Қазақ хандығының пайда болуы. Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды.
Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Қазақ хандығының пайда болуы. Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды.
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-16 ғғ.)
Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.
Әсіресе Әбілхайыр(1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.Бір орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы — Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында , қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды.
Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде , хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. Әбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталыпына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моголстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид қолдап отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар Дулати Қазақ хандығының құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады.
Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды.
Қазақ хандығының құрылуы.
Сыр өңірі мен Қаратау — қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз құқықтарын орнатуға тырысты. Сондай-ақ Сырдың төменгі және орталық сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді.
70-жылдары Сауран, Созақ түбінде, үлкен шайқастар болды. Асыны (Түркістанды), Сығанақты біресе қазақ хандары, біресе Мұхамед Шайбани басып алып отырды. Осындай шайқастардың бірінде көрнекті қолбасшы Керейдің ұлы Мұрындық болды. Ол 1480 жылдан бастап хан болды. Соның нәтижесінде 15 ғ. 70-ж-да қазақ хандығының шекарасы кеңейе берді. Оңтүстік қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын билеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да толастамады. Батыс Жетісудағы иеліктеріне оңтүстіктегі өздеріне қараған қалаларға (Созақ, Сығанақ, Сауран) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы өкімет билігіне талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты. Дешті Қыпшақта қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп Мәуереннахрға кетуге мәжбүр етті. Мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана отырып, өкімет билігін басып алды.
Сонымен қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер — саяси және этникалық процестер болды. Оның басты этапы — Керей мен Жәнібектің қол астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға — Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы. Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп, үкімет билігін басып алуы. Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақстан атана бастады.
[өңдеу]
Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығы
Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығы.
16-17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым.. Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты.Бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Орыс мемлекетімен байланыс болды. Ұлы князь 3 Василий (1505-1533) билік құрған кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Батыс Еуропа да қазақ хандығын осы кезде танып білді.
«Қасым ханның қасқа жолы» деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ заңдары жасалынды.
Дегенмен Қасым хан тұсында Қазақ хандығы бір орталыққа бағынған мемлекет болмады. Ол Қасым өлгеннен кейін бірден байқалды. Өзара қырқыс, таққа талас басталды. Моғол және өзбек хандарының қазақ билеушілеріне қарсы одағы қалыптасты.
Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты. Қасым ханның немере інісі Таһир (1523-1532) хан болды. Оның айырықша елшілік әне әскери қабілеті болмады. Маңғыт және Монғол хандарымен әскери қақтығыстар басталды. Бұл соғыстар қазақтар үшін сәтті болмады. Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің бір бөлігінен айрылып, оның ықпалы тек Жетісуда сақталып қалды. ТаҺир ханның інісі Бұйдаштың (1533-1534) тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқталған жоқ.
[өңдеу]
Хақназар ханның тұсындағы Қазақ хандығы
16 ғ. 2 ж. әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Хақназар (1538-1580 жж.) өз үлесін қосты. Ноғай Ордасындағы алауыздықты сәтті пайдаланған ол, Жайық өзенінің сол жағындағы жерді қосып алды. Оның тұсында Жетісу мен Тянь-Шаньды басып алуды көздеген Моғол ханы Абд- Рашидке қарсы ұтымды күрес жүргізілді. Хақназар өзара тартыста өзбек ханы Абдулланы қолдау арқылы Сыр бойындағы қалаларды (Сауран, Түркістан) өзіне бағындырды. Оның Абдулламен байланысынан қорыққан Ташкенттің ұлыстық әміршісі Баба сұлтан жансыздары арқылы Хақназарды у беріп өлтірді.
[өңдеу]
Тәуекел ханның тұсында Қазақ хандығы
Ақназардың мұрагері Жәдіктің баласы және Жәнібек ханның немересі қартайған Шығай (1580-1582) болды. Ол өзінің баласы Тәуекелмен (1586-1598 хан болған) бірге Баба сұлтанға қарсы күресінде Бұқар ханы Абдоллаға келді. Абдолла Шығайға ходжент қаласын сыйға тартып онымен қосылып Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығына шығады. Осы жорықта Шығай қайтыс болады. Қазақ хандығының иелігі енді Тәуекелге көшеді.
[өңдеу]
Есім ханның тұсында Қазақ хандығы
Есім хан (1598-1628 (1645) ж.ж. билік құрған) Шығайұлы Есім хан (1628-1645) – Қазақ хандығының ханы, Шығай ханның баласы, атақты Тәуекел ханның туған інісі. Есім хан туралы халық жадында сақталған аңыз -әңгімелер, дастан-жырлар көп. Оны халқы «Еңсегей бойлы ер Есім» деп ардақтайды.
Есім хан билік басына ағасы Тәуекел өлгеннен кейін келді. Бұл кезде Қазақ хандығының шығысындағы жағдай Тәуекел тұсындағыдан әлдеқайда күрделене түскен еді. Мұнда ойрат тайпаларының бірігіу процесі жүріп жатты. Сондықтан ол көршілерінде болып жатқан жағдайды жіті қадағалап, олардың тайпалары арасындағы алауыздықты өз пайдасына шешуге ұмтылып бақты.
Ойраттардың бір жағынан Ембі, Жайық, Еділ бойындағы ноғайлармен шарпысуығ екінші жағынан орыс қамалдарының гарнизондарымен қақтығысуы Есім хан саясатының ықпалды болуына елеулі жағдай жасады. Ақырында үш жақты соғыстың өздеріне қырғын таптыратынын сезген ойрат әміршілері Есім ханның үстемдігін мойындап, тату көршілікте тұру мақсатында ұсыныс жасап, елшілерін жіберуге мәжбүр болады.
Хандығының шығысындағы жағдайды осылайша өз пайдасына шешкен Есім хан оңтүстігін де ойдан шығармайды.
Хандығының шекарасын кеңейте түсу саясатын мұнда да батыл жүргізіп бағады. Оған жағдай да көмектесе түседі. Себебі, бұл кезде қайтыс болған Бәки Мұхаммед ханның орнына оның інісі Уәли Мұхаммед пен Герат-Хорасанның билеушісі Дінмұхаммед баласы Иманқұлы таласып жатқан еді. Осы қақтығысты өз пайдасына асыруда Есім хан үлкен ептілік танытады. Ол әуелі Уәли Мұхаммедке көмектесемін деп уәде беріп, кейін Иманқұлы жағына аунап түседі. Соның нәтижесінде онымен бірігіп, Уәли Мұхаммедті өлтірісіп, Иманқұлымен одақ жасасады да, сол жылы Иманқұлыға қарсы шығып, Самарқантқа әскер жөнелтеді.
Бұл кезде Иманқұлының Есіммен соғысарлық шамасы жоқ еді. Сондықтан онымен шартқа отырып, Ташкент пен оның төңірегінің түгелдей қазақтардың иелігі екенін ресми түрде мойындайды.
Бұдан кейін Есім хан Моғолстан ханы Әбдірахымның қызы Падшахқа үйленіп, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахымға беріп, қарсы құда болу арқылы оны өзінің жақтасы етіп, соның көмегімен өзіне опасыздық жасаған Тұрсын ханды талқандап, дара билікке қол жеткізеді.
Есім ханның билігі тұсында (1598-1645) халық жадында «Есім салған ескі жол» деген атпен қалған әдет-ғұрып нормаларын қалыптастырған конституциялық құжат болғаны белгілі. Мұны «Есімнің заңы» деп ұққан жөн. Бірақ оның көктен алынбағанын, өз заманының орайы мен талабына қарай Есім хан мен оның кеңесшілері өңдеп, толықтырған баяғы «Қасым салған қасқа жолдың» бір нұсқасы екенін де естен шығармаған абзал. Түтпет келгенде, «Есім салған ескі жол» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған даналық заңдарға байланысты айтылған. Қоныс-тұраққа, мал-мүлікке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау-шардың шешімдері осы кезде сараланды.
Мұның өзі кейін Тәукенің әйгілі «Жеті жарғысына» негіз болып, қазақ халқының мәдени-рухани және салт-дәстүр қалыптарының төлтумалығын шыңдай түсуге ықпал етті. Жалпы көшпелілер мемлекетінің хандары сияқты, Есім хан да тақ үсті мен ат үстінде бірдей танылған біртуар тұлға. Оны халқының «Еңсегей бойлы Ер Есім» атанған атақты ханның қайтыс болған жылы – 1645 жыл деген шындыққа келетін сияқты.
Есім хан дүние салған соң қазақ хандығының тағына Жәңгір хан (1645-1652) отырды. Халық оны ел үшін жасаған ерлігіне орай «Салқам Жәңгір» деп атанған. Хан ордасын Түркістан қаласында ұстау Жәңгір хан тұсында басталды.
Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598-жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім хан - Шығай ханның баласы, ол бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған. Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім-шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңды құрастырды. Есім ханның қазақтарды бір орталыққа бағындыру саясатына қарсы болған сұлтандар қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты.
Ташкент қаласы қазақ хандығына қараған соң оны Жәнібек ханның немересі, Жалым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған еді.Ол көп ұзамай тәуелсіз хан болуға әрекет жасады. Тіпті өз атынан ақша соқтырып, «бажы және хараж» алым-салықтарын жинады. Сонымен, қазақ хандығын екіге бөліп, Түркістан қаласын орталық еткен Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен тұрсын хан билеген еді. Бұлардың арасында соғыс қақтығыстары болды. Бұл екі жақ ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ билеушілерінен өздеріне одақтас-жақтастар іздеуге кірісті. Есім хан тобы Яркент хандығына қарсы болып Тұрпанды билеген Әбдірахим ханмен одақтасты. Ал Тұрсын Мұхаммед хан жағы Яркент билеушісі Шажайдің Ахметтің жақтасы болды. Бұлармен одақтасып отырған Әбдірахим мен Ахметтер де бір-бірімен жауласып отырған билеушілер болатын. Есім хан өзіне мықты сүйеніш ету үшін Яркент ханы Әбдірахиммен құдандалық байланыс орнатты.
Есім хан Әбдірахимнің қызы Патша ханымға үйленді де, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахимге берді. Есім хан мен Тұрсын хан арасында күрес шиеленісе берді, 1627-жылы Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, қазақ хандығын өз қол астына біріктірді. Есім ханның феодалдық бытыраңқылықты жеңіп, қазақ хандығын біріктіру жолындағы күрестері қазақтың «Еңсегей бойлы ер Есім» атты тарихи жырына өзек болған. Есім хан Ташкент қаласына білдіртпей түнде кіріп, хан сарайының күзетшілерін байлап тастап, тұрсын ханды қаперсіз ұйықтап жатқанда қапылыста өлтіреді, сонда Есім ханның қасындағы Төлеген (Марқасқа) жырау оны мынадай жырмен оятады:
«Ей, Қатаған хан Тұрсын!
Кім арамды ант ұрсын.
Жазықсыз елді жылатып,
Жер тәңірісің, жатырсың,
Хан емессің қасқырсың,
Қара албасты басқырсың!
Алтын тақта жатсаң да
Қазаң жетті қапылсың!
Еңсегей бойлы ер Есім,
Есігіңе келіп тұр,
Шашқалы тұр қаныңды,
Кешікпей содан қатарсың!»
Есім хан шошып оянған Тұрсын ханның басын алады.
«Бахыр әл асырардың» авторы Махмұд ибн Уәлидің айтуына қарағанда, Есім хан 1628-жылы қайтыс болған. Ал «Қазақ совет энциклопедиясының» мәліметіне қарағанда 1645-жылы қайтыс болған делінеді.
[өңдеу]
Қазақтардың өзара саяси қарым-қатынасы
16 ғасырда қазақ хандығы солтүстікте құрылған Сібір хандығымен (орталығы Түмен) шектесті. 1563 жылы Шайбани әулеті мен Тайбұғы руы арасындағы ұзақ жылдар бойы жүргізілген күрестен кейін Сібір хандығы Шайбани әулеті Көшім ханның қолына көшті.
Сібір хандығының халқы түркі тілдес қырық рудан құрылған және угар тайпаларының жиынтығынан тұрды. Хандықтың негізгі халқы түркі тілдес «Сібір татарлары» деген атпен белгілі болды. Сібір хандығы Қазақстанмен саяси және сауда байланысын жасап тұрды.
1552 ж. Ресей Қазан қаласын жаулап алғаннан кейін, ол Сібір хандығымен көрші болып шықты. 1581 ж. Ермактың сібірге жорығы басталды. Көшім хан жеңілгенмен, Ермак жеңісті баянды ете алмады, ол 1584 ж,. қаза тапты. Бірақ Сібір хандығы да көтерілмеді. Сөйтіп ол 1598 жылы Ресей құрамына енді.
17 ғ. 2 ж. Қазақ хандығының жағдайы нашар болды. Өзара қырқысты пайдаланған жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін басып алып осы аймақта көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұқара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастапан кезде, қазақ хандарының бірі Жәңгір Бұқар әміршісін жоңғарларға қарсы күресу үшін әскери одақ жасауға көндірді. Жәңгір жоңғарларға қарсы жорықта 1652 ж. қаза тапты. 17 ғ. 90-ж-да жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы бәсеңдеді. Бұл кезде қазақ хандығының нығаюы, қырғыздар мен қазақтар арасындағы одақ және оған қарақалпақтардың қосылуы күшті жүрді.
[өңдеу]
Тәуке ханның тұсында Қазақ хандығы
1680 ж. Жәңгірдің баласы Тәуке (1680-1718) хан болды. Оның тұсында «Жеті жарғы» деген заңдар жинапы құрастырылды. Жеті жарғы көшпелілердің ел билеу заңы болып табылады. Оның негізгі баптарының мазмұны: қанға қан алу, яғни біревдің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға 1000 қой, әйелге 500); ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады; денеге зақым келтірсе, оған сәйкес құн төленеді (бас бармақ 100 қой, шынашақ 20 қой); егер әйел ерін өлтірсе өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса жазадан босатылады); төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді; егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді.
[өңдеу]
Қазақ хандығының саяси-әлеуметтік шағы
Феодалдық қанау көптеген салық түрін енгізді. Малшыдан зекет, егіншіден ұшыр жиналды. Ең жоғары басқарушы хандар болды. Олар тек Шыңғыс тұқымынан шықты. Феодалдық шартты жер иеленушілік, жерге меншіктің тұрақты түрлері, әсіресе Қазақстанның оңтүстік аудандарында, Сыр бойындағы қалалар аймағында қалыптасты. Олардың сойырғал, иқта, милк, вакуф сияқты түрлері болды. Ханнан тархандық құқық алып, сыйлық жерді иеленушілер онда тұратын егіншілерден, қолөнершілерден өз пайдасына салық жинады. Қазақ қоғамын әлеуметтік-таптық топтарға бөлу негізіне әл-ауқаттылық жағдайынан гөрі, әлеуметтік шығу тегі негізге алынды. Жоғары аристократтық топ ақсүйектерге Шыңғыс әулеттері хандар, сұлтандар, оғландар төрелер, қожалар жатты. Ал басқа халық әл-ауқатына қарамастан қара сүйеккке жатқызылды.
[өңдеу]
Қазақ хандығының мәдениеті
Қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары Шалкиіз (15 ғ.), Доспамбет (16 ғ.), Жиембет (17 ғ.). Қазақтың батырлар жыры тарихи оқиғаларға құрылған. Мысалы: Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыс, Ер Сайын, Қамбар батыр дастандары. Ислам діні толық тарады. Араб әліпбиі қолданылды.
18 ғасырда қазақтар үз жүзге бөлініп өмір сүріп жатты. Әр жүздің өз ханы болды. Кіші жүзді Әбілхайыр, Орта жүзде Сәмеке (Шахмұхамед), Ұлы Жүзде -Жолбарыс, Түркістан қаласын астана еткен Үлкен Орданың ханы Тәуке еді. Қазақ жерінде орталықтанған мемлекет болмауын көршілері өз пайдасына шешуді ойлады. Оңтүстік-батыстан Жайық казактарының қолдауымен Еділ бойындағы башқұрттар, қалмақтар Кіші жүзге тынымсыз шабуыл жасады. Солтүстіктен Сібір казактары тыным бермеді. Орта Азиядағы Бұқара мен хиуа хандықтары да қазақ жерінен дәмелі болды. Олардың бәрінен асып түскен жоңғарлар еді.
[өңдеу]
Қазақ халқының ойраттарға қарсы күресі
Қазақ хандыңындағы 1-азаматтық соғыс.
16 ғасырдың соңында ойраттар(қалмақтар) төрт тайпалық бірлестіктен тұрды. Олар Тарбағатайдан Шығысқа қарайғы өңірді алып жатқан торғауыттар, Ертістің жоғары ағысында қоныстанған дербеттер, қазіргі Дихуа қаласының маңындағы хошауыттар, Іле өзенінің жоғары жағындағы шоростар еді.
Қазақтар мен ойраттар арасындағы жайылым жер үшін күрес 15 ғасырда-ақ басталды. 16 ғ. соңында ойраттардың шағын бөлігі қазақ ханы Тәуекелге бағынды. 1635 ж. Хонтайшы Батурдың бастауымен Жоңғар хандығы құрылды. Қазақ-жоңғар қатынастары Батур хонтайшы (1634-1654) билік құрған кезде шиеленісе түсті. Онан кейінгі жоңғар хандары (Сенге, халдан) Оңтүстік қазақстанды, маңызды сауда жолдары өтетін қалаларды өздеріне қаратуға тырысты.
[өңдеу]
Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі
1718 жылы Тәуке өліп, орнына Болат хан болды. Оның кезінде қалмақтардың қазақ жеріне жорығы күшейді. Бұл жорықтардың табысты болуына шведтің артиилерия сержанты Иоганн Густав Ренаттың әсері күшті болды. 1709 жылы Полтава түбінде орыстардың қолына түскен Ренат Тобыл қаласына айдалды, осында Ертістің бойында Бухгольцтің экспедициясы құрамында Кереку қаласының маңында 1715 жылы қалмақтарға тұтқынға түседі. 1733 жылға дейін қалмақтардың қолында болды. Ол қалмақтарға зеңбірек құюды, баспахана жасап, әріп құюды үйретеді.
Жан-жақты әскери дайындығы бар жоңғарлар 1710-1711 жж. қазақ жеріне басып кіріп соғыс жүргізді. Олар 1717 жылы жазда Аякөз өзені жағасында қазақтардың 30 мың жасағын талқандады. Келесі жылы жоңғарлар қазақтарды Бөген, Шаян, Арыс өзендері бойында тағы да қырады.
[өңдеу]
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама
1723 жылы ерте көктемде жоңғарлар қазақ жеріне тағы да соғысуға келді. Шуна Дабо деген қалмақ басқарған бұл шайқас екі бағытта жүруі тиіс еді. Бірінші бағыт Қаратауды басып өтіп, Шу мен талас өзендеріне шығу болса, екінші бағыт қазақтарға соққы беріп, Шыршық өзеніне жету болатын. Бұл жоспарды іске асыру үшін әскерлер жеті топқа бөлініп, оның бірі Жетісу Алатауының етегіндегі Балқаш көліне құятын төрт өзеннің бойына топтастырылды. Қалмақтың ірі қолбасшысы Амурсана басқарған 70 мың адамнан тұратын екінші бір тобы Іле өзені бойына, Кеген өзенінің солтүстік жағасына, Нарын өзенінің күншығыс жағынадғы Кетпен тауы баурайына орналасты.
