kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Айыртау өңірінің тарихи – мәдени ескерткіштері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сыныптан тыс жұмыс.

Сынып сағаты.

Сабақтың тақырыбы: Айыртау өңірінің тарихи – мәдени ескерткіштері

Мақсаты:     Айыртау өлкенің тарихи-мәдени  ескерткіштермен оқушыларды таныстыру

Көрнекілігі: Презентация,бейнетаспа(«Ботай мәдениеті»).

Сабақтың түрі: Саяхат

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақ жоспары:

1. Ағынтай мен  Қарасай мемориалдық кешен.

2.  Ш.Уәлиханов атындағы тарихи-этнографиялық мұражай Сырымбет ауылында

3. Ежелгі Ботай қонысы

4. Кеңащы ауылындағы «Ақан сері» композициясы

Баяндау тезисі

1/Ағынтай мен Қарасай батырлардың мүрделері жатқан мемориалдық кешен 16 метірлік қос күмбез бен мешіт ескерткіштің негізгі ғимараттары саналады. Кесененің сыртында граниттен жасалған тақта орнатылған.Мұнда Қарасай батырдың егіз ұлдары жерленген. Күмбезді айнала тағы да жауынгерлердің бірнеше зираттары бар. Олар жиектаспен қоршалған және гранит сынақтарымен әшекейленген.

Қазақ даласы, Монғол жерінен бастап Жайық пен Сырдарияға дейінгі аралық, әскери-саяси тарихтың бел ортасында болды.

Ауылдар осы аймақтың барлық өңіріне орналастырылды. Қоныстанудың мұндай құрылымының өзіндік тағлымы мен ерекшелігі болды.

ХVІ–ХVІІ ғасырларда осы аймақта тұрақты әрі түбегейлі қоныстанушылардың болғанының дәлелі ретінде Қарасай батыр мен Ағынтай батырдың тарихын атап өтуге болады. «1670 жылы Қарасай батыр өз отбасы және туғандарымен Сарыарқа өңірінің Айыртау жеріндегі жауынгер досы Ағынтай батырға көшіп келеді. Бұл жерде ол бір жыл тұрып, 1671 жылы 73 жасында қайтыс болады». Мәдениет ауылының жанындағы Құлшынбай төбесінде мәңгілік дамыл тапқан екі батырға 1999 жылы кесене тұрғызылды. Мемориалдық кешеннің өзі ежелгі түркі қағандарының ордасына көбірек ұқсайды. Десе де батырлардың кесенесі екенін бірден аңғарасыз: кіре берісте шаншылған екі мұнара, екі жақта айқасқан найзалар орын тепкен.

2//Сырымбет ауылындағы ХІХ ғасырдың үлгісімен салынған «Айғаным қонысы» да – өңіріміздің ғажайып ескерткіштерінің бірі. Айғаным отырықшы өмірдің пайдасын түсініп, өз қыстағын орыс инженерлерінің сәулет үлгісімен салғызған. Сырымбеттегі Айғаным қонысында үйден бөлек, мектеп, мешіт, қонақ үй, диірмен, монша және түрлі шаруашылыққа қажет құрылыстар болған.

Мұражай   тарихына шолу 1981 жылы мектеп  бөлмесінен мұражай аштылған екен. Кейін елден жиналған заттар көбейіп, мектептің 3 бөлмесі мұражайға берілді. 1985 жылы Ш. Уалихановтың  150 жылдық мерейтойына байланысты мектеп мұражайы ғылыми зерттеу мұражайы болып құрылды. Мұражайда қазір экспонаттар көбейген.Ш.Уалихановтың  туысқандарынан алынған заттар, бұйымдардың өзі бір тарихи шешіре деуге болады. Мүсінші Т.Досмағанбетовтың   Шоқанға арнаған ескерткіші, Ыстықкөлге, Қашқарға барған сапарлары көрсетілген  сызбалар, Шоқанның еңбектері- мұражай төрінен орын алған. Әсіресе  Шоқанның киіз үй еңбегіне байланысты жабдықталған киіз үй бөлігі халқымыздың бай тарихын өткен өмірін көз алдымызға елестетеді.Ал  Шоқан бейнесімен тоқылған кілем немесе күріштен жасалған Шоқанның портреті  кез келген адамды тебірентпей қоймайды.

