kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Викториналы? с?ра?тар

Нажмите, чтобы узнать подробности

    Викторина:  "Кім к?п біледі?"

4 б?лімнен т?рады.

1. С?ра?тар?а жауап (15 с?ра? беріледі).
2. Ма?алмен жауап беру.
3. Кім тез табады? (?ріптер беріледі)
4. Ситуациялы? жа?дай.
5. ?орытынды.


О?ушыларды елін, жерін, салт-д?ст?рін, Отанын с?юге, ту?ан жеріне  деген с?йіспеншілігін арттыру ма?сатында викториналы? с?ра?тар сайысын откіземіз. 

 2 команда?а б?лінеміз:

   1-і команда - "?ыз?алда?"
   2-і команда - "Зеректер"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Викториналы? с?ра?тар»

Жерұйық негізгі мектебі

Алға ауданы, Ақтөбе облысы

Дайындаған: Утиманова Галина Турлибековна




Викторина: "Кім көп біледі?"


4 бөлімнен тұрады.


1. Сұрақтарға жауап (15 сұрақ беріледі).

2. Мақалмен жауап беру.

3. Кім тез табады? (әріптер беріледі)

4. Ситуациялық жағдай.

5. Қорытынды.





Оқушыларды елін, жерін, салт-дәстүрін, Отанын сүюге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында викториналық сұрақтар сайысын откіземіз.



2 командаға бөлінеміз:



1-і команда - "Қызғалдақ"

2-і команда - "Зеректер"




1 командаға сұрақтар:


1. Әнұранның сөзін жазғандар.(Ж.Нәжімеденов,Н. Назарбаев)

2. Рейхстағқа ту тіккен Қазақстанның халық қаһарманы. (Р. Қошқарбаев)

3. Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген адам кім? (А. Байтурсынов)

4. Әріптердің рет-ретімен тізілген жиыны. (Алфавит, әліппе).

5. Кітаптар тұрағы қалай аталады? (Кітапхана)

6. Балаларға арналған қандай газет-журналдарды білесіндер? (Айгөлек, Балдырған, Бала би, Ақжелкең Ұлаң).

7. Үш биді ата. (Төле би, Айтеке би, Қазыбек би).

8. Қасиетті тағам (нан).

9. Қой пірі (Шопан ата).

10. Қазақтың ұлттық ойындарың білесің бе?

11. Абай атамыздың әжесінің аты кім? (Зере).

12. Қазақтың аты аңызға айналған батыры кім? (Б. Момышұлы).

13. "Кел, балалар, оқылық" өлеңі кімдікі? (Ы. Алтынсарин).

14. Жаза- жаза арықтаған не? (Бор).

15. Әнұран қалай басталады?


2 Командаға сұрақтар:


1. 1991 жылы 2- қазанда ғарышқа тұңғыш ұшқан ғарышкер (Т. Әубәкіров).

2. Тұңғыш "Әліппе" оқулығын кім жазды? (А.Байтұрсынов).

3. Абай Қунанбаев "Ғылым таппай мақтанба" өлеңінде атаған бес жаман істі ата.

4. 1 қыркүек қандай күн? (Білім күні).

5. Қазақ халқының тарихында қандай батырлар өткен? (Қабанбай, Наурызбай,Бөгенбай).

6. Қазақтың атақты сүретшісі кім? (Әбілхан Кастеев).

7. Киіз үйдің жоғарғы бөлігін ата (шаңырақ).

8. Жылқы пірі (Қамбар ата).

9. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақтың қыздарын ата (Ә. Молдағұлова, М.Мәметова).

10. Бірінші маусым қандай мереке? (Балаларды қорғау күні).

11. Абайдың қандай өлеңдерін білесін? (Қыс,Жаз, Жазғытұрым,Күз).

12. Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерін ата.(Ту, Елтаңба, Әнұран).

13. Әнұранның қайырмасы қалай басталады? (Менің елім, менің елім).

14. Қай айда 28 күн бар? (Барлық).

15. Ерте, ерте, ертеде Ерназар деген бай болыпты, қай ертегі? (Ертөстік).



2) Мақал - сөз атасы.


(Қатысушыларға сұрақ қойылады, қатысушы мақалмен жауап беру керек). Мысалы: Жыланды інінен қалай шығарады? (Жылы,жылы сөйлесе жылан інінен шығады)

1. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр? (Көз қорқақ, қол батыр).

2. Ненің түбі сары алтын? (Сабыр түбі сары алтын).

3. Не өссе елдің көркі, не жауса жердің көркі?

(Қыз өссе елдің көркі, жаңбыр жауса жердің көркі).

4. Оттан ыстық не бар? (Отан - оттан да ыстық).



3) Кім тез табады?


"А"дыбыстарынан басталатын сөздерді табу:

Қала - Алматы

Өзен - Арал

Ақын - Абай

Сәндік бұйым- Алқа

Хан- Абылай

Ұлттық тағам- Айран



"Б"дыбыстарынан басталатын сөздерді табу:

Ат жарысы- Бәйге

Әнші- Бүркіт

Батыр- Бөгенбай

Сәндік бұйым - Білезік

Ұлттық тағам - Бесбармақ

Қала- Балқаш.



4) Ситуациялық жағдай:



а) Сіз кітапханадан алған оқылықты жоғалтып алдыңыз. Не істеу керек деп ойлайсыз?



б) Сіз кітапханадан алған кітабыңызды байқамай жыртып алдыңыз. сіздің әрекетіңіз қандай?



5. Қорытынды шығару. Командыларды марапаттау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Викториналы? с?ра?тар

Автор: Утиманова Галина Турлибековна

Дата: 29.03.2016

Номер свидетельства: 311744


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства