Білімділік : XX?асырда бізді? ?аза?тай к?п ?ырылып,жаппай ?у?ындалып, к?п атыл?ан халы? жер бетінде кемде-кем. Оны? ащы а?и?ат екендігін іздеу барысында к?з жеткізу.Ал?ан білімді терендету, дамыту, м??алімні? к?мегінсіз о?ып ?йрену.Елімізді? талай ?ырылып, талай ?иыншылы?ты басынан ?ткеріп жеткенін т?сіндіру.
Дамытушылы?: Дайын дерек к?здерін, сызбаларды пайдалана отырып, саба?ты? мазм?нын аша білу да?дыларын ?алыптастыру. Сын т?р?ысынан ойлап, ?р т?рлі тапсырмаларды орындай білулеріне ба?ыт беру.
Т?рбиелік: О?ушыларды? Отан?а, елге,ту?ан жерге деген ма?таныш сезімдерін ту?ызу.
11сынып. ?аза?стан тарихы п?ніні? “ Саяси ?у?ын – с?ргінні? негізгі кезе?дері” та?ырыбы бойынша о?ушыларды? о?уда?ы жетістігін ба?алау критерийлері
Просмотр содержимого документа
«Конспект урока историй »
Сабақтың тақырыбы:
Саяси қуғын-сүргіннің негізгі кезеңдері
Сабақтың мақсаты
Білімділік : XXғасырда біздің қазақтай көп қырылып,жаппай қуғындалып, көп атылған халық жер бетінде кемде-кем. Оның ащы ақиқат екендігін іздеу барысында көз жеткізу.Алған білімді терендету, дамыту, мұғалімнің көмегінсіз оқып үйрену.Еліміздің талай қырылып, талай қиыншылықты басынан өткеріп жеткенін түсіндіру.
Дамытушылық: Дайын дерек көздерін, сызбаларды пайдалана отырып, сабақтың мазмұнын аша білу дағдыларын қалыптастыру. Сын тұрғысынан ойлап, әр түрлі тапсырмаларды орындай білулеріне бағыт беру.
Тәрбиелік: Оқушылардың Отанға, елге,туған жерге деген мақтаныш сезімдерін туғызу.
11сынып. Қазақстан тарихы пәнінің “ Саяси қуғын – сүргіннің негізгі кезеңдері” тақырыбы бойынша оқушылардың оқудағы жетістігін бағалау критерийлері
Критерий А
Терминдермен жұмыс жасап, анықтамасын бере алады
Жылдарды ажыратып, нақты болған оқиға уақытын біледі
Саяси қуғын-сүргіннің негізгі кезеңдерін көрсете алады
Критерий В
Ұлы адамдардың өмірбаянынан мағлұмат келтіру , оларға баға бере алады.
Саяси қуғын –сүргіннің сипатын, барысын, нәтижесін түсіндіре алады.
Жазалау лагерлері туралы мағлұматтамен жұмыс жасап, сұрақтарға жауап береді.
Критерий С
Фактілермен жұмыс жасай алады.
Тақырыпқа қатысты сандық мәліметтерді саралай біледі.
Ұлы адамдарға жеке қасиеттеріне толық сипаттама жасап, тұжырым
жасай біледі.
Сабақ барысындағы толық тапсырмаларды орындап, алған білімі негізінде
өзіндік қорытынды жасай біледі.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру
Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары, ауызша баяндау, сұрақ- жауап, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның саяси картасы , саяси қуғын -сүргіннің құрбаны болған қоғам қайраткерлерінің фотосуреттері, буклет, видеопроектор, компьютер, слайд, А 3 қағаз, фламастер
Сабақтың жоспары
1. Сталин және тоталитарлық режім .
2. Саяси қуғын – сүргіннің негізгі кезеңдері, себептері, барысы.
Қазақстанның “лагерлік өлкеге ” айналуы.
Саяси қуғын -сүргіннің құрбан болған қоғам қайраткерлері
Саяси қуғын – сүргіннің нәтижесі
Терминдермен жұмыс
Тоталитарлық режім
Саяси репрессия
Геноцид
Тоталитарлық режім - Тоталитарлық – (латын сезінен – totalis барлық, толық) қоғамдағы мемлекеттік билік бір топтың, бір партияның қолында шоғырланған, елде демократиялық бостандық пен саяси оппозицияның болуына тыйым салған режим. Мемлекет жеке адамның барлық істерін бақылауға алады. Тоталитарлық режимде:
1. Тек бір партия билік жүргізеді.