Бейғам отырған қазақтар аямай қырылды. Жоңғарлар Жетісуды, Ұлы жүзді қырып-жойып, Ұлы жүз, Кіші жүз жеріне де жетті. Халық басы ауған жаққа шұбырды. Ұлы Жүз бен Орта Жүздің қазақтары Самарқан пен ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз қазағы хиуа мен Бұхараға ағылды. Босқындардың біразы Сырдың сол жағындағы Алакөл маңына топтасты. Халық бұл кезеңді «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп атады. «Елім-ай» деген ән туды.
Халық ең соңында бірігудің қажеттігін түсінді. 1728 жылы Әбілхайыр бастапан Кіші жүз жасақтары, Тайлақ батыр, Саурық батыр бастапан әскерлер Ырғыз уезінің оңтүстік шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде қалмақтарға қарсы соққы берді.
1730 жылы көктемде Балқаш көлі маңында тағы соғыс басталды. Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, сияқты батырлар бастапан қазақ жасақтары жоңғарларға аяусыз соққы берді. Бұл жер кейін «Аңырақай» деп аталып кетті. Шуно Дабо бастапан қалмақтар Іле өзені бойымен шығысқа қарай қашуға мәжбүр болды. Қазақ жерін азат ету жолындағы соғысты жеңіспен аяқтау үшін Үш жүздің әскерлері Шымкентке таяу Ордабасы деген жерге жиналды. Қолбасшы болып Әбілхайыр мен Бөгенбай сайланды.
Осы тұста Тәуке ханның баласы Үлкен Орда иесі Болат хан қайтыс болды. Таққа талас басталды. Болат ханның інісі, Орта Жүздің ханы Сәмеке (Шахмұхамед) тақтан үміткер болды. Сондай-ақ қалмақты қыруда үлкен ерлік танытқан Кіші жүз ханы Әбілхайырда тақтан дәмеленді. Алайда аға хан болып Болаттың үшінші ұлы Әбілмәмбет сайланды. Әбілхайыр бұған наразы болып, майдан шебінен әскерін алып кетті. Сәмеке де Шу бойымен Бетпақдалаға қарай өз әскерін алып кетті. Жоңғарларға қарсы майдан әлсірей бастады. Ұлы Жүздің ханы Жолбарыс жоңғарлармен мәмлеге баруға мәжбүр болды.
Осы тұста әрбір жүздің ішінде феодалдың бытыраңқылық күшейді. Кіші жүз сұлтандары Батыр мен Нұралы (Әбілхайырдың баласы) өз алдына ел биледі. Сол сияқты Орта жүзде Күшік пен барақ сұлтандардың да өз иеліктері болды. Қазақ хандығының Бұхара, хиуамен қатынасы да нашар болды. Еділ өзені бойында қалмақтар мен башқұрттар Кіші Жүздің жеріне шабуыл жасап, үнемі қауіп туғызды.
[өңдеу]
Абылай ханның тұсында Қазақ хандығы
Абылай хан.
1742 жылы 20 тамызда Ор қаласында Ресей, жоңғар және қарақалпақ, қазақтардың Кіші, Орта және Ұлы жүздің өкілдері қатысқан келіссөз жүргізілді. Онда Ресей өкілі қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығысқа байланысты уәж айтпақшы болды. Бірақ жоңғарлар оны тыңдаған жоқ. Олар орыс қамал-бекіністеріне, қазақ қоныстарына жақын жерде 20 мың әскер ұстап, қазақты мазалауын қоймады. Ендігі жерде қазақтар өз күшіне ғана сенуіне тура келді. Осы идеяны орнықтыруға Абылай хан зор күш жұмсады.
1711 жылы дүниеге келген Абылай Уәлиұлының бастапқы есімі Әбілмансұр болды. Ол жастай жетім қалды. 1731 жылы жоңғарлармен шайқаста көзге түсті.
Жоңғарияның ханы Қалдан Серен 1745 жылы өліп, оның мұрагерлері таққа таласты. Осы кезде оған Цинь империясы тиісе бастайды. Абылай осы сәтті пайдаланды. Ол сыр бойындағы қалаларды азат етуге кірісті. Ол бұл жорықта қазақ әскерлерін үш топқа бөлді. Оның бірінші тобын Қанжығалы Бөгенбай мен Үмбетей жырау басқарды. Бөгенбай басқарған 10 мың әскер Түркістанның солтүстік жағына, Созақ бекінісіне барып тиісуге тиіс еді.
Екінші қолды Жәнібек батыр басқарды. Оған Тәтіқара жырау қосылды. Олар Сырдың төменгі ағасына қарай кетті. Үшінші негізгі қолды Абылайдың өзі басқарды. Жорыққа қатысушылар Шиелі, Жаңақорған бойымен Түркістанның күнбатыс жағына қарай жылжыды. Бұл топта Қабанбай, Баян, Сырымбет, Малайсары, Жанұзақ болды.
Жоңғар әскерін басқарған Қалдан Сереннің ортаншы ұлы Цевен Доржи де өз әскерін үшке бөлді. Ол өзінің басты күшін Абылайға қарай бағыттады. Оның қару-мылтығы, түйе үстіне орнатқан 15 зеңбірегі бар еді. Қазақ жасақтары сойыл, шоқпар, садақпен қаруланды.
Цевен Доржи өзінің ауыр қолымен Абылай әскерлерінен бұрын келіп, Жаңақорғанға бекініп алды. Абылай Жаңақорған бекінісін алуды Қабанбайға тапсырды. Сырымбетті оң жақ қанатқа, Баянды әскердің сол жақ қанатына қойды. Олардың сыртынан үш мың қолы бар Малайсары, Оразымбет батырлардың әскерін топтастырды.
Бұл соғыс екі айға созылды. Қазақ әскерлері Жаңақорғанды, Шымкентті жаудан тазартты. Түркістанға дейін жетті. Бөгенбай басқарған әскерлер Созақ пен Сайрамды босатты. Батыр Баян Талас өзеніне дейін барды. Жәнібек батырдың әскерлері қарақалпақ жерін босатып, қалмақтарды Сырдың жоғарғы сапасына шегіндірді. Амалы таусылған Цевен Доржи Абылайдан бітім сұрауға мәжбүр болды.
Келісім бойынша Созақ, Сайрам, Манкент, Шымкент қалалары Әбілмәмбеттің қарамағына өтті. Түркістан туралы мәселе кейінірек шешілетін болды. Абылой бұл жолғы жеңістерін жоңғар хандығының күйреуінің бастамасы деп есептеді. 1745 жылғы соғыс осымен бітті.[1]
Қазақ жерін қалмақтардан толық тазарту мақсатымен Абылай бастапан қазақ жасақтары 1750 жылы жауды жоңғар қақпасы маңында оңдырмай соққы берді.
1755 жылы жоңғарлар бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кетті. Осыдан кейін 1758 жылы Жоңғар мемлекеті құлады. 1758 ж. Цинь қытайлары Шығыс Түркістандағы қазіргі Синь-Цзянь жерін басып алды. Цинь империясының батыс шекарасы қазақ жерімен шектесті. Қытайлар дүркін-дүркін шабуыл жасап қазақтарға тыным бермеді. Абылай келісімге келу туралы Пекинге адамдар жіберді. Сөйтіп, Қытаймен сауда, экономикалық қатынас орнату жолдарын іздестірді. Ол Ресеймен де қарым-қатынас орнатты.[2]
1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін, Түркістанда Абылайды Орта жүздің ханы етіп сайлады. Бір жылдан кейін 1772 жылы вице-канцлер М.Л. Воронцовтың жарлығымен Абылайға арналып Есіл өзеніне таяу жерде Жаңғызтөбеге ағаш үй салынды. Абылай 1780 жылы мамыр айында Ташкентте 69 жасында қайтыс болды. Орнына Уәли сайланды. [3]
[өңдеу]
Пайдаланған әдебиет
2222222222222222222222222
Қ
азақ хандығының құрылуы.
Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды(1458-1473)жж.Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды(1473-1480)жж.Бұлардың тұсында Жетісудың қазақ рулары мен тайпалары 1462жылы Моғолстан ханы Есенбұғы өлгеннен кейін, ондағы феодалдық тартыстардың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайта түсуге күш қосты. Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан жерінен бірқатар рулардың ауа көшіп,Жәнібек пен Керейдің қол астына келуі Қазақ хандығын бұрынғыдан да күшейтті. Бұлар жаңадан құрылған Қазақ хандығының үкімет билігін нығайтып, оның беделі мен әскери саяси күш-қуатын арттыра түсті. Едәуір әскери күш жинаған және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 жылы Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Оның нлінде қиян-кескі қырқыс басталып, халық ыдырай бастады. Мұны қазақ хандары Керей мен Жәнібек тиімді пайдаланды.Олар бұдан 12 жыл бұрын өздері көшіп кеткен ата қонысы Дешті Қыпшаққа қайта оралды.Сөйтіп Әбілхайыр ханның мұрагерлеріне қарсы күрес жүргізді. Бұл күрестің барысында Әбілхайыр ханның орнына отырған мұрагер баласы Шайх Хайдар өлтірілді. Әбілхайыр ханның немерелері Мұхаммед Шайбани мен Махмұд сұлтан Астраханға барып паналады. Күресте жеңіске жеткен Қазақ хандары 40 жыл Әбілхайыр билеген Дешті Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тайпаларды өзіне қосып алды. Қазақ хандығының жері едәуір кеңейді.
Керей мен Жәнібек, олардан кейін Бұрындық Шығыс пен Батыс арасындағы сауда жолының үстіне орнаған Сырдария жағасынжағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Ясы (Түркістан) т.б. қалаларды Қазақ хандығына қарату үшін бітіспес күрес жүргізді. Сырдария бойындағы қалалар үшін соғыс Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен отыз жылдан астам уақытқа созылды. Өйткені Мұхаммед Шайбани Астрахань қоршауынан қашып шығып, Түркістан аймағына келді. Мұнда ол өзінің билігін жүргізіп отырған Әмір Темір тұқымынан шыққан Мұхаммед Мәзит тарханды паналады. Ол Қазақ хандығына қарсы Мұхаммед Шайбаниды айдап салу мақсатын көздеді. Бірақ бұдан ештеме шықпады. 1470 жылы қыста қазақ ханы Керей әскерлерімен Түркістанға шабуыл жасады. Ал Жәнібектің үлкен, баласы Еренжі Сауранды имеданді. Сауран түбінде соққы жеген иМұхаммед Шайбани Бұхараға қашты.
1472 жылы Мұхаммед Шайбани Түркәстанға қкайта оралып, Ноғай Ордасының әмірі Мұса мырзаның көмегімен Аркөк бекінісі мен Сығнақ қаласын басып алды. Бұл уақытша жеңіс еді. Бұрындық сұлтан мен Махмұд сұлтан бастаған қазақтың біріккен жасақтары Қаратаудағы Соғұнлық асуында Мұхаммед Шайбанидің әскерлерін талқандады. Бұрындық сұлтан Сығнақ қаласын қайтарып алды. Бұл соғыста күйрей жеңілген Мұхаммед Шайбани Маңғыстауға қашты. Сырдария жағасындағы қалалр қайтадан Қазақ хандығына өтті.
Бұл кезде Қазақ хандығына Мұхаммед Шайбанимен қатар Моғолстан ханы Жүніс және Орта Азия жерінде билік етіп тұрған Әмір Темір әулетімен де күрес жүргізуге тура келді. Өйткені бұларда Сырдария жағасындағы маңызды сауда орталықтарын өздеріне қаратып алуды көздеді.
1482-1485 жж. Моғолстан ханы Жүніс әскерлерімен Ташкент пен Сайрам қалаларын басып алды. Ал XVI ғ. Басында Моғолстан билеушісі Жүнүстің баласы Сұлтан Махмұд хан Отырар қаласын басып алып, оны Мұхаммед Шайбаниға берді. Моғолстан ханның қолдауына сүйеніп және Отырарға ие болған Мұхаммед Шайбани тағы да Сауран мен Ясы (Түркістан) қалаларына шабуыл жасап, басып алды. Қазақ ханы Бұрындық және Қасым мен Жәдік сұлтандар Темір әулетінен шыққан Мұхаммед Мәзит тарханнан қолдау алып Созақ, Сауран қалаларына әскери шабуыл ұйымдастырды. Бұрындық Сауранды қайтарып алып, Отырар қаласын қоршауға алды. Бірақ Моғоғлстан ханы Сұлтан Махмұд Ташкенттен Мұхаммед Шайбаниға әскери көмек беріп, қазақ жасақтары амалсыздан Отырар қаласын қоршауды тоқтатты. Мұхаммед Шайбани хан қазақтармен бітім жасады. Осы келісім бойынша Отырар, Ясы, Аркөк, Бозкент қалалары мен Түркістан аймағының бір бөлігі Мұхаммед Шайбаниға қарады. Сығнақ, Сауран, Созақ қалалары мен иелігінде қалды. Ал Ташкент пен Сайрам қалаларын Моғолстан ханы Сұлтан Махмұд биледі.
Сөйтіп Дешті Қыпшақты басып алуға ұмтылғандардың бірінен соң бірін жнңіп және Сығнақ, Созақ, Сауран қалаларын саяси, шаруашылық және әскери тірек еткен Қазақ хандары өз иеліктерін едәуір ұлғайтты, хандықтың нығаюына үлестерін қосты. Дешті Қыпшақта Қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп, Мәуеренахрға кетуге мәжбүр болды. Мұнда ло темір әулеті билігін басып алды да, Шайбани әулетінің негізін қалады.
Сыр өңіріндегі қалалар мен олардың төңірегіндегі көшрелі жұрт мекендеген жерлер және Жетісу өлкесі үшін күрес барысында қазақ, өзбек, қырғыз, қарақалпақ халықтарының этникалық шекарасының қалыптасуы мекендеді. Сонымен қорытп айтқанда, Қазақ хандығының құрылуына XV ғасырдың екінші жартысында Қазақстан жерінде екі мемлекеттің - Әбілхайыр хандығы (Көшпелі өзбек мемлекеті) мен Моғолстан ішкі саяси ахуалы нақты жол ашты. Өйткені, бұл мемлекеттердегі көшпелі ақсүйек – сұлтандардың эконмикалық күш-қуаты артып, олардың әрқайсысы өз иеліктерінде жеке билік жүргізуге ұмтылды, феодалдық талас-тартыс күшейді. Сөйтіп,бұл мемлекеттердің тарихи біріккен нлдігінен айырылып, күйреуіне алып келді.
Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы аса маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірде мекендеген қазақ ру-тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың зтникалық территориясын біріктіруде маңызды рөл атқарады. Қазақ хандығының қалыптасуы қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып бірігу жолынлағы күресін біржолата аяқтауда шешуші кезең болуымен ерекшеленеді.
Қазақ хандығының құрылуы Жетісу жеріндегі ру-тайпалардың оның қол астына бейбіт жолмен көшуін қамтамасыз етті. Қазақтардың біртұтас мемлекеттігінің пайда болуы қазақ жүздерінің, жалпы қазақ хақы қалыптасуының маңызды факторларының бірі болды. XV ғасырдың екінші жартысында оңтүстік-шығыс Қазақстанның халқы өлкенің басқа аймақтарымен шаруашылық, этникалық және саяси қатынастары одан әрі жалғасып, күшейе түсті.
33333333333333333333333333
Жеті жарғы – Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. (Мысалы, бұл қағидаларға Абай да үлкен мән бергені және кезінде өзі жасаған заң жобасында ескергені белгілі.) Жеті жарғы, қазақтың ұлттық шешендік өнеріне сай, негізінен, афоризмдерден, мақал-мәтелдерден, қанатты сөздерден құралған. Бұл жүйені мазмұндық-кезеңдік жағынан “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолына” негізделген және Тәуке ханның өз дәуіріне, саясатына сай енгізілген өзгерістер деп үшке бөлуге болады. Жеті жарғының толық нұсқасы сақталмаған. Кейбір үзінділері К.Шүкірәлиевтің (1804), Я.Гавердовскийдің (1806), А.Левшиннің (1832) жазбаларында кезігеді. Олардан басқа Н.Гродеков, Л.А. Словохотов, А.П. Чулошников тәрізді орыс ғалымдарының зерттеулері мен айтқан ой-пікірлері шежіреші Ә.Қайнарбайұлынан алынған нұсқаға жақын келеді. Аталған нұсқада Жеті жарғының аталуы Тәуке хан енгізген жеті өзгеріске байланысты деген тұжырым жасалынған. Бұл өзгерістерде төрелер мен қожаларға ерекше құқық беру арқылы билікті нығайту мақсаты көзделгені айқын байқалады.
Онда жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдеп-ғұрып заңдары көрініс тапқан. «Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл де әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық: «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтайды. Ол заманда бас кетсе де әділ сөйлеген.
Бізге белгілі, «Қысам ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «жеті жарғысы» осы хан кеңсінің шешімі арқылы жарыққа шығып, елге таралған. Жәңгір ханның ұлы Тәуке «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын» өз дәуіріне сай етіп, сондағы ережелеродің жеті түріне күрделі өзгеріс енгізгендіктен, ол өзгерістер «Тәуке ханның Жеті жарғысы» («Жеті жарлығы») аталып кеткен делінеді.
Мазмұны
Бірінші жарлығы: «Халықтың ханы, сұлтаны, пірі-әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін».
Екінші жарлығы: «Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлтірілсе, олардың әрқайсысына («ақсүйектің, пірдің тұқымы деп) екі кісінің құны төленуі тиіс».
Үшінші жарлығы: «Сырттан келген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе «бүтін құн», үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе «жарты құн», ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе тек «ат-тон» айып тартады».
Төртінші жарлығы: «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп қол жұмсаса, онда ол баланы ата-анасы өлтіремін десе де ерікті, сұраусыз болады».
Бесінші жарлығы: «Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) – қара сиырға немесе қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, бүкіл ауылды айналдыру керек».
Алтыншы жарлығы: «Құда түсіп, құйрық-бауыр жескеннен соң – ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалың мал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалың малы төленсін».
Жетінші жарлығы: «Ұрыдан айыр түйеге – нар, атқа – аруана, тайлаққа – атан, тайға – ат, қойға – тана төлетеді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді».
4444444444444444444444444444444
Таңғажайып жеті саны Жеті санымен аталатын керемет көп
Автор: Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН
Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң, жүйелерді жеті санымен атайды. Аллаһ Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі – Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады.
Қазақтардың таным - түсінігінде Жеті ата. Бұл – қазақ хал-қының дәстүрлі салт-сана-сында адамның ата жағы-нан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасы-ның аты-жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс.
Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізнен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата.
5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.
Сондай-ақ, адамдар атасынан төмен қарай атағанда былайша ататек жалғаса-ды: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Мұнан соң туыстың атаулар әрі қарай: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып ке- те береді. Жеті аталық ұста-ным әрбір қазақтың, бүкіл халықтың бабалар рухы ал- дында іштей жауапкершілік сезімін оятатын күшке ие.
Ол – этникалық тұтас-тықтың қуатты арқауы, темірқазығы. Сол се-бепті ата-бабаларымыз: «Жеті атасын білмеген: жетесіз», «Ата – тегін айтқанның айы- бы жоқ» деп ұрпақта-рына жеті атасын білуді өсиет, аманат етіп айтып кеткен. Қазақтар бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жүрежатты «Жеті пұсты» деп те атайды.
Жеті қазына. Ол жөнінде пікір таласы көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүр- кіт. 7. Берен мылтық.
Қазақтар жеті қазынаны «жеті ырыс» деп танып, оған мыналарды жатқызған: 1. Адамның ақыл-ойы, сана- сы. 2. Денсаулық. 3. Ақ жау-лық (ердің жары). 4. Бала (өмір жалғасы). 5. Көңіл (кө- ңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ, береке орнайды). 6. Жер («Жерсіз – ел тұл, ерсіз – жер тұл»). 7. Ит. Ал, Ислам аңызы бойынша, жеті қазынаға мыналар жатады: 1. Қыдыр (қызыр). Қыдыр дарыған адам бай болады. 2. Бақ. Ол ерекше жаратыл- ған құдірет иесі. Бақ дары-майды, қонады. 3. Ақыл (Бай-лық пен бақыттың тірегі).
4. Денсаулық. 5. Ақ жаулық. 6. Тұз (Ол – Алланың адамдар мен жан-жануарларға берген несібесі, таусылмайтын кені). 7. Ит. (Адам Ата мен Хауа Ананың алғашқы серігі).
Қазақтардан басқа халық-тарда да жеті қазына туралы өзіндік таным, түсінік бар. Мысалы, грек аңыз - әңгімелерінде жеті қазына- ға мыналар жатады: 1. Көк аспан. 2. Күн (барлық зат оның шуағынан нәр алады). 3. Ай (түнгі тіршлік нәрі). 4. От (От – Күннің жердегі сүлдесі. Оны пайдалану арқылы адамдар дүниенің төрт бұрышына тарады).
5. Су. (сусыз тіршілік жоқ).
6. Жер (тіршілік анасы). 7. Ит.
Жеті қат көк. Ол – аспан әлемі туралы мифологиялық түсінік. Оның үш мағыналық сипаты бар. Біріншісі: Аллаһ Тағала аспанды жеті қабат-ты етіп жаратқан. «Алланың жеті аспанды қабат-қабат етіп жаратқанын көрмедіңдер ме?» (Құран Кәрім, 72 сүре, 14 аят). Екіншісі: жеті жұлдызға бай-ланысты атау. Олар: Ай, Мер- курий (Ғұтрад), Шолпан (Зуһ-ра), Күн, Марс (Миррих немесе Қызыл жұлдыз), Юпитер (Мүштари), Сатурн (Зұхал). Үшіншісі: ежелгі түркілік ми-фологиялық түсінік негізіндегі мағына. Ол мұсылмандық ұғыммен сіңісіп, ұмытылып кеткен. Жеті қат жер. Ежелгі наным-сенім бойынша олар мы- нандай: 1. Тұңғиық. 2. Жылан.
3. Су. 4. Қос балық. 5. Қара тас. 6. Көк өгіз. 7. Жер. Жаратылыстың сегізінші қбаты – тағдырдың талайы жа-зылған «лайық» атты жазу тақ-тасынан, тоғызыншы қабаты – «күрсі», «мінбер» және «тақ» орнатылған тә-ңірлер әлемінен тұрады.
Жетіқарақшы. Ол – ас-панның солтүстік жарты ша-рындағы шоқжұлдыз. Оның 1,8 көрінерлік жұлдыздық ша-маға дейін жалтырап көріне- тін ең жарық жұлдыздары – Алиот пен Дубке. Жетіқарақ-шының жарық жеті жұлды- зының сыртқы пішіні шөміш тәрізді. Оның шеткі екі жұл- дызы бойынша Темірқазық жұлдызын табуға болады.
Жетіқарақшы наурыз, сәуір айларында жақсы көрінеді. Темірқазықты айнала қозға-латын жетіқарақшы арқылы жер тараптары мен түнгі мезгілді айыруға болады.
Аптаның жеті күні. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Кемпірқосақтың жеті тү- сі. Жарық мынандай жеті түстен тұрады: қызыл, қыз-ғылт-сары, сары, жасыл, кө-гілдір, көк және күлгін. Күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскенде, жарықтың жеті түсі сынып, тамшы арасынан кө- рініп, кемпірқосақ пайда болады.
Жеті жарғы. Ол – Тәуке хан (1678-1718) тұсында қа-былданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдары-ның жинағы. Тәуке хан «Қа-сым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолын» одан әрі жетілдіру арқылы осынау заң жүйесін өмірге әкелген. Ол 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. «Жеті жарғы» деп аталуы Тәуке ханның бұрынғы заңдарға енгізген жеті өзгертуіне байла-нысты» дейтін тұжырым бар. Ол жеті өзгеріс мынандай:
1. «Халықтың ханы, сұлтаны, пір-әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін».
2. «Төрелер мен қожалар-дың жай қатардағы біреуі өл-се, олардың әрқайсысына екі кісінің құны төленсін».
3. «Сырттан кірген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан, біреуді теуіп өлтірсе, бүтін құн, үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе, жарты құн, ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе, тек ат-тон айып тартады».
4. «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп, қол жұмсаса, онда ол баланы ата-ана өлтірсе де ерікті, сұраусыз болады».
5. «Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) қара сиырға не қара есекке теріс мінгізіп, мойынына құрым іліп, ауылды айналдыру керек».
6. «Құйрық – бауыр жесіп, құда болған соң ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалыңмал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалыңмалы беріледі».
7. «Ұры айыр түйеге нар, атқа аруана, тайлаққа, атан, тайға ат, қойға тана төлейді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді».
Әрине, бұл жеті өзгеріс-тен басқа да «Жеті жарғыда» жер дауы, отбасы, неке заңы, қылмыс пен құн дауы, куәлік ету, ант беру, тонаушылық және тағы да басқа жағдай-ларға, рәсімдерге байланыс-ты әдет-ғұрып, заң шаралары өз көрінісін тапқан.
Жеті жұт. Бұлар: 1. Құр- ғақшылық. 2. Жұт (мал қы-рылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру).
5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зіл-зала (жер сілкіну).
Жеті жоқ. Ол былай:
1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Ас-панда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ.
6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқы-да өт жоқ.
Жеті жетім. Бұл жөнін- де мынандай даналық сөздер бар:
Тыңдамаған сөз жетім, Киюсіз тозған бөз жетім.
Иесіз қалған жер жетім.
Басшысы жоқ ел жетім.
Аққу, қазсыз көл жетім.
Жерінен айырылған ер жетім.
Замандасы қалмаса – Бәрінен де сол жетім.
Жеті ғашық. Халықтың ән – жырында жеті ғашық мынандай екі нұсқада кездеседі:
а) Ләйлі – Мәжнүн, Жүсіп – Зылиха, Фархад – Шырын, Тахир – Зухра, Арзу – Қамбар, Уәлик – Ғарра, Уәки – Күлшаһ. ә) Ләйлі – Мәжнүн, Жүсіп – Зылиха, Фархад – Шырын, Баһрам – Күләнда, Сейпілмәлік – Бәдіғұл, Бозжігіт – Анула (кей нұсқада Қарашаш), Зияда – Хорлы (Хорлы - Ғайын).
Әлемдегі жеті санымен аталатын кереметтер Вавилондықтардың түсіні- гінше, әлемде жеті планета бар. Сол себепті олардың ғи- бадатханалары да жеті дең-гейлі. Бірқатар діндерде де жеті саны киелі: еврейлердің балауыз қойғышы, шырағдан-дары, менорлары жетіден.
Ислам дінінде Жеті аспан: күміс, алтын, меруерт, ақ алтын, жақұт, анартас және ғажайып жарық. Жеті шәріп: Мекке шәріп, Мәдина шәріп, Бұхар шәріп, Шам шәріп, Қатым шәріп, Құд-дыс (Мысыр) шәріп, Кәләм шәріп (Құран). Жеті тозақ: 1. Сағир. 2. Ла- зо. 3. Сақар. 4. Жахим. 5. Жа-һаннам. 6. Хауия. 7. Хатома.
Христиан дінінде Жеті саны: сенім, үміт, қа- йырымдылық, әділеттілік, са-бырлық, ақылдылық және рухтың күші.
Таурат кітабы бойынша: Құдай 1 – күні жарықты, 2 – күні аспанды, 3 – күні жерді, 4 – күні Күн, Ай және жұлдыздарды, 5 – күні балықтар мен құстарды, 6 - күні аңдар мен адамдарды жаратқан, 7 – күні дем алған. Бұл әлемді жаратуға арналған жеті күн деп аталады.
Өлімге себепкер же- ті күнә: 1. Тамақсаулық. 2. Жалқаулық. 3. Нәпсіқұмар- лық. 4. Өркөкіректік. 5. Ашу.
6. Қызғаншақтық. 7. Сараң-дық. Бұл жеті күнәні XV ға- сырда суретші Иероним жо-ғарыдағы суретте тамаша бей- нелеген. Әлемнің жеті кереметі Алғашқы 7 керемет: 1. Еги- пет пирамидасы. 2. Вавилон- ның аспалы бағы. 3. Ерте- дегі Артемида храмы. 4. Олим- пиядағы Зевстің мүсіні. 5. Га- ликарнастағы Мавсол патша- ның табытханасы. 6. Жерорта теңізі аралығындағы Ге-лиостың (Күн Құдайы) қолдан жасалған мүсіні. 7. Александрия маягі. Бесінші ғасыр-дан бері танылған 7 керемет:
1. Рим колизейі. 2. Александрияда жер астында жол пішінде қазылған мазарлар. 3. Қытайдың ұлы қорғаны. 4. Англиядағы алып тас қор-ған. 5. Италиядағы Пиза қи-сық мұнарасы. 6. Қытайдың Нанжин қаласындағы фарфор мұнара. 7. Ыстамбұлдағы әулие София ғибадатханасы.
Жеті континент. Олар: Аф- рика, Антарктида, Австралия, Еуропа, Солтүстік және Оң-түстік Америка.
Гептатлондағы (жетісайыс) спорттың жеті түрі. Олар: тосқауылдармен 100 метрге жүгіру, биіктікке секіру, 200 метрге ату, ұзындыққа секіру, 800 метрге найза лақ-тыру.
«Жеті саны – бақытты сан, ол - адамзаттың сүйікті саны». Көп халықтың түсінігі осындай.
5555555555555555555555555555555
Қасым ханның билігі
Толық мақалалары: Қасым хан және Қазақ хандығы
Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығы.
XVI ғасырдың басындағы Қазақ хандығының өрлеуін тарихшылар Қасым хан есімімен байланыстырады. Қасым хан Дешті Қыпшақты түгелдей өз билігіне алғаны соншалық, Жошы ханнан соң ешкім де ол сияқты (мұнда) жоғары билікке кол жеткізе алған жоқ, — деп көрсетеді Мұхаммед Хайдар Дулати.
Халық "Кіші Жәнібек" атаған ханның (Қадырғали би Қосымұлы) ұлы Қасым хан (1511—1518/1523 жылдары) елді басқаруда қазақ жұрты арасында орныққан іргелі ата салт-дәстүрді, жол-жобаны берік ұстанды. Оның тұсында ішкі қоғамдық қатынастарды қатаң белгілі бір жүйеге түсірген Қасым ханның қасқа жолы атты қалың бұқара мойындаған заңдар жинағы өмірге келді. Ханның мемлекеттікті нығайтуға бағытталған бұл шаралары түрлі әлеуметтік топтардың қолдауын тапты, халықтың күнделікті тіршілігіне тұрақтылық берді. Өз ретінде ішкі тұрақтылық мал басының өсуіне, қолөнер және егіншілік аудандары мен көшпелі мал шаруашылығындағы елдің арасында табиғи өнім алмасуы мен саудаға жол ашты.
Қазақ хандығының нығаюына алып келген Қасым ханның бұл шаралары көрші елдер арасында да кеңінен мәлім болды. Моғол хандары Қазақ хандығымен тату болуға ұмтылды. Жоңғарлар Қасым хан тұсында қазақ жеріне жорыққа аттануға жүрексінді. Батыстағы Ноғай ордасының біраз бөлігі ел ішіндегі берекесіздіктен қашып, Қазақ хандығына келіп паналады.
XVI ғасырдың екінші онжылдығында Қасым хан өз билігін кең-байтақ қазақ даласының басым бөлігіне орнатты. Бұл кезде хандықтың шекарасы оңтүстікте Сырдарияның оң жағасына жетіп, Түркістан аймағындағы қалалардың біразын қамтыды, оңтүстік-шығыста Жетісудың тау етектері мен жазықтары, солтүстік және солтүстік-шығыста Ұлытау және Балқаш көлі арқылы өтіп, Қарқаралы тауларының сілемдеріне жетіп, солтүстік-батыста Жайық өзенінің аңғарына дейін созылды. Міне, осы аумақ көлемінде тұтас бір халыққа үю және мемлекетке бірігу қарқынды жүрді, мемлекет
халқы 1 млн-нан асып,
атты әскері 300 мыңға дейін жетті.
Қасым хан тұсында Қазақ хандығы дербес мемлекет ретінде халықаралық қатынасқа араласа бастайды. Онымен алғашқылардың бірі болып дипломатиялық қатынас жасаған — Мәскеу мемлекеті. Қарқынды даму жолына түскен Қазақ елі туралы мәлімет Батыс Еуропаға да жетті, Мәскеуде бірнеше мәрте болған (1517 және 1526 жылдары) австралиялық дипломат Сигизмунд Герберштейн өз жазбаларында қазақтар жөнінде мәлімет берді.
Қасым ханның қызметі мен өлімі жөнінде Қадырғали би: Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді. Ол Жаған бикеден туған еді. Ұзақ уақыт атасының ұлысында патшалық етті. Төңірегіндегі уәлаяттарды өзіне қаратты... Ақыры Сарайшықта өлім тапты. Бүгін оның қабірі Сарайшықта. Оның ұлы Хақназар хан Ханық сұлтан-ханымнан туған, ал ханның бауыры Қанбар сұлтан барлық жағдайда Қасым ханның жанында болды. Әскерінің қолбасшысы. Оның ұрпағына патшалық тимеді, — деп жазды.
[өңдеу]
Қазақ хандығы XVI ғасырдың 20—40-жылдарындағы аласапыран тұсында
Толық мақаласы: Қазақ хандығы
Қазақ хандығы
Қасым хан өлген соң, таққа оның ұлы Мамаш отырды. Бұл ханның билігі кезіндегі оқиғалар жөнінде мәлімет жоқ. Мамаш хан бір шайқас кезінде өзінің ауыр сауытына тұншығып қайтыс болады. Хандықта аласапыран кезең басталады. Сұлтандар арасындағы билік үшін болған талас-тартыстан соң таққа Қасым ханның немере інісі Таһир отырады. Бұл, шамамен, 1524 жылдың төңірегі. Таһир хан мемлекет басқару ісінде жоғары кабілет таныта алмайды. Ең негізгісі — хан мен ел билеушілер арасында өзара түсінісу болмады. Қадырғали би ол жөнінде: Таһир хан біраз күн хандық құрды, бірақ патшалық сырын білмеді, — дейді.
Сыртқы саясатта Қасым хан тұсындағы ноғайлармен арадағы жылы қатынас әскери қақтығыс ұласты, ал Ташкенттің билеушісі Келді-Мұхаммедпен түсінісе алмаған Таһир хан Түркістан маңында өзбектермен болған қанды шайқаста жеңіліс табады. Осы уақытка дейін Моғолстан хандарымен арадағы жарасымды қатынастың да шырқы бұзылады. Бірақ басы ашық бір нәрсе — сол Таһир хан көрші қырғыз елімен одаққа келіп, Жетісу мен Ыстықкөл аймағын моғол және қалмақ шапқыншылығынан қорғап қалуға көп күш жұмсайды.
Халқынан айырылған Таһир ханның өмірінің соңы жоқшылықта қырғыз жерінде өтеді. Шамамен 1532 жылы қаза болған ханның соңында азып-тозған хандык калады.
XVI ғасырдың 30—50-жылдары қазақ және қырғыз одағының Жетісу мен Ыстықкөл аймағы үшін жүргізген күресін Таһир ханнан соң оның інісі Бұйдаш хан жалғастырады. Бұл кезде бірнеше хандыққа бөлініп кеткен қазақ жерінде Бұйдаш ханнан басқа Тоғым және Ахмет сұлтандар хандық кұрды. Тоғым хан мен Бұйдаш ханның қызметі, негізінен, Жетісу мен Сырдария өңірін моғол және өзбек хандарының шапқыншылығынан сақтап қалуға жұмсалды.
Өкінішке орай, бұл кезеңдегі қырғыз бен қазақ қолдарының басқыншыларға қарсы ерлік күресі өте ауыр шығынмен аяқталады. Мәселен, шамамен, 1537 жылы біріккен моғол-өзбек қолдарымен болған қанды ұрыста Тоғым хан тоғыз ұлымен, бауыры Мәлік сұлтанның ұлы Башибек сұлтан, тағы басқа қазақ-қырғыз қолдарын бастап келген 37 сұлтан апат болады.
Ал Ыстықкөл маңында Ташкент билеушісі Дервіш хан бастаған өзбек қолдарымен болған ұрыста 1550—1560 жылдары Бұйдаш хан қаза табады. Басқа әдіктен тарайтын жиырма төрт сұлтан және көп қазақ-қырғыз жауынгерлері қырғынға ұшырайды. Бірақ қалай болғанда да Моғолстан мен Мәуереннахр билеушілері Абд-ар-Рашид хан мен Ұбайдолла ханның Жетісу мен Ыстықкөлге орнығу әрекеті ойлағандай нәтиже берген жоқ. XVI ғасырдың 20-жылдары қалыптасқан қазақ-қырғыз одағы бұл шұрайлы аймақты қорғай алатын күш бар екендігін таныта білді.
XVI ғасырдың 30-жылдары Орталық Қазақстан үшін Ахмет ханның жүргізген күресі сәтсіз аяқталды. Ахмет хан маңғыт Орақ батырдың қолынан қаза тауып, бұл өңірдің біраз бөлігі ноғайлардың билігіне өтеді.
[өңдеу]
Хақназар хан билігі
Толық мақаласы: Хақ-Назар хан
XVI ғасырдың екінші жартысында қазақ мемлекеттігі қайтадан нығаю жолына түсе бастады, Қасым ханның Ханық сұлтан-ханымнан туған ұлы Хақназарды хандық дәрежеге көтеру рәсімі болды. Хан сайлау салты бойынша, оны ақ киізге отырғызып, молда хутба оқыған соң, киізді төрт би төрт бұрышынан көтеріп, жиналған жұрттың алдынан өтіп, жаңа ханды таныстырады. Ішкі және сыртқы саясатта әкесі Қасым ханның жолын жалғастыра отырып, Хақназар хан қазақ руларының ескі қонысын сақтау, көрші елдер арасындағы Қазақ хандығының ықпалын арттыра түсуге күш салды.
