Просмотр содержимого документа
«"Салауатты өмір салтымыз"»
«Салауатты өмір- салтымыз »
(5-9 сынып оқушыларына арналған танымдық ойын –сабақ.)
Өту мерзімі:
Ойынның мақсаты:оқушылардың зиянды заттарды қолдануға деген теріс көзқарастарын калыптастыру, зиянды заттарды қолданбайтын өмірді, салауатты өмір салтын сақтауға бейімдеу.
Ойынның міндеттері:
Білімділік:салауатты өмір салты жайлы оқушылардың ой – пікірін қозғау, өмірге деген қөзқарасын қалыптастыру.
Дамытушылық:оқушылардың жеке басының гигиеналық тазалығы және дене қозғалысы жаттығуларын үнемі жасауға, денсаулықты күтіп отыруға бейімдеу,өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау сезімдерін дамыту.
Тәрбиелік:оқушыларды тазалыққа, әдемілікке, ұқыптылыққа, жинақылыққа, әдептілікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:денсаулыққа байланысты нақыл сөздер, баспасөз материалдары, ақ қағаз, маркер т.б.
Ойыннын шарты:
Бес оқушыдан құрылған топтар қатысады. Әр топтың ұраны, топ басшысы болады.
Ақылдастар алқасы:мектептін медицина қызметкері, тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары, өзін- өзі тану, биология пәндерінің мұғалімдері.
Ойынның жоспары:
«Салауатты өмір салты» ассоциациялық карта
«Тәрбие көзі-халықта» (Денсаулыққа,тазалыққа, саулық өмірге көзделген тыйым сөздер, мақал- мәтелдер).
«Тамшыдан теңіз»(Сөз ұйқастары арқылы өлең жолдарын құратыру)
«Дені саудың-жаны сау»Блиц- турнир
«Кім тапқыр »ойыны.
«Қолшатыр »тренинг
Ойынның барысы:
Кітапханашының кіріспе сөзі.
«Тазалық денсаулық негізі,саулық-байлық негізі» - деп халық мақалында айтылғандай, Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қоғамымызды құруымызға қарай Қазақстан азаматтарының дені сау болуы және оларды табиғи ортанының таза болуы үшін күш салуға үлкен мән беріп отыр.Өйткені дамыған экономика жағдайында – ақ денсаулықты дұрыс күтпеу, ауа ластану салдарынан науқас адамдардың саны жылдан – жылға өсіп отырғаны көпшілікке аян.Олай болса, денсаулық үшін күрес ауадай қажет.Бүгінгі ойынымыздың негізгі мақсаты - оқушылардың зиянды заттарды қолдануға деген теріс көзқарастарын калыптастыру, зиянды заттарды қолданбайтын өмірді, салауатты өмір салтын сақтауға бейімдеу.
Топтармен жұмыс:
«Салауатты өмір салты» ассоциациялық карта құрады
Беделді еңбек Тамақтану Демалыс
Салауатты өмір салты
Оқу дәрігерге көріну
Жаттығу
Дене шынықтыру Жағымсыз әдеттермен күресу Тазалық сақтау
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың басты мақсаты дені сау болу,білімді,денсаулығы зор ұрпақ өсіру,жан-жақты білім арқылы денсаулықты сақтауға үйрету.Кез келген әрбір адам физикалық,рухани,әлеуметтік тұрғыдан денсаулығы мықты болу үшін салауатты өмір салтын ұстануы тиіс.Жат әдеттен аулақ болып ,уақытты босқа өткізбей , денсаулыққа пайдалы іспен айналысу ,мысалы ,таза табиғат-қа серуенге шығу,жүгіру,суға шомылу,т.б.
Иә,балалар,сендер жас кездеріңнен салауатты өмір салтының талаптарын өз бойларыңда қалыптастырып,әдетке айналдырсаңдар ,дәрігерге аз барасыңдар,өмірдегі мақсаттарыңа еш кедергісіз жетесіңдер,білім алуға уақыттарың көп болады.
«Тәрбие көзі-халықта» Оқушылар қазақ халқының денсаулыққа,тазалыққа байланысты тыйым сөздері мен мақал-мәтелдерін жазады.
1.Кісіге қарап түкірме.
2.Аузыңды басып есіне.
3.Кісіге қарап жөтелме.
4.Суды улама, суға түкірме.
5.Дені саудың-жаны сау. 6.Бірінші байлық-денсаулық. 7.Тазалық бар жерде денсаулық бар. 8.Тазалық-саулық негізі,саулық –байлық негізі. 9.Тазалық-денсаулық кепілі. 10.Бас аманда мал тәтті. 11.Аурудың жақсысы жоқ,дәрінің тәттісі жоқ . 12.Жарлының байлығы –денінің саулығы . 13.Ауырып,жазылған жан олжа,жоғалып табылған мал олжа. 14.Ұйқы-тынықтырады,жұмыс шынықтырады. 15.Денің сау болса жарлымын деме,жолдасың көп болса,жалғызбын деме. 16.Ас шайнап отырып сөйлеме. 17.Шайнамай жұтпа ,ойланбай сөйлеме. «Тамшыдан теңіз» тренинг. Сөз ұйқастары беріледі,балалар өлең жолдарын құрастыру керек. Боламыз, толамыз,құрамыз,жоямыз,тұрамыз,қоямыз. Үлгі-Біз тәртіпті боламыз Біз де ержетіп толамыз. Салауатты өмір құрамыз, Жат әдетті жоямыз. Күнде ерте тұрамыз, Жалқаулықты қоямыз. 4. «Дені саудың –жаны сау»Блиц турнир сұрақтары 1.ХХ ғасырдың қасіреті (СПИД ) 2.Адам ағзасындағы ең қатты зат (тіс эмалі).
3.Көздің алмасы.(Қарашық).
4.Біздің ағзамыздағы ең ыстық мүше (бауыр).
5.Көз ауруларын емдейтін дәрігер (окулист).
6.Адам ағзасында әсер ететін паразиттер (құрттар)
7.Есті қыска уақытта жоғалту (естен тану)
8.Өт жасайтын мүше (бауыр)
9.Қанның ақ клеткалары (лейкоциттер)
10.Кең тараған тіс ауруы (Кариес)
11.Адамның мүсінін не қалыптастырады? (қаңқа)
12. Ас ауызда шайналғанда немен шыланады? (сілекеймен)
13.Ағзаның қорғаныштық қасиеті (иммунитет)
14.Ненің көмегімен ағза оттегін қабылдайды (өкпе)
15. Адамның негізгі қан тамыры (аорта)
16.Балалардың дәрігері (педиатр)
17.Тыныс алғанда ағзаға не келеді? (оттегі)
18.Түсті ажырата алмау құбылысын ашқан ғалым (Дальтон)
19.Оны медицинаның атасы деп санайды (Гипократ)
20. Ас қортатын мүше (асқазан)
21. Орта ғасырда кең алған жұқпалы ауру (Оба)
22.Дөрекі мінез- құлықа алып келетін сусын.(алкогольдік ішімдік)
23.Сұйык дәрі. (микстура)
24.Қанның қызыл клеткалары (эритроциттер)
25.Тамақтағы уды тазалайтын мүше (бауыр)
26.Жер шарын мезгіл-мезгіл мазалайтын жұқпалы ауру (тұмау)
27.Адамның тіршілік етуіне қажетті ішкі мүшелерді қорғайды
(кеуде қаңқасы)
28.Бас сүйектін ішінде не бар? (ми)
29.Табиғаттың дайындаған ең ұтымды тамағы (ана сүті).
30.Көз жанарын ,теріні жақсартатын витамин (А витамині,каротин)
47.Адам 90% ақпаратты қай мүшенің көмегімен алады (көру мүшесі арқылы)
48.Өз қанын адамға кім береді? (донор)
49.Қаңқаның дұрыс дамуына қажетті минералды зат (кальций)
50.Дененің қалыпты температурасы(Цельсий бойынша +36,1+37,0).
«Кім тапкыр » ойыны.
1.Дөп дөңгелек қос шыны, 2.Сылдыр сұйық, су емес,
Бұзылмайды достығы. Ішсең сусын қанады,
Өмір бойы екеуі, Ақ болса да қар емес,
Қол ұстасып өтеді. (Көзілдірік) Шешуін кім табады. (Сүт)
3.Көрінбейді көзіне, 4.Жанды мотор сынбайды,
Тіл қатпайды өзіңе. Күні-түні тынбайды.
Ж ығады ол күн сайын, Кейде оның жүрісін,
Балуандардың өзін де. (Ұйқы) Дәрігерлер тыңдайды, (Жүрек)
5.Күмбір-күмбір қарағым, 6.Тау басына шөп шықты,
Қартайғанша жарадың.(Құлақ) Бір шыққанда көп шықты(Бас пен шаш)
7.Оң жағымда бес сарбаз, 8.Қимылдаса қос шебер,
Сол жағымда бес сарбаз.(Он саусақ) Қыруар-қыруар іс өнер. (Қол).
9.Асқар тауда, қалың орман
Кейде оны шөптей орам. (Шаш)
«Қолшатыр» тренинг.
Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек?
Оқушылар қолшатырдың әр бөлігіне дайын қағаздарға өз ойларын жазып іледі.(Мысалы: темекі шекпеу, ішімдікке үйір болмау, мезгілмен тамақтану, демалу,спортпен шұғылдану, ыстық күнде көп жүрмеу, салқын су ішпеу, таза жүру, күн тәртібін сақтау, уақытында моншаға түсу т.б.)
Қорытынды.
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп халқымыз бекер айтпаған. Жақсыны көріп, тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманды көріп, зардабын түсініп, бойыңды аулақ ұстау білімділіктің, көргенділіктің белгісі. Өсер елдің баласына лайык салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болып өсе берейік!