2. Басқару қатаң түрде бір орталықтан жүргізіледі.
3. Бір идеология ғана жарияланады.
4. Еркін пікір айтуға тыйым салынады.
5. Репрессия, күш қолдану мемлекеттің ең негізгі функциясы болып табылады.
Репрессия - бүтіндей жою, басып- жаншу мақсатында жүргізілетін жазалау шаралары.
Геноцид– бір халықты және ұлтты жойып жіберу саясаты.
Сталин шын аты Джугашвили Иосиф Виссарионович , 1879 жылы 12 желтоқсанда Тифлис маңындағы ауылда етікші Виссарионның отбасында дүниеге келген. Саяси қайраткер, Кеңестер Одағының батыры, генералиссимусы, маршалы, Лениннің үміт артқан үзеңгілестерінің бірі . Сталин 3 рет Ленин орденімен , 2 рет “жеңіс орденімен”, Социалистік Еңбек Ері және Кеңес Одағының Батыры тағымен марапатталған.Астыртын қызмет барысында бірнеше рет тұтқынға алынып, , Шығыс Сібірге жер аударылды. Айдаудан 1917ж Ақпан революциясынан кейін оралып, РСДЖП – ның ОК бюросының құрамына Және “Правда” редакциясына енді.
Филипп Исаевич Голощекиннің шын есімі – Шая Исаекович Фрам, ұлты еврей. 1876 жылы Невель қаласында ауқатты отбасында дүниеге келген. Орал мен Сібірде Кеңес өкіметін орнатуға қатысқан. Ленин, Сталинмен жақсы араласқан. ІІ Николай патшаның отбасын жазалағанда оның қатыгездігінен тіпті өз қаруластары қатты шошынған. 1924 жылдың қазан айынан бастап 1933 жылға дейін ол Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған. «Кіші Қазан төңкерісін» жасаймын деп, Ф.И.Голощекин ұлтымыздың тең жартысын аштан қырды. Осы қылмысы үшін жазаланудың орнына КСРО Халық комиссарлары кеңесінің бас мемлекеттік төрешісі болып тағайындалды. Тек 1941 жылы «халық жауы» деген айыппен ату жазасына кесілген. 20 жылдан соң ақталды. Даламызды қу сүйекке толтырғанына орай қазақтар Голощекинді «Қу жақ Филипп» деп атаған.
Саяси қуғын – сүргіннің себебі, сипаты, барысы
“Корзина идей” стратегиясы
І- топ себебі, сипаты
ІІ- топ барысы
Саяси қуғын-сүргіннің себебі, сипаты, салдары:
Қазақстанда саяси қуғын –сүргін құрбандарын еске алу күні 1997 жылдан бері 31 мамырда атап өтіледі. 1993 жылы республикада саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заң қабылдады.
Мақсаты:
отаршылдық салдарын жою
саяси зұлматтан зардап шеккен жандардың құқығын қалпына келтіру
тоталитарлық режімнің акциялары мен актілерге саяси құқықтық баға беру
Статистикалық мәлімет
Ресми деректер бойынша КСРО –да 3,77 млн адам сталиндік репрессия құрбаны болған. Олардың 500 мыңы атылса , қалғандары
25 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылған. Бүгінгі таңда 1921-1954 ж аралығында 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, олардың 25 мыңнан астамы атылған. Елімізде бүгінгі таңда 345 мың заңсыз қуғындалған адам ақталды. Олардыңішінде қазақстанға жер аударылғандар бар.
Саяси қуғын-сүргін сипаттары:
1921 – 23 жылдарда малды тартып алу
малдан айырылудың кесірінен болған аштық
шаруалар көтерілісі мен “бандыларды жою” деп аталған қырғын науқан
бай –кулактарды жою, олардың мүліктерін
тәркілеу және жер аудару
1923-33 жж арлығындағы дін өкілдерін жазалау
халық жауларымен , шетел тыңшыларымен жүргізілген күрес
Сұрақтар: 1937-1938жж репрессияға ұшыраған алаштың біртуар азаматтарын ата?
1937-1938жж репрессияға ұшырағандарға тағылған айып түрлері ?
Айып түрлері :
халық жауы
Отанына опасыздық жасағандар
шпиондар
сатқын
буржуазияшыл -ұлтшыл
Сұрақтар: Жазаның түрлерін ата ?
Жаза түрлері
Жаппай өлім жазасына кесу
Түрмеге қамау
Тұтас жер аудару
Қылмыстық істерді қолдану
Адамдардың қадір- қасиеттері мен жанын жаралау
Сонымен, Қарағанды еңбекпен түзеу лагері 1931 жылы 19 желтоқсанда құрылды, лагерьдің орталығы Қарағанды қаласынан 45 шақырым жердегі Долинка ауылы болды, оған 120 000 гектар егістікке жарамды жер, 41 мың гектар шабындық жер бөлініп берілді. Карлаг аумағы солтүстіктен оңтүстікке дейінгі 300 шақырым, шығыстан батысқа дейінгі 200 шақырым жерді алып жатты. Оған қоса осы аумақтан сыртқары лагерьден 350 шақырым жерде Ақмола және 650 шақырым жерде Балқаш бөлімшелері құрылды. Карлагты құрудағы басты мақсаттардың бірі – сол кезде қарқыныды дами бастаған Орталық ҚазақстандағыҚарағанды көмір бассейініне, Жезқазған және Балқаш мыс қорыту комбинаттарына аса ірі азық-түлік базасын жасау болды. Оған осы өнеркәсіп салаларын құрып, дамытуға жұмыс күші де қажет болатын. Қарлаг 32 мың тұтқынға арналған, ал шын мәнінде, мұнда 75 мыңға жуық адам отырды .
СТЕПЛАГ — «халық жауларына» арналған ерекше лагерь. 1940 жылы Кеңгір өзенінің жағасында бұрынғы пионер лагерінің орнынан КСРО ішкі істер халық комиссариатының (НКВД) ірі лагерь «Жезқазған лагері және КСРО НКВД ГУЛАГ-ның комбинаты» құрылды. 1943 жылы Үлкен Жезқазғанның іске қосылған және салынып жатқан бөлімдерінің бәрі НКВД-ның қарауына беріліп, ол «НКВД Жезқазған еңбекпен түзеу лагерь-комбинаты» деп аталды.1947 жылы №4 Ерекше лагерь немесе СТЕПЛАГ деп аталды. СТЕПЛАГ-тың басты міндеті — Жезқазған мыс комбинатын тез арада салып бітіру. Лагер 1940 жылдың 1 сәуірінен бастап жұмыс істеді.1942 жылдың 1 қаңтарында лагерьде 120–140 тұтқын ұсталды. Бұлардың ішінде 1830-ы төңкеріске қарсы қылмыстылар, 548-і бандитизм және кісі өлтіргені, 108-і шекараны рұқсатсыз өткені, армиядан қашқан және әскери қылмыстары, 9050-і өзге де қылмыстары үшін сотталғандар. Сотталғандар негізінен кінәсіз жұмысшылар, колхозшылар, инженерлер, дәрігерлер және НКВД тізімі мен құрылысқа, шахталарға еңбек күші керек болғандықтан қамалған адамдар болды. Соғыстан кейін лагерьге 12 мың Кеңес тұтқындарына 8 мыңға жуық соғыста қолға түскен немістер мен жапондықтар келіп қосылды. Лагерь үш негізгі бөлімшеден тұрды: Кеңгір, Жезқазған және Қарсақбай бөлімшесі.
Жұмысының ауырлығы, лагерь ішіндегі қатаң тәртіп жағынан Степлаг басқа лагерьлерден де асып кетті. Бірақ адам төзгісіз ауыр каторгалық еңбек, аштық, жалаңаштық, ауру, мыңдаған адамдардың өлімі тұтқындардың еңсесін басып, рухын жасыта алмады. КСРО-ның барлық лагерьлеріндегідей, мұнда да зорлық-зомбылыққа, қатал тәртіпке қарсы наразылық үздіксіз бой көрсетіп отырды. Лагерьлер жүйесінде ең көлемді, әрі ұзаққа созылған тұтқындар көтерілісі осы СТЕПЛАГ-та болды.
Алжир . Лагерьде 22 болімше болған онда. 22 мыннаң астан жазықсыз жазаланған «Отаның сатқандардың әйелдері азап шекті. Сотталған аналар орналасқан лагерьді көпшілік «Алжир -cонау 1937-ші жылы ІІХК-ның арнайы бұйрығымен салынған Ақмола халық жаулары әйелдерінің лагері, кейін баршаның аузында АЛЖИР аталып кеткен азап орталығында 20 мыңға дейін нәзік жандар қамауда болған. Қарағанды лагерінің 17-ші бөлімшесінің артынан 26-шы нүкте болып құрылған осынау тозақ орталығында небір ел жайсаңдарының зайыптары, қыздары мен қарындастары жазықсыздан-жазықсыз жапа шекті.
Ең сұмдығы – мұнда бойына нәресте біткен аналарға да мейірімділік жасалмады. Нәтижесінде темір тордың ар жағында 1 мың 507 нәресте дүниеге келіп, олардың басым көпшілігі аштық пен суықтың құрбаны болды Солардың бірі «Отанына опасыздық жасағандардың жарларының Акмола лагерінде» (АЛЖИР) С. Сейфуллин, Б. Майлин, Ж. Шанин, С. Асфендияров, М. Тәтімов, Т. Жүргенов, Н. Нұрмақов, С. Сармолдаев, С. Есқараев және басқа белгілі қайраткерлердің жарлары қамауда ұсталды. 1938 жылы 6 қаңтарда, мәселен, мұнда 1-3 жас аралығында балалары бар 50 әйелден тұратын алғашқы этап келіп түседі. Олар ерлері саяси айыпкер ретінде сотталған, өздері жас сәбилерімен тұтқынға алынған аналар болатын. .
Шығармашылық жұмыс
Салыстыру
Бекіту кезеңі:
Кеңес билігінің тұсында құғын – сүргіннің қайталанып отыруының себебі неде деп ойлайсыңдар?
Қазақстанның құқығы жоқ мемлекет болғандығын неден дәлелдеуге болады?
Кері байланыс
Бүгінгі сабақта мен үшін жаңа болған идеялар
Маған ұнаған идеялар
Менің көңілімнен шықпаған тұстары
Үй тапсырмасы : Эссе жазу
Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін зардаптары, "Алаш " партиясының
қоғам қайраткерлері туралы мағлұмат жинау.
Бағалау. Бағалау парағы арқылы бағаланады.
Ш.Қ.О Тарбағатай ауданы , Тұғыл ауылы
Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп
Тарих пәнінің мұғалімі : Абселенова Айжан Жакыпбековна
Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауымен ұстаз болуым. Бұл сөзді мен жай ғана айта салмаймын өйткені бұлай айтуым – маған үлкен жауапкершілік жүктейді. Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес. Ол – адам бағдарын жасаушы. Егер де өмір қоғамға бейім, білім нәрімен терең сусындаған, тәрбиелі де ізгі жүректі адам өмірге үлкен мақсаттар қойып, талапшылдықпен, мақсаткерлікпен алға аттатсам – бұл менің өмірімнің ең шынайы әрі ғажайып мәні. Өйткені мен ұстазбын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін. Осындайда «Ұстаз - ұлық емес ұлы қызмет» деген Бауыржан Момышұлының керемет дана сөзін әрқашан есіме аламын. Ұлы Абай “Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады”, деп айтқаны белгілі. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі — білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім», — деген.
Тарих пәнін оқыту барысында интерактивті модульдік технологиялардың әдісін және сын тұрғысынан ойлау технологиясын , кембридж әдісін сабақтарымда қолданамын. Халқымызда «Жас келсе-іске» деген керемет сөзі бар. Демек мен бойымдағы жастық жігерімді, күш қуатымды,жаңашылдығымды шәкірт тәрбиелеуге жұмсауым керек. Болашақта өз оқушыларымды биік белестерден көрсем, сол үшін өзімнің кішкене де болса үлесім тиген болса, мен өзімді бақытты ұстаз, бақытты адам деп білемін.