Башқұрт елі арасында тараған мәліметтерге сүйене отырып, П.И.Рычков: Бұл Хакназар хандық мәртебеге көтерілген соң күшейгені соншалық, тек ноғайларды ғана емес, Башқұрт елін, Қазан, Сібір және Астрахан патшалықтарын, Бұхараны, Хиуаны, Ташкенді және басқа көптеген қалаларды өз билігіне қаратты және олардан алым-салық жинатты, — деп көрсетеді. Шын мәнінде, Хақназар ханның мемлекеті мұншалықты дәрежеге жетпегенімен, оның кеңейіп, нығая түскендігі даусыз.
Моғолстанның Орталық Азия кеңістігінде елеулі саяси-әскери күш ретінде соңғы көрінуі осы Хақназар ханның билігіне тұспа-тұс келеді. Қазақ рулары бұл кезде жайылым іздеп, Жетісудан тыс Моғолстанның ішіне де жетеді. Бұған наразы болған Абд-ар-Рашид хан біріккен қазақ-қырғыз қолдарымен әлденеше рет қанды шайқастар өткізіп, оларды Моғолстаннан ығыстырады.
XVI ғасырдың 50-жылдары Ноғай ордасы үшін өте ауыр кезең болды. Ішкі алауыздықтан әлсіреген ноғай елінің Жайық пен Елек өзендерінің бойындағы біраз ұлыстары Қазақ хандығының құрамына енеді. Хақназар ханның ьқпалы Сібір билеушісі Көшім ханға да жайсыз тиген еді.
1552 жылғы Қазан, 1556 жылы Астрахан хандықтарының жерін өзіне қаратқан Ресей — енді Қазақ хандығына көзін сала бастайды. Өйткені Қазақ, хандығы арқылы ол Орталық Азия және Сібірмен қатынас жасай алатын еді. Орталық Азияға сауда жолы Тобылдан Ертіс арқылы Есілдің жоғарғы сағасына, одан әрі Ұлытаудың етегімен Сарысудан Түркістанға, содан соң Сырдан өтіп Бұхараға шығатын еді. 1573 жылы орыс патшасы IV Иванның Қазақ хандығына жіберген елшілігі жолда тұтқынға түседі. 1574 жылы Иван Грозный Оралдағы ағайынды Строгановтарға қазақтармен салықсыз сауда жасау құқығын береді. Осы кезеңде қазақ жеріне бас тіреген орыс елшілерінің бәріне де Қазақ хандығының ішкі жағдайын, оның көрші елдермен қарым-қатынасының жай-жапсарын анықтау тапсырылады.
XVI ғасырдың екінші жартысында да шайбанилықтар мен қазақ хандары арасындағы қатынастағы ең өзекті мәселе — Сырдың орта ағысындағы қалаларға билік ету еді. Бұхара, Герат және Қорасанның билеушісі Абдаллах хан өзінің жауларымен, әсіресе Ташкенттегі билікті басып алған Баба сұлтанмен күресте қазақ хандары Хақназар, Шығай және Тәуекелдердің қолдауына сүйенуге тырысты. Абдаллах хан мен Баба сұлтан арасындағы алауыздықты ұтымды пайдалана отырып, Хақназар хан Түркістанның төңірегін және Сауранды өз билігіне қаратуға күш салды. Бірақ осы билік үшін өзара қырқыс барысында Хақназар хан екі ұлы және басқа сұлтандарымен Баба сұлтанның әскерінің қолынан қаза табады. Шамамен 1580 жылы өмірден кеткен Хақназар ханның билігінің соңына карай Қазақ хандығы батыста — Жайық, солтүстікте — Есіл мен Нұра, шығыста — Шыңғыстай, Балқаш және Шу өзені, оңтүстікте Түркістан аралығын қамтыды. Хақназар хан тұсында ноғай, башқұрттардың біраз бөлігі Қазақ хандығына қарады, қырғыз-қазақ одағы бұрынғы жылылық қалпын сақтады.
[өңдеу]
Тәуекел сұлтан
Толық мақаласы: Тәуекел хан
Өмірден кеткен Хақназар ханның орнына таққа Қасым ханның інісі Жәдік ханның баласы жас кезінде шайқастарда ерлігімен көзге түскен, сексен жастағы Шығай сұлтан отырғанда, елді басқару тізгіні оның ақылды да ержүрек ұлы Тәуекел сұлтанның қолына көшеді. Ортаазиялық деректер Шығай хан ұлымен Бұхара билеушісі Абдаллах ханның жағында Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы бірнеше жорықтарға қатысып, ең соңында Тәуекел сұлтан Баба сұлтанның басын алып тынғанын айтады.
Қазақ сұлтанының қызметіне риза болған Абдаллах хан сұлтанға өз әкесі Ескендір ханның сүйікті иелігі Самарқанға таяу маңдағы бір уәлаятын сыйға береді.
1582 жылы Ходжентке жақын Күмішкент атты елді мекенде Шығай хан қаза табады. Келесі 1583 жылы Әндіжан мен Ферғанаға жорықтан қайтар жолда Абдаллах ханнан сезіктенген Тәуекел хан атының басын Дешті Қыпшаққа бұрады. Оның мынадай екі себебі бартын. Өзінің қарсыластарын түгелдей дерлік жойып тынған Абдаллах ханға ендігі уақытта, әрине, Тәуекел хан сияқты одақтастың керегі жоқ-ты. Оның үстіне, Жошы тұқымы Тәуекелдің де Мәуереннахр тағынан үміттенуі ықтимал еді. Бүл кезде Тәуекел ханның Бұхара билеушісінің Түркістан мен оның төңірегіндегі калаларды беру туралы уәдесін орындаудан бас тартқанына әбден көзі жеткен болатын.
Осы кезде Тәуекел сұлтан қазақ елінің бір бөлігін ғана билейді. Елдің біраз бөлігі Хақназар ханның ұлдары Мұңғатай және Дінмұхаммед сұлтандардың ықпалында болатын. Бірақ бұл жағдай ұзаққа созылған жоқ. 90-жылдардың ортасына қарай Тәуекел сұлтан бүкіл қазақ жұртының ханы ретінде таныла бастайды. 1594 жылы Тәуекел хан орыс тұтқынындағы немере інісі Оразмұхаммед сұлтанды отбасымен босатып алу үшін орыс патшасы Федорға Құл-Мұхаммед атты елшісін аттандырады. Оразмұхаммед сұлтан тұтқынға 1580 жылы орыстардың Көшім ханмен жүргізген соғысы кезінде түскен еді. Яғни, бұл уақытқа дейін Тәуекелдің бүкіл хандық атынан орыс патшасына елшілік жіберуге мүмкіндігі болмаған-ды.
Қазақ елшілігінің алдына екі міндет қойылды. Олар: Оразмұхаммед сұлтанды отбасымен тұтқыннан қайтару және орыс патшасынан Абдаллах ханға қарсы күресте көмек сұрау. Өзінің батыс шекарасындағы көршілерімен қызу саяси күрес жағдайында тұрған Ресейдің бұл кезде Орталық Азия мәселелерімен белсенді түрде айналысуға мүмкіндігі жоқ еді. Соған қарамастан, осы кезеңнің өзінде-ақ Ресей үкіметі Қазақ хандығы және Орталық Азиядағы саяси жағдаймен тұрақты айналысып, үлкен мүдделілік таныта бастайды.
Сібір хандығы 15 ғасырда-16 ғасырда
Сібір хандығы — 15 ғасырда Орыс патшалығына барған бұл алғашқы елшілік Тәуекел хан күткендей нәтиже берген жоқ.
Біріншіден, орыс патшасы Сібір хандығы сияқты Қазақ хандығын да өз құзырына алмақ ойы бар емеурінін жасырмай ашық айтты.
Екішіден, орыс патшасы егер Тәуекел хан ұлы Үсейін ханзаданы Мәскеуге аманатқа жіберсе ғана Оразмұхаммед сұлтанды қайтаратындығын білдірді.
Үшіншіден, патша Тәуекел ханды орыс патшалығының қол астында үйіріп, оның бұйрығы бойынша Бұхара билеушісі мен және Сібір ханы Көшіммен соғысуға міндеттейді.
Құл-Мұхаммед елшілігіне келуат ретінде Мәскеуден Тәуекел ханға аудармашы Вельямин Степанов жіберіледі. Қазақ хандығы мен орыс патшалығы арасындағы елшілік қатынас осылай басталады.
Тәуекел хан 1598 жылы қауырт түрде шайбанилықтарға жорыққа даярлық жасай бастайды. Тәуекел хан мен оның бауыры Есім сұлтан бастап Алатау етегіне жиналған қазақ қолының саны жүз мың адамға жуық еді. Тәуекел ханның бұл жолғы жорығы нәтижелі аяқталады. Қысқа мерзім ішінде Тәуекел Түркістанды, Ташкентті және Ферғананы өзіне қаратады. Дегенмен Тәуекел ханның бүкіл Мәуереннахрды алып, құрамында шайбанилықтар мемлекетінің де жері бар жаңа мемлекет құру әрекеті іске аспай қалды. Ташкент қаласы осыдан бастап екі жүз жыл бойы Қазақ хандығының құрамына енді.
Бұл аталған аймақтардың Қазақ хандығы кұрамына енуінің казақ қоғамының экономикалық, саяси және рухани өміріне ықпалы, мемлекетаралық шекараның тұрақты сипат алуына әсері үлкен болды. Түркістанның Қазақ хандығының негізгі орталығына айналуы казақ қоғамына ислам дінінің таралуына, сол арқылы қазақта жаңа рухани ахуал қалыптасуына аса қажет маңызды алғышарт болды.
[өңдеу]
Есім хан
Толық мақаласы: Есім хан
Қасым ханнан соң қазақ мемлекеттігін жандандыра түскен Хақназар хан мен Тәуекел ханның қызметі Сырдың орта ағысындағы қалаларға біржола орнығу, Жетісу мен Ыстықкөл өңірінен қазақтар мен қырғыздарды ығыстыру мақсатында жасалған біріккен моғол және шайбанилықтардың шабуылына қырғыздармен одақтаса тойтарыс беру, сондай-ақ Бұхар хандығының ішкі саяси өміріне пәрменді араласып отыру арқылы Мәуереннахр өңірін өз ықпалында ұстау бағытында жүрді.
XVII ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығының көрші елдермен қатынасы өзгерістерге ұшырайды. XVI ғасырдың екінші жартысы Моғолстан үшін құлдырау кезеңі болды. 1605 жылы Бұхарадағы билікке аштархандық әулеттің өкілі Имамқұли келді. Бұл кезде Бұхар хандығы Қазақ хандығы үшін Абдаллах хан кезіндегідей соншалықты қаһарлы емес-ті.
Қазақ қолдарымен арада болған шайқастардан соң 1613 жылы Имамқұли хан қазақ Түрсын сұлтанды Ташкенттің билеушісі ретінде мойындайды. Ал Тұрсын хан Бұхар хандығына тәуелсіздігін көрсету үшін өз теңгесін шығарады.
XVII ғасырдың бас кезі аштархандықтарға қарсы қазақ-қырғыз одағының нығая түсуімен сипатталады. 1621 жылы Шахрух бекінісінің жанында Тұрсын хан бастаған 100 мың қазақ пен қырғыз қолдары 160 мың Имамкұли хан әскерімен кездесіп, жеңіс қазақ-қырғыз жағында болады.
Есім хан билігі тұсында шығыста жоңғар қалмақтарының ықпалы артып, қазақ жеріне қауіп төндіре бастайды. Бұл жағдайды ескере отырып, Есім хан қырғыз елімен арадағы одақты нығайта түсіп, Моғолстан билеушісі Абд-ар-Рахим ханмен достық қатынаста болады.
Соның нәтижесінде, Есім хан 1620 жылы ойраттарға ойсырата соққы береді. Жорықта жүрген Есім ханның жоқтығын пайдаланған Тұрсын хан Түркістанға шабуыл жасап, Есім ханның отбасын тұтқынға алады. 1628 жылы Ташкенттің түбінде болған қанды шайқаста Тұрсын хан жеңіліп, Тұрсынның өзі осы ұрыста қаза тауып, оған қараған елдің біразы қазақ, қалғаны қырғыз арасына шашырап кетеді.
Осы мезгілде ойраттарға қарсы Қазақ-қырғыз одағының нығаюына, сондай-ақ ел арасы бірлігі ісінде көп жұмыс тындырған қырғыз Көкім би Қарашораұлының құрметіне Есім хан Ташкентте "Көкімнің көк күмбезін" салдырады.
Есім хан 1628 жылдың күзінде өмірден қайтып, Түркістанда Қожа Ахмет Йасауи күмбезі жанына жерленеді.
[өңдеу]
Жоңғар хандығы және Жәңгір хан
Толық мақалалары: Жоңғар Хандығы және Салқам Жәңгір хан
Сурет:Zhangir Khan.jpg
Zhangir Khan
Есім ханның көзі тірісінде-ақ жоңғар қалмақтарымен күресте оның ұлы Жәңгір сұлтан көзге түсе бастайды, ал оның хандық қызметі (1628—1652 жылдары) қалмақтардың басқыншылық саясатына қарсы тынымсыз арпалысты күрес жағдайында өтті.
Қалмақтармен болған жекпе-жекте Жәңгірді жеңетін қалмақта батыр болған емес. Сол үшін де оны халық Салқам Жәңгір атандырады.
Сәл үзілістермен бүкіл XVII ғасыр бойы жәнө XVIII ғасырдың алғашқы жартысында жүрген қанды жоңғар-казақ соғысына Жетісудағы, Шығыс және Орталық Қазақстандағы шұрайлы жайылымдар үшін талас негіз болды. Қалмақ тайпалары сондай-ақ Сырдың орта ағысы арқылы өтетін сауда жолдары мен егіншілік орталықтарын билеуден үміттенді. Шығысынан қуатты Қытай мемлекеті тықсырған ойраттар онымен салыстырғанда әлсіздеу, батысындағы Қазақ хандығынан қоныс тартып алу жолына түсті. Басқаша айтқанда, Қазақ мемлекеттігінің ендігі уақытта болу не болмау мәселесі таразыға түсті.
Жәңгір ханның үлкен саясаткерлігінің, қолбасшы-батырлығының арқасында Қазақ мемлекеті сақталып қалды. Жоңғар хандығының қуатын бағалай білген Жәңгір хан Бұхара Хиуа және Монғол хандықтарымен белсенді дипломатиялық қатынасқа көшеді. Оның әсіресе 1612 жылдан бастап Самарқанның әмірі Жалаңтөс батырмен достық қатынасы қалмақтармен күресте өз нәтижесін береді.
1643 жылы жаңа жоңғар-қазақ соғысы басталып кетті. 50 мың әскермен басып кірген Батур қонтайшы қырғыз Алатауының біраз жерін, Шу өзенінің жоғарғы оң сағасын, сондағы елдерді жаулап алады.
Жәңгір хан Жалаңтөс әмірді, тяньшаньдық қырғыздарды жәрдемге шақырады. Өзі 600 адамдық қолмен Жоңғар Алатауының тар жылғасында қонтайшының әскерін қарсы алады. Аз қолмен үлкен әскерге бетпе-бет келудің мүмкін еместігін түсінген Жәңгір хан айлаға көшеді. Tap жылғада бірнеше ор қаздырып, оларды бекініс етіп, мылтығымен үш жүз жауынгерді орналастырып, қалған үш жүзден бекіністерді алмақ болған Батур қонтайшының сыртынан кенеттен шабуыл жасайды. Алды-артынан жауған оқтан, екі жақ беттен төмен қарай құлаған тастан мыңдаған жоңғар жауынгерлері қаза болады.
Бірақ шайқас мұнымен аяқталмайды. Қонтайшы өзінің басымдығын енді сезіне бастаған сәтте 20 мың қолымен Жалаңтөс батыр, Көтен жөне Табай батырлар бастаған қырғыз жасақтары келіп жетеді. Ендігі шешуші шайқас жазықта өтеді. Жеңіс толығымен Жәңгір жақта болады. Он мыңға жуық әскерінен айырылған Батур қонтайшы үлкен шығынмен еліне қайтады.
1646 жылы қонтайшы қазақтардан кек алу үшін қайтадан атқа қонады. Бұл жолы ол үстем түсіп, Жәңгір сұлтанның інісін бала-шағасымен және басқа біраз адамдарды тұтқынға алып, кейін оралады.
Қазақ пен қырғыздарға қарсы келесі 1651—1652 жылдары жорыққа ойраттар үлкен даярлық жасап, Ресейдің жақын аудандарынан сауыт-сайман, оқ-дәрі, қару жасауға қажет темір сатып алады. Бұл жолғы соғыс қазақ пен қырғыздарға өте ауыр тиеді. Қанды бір шайқаста қазақ мемлекетінің басшысы ретінде кемел саясатымен және туған елін қолына қару алып қорғауда ерен ерлігімен бүкіл Орталық Азия елдері арасында кең танымал болған Жәңгір хан майдан даласында мерт болады.
[өңдеу]
Тәуке хан заманы
Толық мақаласы: Тәуке хан
Қалмақтармен жер үшін күрес Жәңгір ханның ұлы Тәуке хан (1680—1715/1718 жылдары) тұсында да жалғасады. Тәукенің билігі қалмақ қонтайшылары Қалдан Бошоқты (1676—1697 жылдары) мен Себан-Рабданның (1697—1727 жылдары) билігіне тұстас келді. Бұл — қазақ-қалмақ қатынасының аса ширыққан кезі болатын. Қалдан ханның әскері 1681 және 1683 жылдары Сайрамға дейін жетеді. Жетісу өңірі біраз уақытқа қалмақтардың қолына өтеді. 1710 және 1711 жылдары қалмақтар қазақ жеріне жаңа шабуылға көшті. Оған жоңғарлардың Қытаймен арадағы қатынасының шиеленісіп кетуі себепші болған еді.
XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың бас кезі жоңғар қалмақтарынан төнген қауіпке қарамастан, Қазақ мемлекеттігінің нығая түсуімен сипатталады. Ел арасында қалыптасқан пікір мұндай жағымды өзгерістерді Тәуке ханның есімімен байланыстырады. Тәуке өзінің қайраткерлік қабілеті арқасында ел ішіндегі алауыздыққа жол бермей, татулық орнатты, орталық хандық биліктің рөлін күшейтті, соның нәтижесінде, елдің әл-ауқаты, байлығы артты. Сондықтан да халық ханды әз-Тәуке атап, ал оның билік құрған кезеңін қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман деп бағалады.
Жоңғар хандығымен күрес жүргізе отырып, Тәуке хан Бұхармен жақсы қатынаста болуға тырысты. Ол қазақ хандарының дәстүрлі Мәуереннахрдағы ықпалы үшін күрес бағытынан қайтқан жоқ, өмірінің соңына қарай Ташкентті өзіне қаратты.
Ресейдің Батыс Сібірге біржола орнығуы, Ертіс бойына орыс бекіністерінің орныға бастауы, сөйтіп, бұл қуатты мемлекеттің батыс пен солтүстік-шығыста қазақ елінің тікелей көршісіне айналуы, әрине, Тәуке ханды да ойға салғаны анық. Жоңғардан төнген қауіп жағдайында оның 1717 жылы орыс үкіметіне елші аттандырып, әскери көмек сұрауы — соның айғағы.[1]
[өңдеу]
Қазақ хандағының хандары
Керей хан, Болат сұлтан ұлы, Орыс хан шөбересі 1465—1474 жылдары билеген.
Әз-Жәнібек хан, Барақ хан ұлы, Орыс хан шөбересі 1474—1480 жылдары билеген.
Бұрындық хан, Керей хан ұлы, 1480—1511 жылдары билеген.
Қасым хан, Әз-Жәнібек хан ұлы, 1511—1522 жылдары билеген.
Момыш хан, Қасым хан ұлы, 1522—1523 жылдары билеген.
Тайыр хан, Әдік сұлтан ұлы, 1523—1533 жылдары билеген.
Бұйдаш хан, Әдік сұлтан ұлы, 1533—1538 жылдары Жетісу өңірін билеген.
Тоғым хан, Жәдік сұлтан ұлы, 1533—1537 жылдары билеген.
Ахмет хан, Жаныш сұлтан ұлы, 1533—1535 жылдары Сырдария маңын билеген.
Хақ-Назар хан, Қасым хан ұлы, 1538—1580 жылдары билеген.
Шығай хан, Жәдік сұлтан ұлы, 1580—1582 жылдары билеген.
Тәуекел хан, Шығай хан ұлы, 1582—1598 жылдары билеген.
Есім хан, Шығай хан ұлы, 1598—1628 жылдары билеген.
Жәнібек хан, Есім хан ұлы, 1628—1643 жылдары билеген.
Салқам Жәңгір хан, Есім хан ұлы, 1643—1652 жылдары билеген.
Батыр хан, Бөлекей сұлтан ұлы (Әз-Жәнібек хан ұлы, Өсеке сұлтанның ұрпағы), 1652—1680 жылдары билеген.
Тәуке хан, Жәңгір хан ұлы, 1680—1715 жылдары билеген.
Қайып хан, Хысырау сұлтан ұлы (Есім хан ұрпағы), 1715—1718 жылдары билеген.
Болат хан, Тәуке хан ұлы, 1718—1729 жылдары билеген.
Әбілмәмбет хан, Болат хан ұлы, 1729—1771 жылдары билеген.
Абылай хан, Көркем Уәли сұлтан ұлы, 1771—1781 жылдары билеген.
Кене хан, Қасым сұлтан ұлы, (Абылай хан немересі) 1841—1847 жылдары билеген.
[өңдеу]
Ұлы жүз билеушілері
Жолбарыс хан, Тұрсын сұлтан II ұлы, (Шығай ханның Аман-Бұлан сұлтан деген ұлынан тараған ұрпағы) 1715—1718 жылдары билеген.
Есім сұлтан, Сәмеке хан ұлы, Тәуке хан немересі 1750—1798 жылдары билеген.
Әбілфайыз хан, Әбілмәмбет хан ұлы, 1771—1783 жылдары билеген.
[өңдеу]
Орта жүз билеушілері
Қайып хан, Хысырау сұлтан ұлы (Есім хан ұрпағы), 1715—1718 жылдары билеген.
Болат хан, Тәуке хан ұлы, 1718—1729 жылдары билеген.
Сәмеке хан, Тәуке хан ұлы, 1719—1734 жылдары билеген.
Әбілмәмбет хан, Болат хан ұлы, 1729—1771 жылдары билеген.
Күшік сұлтан, Тұрсын сұлтан ұлы, (Шығай ханның Ондан сұлтан деген ұлынан тараған ұрпағы) 1718—1748 жылдары билеген.
Барақ сұлтан, Тұрсын сұлтан ұлы, 1731—1748(1750)? жылдары билеген.
Абылай хан, Көркем Уәли сұлтан ұлы, 1771—1781 жылдары билеген.
Уәли хан(1741—1819), Абылай хан ұлы, 1781—1819 жылдары билеген.
Дайра хан, Барақ сұлтан ұлы, 1781—1784 жылдары билеген.
Бөкей хан, Барақ сұлтан ұлы, 1815—1817 жылдары билеген.
Шыңғыс сұлтан, Бөкей хан ұлы, (Барақ сұлтан немересі) 1819—1822 жылдары билеген.
Ғұбайдолла хан, Уәли хан ұлы, 1821—1824 жылдары билеген.
Кене хан(1802—1847), Қасым сұлтан ұлы, (Абылай хан немересі) 1841—1847 жылдары билеген.
[өңдеу]
Кіші жүз билеушілері
[өңдеу]
Ресей Империясы тағайындаған хандар
Әбілқайыр хан, Қажы сұлтан ұлы, (Әз-Жәнібек ханның Сөк сұлтан деген ұлынан тараған ұрпағы) 1718—1748 жылдары билеген.
Нұралы хан, Әбілқайыр хан ұлы, 1748—1786 жылдары билеген.
Жармұхамбет хан, Әбілқайыр хан ұлы, 1786—1791 жылдары билеген.
Ералы хан, Әбілқайыр хан ұлы, 1791—1794 жылдары билеген.
Есім хан, Нұралы хан ұлы, 1796—1797 жылдары билеген.
Айшуақ хан, Әбілқайыр хан ұлы, 1797—1806 жылдары билеген.
Жантөре хан, Айшуақ хан ұлы, 1806—1810 жылдары билеген.
Шерғазы хан, Айшуақ хан ұлы, 1812—1824 жылдары билеген.
[өңдеу]
Халық таңдаған билеушілер (Маңғыстау өңірі)
Батыр хан, Қайып хан ұлы, 1748—1785 жылдары билеген.
Әбілғазы хан, Батыр хан ұлы, 1791—1806 жылдары билеген.
Қаратай хан, Нұралы хан ұлы, 1806—1816 жылдары билеген.
Арынғазы хан, Әбілғазы хан ұлы, 1816—1821 жылдары билеген.
[өңдеу]
Бөкей Ордасы билеушілері.
Бөкей хан, Нұралы хан ұлы, 1800—1815 жылдары билеген.
Шығай хан, Нұралы хан ұлы, 1815—1823 жылдары уақытша билеген.
Жәңгір хан, Бөкей хан ұлы, 1824—1845 жылдары билеген.
Сайып-Керей хан, Жәңгір хан ұлы, 1845—1847 жылдары билеген.
[өңдеу]
Пайдаланылған әдебиет
6666666666666666666666666
777777777777777777777777777777777
888888888888888888888888888888888
9
99999999999999999999999999999999999999999
Жазған уақыты: 2008-04-09 15:14:32 Мен қазақрудан Айдана қыздың айтысын көріп едім. Сол қыз осы ауылда болса айтысқа шақырамын.
Жауаптары:
Kaisel
Тіркелген күні:
2006-12-14
Жазулар саны: 18
Мекені: Жазған уақыты: 2008-04-09 15:15:47 Рұқсат болса ағайын,
Домбыра қолға алайын.
Бұрауы түсіп тұрма екен,
Қағып-қағып қарайын.
Кенелген соң тамағым,
Қалайша байыз табамын.
Шақырамын айтысқа,
Айдана атты баланы.
Қайырма ағаң талабын,
Өзіңде сезем бар ағын.
Батысқа біткен жұлдыз деп,
Қарағым сені санадым.
Қазақ-рудан қарағым,
Айтысыңды қарадым.
Кейбір айтқан сөзіңді,
Маржанға асыл баладым.
Қабыл көрсең ағаны,
Уақытың болса шамалы.
Шын айтыстың үлгісін,
Қалдырайық бағалы.
kerim
Тіркелген күні:
2007-01-16
Жазулар саны: 1991
Мекені: Астана Жазған уақыты: 2008-04-09 15:39:20 Әдемі тақырыпты бастағаның,
Қолдағаның жастардың жас талабын.
Қыз бен жігіт айтысын көре сала,
Тақырыпты қозғаусыз тастамадым.
Күтейік Дана қыздың ақ жебесін,
Бажайлап қыздың сырлы наз кеңесін.
Үкілеп аттандырдым өз қолыммен,
Қыз бен жігіт отырған саз кемесін
Тілім менің өмірімнің тірегі!
Aida111SXM
Тіркелген күні:
2008-04-02
Жазулар саны: 70
Мекені: Алматы Жазған уақыты: 2008-04-09 17:19:10 Менің атым Аида, данасы жоқ
Бұл есімнің өте мағынасы көп
Әлде оның орны бөлек қыз еді ме?!
Бола салсам не етеді данасыз ақ
Aida2008
Тіркелген күні:
2008-04-09
Жазулар саны: 9
Мекені: Жазған уақыты: 2008-04-09 20:19:45 Келіп отыр күлкім-ай,
Тиіскен маған бұл кім-ай.
Сырымды білмей сүйкеніп,
Өле алмай жүрме шіркін-ай.
Көпшік қойып астыма,
Айтыспай тұрып састыма.
Танымайтын адамның,
Мақтағаны жақсыма.
Ағамның ойы кем бе екен,
Аққумен қарға теңбе екен.
Дұрыстап ойлап қарашы,
Іздегенің мен бе екен.
kaisel
Тіркелген күні:
2006-12-14
Жазулар саны: 18
Мекені: Жазған уақыты: 2008-04-09 20:55:28 Сөздеріңе қарасам,
Айдананың мәнері.
Бір өзіңе жарасар,
Тентектігің бар еді.
Көрмесем де затыңды,
Атағыңа қанықпын.
Оқып жүрмін хатыңды,
Жақсы әсер алып бір.
Аққумен қарға тең емес,
Басып айттың мұнысын.
Кемсіту бірақ жөн емес,
Халық айтсын дұрысын.
Aida2008
Тіркелген күні:
2008-04-09
Жазулар саны: 9
Мекені: Жазған уақыты: 2008-04-09 21:39:50 Жарайды, аға жарадың,
Мұқалмасын талабың.
Сөзіңді қабыл алмасқа,
Болмай отыр амалым.
Әу дегеннен мақтадың,
Сөйтіп маған жақпадың.
Ойлап қалдым пақыр деп,
Екі беті қап-қалың.
Ол рас бір кез тәп-тәуір,
Қазақ.руда шапқаным.
Бәлен ақын ішінен,
Менбе еді іздеп тапқаның.
Мақтар қызың мен емес,
Айтысам десең ерегес.
Орта жолда шаң қапсаң,
Боласың көпке келемеж.
Қазы ғып қойдың халықты,
Көрсет онда бағытты.
Сосын көпке таныстыр,
Өзің жайлы анық бір.
kaisel
Тіркелген күні:
2006-12-14
Жазулар саны: 18
Мекені: Жазған уақыты: 2008-04-09 22:14:23 Міне-міне жөнделдің,
Шын бейнеңді мен көрдім.
Тірілтетін түрің бар,
Тіліңмен тартып өлгенді.
Керек болса дерегім,
Сынығы едім көненің.
Арыстан деген атым бар,
Ұрпағы болам төренің.
Каспийге батқан етегі,
Маңғыстау атты мекенім.
Пір Бекет атам қолдаса,
Мақсатқа әлі-ақ жетемін.
Қызыл тілім толғай бер,
Жолымды құдай оңдай бер.
Уа, Бекет деп кірістім,
Ұлыңды ата қолдай гөр!
Адайдан болар нағашым,
Білесің олар шамасын.
Қаным шапса басыма,
Далада шаң боп қаласың.
Алем
Тіркелген күні:
2007-03-29
Жазулар саны: 76
Мекені: Алматы Жазған уақыты: 2008-04-09 22:53:59 Қане кім бар менімен сайысатын,
Айтысатын қылыштай қайысатын!
Қазіргі қыздың бәрі батыр шіркін,
Қылығында қыздық жоқ майысатын!(((
Алтаумын деме, жетеуге жолығасың.
Жетеумін деме, сегізге жолығасың.
kerim
Тіркелген күні:
2007-01-16
Жазулар саны: 1991
Мекені: Астана Жазған уақыты: 2008-04-10 12:23:05 Қылығында қыздық жоқ майысатын,
Мен бармын Әлем сенімен сайысатын.
Батырлық қыздарға да жарасады,
Айтыстан айқасуға ойысатын.
Қазір де жігіттер бар жасық туған,
Қаныңды арнасынан асыттырған.
Әйелдің тірлігіне араласып,
Қатыннан да ерекше асып туған.
Ал қане ағытайық жыр ағынын,
Бастағын әңгімеңді қырағы ұлым.
Қылығы оғаш десең кейбір қыздың,
мен де сол қыздардың бір сыңарымын!!!
Тілім менің өмірімнің тірегі!
Aida2008
Тіркелген күні:
2008-04-09
Жазулар саны: 9
Мекені: Жазған уақыты: 2008-04-10 13:19:33 kaiseл
Не болды сонша аттан сап,
Жыланды бастың жатқан сақ.
Төремін деп көпірдің,
Боларсың сірә мақтаншақ.
Бекет деп менде сыйындым,
Жағдайың бала қиын тым.
Адайдың қызы Айдана,
Береді енді сыйыңды.
Қатырдың бала, қатырдың,
Аруақтарды шақырдың.
Мың қолға қарсы шабатын,
Ролын ойнап «батырдың».
Білмеймін қандай затыңды,
Сөздерің барма татымды.
Ауылдың жаман итіндей,
Қойған-ақ екен атыңды.
Мықтап ұста тақымды,
Былғап алма атыңды.
Шабысын байқап көрейін,
Арыстан деген батырдың.
Тілімен жаққа сүйенген,
Таяқты жейсің жиеннен.
Ұялшақ қыздай қылармын,
Қайтып келген күйеуден.
kaisel
Тіркелген күні:
2006-12-14
Жазулар саны: 18
Мекені: Жазған уақыты: 2008-04-10 13:53:12 Бастаған едің аға деп,
Кетіпсің енді бала деп.
Тентектің ісі асығыс,
Айтушы еді шала деп.
Ойладың ба бала деп,
Ұрынатын қара деп.
Нағышыңды сыйламай,
Болып қалма қарабет.
Жырыңды асыл деп едім,
Ұққаның соны жөн еді.
Аға боп айтыс бастадым,
Қарындас болып демегін.
Көрсетші ойдың тереңін,
Танытшы айтыс өнерін.
Асығыс сөйлеп мінездің,
Көрсетіп алма көлемін.
Ә дегенге мә дейтін,
Дұрыспа осы әдетің.
Тез тұтанғыш қызбасың,
Намысшылсың және тым.
Қалатын тілім тосылып,
Жан емеспін осыны ұқ.
Мақтаған сайын еліріп,
Тойыңда қойма осырып!
Aida2008
Тіркелген күні:
2008-04-09
Жазулар саны: 9
Мекені: Жазған уақыты: 2008-04-10 15:53:11 Кеудеде ойнап бір ағыс,
Кетіппін аға тым алыс.
Бастаған өзің айтысты,
Ендеше АҒА шыдаңыз.
Нағашы келер сынағыш,
Қылпылдап іштей тұрамыз.
Қайырып жөнге салдыңыз,
Не дейді демей мына қыз.
Бала деп айтып байқамай,
Өкініш дәмін тартам-ай.
Кешірім сұрап өзіңнен,
АҒАЖАН деймін қайтадан.
Жиенге сізден сот болмас,
Көңілің маған тот болмас.
Мінезім сондай ағажан,
Шабытым келсе тоқталмас.
Аспан бөлек, жер бөлек,
Сенде бөлек, мен бөлек.
Шекісіп барып бекіскен,
Бұл өмірде ер бөлек.
kaisel
Тіркелген күні:
2006-12-14
Жазулар саны: 18
Мекені: Жазған уақыты: 2008-04-10 18:56:58 Аспан бөлек, жер бөлек,
Сенде бөлек, мен бөлек.
Үй сыртында кісіге,
Танытайық жөн бөлек.
Айдың жүзі дөңгелек,
Айтысайық термелеп.
Тыңға салған көшіміз,
Жүре бара жөнделед.
Басталмай жатып таныстық,
Біраз жерге барыстық.
Басқа шауып кетті ме,
Бабалардың қаны ыстық.
Балқан, Балқан, Балқан тау,
Олда біздер барған тау.
Мінезіңді байқадым,
Білмейтін ешбір жалтаңдау.
Болмаса да талтаңдау,
Ағаңда да бар таңдау.
Таныстыршы өзіңді,
Кеңге салып арқаңды-ау.
Aida2008
Тіркелген күні:
2008-04-09
Жазулар саны: 9
Мекені: Жазған уақыты: 2008-04-10 21:16:29 Сусындатқан жыр елін,
Ағажан неткен ірі едің.
Қабыл болсын ендеше,
Таныстыр деген тілегің.
Мен, мен осы кім едім,
Көп қазақтың бірі едім.
Еркелеткен ата-анам,
Аспандағы күні едім.
Мен, мен осы кім едім,
Көп қазақтың бірі едім.
Жауқазындай таралып,
Батыста өскен гүл едім.
Мен, мен осы кім едім,
Көп қазақтың бірі едім.
Адаймын ру сұрасаң,
Байұлының - бір елі.
Шалғайға көзді тігемін,
Жақынға құлақ түремін.
Ағайын-туған үстінде,
Дүрс-дүрс соққан жүрегім.
Туылған жерім Атырау,
Жаныма сондай жақын-ау.
Қара алтынды ағызып,
Донор боп елге жатыр-ау.
Балшық дейді Атырау,
Шалшық дейді Атырау.
Дәті барып қалайша,
Жамандайды япырау.
Болмағасын бақылау,
Жіберді бәрін сатып-ау.
Байлығым сор боп отыр ғой,
Таңдайыма татып-ау.
Теңіздей тұрған тұнықты,
Шет елдер келіп құртты.
Аранын ашқан айдаһар,
Не қылсын момын жұртты.
Неліктен заман былықты,
Неліктен адам құнықты.
Түкіріп кетер ішіне,
Суын ішкен құдықтың!
Тәубешіл
Тіркелген күні:
2007-09-15
Жазулар саны: 370
Мекені: АСТАНА Жазған уақыты: 2008-04-10 23:00:02 Aida2008:
Сөздерің нөсерге ұқсас күзді күнгі,
Есіңе ал, Аида сен қыз күніңді.
Әлия, Томиристей болғың келсе,
Өзің де мықтап ұста тізгініңді!
Қайтесің нөсер болып күзді күнгі,
Көрсетші, ақ жауындай ізгі үлгі.
Мінезің қанша жерден тік болса да,
Сөйлеме ап қойғандай қыздығыңды!
Қайтесің, артық сөзбен шауып-шауып,
Аптықпай, тәубеңе кел ауық-ауық!
Өзіңше шаба берсең арсалаңдап,
Сырттандар алар бір күн қауып-қауып.
Жатырмын жаным ашып, жазып бүгін,
Қаттырақ сөз сөйлесем, жазықтымын!
Қазақтың қызы болып туғаннан соң,
Жақсы ғой жұмсақ сөзің, нәзіктігің!
Егер де біреу айтса қара сөздер,
(Аңдамай әркім айтар жала сөздер),
Ондайды елеме де, айналып өт,
Ондайға қарамайды қаракөздер!
Жаман сөз – дөрекілік, жабайылық,
Басыңнан сөз асырмау – анайылық.
Тап сөзді реті келсе таңғы шықтай,
Жаныңа тұрар сонда арай күліп!
Уақыт! Сені бағындырам, білемін,
Талап пен бақ бола білсе тірегім.
Қос қанатпен сені басып озам да,
Күнде-күнде шаң қаптырып жүремін!
kaisel
Тіркелген күні:
2006-12-14
Жазулар саны: 18
Мекені: Жазған уақыты: 2008-04-11 20:47:15 Атырау қызы Айдана,
Намысты ту қып байлаған.
Дүрс-дүрс соғып жүрегің,
Аман жүрші қайда да.
Жауаптан әркез қашпадың,
Бөгелмей айтып тастадың.
Байыпты сөздер айтасың,
Күмәнді боп тұр жас жағың.
Өзгерді заман, өзгерді,
Өзгергенді көз көрді.
Түйдек-түйдек ақтардың,
Азамат айтар сөздерді.
Шаш қидың ба келтелеп,
Бойжеттің бе ертерек.
Осы жағын ұқпадым,
Бермесең өзің бір дерек.
Аңшыдай кеттім өкшелеп,
Сұрақты қойдым текшелеп.
Айып етпей ішінен,
Аларсың өзің екшелеп.
Махамбет
Тіркелген күні:
2006-04-05
Жазулар саны: 1679
Мекені: Атырау Жазған уақыты: 2008-04-13 02:24:18 Қайтесің соны екшеліп,
Сұрақты қойма текшелеп.
Аида қызға барлығың ,
Қалдың ба сонша өкшелеп.
Шаш қидың дейсің еркелеп,
Көріп пе едің сен келіп,
Мінезі егер еркектей,
Болған да шығар ол бөлек.
Мінезі болар оның ұл-баладай бұл,
Айтысыңдар ондайға қарамай бір,
Қазіргі мынау біздің заманда бұл,
Көп еркегім ұл болуға жарамай жүр.
Қазақтың нәзік қызы, -бар ма шүбәң ???
Тәубешіл, сәл нәрседен салма ылаң.
Жігіттер қатты жазып кеткеннен соң,
Аида қыз да қатты кетіп қалған шығар.
Жерлес боп қорғағам жоқ Айдамызды,
Бізсіз де көрмессің сен майда қызды.
Кіші жүздің қызы да еркегі де,
Қаламменен тастамаймыз найзамызды.
Тиіссең бізге тиіс, жігіт болып,
Қыздарым мысы қатты байқаңыз-ды...
Ана тілін білмеген -
ақылы жоқ, желікбас,
Ана тілін сүймеген -
халқын сүйіп жарытпас.
Тәубешіл
Тіркелген күні:
2007-09-15
Жазулар саны: 370
Мекені: АСТАНА Жазған уақыты: 2008-04-13 11:30:22 Aida2008:
Қарағым, қатты айтсам, кешіріңіз,
Жүректен бар өкпені өшіріңіз...
Өнерді орта жолдан тастап кетпей,
Айтыстың мәртебесін өсіріңіз.
Көңілге бар жақсы сөз қонып тұрар,
Қарындас айтар сөзді ұғып тұрар.
Тұяқ жоқ жаңылыспас, Аидажан,
Ондай хан қызында да болып тұрар...
Уақыт! Сені бағындырам, білемін,
Талап пен бақ бола білсе тірегім.
Қос қанатпен сені басып озам да,
Күнде-күнде шаң қаптырып жүремін!
Aida2008
Тіркелген күні:
2008-04-09
Жазулар саны: 9
Мекені: Жазған уақыты: 2008-04-14 14:15:56 Көңілдері даладай,
Мінездері қара нар.
Қамқор болар қашанда,
Бармысыңдар ағалар.
Бой түзедім ертерек,
Шашты қидым келтелеп.
Қара нардай ағалар,
Қолдағысын еркелеп.
Ақыл-ойым кем емес,
Қылымсыр қыз мен емес.
Ортасында жүремін,
Қайда болса төбелес.
Айтысты өзің бастадың,
Айтысудан қашпадым.
Баста болсын әңгіме,
Не қыласың жас жағын.
Айналайын нағашым,
Неге кортоп жарасың.
Әр нәрсені сөз етіп,
Түсірме айтыс бағасын.
Aida2008
Тіркелген күні:
2008-04-09
Жазулар саны: 9
Мекені: Жазған уақыты: 2008-04-14 14:39:49 Тәубешілге,
Адай қызын жәй деме,
Түспе босқа әуреге.
Осылайша ағажан,
Тәубеңе кел, тәубеңе.
Шабыт келсе тасыдым,
Шаштым өлең шашуын.
Рахмет, аға, мойындап,
Айтқан сөздің ашығын.
Жолға бөгет болмайтын,
Ыстық сәлем жолдайтын.
Аға болсын әрқашан,
Қарындас деп қолдайтын.
Kaisel
Тіркелген күні:
2006-12-14
Жазулар саны: 18
Мекені: Жазған уақыты: 2008-04-16 21:46:29 Мақтады тағы демеңдер.
Қыл суырған тереңнен,
Жеткізген бәрін өлеңмен.
Қыз да болсаң қарағым,
Сырласымдай көрем мен.
Айтыстағы сырласым,
Аманбысың жиенім.
Шоттың бастым бір басын,
Бірі өзіме тиеді.
Осылай кейде қарағым,
Кортопты да жарамын.
Бір-екі ауыз сөзіммен,
Түсіріп алдым бағаны.
Неліктен заман былықты?
Неліктен адам құнықты?
Сұрағыңа түсіндім,
Кім ұтылды, кім ұтты?
Дүрліккенде бар халық,
Бізде көштен қалмадық.
Өткен ғасыр соңында,
Тәуелсіз жолды таңдадық.
Келмесек те қамданып,
Ешкімге қолды жаймадық.
Қиындықпен алысып,
Алған беттен таймадық.
Бүгінге жеттік қарманып,
Әркім кетті жан бағып.
Қыз секілді көңілшек,
Қалыппыз-ау алданып.
Сенген байым қатырды,
Сатылды бәрі, сатылды.
Түсінген сайын мәністі,
Қабағы жұрттың қатулы.
Айттым сөздің қаттысын,
Көрдім талай фәктісін.
Секретар қызда қозғалмас,
Алмай сенен «шәпкісін»
Махамбет
Тіркелген күні:
2006-04-05
Жазулар саны: 1679
Мекені: Атырау Жазған уақыты: 2008-04-17 05:08:21 Айнам, інім, Қайселім,
Тұрғын жерің қай сенің?
Адай қызға тиісіп,
Қайтып кетпен меселің.
Болсаң егер нағашы,
Жеңіл ғой оның жарасы.
Жаман жиен сөзіне
Бар еді қандай таласың
Анау-мынау айтыстан,
Біздің Айда қалмайды,
Бастық болса нағашы,
Секретарлыққа жарайды.
Ана тілін білмеген -
ақылы жоқ, желікбас,
Ана тілін сүймеген -
халқын сүйіп жарытпас.
Aida2008
Тіркелген күні:
2008-04-09
Жазулар саны: 9
Мекені: Жазған уақыты: 2008-04-17 16:00:54 Біз, біз едік, біз едік,
Ерте бойды түзедік.
Еліктегіш жас болдық,
Ұзын шашты күзедік.
Қайтеміз аға «шапкісін»
Қайтеміз аға «шайкісін»
Қыздырайық оданда,
Қыз бен жігіт айтысын.
Ауылдың жаны бұлақты,
Жағасы тұнған құрақты.
Кеудемде алғаш сол жерде,
Тұңғыш өлең бүр атты.
Аяулы сезім гүл атты,
Аяусыз сезім жылатты.
Ақырында екеулеп,
Жүрегімді жұбатты.
Айтысты ары жалғайық,
Саясат жаққа бармайық.
Сұрағым бар өзіңе,
Өмірде неше бар ғайып?
kaisel
Тіркелген күні:
2006-12-14
Жазулар саны: 18
Мекені: Жазған уақыты: 2008-04-28 22:01:45 Мен жоғалдым, жоғалдым,
Сапарға алыс жол алдым.
Айшылық алыс жолдардан,
Бүгін ғана оралдым.
Айтысты әрі жалғайық,
Саясат жаққа бармайық.
Жауабын беріп көрейін,
Сұраған жанда барма айып.
Қарасақ терең аңғарып,
Өмірде талай бар ғайып.
Білгенімше солардың,
Баяндайын мән-жайын.
Кешегі өткен тым керім,
Сәбилік, жастық күндерің,
Осылар болар бір ғайып.
Батысқа барып жұтылса,
Кездесіп аймен тұтылса.
Аспандағы күн ғайып.
Шілденің ыстық шағында,
Оранса дала сағымға,
Көкжиек болар шын ғайып.
Өрмелеп шығып аспанға,
Күн сәулесін шашқанда,
Жұлдыз бенен ай ғайып.
Тынбастан жауын жауғанда,
Болғанда дала малмандай,
Даланы кезген шаң ғайып.
Белден төмен қазылса,
Төбесі таспен жабылса,
Ызыңдаған жел ғайып.
Шыққан тегін ұмытса,
Тілімен дінін құрытса,
Іргелі тұрған ел ғайып!
Адам айтса сенгісіз,
Барма–жоқпа белгісіз,
Осы болар ең ғайып.
Aida2008
Тіркелген күні:
2008-04-09
Жазулар саны: 9
Мекені: Жазған уақыты: 2008-04-29 20:52:48 Мақтанып жүріп күмпілдеп,
Жоғалып кеттің бір күндер.
Ойланып қалдым нағашым,
Жүрген бір суайт шіркін деп.
Бермедің жауап сауалға,
Жарымай қалдым хабарға.
Бірақта аппақ көңілім,
Таппады кінә тағарға.
Мұңайдым жұрттан жасырып,
Күнде аштым сайтты асығып.
Жазуың бүгін отыр ғой,
Көзіме оттай басылып.
Жауабың шықты көңілден,
Алыпсың бәрін өмірден.
Тапқандай болдым шешімін,
Заттардың жұмбақ көрінген.
Айтысты ары жалғайық,
Жоғалып, кетіп қалмайық.
Айта қойшы ағажан,
Өмірде неше бар ғарып.
Жазған уақыты: 2008-09-09 05:14:33 Керімге:
Әзіл айтсаң жарасар қатарыңмен,
Зіл сөзбенен жарамас қапа қылған.
Көркім нашар болғанмен,елім сұлу.
Мен келдім Талдықорған шаһарынан.
Сізден бұрын айтысқан ақындарым
Сескенуші ед сөзімнің қаһарынан.
Мен баладай болсам, сен қыздайсың-ау,
Атағың көпке мәлім дардайсың-ау,
Хакерді тоқтатамын деген сөзбен,
Керімжан, өзіңді-өзің алдайсың-ау.
Қиыннан қиысады өлең деген,
Өлең десе әркім-ақ елеңдеген.
Табиғаттың сыйлаған дарыны ғой,
Айтыс десе жерім жоқ төмендеген.
Мақсатым өзіңізді жеңу де емес,
Көңілін табу халқымның өлеңменен.
Қызыл туын өлеңнің желбіретіп,
Хакер ақын қасыңа келді жетіп.
Сөз маржанын тіземін мөлдіретіп,
Кейбіреуше айтпаймын селдіретіп,
Керім-ау, құлағың сап тыңдар болсаң,
Жүрегіңді жіберейін елжіретіп.
Таудан аққан бұлақтай тасты жарып
Өлеңімді ап келдім мөлдіретіп.
Таудан өскен самалдай аңқылдадым,
Үзбей соққан сағаттай сартылдадым.
Шумақ сайын сіз мені мақтасаңыз,
Көктемгі найзағайдай жарқылдармын.
Керімжан, сөйлессек сөз ұласады,
Бүгінгі өзіңізден кім асады?
Өлеңнің әзілі бар, оспағы бар,
Жөнімен айтылса кім таласады?
Айтысқан соң ақындар сынасады,
Әріптесің осындай сыр ашады.
Керім, төрелігін өзің айтшы,
Қандай сөзді көңілің ұнатады?
Уатылып жартасы, тозімдерім,
Быт-шыт бул кун,сырт бутін, козімде мун.
Кесел тауып ант аткыр мінезімнен,
Жеп жургенім жегідей озімді-озім.
kerim
Тіркелген күні:
2007-01-16
Жазулар саны: 1991
Мекені: Астана Жазған уақыты: 2008-09-09 12:22:23 Мінеки, сөз төркіні жатыр қайда,
Даттасам нар жігітті бар ма пайда
Мақтасам сөз табылар мақтағанға,
Жақсы сөз жарасады жайлы жанға
Мен емес сойқан сөзден сескенетін,
Еркіндікпен егіздей өскен едім
Шама келсе әдет бар өзің білер
Жігітті бастан аяқ тексеретін
Сөз емес жақсы жүзін айқара ашар,
Мен емес ақиқатсыз тайталасар
Керіммен агентте де сөйлесесің
Сүрініп кетерсің-ау байқамасаң
Сөзбенен саған бөгет болатындай
Тасқын ба ең жарды шайып соғатындай
Өзімді өзім алдап не көрінді
Хакер-ау не ескерттің жобасын айт
Айтысқа шақырдың ба Айдананы,
Керімге деп жаздың да айдаланы
Әлде не айтпақ болдың ашып айтшы
Мен емес сен өзіңді алдамағын...
Тілім менің өмірімнің тірегі!
mirhan
Тіркелген күні:
2008-07-04
Жазулар саны: 12
Мекені: Шу өңірі Жазған уақыты: 2008-09-09 15:26:43 Екі жастың жеке айтысына басқалар араласпауы керек. Басқа жұптар бөлек тақырып ашып сол жерде айтыссын. Әйтпесе бұл да жалпы айтыс болып кетеді.
Ошақтың үш аяғындай үш жүз бірге болса, бізді ешбір жау ала алмайды. Әлмерек Абыз.
kaisel
Тіркелген күні:
2006-12-14
Жазулар саны: 18
Мекені: Жазған уақыты: 2008-09-09 22:12:51 Айданаға,
Шыққанына кеш үнім,
Сұраймын жиен кешірім.
Рұхсат болса берейін,
Сұрағыңның шешімін.
Қарасақ терең аңғарып,
Өмірде талай бар ғарып.
Жанарынан айырылса,
Көруге болар жан ғарып.
Құлағынан айырылса,
Естуге болар жан ғарып.
Екі аяқтан айырылса,
Жүруге болар жан ғарып.
Бәріненде ең жаман,
Жақынынан айырылса,
қанатынан қайырылса,
Күлуге болар жан ғарып.
Жағасы көгал болмаса,
Аққу-қаз ұшып қонбаса,
Балыққа қойны толмаса,
Айдында шалқар көл ғарып.
Көктемде суға қанбаса,
Аспаннан тамшы тамбаса,
Күйе кеп көгін жалмаса,
Көкорай шалғын бел ғарып.
Намыссыз болса ұлдары,
Көргенсіз болса қыздары,
Қарынның болса құлдары,
Егілген қайран ел ғарып.
Aidana2008
Тіркелген күні:
2008-04-09
Жазулар саны: 14
Мекені: Атырау Жазған уақыты: 2008-09-10 14:41:07 Біз айтысқан кез көктем ед,
Күн шуағын төккен ед.
Жоқ болып кеттің жаз бойы,
Қалдым мен саған өкпелеп.
Көктемде тысқа жол алар,
Жыл құсы ма едің жоғалар.
Күз келіп бойың тоңғанда,
Амалсыз елге оралар.
Жиенді аңқау жиі алдай,
Келдің бе қайта ұялмай.
Кетші бар... әлі өкпемді,
Отырмын ғой тия алмай.
Мақсат-арман көп едің,
Дедім, деймін, деп едім.
Болашаққа сенемін,
Орындалар дегенім.
Aidana2008
Тіркелген күні:
2008-04-09
Жазулар саны: 14
Мекені: Атырау Жазған уақыты: 2008-09-10 14:59:27 Ұнады бірақ жауабың,
Сөзіңнен ғибрат аламын.
Өзіңдей аға болсам деп,
Меніңде таудай талабым.
Жаңбырдай аума-төкпелі,
Ашу да сондай өтпелі.
Бұртисам да баладай
Ішімнен қатты сөкпедім.
Айтыстан көңіл жай табар,
Ыңылдап іштей айтам ән.
Далада күзгі шуақ тұр,
Байқаған болсаң, байқаған..
Мақсат-арман көп едің,
Дедім, деймін, деп едім.
Болашаққа сенемін,
Орындалар дегенім.
kaisel
Тіркелген күні:
2006-12-14
Жазулар саны: 18
Мекені: Жазған уақыты: 2008-09-11 15:47:12 Аңғармай сөздің байыбын,
Жеңілдім жиен тағы бір.
Жанымды тіліп жіберді,
Сөздерің өткір, әрі нұр.
Не сұрасаң да бәрібір,
Көтерем жиен айыбын.
Ұққандаймын сырыңды,
Ұққандаймын мұңыңды.
Жауап беріп отырмын,
Шығармай іштен дымымды.
Сыртыңа жиен сыр бермей,
Ұғарсың сенде ымымды.
Көктем өтіп, жаз өтіп,
Анау-мынау сөз етіп.
Қыр ұзап талай кетіппіз,
Кетпесін жұрттың көзі өтіп.
Көңілден сырды ақтарам,
Ақтауды айтып мақтанам.
Теңізге маңдай сүйдірген,
Аппақ таудай - ақ қалам.
Шаруа күйттеп тырмысқан,
Бабама болған мың қыстау.
Қойнауы жылы, жері-от,
Қолайлы болған тұрмысқа.
Мен сүйем туған жерімді.
Емеурін саған берілді.
Қыздың жолы жіңішке,
Көсіліп көрші өзің бір.
Туған жерің болса алып,
Танытшы елге жар салып.
Тыңдаған сені ағайын,
Таңдайын қақсын тамсанып.
Tansu
Тіркелген күні:
2008-05-03
Жазулар саны: 42
Мекені: Алматы Жазған уақыты: 2008-09-11 15:54:47 Жарайсын Айдана!! Алга кане!
"Алла деген пенденi, Алла жерге каратпас"
Aidana2008
Тіркелген күні:
2008-04-09
Жазулар саны: 14
Мекені: Атырау Жазған уақыты: 2008-09-11 21:54:29 Айтыстан неге қашайын,
Айғырға қамшы басайын.
Қолдаса Керім, Таңсулар,
Қалайша сенен сасайын.
Мен деймін-ау, деймін-ау,
Елімнің қамын жеймін-ау.
Намыссыз туған еркектен,
Артықпын, сірә, кей мынау.
Өнерді жастай сүйдім-ай,
Өлеңмен түйін түйдім-ай.
Кей еркекті көргенде,
Қызарып бетім күйдім-ай.
Қазақ деген ұлтым бар,
Адай дейтін жұртым бар.
Көк бөрідей ішім бар,
Қыз Баяндай сыртым бар.
Жер қадырын ел білер,
Ел қадырын ер білер.
Тек өз қамын ойлайды,
Жепутат деген ез кілең.
Министр, әкім, шенділер,
Жағымпаз, жалап, бергілер.
Ұстап алып бұрышта,
Пергілерме еді, пергілер.
Мақсат-арман көп едің,
Дедім, деймін, деп едім.
Болашаққа сенемін,
Орындалар дегенім.
zhad96
Тіркелген күні:
2006-03-06
Жазулар саны: 928
Мекені: Атырау Жазған уақыты: 2008-09-12 19:17:29 Пай-пай, бәрекелді, Айдана бас шабыттың тұлпарын!
Уақытты өлтіруге құмармын!
Бүгіннің де жаназасын шығардым.
Өткен жылдар, күндер, сәттер кешегі,
Ертең жоқтап сендерді де жылармын!
Aidana2008
Тіркелген күні:
2008-04-09
Жазулар саны: 14
Мекені: Атырау Жазған уақыты: 2008-09-15 14:46:58 Қолдағасын Жадағай,
Шабыттанып кетемін.
Жолдағыны қарамай,
Қағып-қағып кетемін.
Бойымда адай қаны бар,
Атырау десем сөз дайын.
Мұнайдан бастап бәрі бар,
Байлығын айтып созбайын.
Байлығын айтып тұрақсыз,
Бостан-босқа бөспейін.
Біледі бәрі мен ақсыз,
Сөз шығындап нестейін.
Құрманғазы Дина бар,
Күйші қызбен, күйші атай.
Қалың қолды жинаған,
Махамбет пен Исатай.
Қара бала қамы үшін,
Жылы орыннан безінген.
Ататын азат таң үшін,
Қан майданда көз ілген.
Атыраудың байлығы-
Адамын айтсам нұрланам.
Неғылам теріп барлығын,
Жалығып кетер тыңдаған.
Мақсат-арман көп едің,
Дедім, деймін, деп едім.
Болашаққа сенемін,
Орындалар дегенім.
Aidana2008
Тіркелген күні:
2008-04-09
Жазулар саны: 14
Мекені: Атырау Жазған уақыты: 2008-09-15 14:50:28 Жоғалып кеттің неліктен,
Ау, деші аға бармысың.
Аңыздарда сөз еткен,
Көрінбейтін жанбысың.
Мақсат-арман көп едің,
Дедім, деймін, деп едім.
Болашаққа сенемін,
Орындалар дегенім.
Kazakkyzy
Тіркелген күні:
2008-07-21
Жазулар саны: 349
Мекені: ҚАЗАҚСТАН Жазған уақыты: 2008-09-15 15:31:35 Керемет!
Алга Айдана!
Сендей кыздар сайраганда Атыраудан быздер шалкайып журемыз гой...
kaisel
Тіркелген күні:
2006-12-14
Жазулар саны: 18
Мекені: Жазған уақыты: 2008-09-15 17:44:55 Алуан түрлі шақ болар,
Көбіне уақыт қат болар.
Кез болады емес пе,
Әр түрлі іске тап болар.
Нағашыңды жоқтатпай,
Айтысты да тоқтатпай.
Жүргеніңе жиенжан,
Алғыс айтам тек мақтай.
Аралап келдім ел ішін,
Сәт сапар болды мен үшін.
Жеткізейін ауылды,
Жаулап алған кемісін.
Уайым болып бір күн-ай,
Басылып қапты жұртым-ай.
Жалданып, байға жағынып,
Нан тапсам дейді шіркін-ай.
Біресе жерге таласып,
Біресе ауыз жаласып.
Бақталасып байлар жүр,
Бір-бірімен санасып.
Сұм заман қолды келте еткен,
Тастапты жұртты жентектеп.
Бастарын шұлғи береді,
Не айтса да елпектеп.
kenzhekhan
Тіркелген күні:
2007-05-14
Жазулар саны: 19
Мекені: Кұлсары Жазған уақыты: 2008-09-15 19:26:00 Зһараысін каріндасім тек кана алга!!!Менде бір аган болам тілеұйнді тілеген Кылсарідан.
Мен казакпін жаралган сұйегі еттен
Менде ар бар,менде ой бар жан тебіренткен
ХалкЫмнын карапайім бір ұлымын,
Жанімды арым ушын кұрбан еткен.Б.Момұшұлы.
Махамбет
Тіркелген күні:
2006-04-05
Жазулар саны: 1679
Мекені: Атырау Жазған уақыты: 2008-09-15 20:58:13 Сыртынан бақылап ем жайғана бұл,
Шабысы керемет қой Айдананың !
Қайсел де аянбастан барын салған
Қыз-жігіт бір-біріне сай болған бұл...
Ана тілін білмеген -
ақылы жоқ, желікбас,
Ана тілін сүймеген -
халқын сүйіп жарытпас.
Aidana2008
Тіркелген күні:
2008-04-09
Жазулар саны: 14
Мекені: Атырау Жазған уақыты: 2008-09-15 21:43:33 Сенде жүрсің елім деп,
Менде жүрмін елім деп.
Қолдағасын көпшілік,
Кетті ғой менің дегім кеп.
Еңсесі биік Ақ орда,
Күліп кірсем деп едім.
Шаңыраққа көзімді,
Тігіп кірсем деп едім.
Бытырап жүрген қазақты,
Біріктірсем деп едім.
Көк байрақтың астына,
Кіріктірсем деп едім.
Егемен, бейбіт еліме,
Өмір берсе деп едім.
Діні менен тіліне,
Төрін берсе деп едім.
Парламент пен үкімет,
Елім десе деп едім.
Аспанды ұстап тұрғандай,
Керілмесе деп едім.
Ең бірінші адамға,
Көңіл бөлсе деп едім.
Ру-жерлес дегенге,
Бөлінбесе деп едім.
Жастар алға ұмтылып,
Білім десе деп едім.
Шалқып ойнап сәбилер,
Күлімдесе деп едім.
Арман-мақсат көп едің,
Дедім, деймін, деп едім.
Болашаққа сенемін,
Орындалар дегенім.
Мақсат-арман көп едің,
Дедім, деймін, деп едім.
Болашаққа сенемін,
Орындалар дегенім.
aidana2008
Тіркелген күні:
2008-04-09
Жазулар саны: 14
Мекені: Атырау Жазған уақыты: 2008-09-16 14:00:52 Шешіп тастап қамытты,
Келіпсің елді аралап.
Тұрмысы қалай халықтың,
Не жаңалық бар аға??
Мақсат-арман көп едің,
Дедім, деймін, деп едім.
Болашаққа сенемін,
Орындалар дегенім.
Tansu
Тіркелген күні:
2008-05-03
Жазулар саны: 42
Мекені: Алматы Жазған уақыты: 2008-09-16 16:20:36 Пай-пай Айдана!
Жугыртесың канды бойдагы!
Жарайсың, өнерыңе өріс!
"Алла деген пенденi, Алла жерге каратпас"
kaisel
Тіркелген күні:
2006-12-14
Жазулар саны: 18
Мекені: Жазған уақыты: 2008-09-19 14:25:55 Мен барған жер бұрында,
Гүлденген совхоз болған.
Сәні кетіп бұл күндерде,
Тоналып тоз-тоз болған.
Жұмыссыз жастарының,
Сөнгендей үміттері.
Өзі аз қарттарының,
Бастары бірікпеді.
Көшсем бе деп қалаға,
Армандайтын сияқты.
Бара-бара ауылда,
Жан қалмайтын сияқты.
Аша тұяқ ауылда,
Мал қалмайтын сияқты.
Баяғыдай шөп шауып,
Қамданбайтын сияқты.
Не айтсада теледидар,
Таң қалмайтын сияқты.
Бірақ анау-мынауға,
Алданбайтын сияқты.
Ауыл жайлы хабарда,
Анау десін, бүй десін.
Өзім көрген осындай,
Болды ауыл бейнесі.
Aidana2008
Тіркелген күні:
2008-04-09
Жазулар саны: 14
Мекені: Атырау Жазған уақыты: 2008-09-24 19:38:15 Нағашы қалай халыңыз,
Оралдық міне тағы біз.
Өнерді сүйген бауырлар,
Амансыңдар ма бәріңіз.
Жарасып біздің әніміз,
Жарасып ойын, сәніміз.
Әр нәрсені сөз еттік,
Келгенімізше әліміз.
Өлеңім аққан бұлақты,
Қарашы салып құлақты.
Нағашы тыңдап отырсаң,
Қойайын бірер сұрақты.
Саясаттан енді аға,
Тыныстайық сәл ғана.
Ең бірінші сұрағым:
Жанұяңыз барма аға?
Сөзімде жоқ еш кекесін,
Мінезім осы нетесің.
Жиенің жақсы көреді,
Әңгіменің төтесін.
Мақсат-арман көп едің,
Дедім, деймін, деп едім.
Болашаққа сенемін,
Орындалар дегенім.
Kaisel
Тіркелген күні:
2006-12-14
Жазулар саны: 18
Мекені: Жазған уақыты: 2008-09-24 22:01:02 Жоқ болып кеткен сары қыз,
Жақсы ма сіздің халыңыз.
Жаурап жүрген жоқсың ба,
Аулаға келді тағы күз.
Есігім алды теңізді,
Қыз бенен жігіт егізді.
Бояуы бойға сіңді ғой,
Сұрайсың біздің немізді.
Күз болар қыстың алды ызғар,
Денеңде бүршік жарғызған.
Танысам десең жиенжан,
Қаптап жүр ғой балдыздар.
Менде өзіңдей Адаймын,
Қақпақылдауға жараймын.
Сондықтан сенің алысқа,
Кетпегеніңді қалаймын.
Medinam
Тіркелген күні:
2008-09-25
Жазулар саны: 6
Мекені: Алматы Жазған уақыты: 2008-09-25 13:29:03 Салемет пе Айдана!
Айдана деген қай бала?
Бір ағамның қызы ма?
Жоқ ағамның өзі ма ?
Махамбет аға бармысыз,
Жазып жатсыз талмыссыз.
Мәссағанның бұл күні
Күні сіз де, айы сіз!
Атырауға бір сәлем!
Қазағыма мың сәлем!
Қабыл алсаң қызыңды
Айтылар мұнда сырлы әуен.
Aidana2008
Тіркелген күні:
2008-04-09
Жазулар саны: 14
Мекені: Атырау Жазған уақыты: 2008-09-25 14:19:25 Мединам,
Сәлем, қал жақсы,
Жазуың болар алғашқы.
Рахмет саған деп алып,
Айтысқа кеттім. Ал жақсы..
Мақсат-арман көп едің,
Дедім, деймін, деп едім.
Болашаққа сенемін,
Орындалар дегенім.
Aidana2008
Тіркелген күні:
2008-04-09
Жазулар саны: 14
Мекені: Атырау Жазған уақыты: 2008-09-25 14:24:12 Болғасын аға шамшырақ,
Жатқаным ғой қал сұрап.
Ойлап қалма басқаша,
Жүрген жоқпын байсырап.
Өлеңім - найза қайраулы,
Көңілім жасыл жайлаулы.
Уәде қылған жаным бар,
Меніңде басым байлаулы.
Адамға болар жанашыр,
Деп жүрсем сізді нағашы.
Бай іздеп маған жүрсіңбе,
Жеңгетай болып шамасы.
Жалғассын жақсы әңгіме,
Мәнді де, әрі сәнді де.
Ғибрат алсын келешек,
Асыл сөз қалсын мәңгіге.
азған уақыты: 2008-09-25 15:52:08 Айдана қаламың мұқалмасын! kaisel екеуіңіздің айтыстарыңызды оқып шығып жақсы әсер алдым! Әлі де айыз қандырар шумақтарды біздің назарымызға ұсынарсыздар деген үміттеміз!
BaurigM
Тіркелген күні:
2008-09-06
Жазулар саны: 214
Мекені: Қараганды Жазған уақыты: 2008-09-29 02:27:01 Сұхбаттың айтыс саласын,
Қыз жігіт,қазақ баласын.
Бүгін көріп отырмын,
Бұған жоқ енді таласым.
Сайысқа қызу түсіп, жатқан ұл-қыз,
Дәстүрдің айтыс деген жанын кіргіз.
Шын көсілсе сәйгүлік, тері шығып,
Кедергі де бола алмас, түн мен күндіз.
Қосарласпа дегенге келіспеймін,
Сыбағасын ақындар бөліспеймін.
Жанкүйердің қамшылау сөздерінсіз,
Бұл айтыстың өрбуі теріс деймін.
Арасында ағайын,жылы лебіз айтайық,
Шаршап қалар ақындар,талып белі қайқайып,
Ертелі кеш иннетте, бірге және болайық,
Құмарымыз қанған соң және бірге қайтайық.
Ал ақындар бір сауал сіздерге де,
Проблемма өте көп іздегенде.
Тақырыптың аясын тарылтпаңдар,
Энциклопедия боп қалсын іздегенде.
Батырлық, байлық кімде жоқ,
ғашықтың жөні бір басқа!
BaurigM
Тіркелген күні:
2008-09-06
Жазулар саны: 214
Мекені: Қараганды Жазған уақыты: 2008-09-29 02:36:17 Керім ханым,жолыққаным,
Дұрыс болды осында.
Ақынмын деп,жақынмын деп,
Неге айтпадың басында.
Айтқаныңда,сайтқа мұнда,
Келер едім бірге мен.
Айтпадың да кете бардың,
Көріп қалдым іргеден.
Батырлық, байлық кімде жоқ,
ғашықтың жөні бір басқа!
kerim
Тіркелген күні:
2007-01-16
Жазулар саны: 1991
Мекені: Астана Жазған уақыты: 2008-09-29 12:57:42 Бауыржан, ақын емен, ақынжанды
Жан едім түсінетін ақындарды
Өзіңдей айтысар ер табылмай еш
Тақырыпқа қойып ем жақындауды
Ал қане баста терең ой ағынын,
Тасытып шабытыңның баяу үнін
Бір кіріп ғайып болып кетпегейсің,
Жауабын жаза деймін таяу күні
Тілім менің өмірімнің тірегі!
kaisel
Тіркелген күні:
2006-12-14
Жазулар саны: 18
Мекені: Жазған уақыты: 2008-09-29 15:04:10
Aidana2008 жазған:
Болғасын аға шамшырақ,
Жатқаным ғой қал сұрап.
Ойлап қалма басқаша,
Жүрген жоқпын байсырап.
Өлеңім - найза қайраулы,
Көңілім жасыл жайлаулы.
Уәде қылған жаным бар,
Меніңде басым байлаулы.
Адамға болар жанашыр,
Деп жүрсем сізді нағашы.
Бай іздеп маған жүрсіңбе,
Жеңгетай болып шамасы.
Пәлені тілден табармын,
Айта алмай қалдым саған дым.
«Жеңгетай» деген бір жебе,
Маңдайдан келіп қадалды.
Әзілдеп сөзді өрдім ғой,
Сазайды бірақ бердің ғой.
Айтамын деп байқамай,
Ауырмай жиен, өлдім ғой.
Қабағымды шытпайын,
Талабыңды құптайын.
Алыстан тілек тілеймін:
Жазылмасын деп жұптарың.
arhaleh
Тіркелген күні:
2007-04-29
Жазулар саны: 2
Мекені: алтай Жазған уақыты: 2008-09-29 23:05:57 Халықпыз қара өлеңмен қаруланған,
(Шабыты асқар таудан ,дауылдардан.)
Хан алдында қара тыл қарсы шықса,
Бодауына шыбындай жаныңды алған.
Сол өлең майданында быз аңсаған,
Көнеге мұрәгерлік табылды арман.
Бұйдәгер болмасақта ел алқаған,
Боламын қақтығста арым бар жан.
Кәнекй тақ басымды жұп қылатын .
Кім шығар әріптеске арулардан.
Өмыр- өктем өзегің әлы талай өртенер,
Өмыр- сабй баладай әлы талай еркелер.
Өмыр- қатаң тірлікте әлы талай желкелер,
Барлығына даяр бол замандастар серкелер
BaurigM
Тіркелген күні:
2008-09-06
Жазулар саны: 214
Мекені: Қараганды Жазған уақыты: 2008-09-30 01:31:40
Айтысына қыз жігіт біздер бөгет етпейік,
Керім ханым бұл жерде босқа терді төкпейік.
Жеке бұрыш ашайын,іздеп сонда келіңіз,
Сыр ақтарып сол жерде емін еркін, ептейік...
Батырлық, байлық кімде жоқ,
ғашықтың жөні бір басқа!
Aidana2008
Тіркелген күні:
2008-04-09
Жазулар саны: 14
Мекені: Атырау Жазған уақыты: 2008-09-30 21:16:53 kaisel жазған:
Пәлені тілден табармын,
Айта алмай қалдым саған дым.
«Жеңгетай» деген бір жебе,
Маңдайдан келіп қадалды.
Әзілдеп сөзді өрдім ғой,
Сазайды бірақ бердің ғой.
Айтамын деп байқамай,
Ауырмай жиен, өлдім ғой.
Қабағымды шытпайын,
Талабыңды құптайын.
Алыстан тілек тілеймін:
Жазылмасын деп жұптарың.
Нағашы өзі білдей, сөзі білдей,
Жиенді не қылғаның көзіңе ілмей.
Бұл күнде жиенің де осал емес,
Ойы теңіз, сезімі аспан, сөзі мірдей.
Өзіңе мені таңдап жұптадың да,
Ортаға өзің алып шықпадың ба.
Нағашы «басқа пәле тілден» деген,
Халықтың даналығын ұқпадың ба.
Боларсың айтып қалған шамаламай,
Асығыс алды-артыңды сараламай.
Осылай әрпіл-тәрпіл сөйлемесек,
Қанымыз айтшы ағатай болама Адай.
Ары қарай айтысайық алаңдамай,
Бірде ноль болсын есеп аға давай.
Даңғойлар айта берсін жеңілдің деп,
Мен бірақ айта алмаймын ағама олай.
Қыздырып айтысты аға от қылыңыз,
Босқа өткен ойлап тұрсақ жоқ күніміз.
Білмейтін жеңілуді даңғойлардан,
Ағажан биік сіздің шоқтығыңыз.
Қасиетін жеке бастың ұғамыз ғой,
Сондықтан әңгіме-дүкен құрамыз ғой.
Қадырын сөзіміздің түсірмесек,
Жұрттың да көңілінен шығамыз ғой.
Мақсат-арман көп едің,
Дедім, деймін, деп едім.
Болашаққа сенемін,
Орындалар дегенім.
Tansu
Тіркелген күні:
2008-05-03
Жазулар саны: 42
Мекені: Алматы Жазған уақыты: 2008-10-01 00:12:27 Ал kaiseл, енды коп куттырмей бызды де. жалгастырыныз айтысты. Керемет унайды Айдана екеуыныздын айтыстарыныз!!!!