 Шоқанның саяхаттары, Журіп өткен жолдары көрсетілген сызбаларда ғалым атамыздың өмірінің мәні де мағналы болғандығын паш ететіндей Шоқанның 5 томдық еңбегінде мұражайдың көрнекті жерінен орын алған екен. Уәлихановтар  жанұясы жайлы 9 ғасырдың 2 жарытысында Г. Н.Потанин: Уәлі  ханныңекі қыстауы болды, бірі Көкшетаудың шығысында Хан  көлінің жағасында Бурабайда, екіншісі Сырымбетте деп жазған.Осы Сырымбетте Уәлиден кейін ел билігі Шоқанның әжесі Айғаным ханшаға көшеді. Айғаным өз заманындағы озық ойлы, дарынды адам болған.  Парсы, шағатай, араб  тілдерін білген  және балаларымен немерелерінен да талап еткен. Айғаным  орыс, қазақ достығын нығайтуға көп әрекет жасаған. Ресей патшалығы Айғанымның Солтүстік Қазақстан даласында ұстаған саясатын жоғары бағалап, 1824 жылы Ұлы сенатта Айғанымға өз ордасынан  мешіті  мектебі бар үйымжай  құрылысы салынып берілсін деп қаулы алған. Бұл үйге Айғаным  балаларымен 1825 жылы кірді. Ол  кейін Уалихановтар әулетінің қонысына  айналған.1993 жылы елбасымыз Н.Ә Назарбаев, Өзбекстан президенті Каримов, Қырғызстан президенті А.Ақаев, Айғаным қонысының  қайтадан тұсауын кесті, ашылу рәсімі болды. 1993 жылы Бөбек қорының президенті Сара Алпысқызы келіп, мұражай жанына ағаш отырғызды. Айғаным қонысындағы Шоқанның бөлмесі ерекше бір сәнмен жинастырылған. Шоқанның жазу үстелі, оның үстінде тұрған сия сауытымен кітап. Осының барлығы да шоқан өмір сүрген кезеңді елестететіндей. Мұражай қызметкерлері мұражайға ат ізін салатын мектеп оқушыларына, ел адамдарына,қонақтарға әрдайым ілтипатпен қызмет етуде.

3/  Айыртау жерінің ресурсы мен түрлі табиғат жағдайларының тиімділігіне орай адамдар осы аймаққа қоныстануға ертеден қызықан.

Аудан елді мекендерінің түп тарихы неолит дәуірінің тамаша ескерткіші –  Иманбұрлық өзенінің жағалауында орналасқан «Ботай қонысынан» басталады. Ботай мәдениетін зерттеу профессор В.Ф.Зайберттің басқаруымен 1980 жылдан бастап жүргізіліп келеді. В.Ф.Зайберт Ботай қонысын төрткүл әлемге мәлім етті. Осылайша Ботай ЮНЕСКО-ның тізіміне алынды. Бүгінде одан табылған 120 мыңдай археологиялық жәдігерлер ғылымдағы ежелгі адамдар өркениеті жайлы түсінік пен тұжырымды тағы бір қырынан дәлелдей түсті.Тоқсаныншы жылдары Ботайда шетел ғалымдарының үлкен жиыны өтті. Оған жиырмадан астам мемлекет ғалымдары келіп қатысты. Оның ішінде АҚШ, Англия, Германия, Қытай, Польша және Иран сияқты елдердің өкілдері Ботай мәдениеті жайлы тарихи деректерге негізделген пікірлер білдірді. Осылайша шетел ғалымдары жер астынан табылған адам мен жылқының сүйектерін саралай келіп, ежелгі адамдар бұл өлкеде 5300 жыл бұрын өмір сүрді деген тұжырымға келді. Ал жылқының қолға үйретілгенін былай қойып, оның өз тамағын қар астынан өзі тауып жейтіні ғалымдардың қызығушылығын тудырған еді.  Ғалымдардың бұл пікірлері көптен бері жылқы мен адам арасындағы байланыстың жұмбақ күйінде қалған тұстарын ашуға негіз болды. Себебі, жылқы түлігін біздің бабаларымыз басқа халықтарға қарағанда ең алғашқылардың бірі болып қолға үйреткенін дәлелдеуге Ботайдан табылған жәдігерлер айқара жол ашты. Ботай ежелгі жылқы өсірушілердің үнемі қоныстанатын орны болған.

Мәдени мұраны насихаттау мақсптымен мекен  жанында саз балшықтан ботай типтік тұрғын- үйлердің  макеттері де салынған  Ақ  жұмбақ қалашығы сонау темір дәуірін бүгінгі күнмен жалғайды.Аспан астындағы мұражай меймандары сан ғасырды артқа тастап сол кезеңнің тұрмыс  тіршілігіне тап болады.Бұл қонысты ғалымдар көп жылдар бойы зерттеген. Шетелдік туристер болсын, Қазақстандыққтар болсын экзотика іздейді. АлАйыртау өңірі толып тұрған экзотикаАиыртау өңіріне келген туристер Айыртау ауылында тұратын кәсіпкер Жаңабай Пірмановтың шаруашылығындағы түйелерді көріп тамашалауына болады. Солтүстіктің қатал табиғатына бейімделіп кеткен өркештілер туристердің шын мәнінде қызуғышылығын туғызады.

4/Ақан сері өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған, заманының асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, лирикалық тебіреністі сазымен, әншілік-орындаушылық өнерімен танылған өзгеше дарын иесі. Оның композиторлығы ақындығынан кем түспейді. Әділіне көшсек «Ақан сері» аталып кезінде жұртшылыққа кең танылуы, атақ-даңқының шартарапқа жетуі әншілік-композиторлық өнерінің жемісі. Жасынан халықтың ән-күйінен сусындап, өзіне дейінгі әншілік дәстүрді толық меңгерген Ақан сері бертін келе, жігіт шаҚазақ мәдениетінің алтын қорына Ақан серінің елуге жуық музыкалық-поэтикалық мұрасы енген. Ақан сері шығармалары поэтикалық тұнықтығымен, образдар әлемінің тереңдігімен, поэтикалық және музыкалық тілінің шырайлылығымен, айрықша талғампаздығымен, нақыштық тазалығымен ерекешеленеді. Оның шығармашылық болмысынң басты қасиеттері – өмір шындығын боямасыз жырлауы, психологиялық иірімдерге толы, эмоциялық бояуының қанықтығы. Шығармаларының басым блігін қамтитын кеңінен танымал көңіл-күй және махаббат лирикаларында ғажайып табиғат суреттері мен нәзік мұң, өмір қиыншылықтары туралы трагедиялық пайымдаулары шынайы да шымыр, қатар өріліп жатады. Оның стиліндегі жоғары жетістік – кең тыныстылық, ән иірімдерінің нәзіктігі, әуен әсемдігі, интонациялық  суреттерінің молдығы, сазының биік те асқақ, ырғақтары мен қайырымдарының     ұзақтығы.   Ақан серінің    «Ақтоқты»,    «Алтыбасар»,

«Терқатқан», «Мақпал», «Балқадиша», «Сырымбет», «Майда қоңыр», тағы басқа әндері әйел жанының сұлулығын жарқырата көрсетумен  бірге, махаббат құдіретін асқақтата суреттеуімен құнды. ғында серілік құрып, өзі де ән шығарады.

Оның ақындық өнерін Ш. Уәлиханов, В. Радлов, поляк зерттеушісі А. Янушкевич, Ы. Алтынсарин, С. Сейфулин, С. Мұқанов, Е. Ысмайлов т.б. зертеушілер жоғары бағалап өлең, толғау айтыстарын жинап жариялаған.

Ақынның әлі баспа бетіне шықпаған («Абайділдаға», «Төрде отырған төрелер», «Тұрлыбекке», «Түбекпен кездескенде» т.б.) өлең-толғаулары Қазақ ССР ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасында, №272, 472, 1632- папкаларда сақтаулы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Айыртау өңірінің тарихи – мәдени ескерткіштері»

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Айыртау өңірінің тарихи – мәдени ескерткіштері

Автор: Нуркенова Маия Еламановна

Дата: 10.01.2017

Номер свидетельства: 377696

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(16) "Р?міздер "
    ["seo_title"] => string(9) "r-mizdier"
    ["file_id"] => string(6) "203964"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429586552"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства