүзіндегі тұңғыш жасанды жер спутнигі ұшырылды. 1961 ж. 12 сәуір – Ю.А.Гагарин тұңғыш рет ғарышқа ұшты. Аймақтардың табиғи-экономикалық ерекшеліктеріне қарай, өндірісті мамандыру процесі басталды. Дәнді дақыл өсірумен шұғылданатын шаруашылық-1893. Оның 783-і солтүстік аймаққа астық өсіруге мамандандырылды. Қой өсірумен айналысатын шаруашылық-1285, оның 587-і оңтүстік аймаққа қой өсіруге арнайы мамандандырылды. 1967 ж. сәуір – “Совхоздар мен өзге мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарын есепке көшіру туралы” қаулы қабылданды.
Ермұхан Бекмаханов (1915-1966)
1943 жылы шыққан “Қазақ ССР тарихы” еңбегінің авторларының бірі.
1946 жылы Е.Бекмаханов КСРО Ғылым Академиясында докторлық диссертация қорғады.
1947 жылы “XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан” деген жеке монографиясы шығып, сынға алынды.
Ресейге қарсы ұлттық көтерілістер дәріптелген, орысқа қарсы жазылған деп айыпталды.
К.Қасымұлы басшылығымен болған көтеріліс қатты сыналып, авторға “буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дәріптеуші” деген саяси айып тағылды.
1950 жылы 26 желтоқсанда “Правда” газетінде “Қазақстан тарихы мәселелерін марқстік-лениндік тұрғыдан баяндайық” атты мақала жарияланып, кітап пен автор қатал сынға алынды.
Б.Бекмахановты ресми түрде саяси айыптаудың басы болды.
1950 жылы 10 сәуірде “Бекмаханов-тың буржуазияшыл-ұлтшылдық көзқарасын айыптау туралы” Қаулы жарияланды. Тарих ғалымдарының докторы Е.Бекмаханов Ғылым Академиясынан шығарылды.
1951-1952 жылдары Жамбыл облысының Шу ауданындағы орта мектепке жұмысқа ауыстырылды.
1952 жылы 4 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғары Сотының сот алқасы үкімінен 25 жылға бас бостандығынан айырылды.
1954 жылы ақпанда академик, қоғам қайраткері А.М.Панкратованың тікелей көмегі нәтижесінде іс қайта қаралып, ақталып шықты.
1954-1966 жылдары Е.Бекмаханов ғылыми-педагогикалық жұмыстармен шұғылданды.
Қазақ зиялылары қатарынан “ұлтшылдар” мен “байшылдарды” іздеу науқаны басталды: М.Әуезоа, Қ.Сәтбаев, Қ.Жұмалиев, С.Мұқанов, А.Жұбанов, Е.Ысмайлов, Ю.О.Домбровский, Қ.Бекхожин, С.Бегалин, Б.Сүлейменоа, Е.Ысмайлов, І.Кеңесбаев.
Қ.Сәтбаев, Ю.Домбровский Қазақстанды тастап кетуге мәжбүр болды.
М.Әуезов тыс жерден баспана іздеуге мәжбүр болды.
Өнеркәсіп орындарының ұжымдары ауыл шаруашылық өндірісіне тың және тыңайған жерлерді игеруге 1336 мамандар мен механизаторлар жіберді.
Тың және тыңайған жерлерді игеруді көтерудегі мемлекеттік жоспар бір жылда орындалды.
IY. Білімді жан жақты игеру кезеңі.
Әр топқа тапсырма:
“Фандрейзинг” тәсілін қолдану арқылы оқушыларды жаңа идеяларды ұсынуға жұмылдыру және функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
1.Қазақстанның соғыстан кейінгі әлкуметтік –экономикалық дамуы.
2.Қазақстан 1950-1980 жылдардағы әлеуметтік экономикалық және саяси дамуы
3.Ұлт зиялыларын қудалау.
4.Тың және тыңайған жерлерді игеру
Сабақ барысында қойылған проблемалық сұраққа өзектілігін алға тарта отырып дәлелді жауап берген топқа баға қойылады.
Y. Жаңа сабақты бекіту.
YI. Оқушыларды бағалау Рефлексия.
YII. Үй тапсырмасы
1.Эссе,баяндама жазу
2.Берілген тапсырма бойынша конспекті жазу
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Артықбаев Ж.О., Пірманов Ә.Б. Қазақстан тарихы (Ғылыми – танымдық басылым) Алматы, Атамұра,2013 жыл
2.Мусин Ч.Қазақстан тарихы. Алматы, 2000.
3.Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егемен мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. Алматы, 1992.
4.Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде. Алматы, 1993.
5.Нысанбаев Ә.Қазақстан. Демократия Рухани жаңару. Алматы, 1999.
6. Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана. Алматы, 2003.