Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Тарих зеректері» тақырыбында өткелі отырған білімділер сайысына қош келдіңіздер.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Біз өмір бойы жететін білім моделінен,өмір бойы білім алу моделіне көше алуға тиіспіз»-деп білімнің маңызын айрықша жоғары бағалаған. Ендеше,білім мен ғылым бәсекесі туындаған ХХІ ғасырдың,тәуелсіз егеменді еліміздің болашақ білімді де,білікті оқушыларымызды ортаға шақырамыз.
Сайысқа қатысушылар: 6- 7 сынып оқушылары.
1-топ: «Болашақ»
2-топ: «Бәйтерек»
Сайысымызға әділдік ететін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1.Жұбандықова Ханбибі-қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі
2.Ағытаева Әсел-орыс тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі
3.Қарасартова Жадыра-орыс тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жоспары:
1.Бәйге
2. Сиқырлы кубик
3.Құпия ұяшықтар
4.Ойлан,тап!
5.Жорға
6.Қорытынды
І.Бәйге
Бұл бөлімде әр топқа 10 сұрақтан қойылады.Дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
1-топ: Болашақ
1.Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі бойынша нешінші орында?(9 орын)
2.Абайдың шын есімі кім?(Ибраһим)
3. 1.ҚР-сы шығысында қай елмен шектеседі?(Қытай)
4. 3.ҚР-сы БҰҰ-на қай жылы мүше болды?(1992 ж 2 наурызда)
5.Түрік қағанаты құрылған жыл?(552-603жж)
6.Түргеш қағанатының алғашқы билеушісі?(Үшлік қаған)
7.Оғыз мемлекетінің орталығы қалай аталады?(Янгикент)
8.Садақ пен жебе пайда болған тас ғасыры?(Орта тас ғасыры)
9.Синантроп қаңқасы табылған жер?(Қытай)
10.Қазақстанда қанша облыс бар?(14)
2-топ: Бәйтерек
«Тарих» сөзінің мағынасы? (зерттеу,өткен оқиғалар жайлы әңгіме)
Қазақстан солтүстік-батысында қай елмен шектеседі?(Ресей)
Қыш құмыралар заманы аталатын тас ғасыры?(жаңа тас ғасыры)
Көне түрік әліпбиінің саны?(35)
Ұлы Жібек жолы қай ғасырда басталды?(б.з.б ІІ ғ)
Түрік атауы қай жылы пайда болды?(542ж)
Сүзеген,мүйізді қаған деп кімді айтты?(Сұлу қаған)
Мыс-тас ғасыры қай жылдар аралығын қамтиды?(б.з.б 3000-2800 жж)
1693-1748 жж өмір сүрген Кіші жүздің ханы кім?(Әбілқайыр хан)
Саналы адам сүйегі қай жерден табылды?(Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен)
ІІ.Сиқырлы кубик
Екі топ кубик ойыны бойынша кубикті айналдыра отырып берілген сұрақтарға жауап беруі керек.
1.Қазақстан аумағында алғашқы адамдар бұдан қанша млн жыл бұрын пайда болды?(1 млн) 5 ұпай.
2.Адамзаттың өткен тарихын заттай деректер арқылы зерттейтін ғылым қалай аталады?(Археология) 5 ұпай
3.Батыс түрік қағанатының алғашқы билеушісі кім?(Тардуш қаған) 5 ұпай
4.Қазақстан жеріндегі киіз үйге ұқсас ескерткіштер қалай аталады?(Дың ескерткіштері)
5 ұпай
5.Қазақстанда палеолит дәуіріне жататын 5 мыңнан аса еңбек құралдары табылған жер?(Жамбыл облысы) 5 ұпай
6.Адамдардың өз білімдерін суретті хат арқылы жеткізуі қалай аталады?(пиктография) 10 ұпай
7.Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекет?(Алтын Орда) 10 ұпай
8.Ресейдің Челябі облысы мен Қазақстанның Қостанай облысы шекарасында табылған ескі қала қалай аталады?(Арқайым) 10 ұпай
9.Томирис патшайым мен парсы патшасы Кирдің соғысы жайлы жазған тарихшы?(Рим тарихшысы Помпей Трог) 10 ұпай
10.Ноғай Ордасының орталығы қай қала?(Сарайшық қаласы)10 ұпай
ІІІ. Құпия ұяшықтар
Бұл бөлімде оқушылар өз қалауымен берілген ұяшықтарды таңдап,сұрақтарға жауап береді.
Қазақ хандығына-550 жыл
Ұлы Жеңіске-70 жыл
Тарихи ескерткіштер
Тарихи шығармалар
1.Қазақ хандығына-550 жыл (20 ұпай). Қазақ хандығын алғаш құрған кімдер?(Жәнібек пен Керей)
2. Қазақ хандығына-550 жыл (30 ұпай).Қасым ханның кезінде қазақ халқының санының 1 млн-ға жеткендігін жазған тарихшы кім?(М.Х.Дулати)
3. Қазақ хандығына-550 жыл (40 ұпай).1582 жылы маусым айында Тәуекел сұлтан бастаған қазақ қолы Баба сұлтанның әскерін талқандаған жер?(Түркістан түбінде)
1.Ұлы Жеңіске-70 жыл.(20 ұпай). Ұлы Отан соғысы қай жылы басталды?(1941 жылы 22 маусымда)
2. Ұлы Жеңіске-70 жыл.(30 ұпай).Ұлы Отан соғысында ерлік көрсетіп,екі мәрте Кеңес Одағының батыры атағын алған қазақ ұшқышы кім?(Талғат Бигелдинов)
3. Ұлы Жеңіске-70 жыл.(40 ұпай).Қазақтың даңқты,батыр перзенті Б.Момышұлына егемен еліміздің жоғары наградасы-Қазақстанның Халық қаһарманы атағы қай жылы берілді?(1992ж)
1.Тарихи ескерткіштер (20 ұпай).Дүйсенбі аһун мешіті қай жылдары салынған?(1909-1913жж)
2.Тарихи ескерткіштер (30 ұпай).Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір өзенінің жағасында салынған,ХІҮ-ХҮ ғғ жататын кесене?(Алаша хан кесенесі)
3.Түркістандағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесін салуға Әмір тЕмір қай жылы бұйрық берген?(1397ж)
1.Тарихи шығармалар (20 ұпай).М.Қашғаридің үш кітаптан тұратын еңбегі қалай аталады?(Түрік тілдерінің сөздігі)
2.Тарихи шығармалар (30 ұпай).Ахмет Иүгнекидің еңбегі?(Ақиқат сыйы)
3.Тарихи шығармалар (40 ұпай). «Асыл тастар», «Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші» еңбектерін жазған ғұлама-ғалым кім?(Әбу Райхан әл-Бируни)
ІҮ.Ойлан,тап!
Екі топтың оқушылары берілген тапсырмаларды сәйкестендіру керек.(10 ұпай)
Үйсіндердің басшысы Жетісу
Қаңлылардың негізгі атамекені Батыс Қазақстан
Ғұндардың басшысы Сырдария бойы
Сарматтардың мекендеген жері Шаньюй
Түргештердің мекендеген жері гуньмо
Ү.Жорға
Бұл бөлімде екі топқа 7 сұрақтан қойылады.
Болашақ тобына:
1.әл-Фараби шығармаларын қай тілде жазған?(араб)
2.Әйтеке бидің шын есімі кім?(Айтық)
3.Төкпе күйдің майталман шебері кім?(Қ.Сағырбайұлы)
4. Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қай жылы қабылданды?(1993 жылы 28 қаңтарда)
5.Әбілқайыр хан Ресейге қосылға қай жерде ант берген еді?(Ырғызда Маңтөбеде)
6.М.Х.Дулатидің шығармасы?(Тарихи Рашиди)
7.Қ.А.Йассауидің ұстазы кім?(Арыстан баб)
Бәйтерек тобына:
1.Түргеш қағанаты неше аймаққа бөлінді?(20)
2.Абайды әкесі 10 жасында қай жердегі оқуға береді?(Семейдегі Ахмет Риза медресесі)
3.Қорқыт ата дүниеге келген облыс?(Қызылорда)
4.Абылай қай жылы Орта жүздің ханы болып сайланды?(1771ж)
5.1598-1628 жж Қазақ хандығын билеген хан?(Есім хан)
6. «Аттила» операсын жазған италян композиторы?(Джузеппе Верди)
7.Қаңлылардың металл өндірісінің орталығы болған қала?(Шаш-Илақ)
Қорытынды: Дана халқымыздың «Білегі мықты бірді жығады,білімі мықты мыңды жығады»-деп айтқандай тек қана Тәуелсіз еліміздің қиялынан қанат біткен,ойы ұшқыр, білімді азаматы бола біліңіздер.