Просмотр содержимого документа
«Салауатты ?мір-ата салтымыз »
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы
Шынбергенова Мариям
№6 орта мектебі жанындағы
интернат тәрбиешісі
Тақырыбы: Салауатты өмір - ата салтымыз
Мақсаты: Интернат тәрбиеленушілерін зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға,салауатты өмір салтын сақтауға, темекі шегудің денсаулыққа қауіпті екендігі туралы мағлұмат беріп,ойларын ашық айтуға үйрету.
Тәрбиелік: Тәрбиеленушілердің салауатты өмір туралы ұғымдарын кеңейту,жеке бас гигиенасын сақтау.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер,суреттер,слайдтар.
Кіріспе сөз.
Тәрбиеші: Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Салауатты өмір -ата салтымыз».Өмір-адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ,мәнді де сәнді өмір сүруінің негізі-оның денсаулығы.Денсаулық адам өмірінің ең қасиетті де құнды,қайталанбас,жоғалса орнына аса қыйындықпен келетін,орны толмас асыл қазына.Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі-адамның денсаулығы.
Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайлар экологиялық,адам ағзасын улайтын зиянды әдеттер-шылымқорлық.Қай ата-ана баласының тәрбиесіз,бұзақы болуын қалайды? Әйтсе де жаман әдетке үйрену оңай.Темекі түтінінен бөлінетін заттар өте қауіпті.Темекі шегу жөтелге ұласады,оның себебінен өкпеге әсер етеді.Сондықтан да балалар,- «Бірінші байлық-денсаулық» деп халық бекер айтпаса керек.
Көрініс:
Дәрігер: Сізге не болды?
1-оқушы:
Өкпе:Менің көрген күнімді жауыма да тілемеймін.Адам темекі шеккен сайын демалуға шамам келмейді.Жүрекке бұдан былай таза ауаны жеткізе алмаймын.Өкпемнің сау тамтығы қалмады.Өкпе қатерлі ісік ауруынан өлуге аз-ақ қалдым.
2-оқушы:
Жүрек:Маған жақсы жұмыс істеу үшін таза қан мен таза ауа керек.Таза ауаның орнына демалғаным-темекі.
Бір оқушы ортаға шығып отырады.
3-оқушы: Бұл отырған шылымқор,сорады кеп шылымды ол,
Қанша айтсаң да алмайды тартпа деген ұғымды ол.
Сора-сора уыты өн бойыңды жайлайды,
Кірпік әсте қақпайды,жөтел қысып жатпайды.
Бірақ шылым сорғанда аузы тыным таппайды
Шылымсыз түк жүрмейді,жоқ боп қалса тілейді,
Бірақ оның зиянын білседағы білмейді.
Тәрбиеші: -Енді мына суретке назар аударайық.(суретте спорт заттары,олардың арасында темекі бар).
-Қай зат артық?
- Темекі неге артық деп ойлайсыңдар?
4-оқушы: Темекі денсаулыққа зиян. Темекінің түтіні – улы зат.
5-Оқушы: Темекіден жүрек,өкпе,тамақ аурулары пайда болады.Темекі шегу адам өмірін 8-10 жылға,бір талының өзі 6-7 минутқа қысқартады.Сондықтан зиянды заттардан аулақ болайық.
6-Оқушы: Темекі қоюдың әр түрлі әдістері бар.Темекіні бірден қойып кетуге немесе бірте-бірте күнделікті тартатын темекінің санын азайта отырып қоюға болады.
Қолдарына бронхит,қатерлі ісік,түберкүлез деген тақтайша ұстаған оқушылар шығады.
7-Оқушы: (Бронхит) Біз темекі тартқанды жақсы көреміз.
8-Оқушы: (Қатерлі ісік) Біз темекі тартқандар қатарын көбейткіміз келеді.
9-Оқушы: (Түберкүлез) Сендердің сандарыңның қатарын көбейткіміз келеді.
10-Оқушы: Күрік-күрік көк жөтел,
Күркілдеген не жөтел?
Жасыңнан шексең темекі,
Түбіңе сенің сол жетер.
11-Оқушы: Салауатты өмір салтын қолдайық,
Әдеттен жаман аулақ болайық.
Өз өмірің өз қолыңда ей балалар!
Көрініс: «Темекінің әлегі» (Әке,шеше,бала).
Тәрбиеші: Темекі тартатын адам күніге орта есеппен 200 рет,айына 6 мың рет,жылына 72 рет ішке түтін тартса,ал 45 жастағы адам өмір бойына 2 млн. Рет темекі тартады екен қызығы сол,темекі шегуді о бастан ойнап бастаған 100 адамның 80-і тұрақты шылым қорға айналады.Темекі шегуші адамдар тек өзін ғана улап қоймай,қасындағы басқа адамдарды да улайтыны белгілі.
Ардақты менің тәрбиеленушілерім, мен сіздерге ризамын, өйткені сіздердің дендеріңнің сау,зиянды әдеттен аулақ,ұзақ та бақытты өмір сүрулеріңе тілектеспін.
12-Оқушы:Ризамын,ризамын,ризамын бұл күнге,
13-Оқушы:Ризамын,ризамын,ризамын өмірге.
14-Оқушы:Ризамын,ризамын,ризамын анама,
15-Оқушы:Ризамын,ризамын,ризамын әкеме.
Тәрбиеші:Міне,балалар бүгінгі біздің «Салауатты өмір-ата салтымыз» атты тәрбие сағатымызды қорытындылай келе темекінің адам өміріне қаншалықты зиян екенін білдік.Дені сау адам-қоғам байлығы.Салауатты өмір сүрудің негізі жаман әдеттен аулақ болу.Отанымыздың келешегі көркеюі,сіздердің қолдарыңызда.Сондықтан сіздердің таңдауларыңыз салауатты өмір салтын жандарыңа серік ету!