Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Өркениет: даму ерекшеліктері | Мектеп: «Өкпеті» орта мектебі КММ Абай облысы Ақсуат ауданы |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні Иманова Лайла Тлебалдықызы |
Пән: Қазақстан тарихы Сынып: 10 | Қатысқандар саны | Қатыспағандар саны |
Сабақ тақырыбы: Сабақ №2. | Тарихи және мәдени ескерткіштер. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: ( оқу бағдарламасына сәйкес) | 10.4.1.6 типологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, тарихи және мәдени ескерткіштерді классификациялау |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: |
Далалық өркениеттің тарихи және мәдени ескерткіштерді олардың үлгілері мен ерекшеліктерін ескере отырып классификациялайды. |
Оқушылардың басым бөлігі: |
|
Кейбір оқушылар: |
Далалық өркениеттің атақты тарихи және мәдени ескерткіштерінің біріне шағын зерттеу жасайды. |
Бағалау критерийлері | -Типологиялық ерекшеліктеріне қарай , дала өркениетініңи тарихи және мәдени ескерткіштерді классификациялайды - Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің адамзат үшін маңызына баға бере алады. |
Тілдік мақсат | 1) Қазақ халқының қасиетті орындарын, мәдени құндылықтарын келешек ұрпаққа жеткізудің тиімді жолдары туралы пікірталасқа қатысады (айтылым, тыңдалым) 2) Топтастыру кестесін жасап қорғайды (айтылым, тыңдалым). 3) Қысқаша қорытынды резюме жазады (жазылым) |
Негізгі сөздер мен тіркестер: сакральді орындар, сәулет ескерткіштері; археология ескерткіштері; тарихи,мәдени тұлғалар,қасиетті орындар |
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер Талқылауға арналған тармақтар: Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? Неліктен рухани қасиетті орындар ұлттық бірліктің негізі болады? Жазылым бойынша ұсыныстар: Тарихи және мәдени ескерткіштер қорғалады, себебі ..... Сакральды орындардың ерекшелігі........ ............ осындай қасиетті орындар әлемдік өркениетке үлес қосты. |
|
Құндылықтарға баулу | Далалық өркениеттің тарихи және мәдени ескерткіштері арқылы Мәңгілік ел «Мәдениет,тарих,тілдің біртұтастығы»» құндылығына баулу |
Пәнаралық байланыс | Дүние жүзі тарихы,география, |
Алдыңғы білім | 10.4.1.5 дала өркениетінің белгілі тарихи және мәдени ескерткіштерін зерттеу жасау арқылы тарихи және мәдени ескерткіштерді жіктейді. |
Сабақтың барысы: |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар ескертпелерді жазыңыз) | Ресурстар |
Сабақтың басы: ( 8- минут) 3 -минут 3- минут 2-минут | Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. «Миға шабуыл» әдісі. Бейнеролик көрсету. Бейнеролик арқылы сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айқындау. 10.4.1.6 типологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, тарихи және мәдени ескерткіштерді классификациялау Тапсырма 1. /БС/ Тарихи концепт: «Маңыздылық» Бүгінгі тақырып бойынша зерттеу сұрақтарын ұсынамын. Оқушылар мүмкіндігінше жауап береді. Зерттеу сұрақтары: - Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер қандай түрлерге бөлінеді? -Тарихи-мәдени ескерткіштер дала өркениетінің ерекшелігін қалай сипаттайды? Сұраққа жауап ала отырып оқушыларды құрылымдалған екі топқа бөлемін. ( топтастыру саралауы) ҚБ«Қосу,алу, керемет» арқылы топтар бір-біріне кері байланыс жасайды ( 2 аспект) Блоб ағашын тарату ( сол арқылы оқушылардың алға ілгерілеуін қадағалау) Қазір бүгінгі тақырып туралы қаншалықты білесіңдер ? Өздеріңді осы Блоб ағашында белгілеп қойыңдар.(3-аспект) | Бейнеролик Қазақ жеріндегі тарихи-мәдени ескерткіштер https://www.youtube.com/watch?v=DzbManafr9w |
Сабақтың ортасы (25 минут) 10- минут 10-минут | Тапсырма 2 ( БС,Ж,Т) 1-әрекет (топтық). 1-топқа: Шараф-ад Дин Әли Маздидің «Жеңістер кітабында» үзінді. 2-топқа белгілі ғалым М.Е. Массонның Қожа Ахмет Йасауи кесенесі туралы үзінді. 2-әрекет (жұптық). «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі бойынша жұптар арасында талқылаймыз 3-әрекет: Бұл мәліметтегі ескерткіштерге қандай баға берілген? Қазақ халқының қасиетті орындарын, мәдени құндылықтарын келешек ұрпаққа жеткізудің тиімді жолдары туралы пікірталас өткізу. ( дереккөз саралауы) ҚБ «Түйінді сәттер» Пікірталас барысында қай оқушының ойы түйінді сәт болып шықты талқылайды Дескрипторлар: Мәліметтердегі ескерткіштерге берілген бағаны анықтау Қасиетті орындар мен мәдени құндылықтарды келешек ұрпаққа тиімді жеткізу жолдарын атайды Ұрпаққа тиімді жеткізуге мысал мен дәлел келтіреді. Тапсырма 3:/Т/Тарихи концепт « Дәлел » Конверттегі сұрақ әдісі. (Т) Топтарға тарихи және мәдени ескерткіштер туралы мәлімет беріледі. ( Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы ҚР Заңы 4-бап) (Дереккөз арқылы саралау) /Т/ «Конверттегі сұрақ» әдісі. 1-топқа А деңгейі: Тарихи және мәдени ескерткіштер қорғалады, себебі ..... ............ осындай қасиетті орындар әлемдік өркениетке үлес қосты. 2-топқа В деңгейі: Сакральды орындардың ерекшелігі........ Неліктен рухани қасиетті орындар ұлттық бірліктің негізі болады? ( МЕ Мәдениет,тарих пен тілдің біртұтастығы» құндылығы) С деңгейі: ( алымы жоғары оқушыларға) Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің адамзат үшін маңызына баға беру. ( Қажетіне қарай топтарға диалог және қолдау саралауы,тапсырма арқылы саралау, қорытынды саралауы) ҚБ. Идея туралы пікір Мысалы: “Сіздер _________идеясы туралы не ойлайсыздар? Блоб ағашымен жұмыс жасалып, білімдерінің ілгерілеу, ілгерлемеуін көрсетеді. | Шараф-ад Дин Әли Маздидің «Жеңістер кітабы» М.Е. Массонның Қожа Ахмет Йасауи кесенесі туралы мәліметінен үзінді берілген сілтеме: Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінгі күнге дейін). 5 томдық. ІІ том. – Алматы: «Атамұра», 2010. – 255-256 бб. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау туралы ҚазақстанРеспубликасының 1992 жылғы 2 шілдедегі N 1488-ХІІ Заңы http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z920002900_ Ресурс-1 Конверт ішіндегі сұрақтар |
Сабақтың соңы (12- минут) 5-минут 6-минут 1-минут | Тапсырма 4 (БС,Т) «Графикалық органайзер» әдісі 2-топқа : Дала өркениеті бойынша тарихи және мәдени ескерткіштердің түрін типтік ерекшелігіне байланысты кестеде жіктеп жазып, қасиетті орындардың тобына қандай сакральді жерлерді жатқызар еді, жазып толтыру Табиғи-ландшафтылы | Археологиялық, сәулет ескерткіштері | Қасиетті орындар | Тарихи тұлғалар мен саяси оқиғаларға байланысты жерлер | | | | | Енді өздеріңді қалай орындағандарыңды дұрыс жауапты тақтадан көріп бағалайық: Табиғи-ландшафтылы | Археологиялық, сәулет ескерткіштері | Қасиетті орындар | Тарихи тұлғалар мен саяси оқиғаларға байланысты жерлер | Мұзтау, Қоңыр Әулие үңгірі, Хан Тәңірі, Шарын шатқалы, Қазығұрт тауы тб | Ботай, Есік, Берел, Шілікті, Беғазы, Тамғалы,Мерке, Жайсаң тб, ортағасырлық қалалар орны | Қожа Ахмет Яссауи, Арыстан бап, Қарахан, Айша Бибі Үкаш ата кесенелері тб | Абылай хан, Әбілқайыр хан, Кенесары хан, Есім хан, Керей мен Жәнібек, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Өтемісұлы, Абай Құнанбаев тб тұлғаларға арналған, Астана-Бәйтерек, Қазақ елі, Мәңгілік ел, АЛЖИР кешені, Семей полигонына арналған « Өлімнен де күштілер» тб | ҚБ: «3+2+1 активатор» топтар бір-бірне кері байланыс береді. Тапсырма 5 /Ж/ « Өкіл» әдісі. Тарихи концепт: «Интерпретация» Сыныпта үш оқушыға өз өлкеміздегі тарихи,мәдени ескерткіш туралы таныстырылым немесе бейнеролик, карта тб түрінде жасап келуге тапсырма берілген және бір оқушыға қорытынды резюме жасап келгені бойынша сөз беру. Ырғызбай Досқанаұлы ескерткіші Қоңыр әулие ескерткіші Шілікті ескерткіші Дескрипторлар: - тарихи және мәдени ескерткіштерді типологиялық ерекшеліктері бойынша ажырата алады - типологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, тарихи және мәдени ескерткіштерді классификациялайды -дала өркениетінің белгілі тарихи және мәдени ескерткіштерін зерттейді. -Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің адамзат үшін маңызына баға беріп,қорытындылайды. ҚБ. Блоб ағашымен жұмысты жалғастырамыз, балалар өздерінің қай жерде екенін көрсетеді. Кейбір оқушылардан неге сол орында екені сұралады.Уақыт болса көршілері немесе топтан оқушының сол орында неге тұрғанын сұрап кері байланыс жасау. Рефлексия. « Үш сауалға жауап» 1.Біз бүгін не білдік? 2. Біз нені жақсы орындадық? 3. Тағы не білгіміз келеді? Ұсыныс. Үйге тапсырма: (сараланып беріледі) Барлық оқушылар: 57 –тақырыпты оқу,мазмұны Қазақстанның сакральды картасын жасап келу. | Үлестірмелі материалдар кесте Ресурс-2. ҚБ тапсырмасы. Компьютер,проектор,презентация Презентация карта Блоб ағашы |
Қосымша ақпарат: | |
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілеті жоғары оушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау –Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
Сабақ басында топқа бөлу барысында топтасу саралауы, мүдделері ұқсас топтар сараланып топтасады. Топтарға әр түрлі дереккөз ұсынылады. ( дереккөз арқылы саралау,тапсырма арқылы саралау) Кейбір топтарға диалог және қолдау саралауын өткіземін. Үй тапсырмасын да саралап беремін. | Оқушылардың өздері бір-бірін, топтарды бағалайды. Мысалы: жұптық жұмыс кезінде, топтардың пікірталасы кезінде,топтық жұмыс барысында ҚБ 2 аспект (пихико-моторлық) «Қосу, алу, керемет», « Түйінді сәттер», « 3+2+1 активатор» « Идея туралы пікір» ҚБ 3 аспект (танымдық) ҚБ тапсырмалары « Блоб ағашы», (бағалау критерийі, дескриптор) | Сынып тазалығын, санитарлық-гигиеналық жағдайын алдын ала тексеру Үзіліс уақытында топтық жұмысқа ыңғайлы етіп үстелдерді орналатыру Компьютермен жұмыс барысында абайлау Үстел үстінен артық заттарды алып тастау |
Рефлексия Сабақ мақсаттары , оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді ме? Барлық оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма? | |
Жалпы бағамдау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға да қатысты)? 1. 2. Сабақты бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға да қатысты)? 1. 2. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
4-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштері мынадай түрлерге бөлінеді:
1) ансамбльдер - оқшауландырылған немесе біріктірілген ескерткіштердің, фортификация, сарай, тұрғын үй, қоғам, әкімшілік, сауда, өндіріс, ғылым, оқу мақсатындағы құрылғылар мен құрылыстардың, сондай-ақ діни мақсаттағы ескерткіштер мен құрылыстардың топтары, оның ішінде тарихи қалыптасқан аумақтарда оқшауланған қоныстардың тарихи жоспарлануы мен құрылысының фрагменттері;
2) археология ескерткіштері - тұрақтар, қалашықтар, қорғандар, ежелгі қоныстардың, бекіністердің, өндірістердің, арналардың, жолдардың қалдықтары, ежелгі қорымдар, тас мүсіндер, жартастағы бейнелер мен жазбалар, ежелгі елді мекендердің тарихи мәдени қабатының учаскелері және ежелгі адамның өмірі мен қызметінің іздері бар өзге де орындар;
3) қала құрылысы мен сәулет ескерткіштері - сәулет ансамбльдері мен кешендері, тарихи орталықтар, орамдар, алаңдар, көшелер, қалалар мен басқа да елді мекендердің ежелгі жоспарлануы мен құрылысының қалдықтары; азаматтық, тұрғын үй, өнеркәсіптік, әскери, ғибадат ету сәулетінің, халық сәулетшілігінің құрылыстары, сондай-ақ олармен байланысты монументтік, сәндік-қолданбалы және бақ-саяжай өнерінің туындылары, табиғат ландшафты