"Алла деген пенденi, Алла жерге каратпас"
kaisel
Тіркелген күні:
2006-12-14
Жазулар саны: 18
Мекені: Жазған уақыты: 2008-10-01 21:14:47 Айдана көмейінен жыр ақтарып,
Келіпті ортамызға шуақты алып.
Бір ауыз лебізіңнен АҒА деген,
Мерейім өсіп қалды қуаттанып.
Сөздерің көңілімді жұбатты анық,
Нағашың түргелгендей құлап барып.
Мені қойш.
Бір жығылып, бір тұрармын,
Сенімін оқырманның құлатпалық.
Болады кейде сондай қызбалығым,
Отырдым сол себепті мұзға бүгін.
Ер мінез, дара туған дәл өзіңдей,
Мұқаң да шаққан екен қызға мұңын.
Мәз болып алақанды сабаламай,
Сүйедің сүрінгенде табаламай.
Жиенжан қара нардай мәртігіңді,
Қалайша қаламын мен бағаламай.
Асыра мақтады деп сөкпе жаным,
Атағың айтпасам да көпке мәлім.
Ағалық бата бердім шын жүректен,
Аман бол тіл-көздерден тек қарағым.
Aidana2008
Тіркелген күні:
2008-04-09
Жазулар саны: 14
Мекені: Атырау Жазған уақыты: 2008-10-02 15:51:46 Нөсердей қара жырды төкпелеткен,
Атырауда поэзияның бектері өткен.
Ақиық - жыр алыбы Жұмекенді,
Орынсыз бір ауыз сөз өкпелеткен.
Мән-жайды баяндайын тегіс қылып,
Құрдасы көрсетіпті теріс қылық.
Бір күні тоқтамастан ел алдында,
Мақтапты Жұмекенді келістіріп.
Өр ақын сонда оған «тоқта!» депті,
Шырағым өтірікті соқпа депті.
Сөзіңді тыңдап сенің шошынамын,
Жұмекен өліп қалған жоқпа депті.
Мақтасаң мен өлген соң мақта депті,
Бұлайша жағынуды таста депті.
Абай кім.
Абылай кім.
Жұмекен кім.
Ит жоқта үреді екен шошқа депті.
Шаруасын жүрмеседе оқсатып бір,
Өр жаны ұнатпаған боқ-сасықты.
Жарықтық арзан атақ, құр мадақты,
Бір ауыз сөзбен солай тоқтатыпты.
Мақсат-арман көп едің,
Дедім, деймін, деп едім.
Болашаққа сенемін,
Орындалар дегенім.
BaurigM
Тіркелген күні:
2008-09-06
Жазулар саны: 214
Мекені: Қараганды Жазған уақыты: 2008-10-11 00:32:48
Жауабын жігіт таппадым іздеп аралап,
Айдана қызың кеткенбе әлде сабалап.
Басыңды көтер! байла да іскен жерлерін,
Бітіспей мынау,тоқтаған жерің жаман ақ.
Көтергін басты,қайда кеткен намысың,
Әйтпесе дермін,Айдана айтқан бәрі шын!
Жыр таяғы өтіп кетсе басыңнан,
Кемпіріңнің ішкейсің ем дәрісін!
Көрсетші сосын айтыстың нәрлі дәмін шын!
Батырлық, байлық кімде жоқ,
ғашықтың жөні бір басқа!
KAISEL
Тіркелген күні:
2006-12-14
Жазулар саны: 18
Мекені: Жазған уақыты: 2008-10-17 21:44:01 Ол рас, бұндай жайдың болғаны анық,
Қала білген биігінде сонда да алып.
Қазірде оның жырын қолды қылды,
Көзінше мақтағандар жолда қалып.
Жырлары атқылаған жанартаудай,
Жұмекен барлық ақын барар таудай.
Бағасын шын асылдың білмейміз ғой,
Шашымды сондай жайлар ағартады-ау.
Шен-шекпенге пенделер зомбы болар,
Атақ-даңққа масайрап сорлы болар.
Сондайларға есі бар болса егер,
Жұмекен асқар тау ғой тағлым алар.
BaurigM
Тіркелген күні:
2008-09-06
Жазулар саны: 214
Мекені: Қараганды Жазған уақыты: 2008-10-17 23:55:09 Адайдың қызы Айдана,
Салмағын текке бай бала.
Ағаңыз тұмау ратыпты,
Жеңгеңе ерке жай ғана.
Жоғалттым деп саспағын,
Айтысты әрі бастағын.
Сәл болмап ед сайытта,
Жоқ болдың сен де қас қағым.
Байқаймын жансың такаппар,
Бойыңда өздік шатақ бар.
Келін қып алсам қайтеді,
Жігіттерді тақап сәл.
Батырлық, байлық кімде жоқ,
ғашықтың жөні бір басқа!
Aidana2008
Тіркелген күні:
2008-04-09
Жазулар саны: 14
Мекені: Атырау Жазған уақыты: 2008-10-21 16:04:22 Жасымнан жыр маржанын тердім ғой мен,
Біраз күн ауыл жақта жүрдім тоймен.
Жауабын Бауыр аға сұрағыңның,
Анада нағашыма бердім ғой мен.
Жалғыз қыз бес ағамен қатар өстім,
Тәкәппар, ерке, әрі шақар өстім.
Дегенмен жеңгелерім есті дейді,
Әрқашан жақсыларға жат емеспін.
Ағадай ешкім мені бағаламас,
Сондықтан мен айтайын ағама наз.
Таныстырам дегенмен, мендей қызға,
Жүрегі жігіттердің дауаламас.
Тең ете гөр деп төрт-ақ құбыламды,
Аллаға күніне мың сыйынармын.
Бір күні иран бақта өскен алма,
Бағына бір жігіттің бұйырармын.
Бәріне куә болар хақ-тағалам,
Жаратқан, бар пәледен сақтағанда.
Осырып қойды тойда деген екен,
Сондықтан ағалар көп мақтамаңдар.
Мақсат-арман көп едің,
Дедім, деймін, деп едім.
Болашаққа сенемін,
Орындалар дегенім.
BaurigM
Тіркелген күні:
2008-09-06
Жазулар саны: 214
Мекені: Қараганды Жазған уақыты: 2008-10-21 17:31:54 Айдана сөзің шекер,тілің балдай,
Көрмесем де отырмын,қағып таңдай.
Төбеңнен күн күлімдеп тұрсын лайым,
Ақ-пәк жүзді жүрсінші кіршік шалмай.
Бұл порталға мен жиі таяламын,
Ал ақындар бөлімі сая бағым.
Өздеріңе кезекті берем енді,
Жыр дыраумен алмасып сабалағын.
Батырлық, байлық кімде жоқ,
ғашықтың жөні бір басқа!
Aikon
Тіркелген күні:
2008-03-11
Жазулар саны: 76
Мекені: Алматы Жазған уақыты: 2008-10-21 18:23:08 Ақындықтан алшақтау жан едім мен,
Тастап кеткім келіп ед, өрелі өлең.
Дегенменен айтысуға құмар ем,
Жігіттер мен қыздармен өресі кең.
Жүрегім жалын, от- демім,
Сағынып жүрмін көктемім
BaurigM
Тіркелген күні:
2008-09-06
Жазулар саны: 214
Мекені: Қараганды Жазған уақыты: 2008-10-23 01:02:34 Ой Айкон,асыл Айкон,жаным Айкон,
Шақырыпсың айтысқа енді қайтем!.
Жарық күнде айтысып біз қалайық,
Сұлуларға болады күн мен ай тең.
Ендеше тәуекелге мен бет бұрдым,
Айтылған мына сөзге сен дөп тұрғын.
Атойлап көп ішінен шығыпсыз сіз,
Кешелі дәлдеп атқан оғындай мірдің.
Батырлық, байлық кімде жоқ,
ғашықтың жөні бір басқа!
perixte
Тіркелген күні:
2008-06-15
Жазулар саны: 132
Мекені: алтын алтай Жазған уақыты: 2008-10-23 14:18:45 аға жаннды ерге санап ойымда,
асыл жырмен айтысып ем қайымда.
өлшемнен тыс өлең айтып шабытты,
ал бұгіні сұлу іздеп кеткен екен жайына.
ағатайды тауып алдым бұл жерден,
сұлу іздеп желмен бірге сенделген.
сол байағы таныс сұлу сөзімен,
алдап,арбап аруларды сендірген.
сұлу көрсе ғашық бола қалады,
айға кұнге теңеп естен танады.
екі ауыз жылы лебіз білдірсең,
тоқал бол деп алек салады.
бұл ағамды тұрақсыздық меңдеткен,
барлық сұлу сыйар көңілі кең неткен.
ауесің бе ауырума қыз құмар,
асқындырмай жөн болар тез емдеткен.
кешегі өткен ғашықтарға таң қалам,
жалғыз жанды жұрегіне таңдаған.
мейлы қалай құбылсада бұл өмір,
махаббатты айалаған арына дақ салмаған.
ағатай-ау бармас жерге бармаңыз,
жанбас жерде жанбаңыз,
өмір жалған,нанбаңыз
бійктеге самғаңыз.
көрінгенге көз сұзем деп жұріп,
айел менен баладан айырлып қалмаңыз.
мен-назік гұлмін,
сен-құламайтын шынарсың,
бірақ мен шыдаған даулға,
сен шыдамайтын шығарсың...
Aikon
Тіркелген күні:
2008-03-11
Жазулар саны: 76
Мекені: Алматы Жазған уақыты: 2008-10-23 15:06:09 Ойбу боп кетіппін мен асыл Айкон,
Ерекше ағаларға жаны жақын Айкон.
Шақырыпем айтысқа мен барлығын.
Түсінбеген-ау шамасы ағаң-Айкон.
Қой аға жоқ еді ойымда тоқал болу,
Жүрейін мен тыныш жайымменен.
Қорқытып қойды мені Періште сұлу,
Аман-есенімде табайын мен басқа жылу.
Ағажан-ау, деп барлығы жазыпты тілек,
Қалайынба мен басқалардан елден ерек.
Әр кімдерге көз салғанды ойламай,
ұсташы аға қолыңдағы бақытты берік.
Жүрегім жалын, от- демім,
Сағынып жүрмін көктемім
perixte
Тіркелген күні:
2008-06-15
Жазулар саны: 132
Мекені: алтын алтай Жазған уақыты: 2008-10-23 18:47:04 Aikoн біздер ағаларға сенбейік,
қыз құмар ауыруларын емдейік.
ата салтын сақтап әркез жұректе,
сұлу сөзге сылдыраған ермейік.
қыз болсақта аға мінін оңайық,
елім ұшін бір су кешіп,бір тоңайық.
бұл кұндері алдамшлар бара жатыр молайып,
бірлкте сол азғнндарды жойайық.
әйтпегенде біге болар шын айып.
мен-назік гұлмін,
сен-құламайтын шынарсың,
бірақ мен шыдаған даулға,
сен шыдамайтын шығарсың...
BaurigM
Тіркелген күні:
2008-09-06
Жазулар саны: 214
Мекені: Қараганды Жазған уақыты: 2008-10-23 19:56:16 Айко менен Періште қыз неге сонша түңілдің,
Сөз асылын,терең бойлап мазмұнына үңілгін.
Атам қазақ әйел затын күн мен айға теңеген,
Теңеу салған жырларымды келді ме әлде бүлдіргің.
Қадірлейтін әйел затын,денім таза жан едім,
Бұл қыздардың көрмейсіңбе маған салған әлегін,
Айналдырса басы болып,атасының кетпейме,
Иіліп кеп қол ұсынған,саңырауға сәлемің.
Бауыр болып,өкпемді айтсам,ол кемістік болар ед,
Ондай кезде,өсек сөзге мына бет те толар ед.
Еркелігі деген оймен,қыздарға өкпе артпайын,
Күншілдіктің,міншілдіктің,атасына нағалет!
Батырлық, байлық кімде жоқ,
ғашықтың жөні бір басқа!
Aikon
Тіркелген күні:
2008-03-11
Жазулар саны: 76
Мекені: Алматы Жазған уақыты: 2008-10-24 11:18:54 Ағам бізге жазыпты біраз өкпесін,
Түсінбей жатсақ, артығырақ сөкпессің.
Болайықшы қашанда аға менен қарындас,
Татулықтың туын желбіреткен, көктеткен.
Жүрегім жалын, от- демім,
Сағынып жүрмін көктемім
asem818
Тіркелген күні:
2008-03-13
Жазулар саны: 100
Мекені: Ұлан-Батыр Жазған уақыты: 2008-10-24 11:55:32 onerlerin ustem bolsin aidana, kaisel, baurig, aikon, perixte!
Қайран дос, қайтсен ғана сап табарсың
Өмірден жыбырттаумен аттанарсың
Рухы жыңға толы борсық дене
Із-тозсыз, топырақ болып тапталарсың!
/өлеңнен үзінді/
perixte
Тіркелген күні:
2008-06-15
Жазулар саны: 132
Мекені: алтын алтай Жазған уақыты: 2008-10-24 13:21:10 әзіл еді қыз жігіттер айтысы,
бұл жағдайды тұсінбейді қай кісі.
әзіл айтып заман кемін шенейміз,
жат қылқты айту керек әр кісі.
өкпелеме ағажан қыздарға,
жылу бергін жырларыңмен ізғарда.
қатал өмір соққысына шыдаймыз,
өрелі өлкен өскелеңжан сіз барда.
ағаларға жарасар кең кеуде,
жаным жақын ұждандыны ер деуге.
бұл айтыстар әзіл әрі сабақты,
болары шын азғындарды емдеуге.
заман жұгі арқамызға жұктелген,
бірлік маңгі қазағыма құт берген.
мектептегі ақындарым айтқандай,
жомарыт қазақ “су сұрасаң сұт берген”.
ежелден біз текті ата ұрпағы,
емес еді қызым -бейбақ ұл-тағы.
жаңа заман жастар жанын азғырды,
елктесең жат қылққа,ертең сені құртады.
ұжданды ұлым,арлы қызым кешеге,
ішіп жатыр арақ-шарап толтырп алып кесені.
ақыл айтар ата-ана өз жандарын кұйттеген,
қиналамын ,кейңі ұрпақ қандай кұй кешеді.
ер атаулы махаббатқа мас бұгін,
шалдар дос боп жас қыздармен
еске алып жастығын.
кей аналр ұйге тастап баласын,
ұмытып салыт-санасын,
шарапханадан іздеп жұр шаттығын.
асыл аға,ару қыз айтысыңдар ақылды,
елі ұшін кұйінер ардақтайық ақынды.
өз қамымызды кұйттемей,қазақ қамын ойлайық,
не керемет қызығар аытыс айтық асылды.
Жазған уақыты: 2008-10-26 05:48:42 Әй,мынау не боп кетті араласқан.
Қыз жігіт айтысына жағаласқан.
Деген жоқ па бет аштым,айтысатын,
Барыңдар да сол жерге сабаласқын.
Деп сөкпеңдер сен неге араластың,
Ойламаймын қамын мен қарабастың.
Қыз бен жігіт айтысы деп естіген соң,
Тастап бәрін кеп мұнда жағаластым!
Бәрінде білгім,бәрінде көргім келеді!
perixte
Тіркелген күні:
2008-06-15
Жазулар саны: 132
Мекені: алтын алтай Жазған уақыты: 2008-10-27 17:21:53 көргенімнен көп-ақ алі көрмегім,
тоқал бол деп айтқандарға көнбедім.
шын ренжіп оралмасқа кеткен бе,
өкпелеген ағатайым қайда кеткен кұрмедім.
мен-назік гұлмін,
сен-құламайтын шынарсың,
бірақ мен шыдаған даулға,
сен шыдамайтын шығарсың...
perixte
Тіркелген күні:
2008-06-15
Жазулар саны: 132
Мекені: алтын алтай Жазған уақыты: 2008-10-28 12:41:53 көз ызғарын теңеп кұлген көктемге,
ағажаным іс сапарға кеткен бе?
қайтарыңда ат басын бұрыңыз,
ақын мектебі дәл қасынан өткенде.
мен-назік гұлмін,
сен-құламайтын шынарсың,
бірақ мен шыдаған даулға,
сен шыдамайтын шығарсың...
Aikon
Тіркелген күні:
2008-03-11
Жазулар саны: 76
Мекені: Алматы Жазған уақыты: 2008-10-28 13:48:01 Сағыныпсың ағаңды әбден Періште,
Келіп қалар қолы босағанда әлбетте.
Ренжіп қалып жүрмесе болғаны,
Нәзік қарындастарының сөздеріне.
Sikoni ағамда маған біраз өкпелі,
Аға анда да мында төгіпсің-ау өкпені.
Қалжыңды да түсінбей қалғанбысың,
Созылмасынша ағалар өкпең енді көпке енді.
Жүрегім жалын, от- демім,
Сағынып жүрмін көктемім
perixte
Тіркелген күні:
2008-06-15
Жазулар саны: 132
Мекені: алтын алтай Жазған уақыты: 2008-10-28 14:37:01 ата салтым айтысар жігіт қызбенен,
екі қызың елеңдеді есіл ерін іздеген,
ер атаулы сауда істеп кеткен бе?
қалған ба көзге енбей кұктем де.
қарайлаймын арлы-берлі өткенге.
жасырынып қызға қылған өкпең бе.
жоқ алде сұйгеніңді тосыппедің көк белде.
қош айтып жадыраған жанбенен
еріп келем сөрең тартқан көзбенен.
тоса тоса жалқсамда кұдер ұзбегем.
айтысатын азамат қайда бізбенен?!
айаласаң ақ бақытың қыз деген,
айамасаң әркез кесек мұз денем.
жыр сайысына сақырамын жігітті
кұктем көркі кұлкі ұйрлген жұзбенен.
мен-назік гұлмін,
сен-құламайтын шынарсың,
бірақ мен шыдаған даулға,
сен шыдамайтын шығарсың...
BaurigM
Тіркелген күні:
2008-09-06
Жазулар саны: 214
Мекені: Қараганды Жазған уақыты: 2008-11-01 04:40:25
Періште мен Айкон аманбысыңдар?
Өздерің де нағыз ару қызсыңдар.
Бірәз күндер мен кіре алмай жүр едім,
Есікті іліп алыпсыңдар қусыңдар.
Дуал биік болсадағы секірдім,
Көрдіңдерме деп екі қыз кекілдім.
Ұсталып қап күзетшіге мен сонда,
Сағындым деп екі қызды,жіберші деп өтіндім.
Сонда сақшы былай деді есіл ер,
Көзге түспей бұл арадан кетіңдер.
Нелерің бар қыз жігіт айтысында,
Басқа бет бар соған тезірек жетіңдер.
Ол деген атау беті Парлама айтыс,
Болады дәл сол жерде нағыз тартыс.
......................................................
Батырлық, байлық кімде жоқ,
ғашықтың жөні бір басқа!
perixte
Тіркелген күні:
2008-06-15
Жазулар саны: 132
Мекені: алтын алтай Жазған уақыты: 2008-11-02 15:11:19 ағажан сізге есік ашықты,
айтысуға екі қыз тым асықты.
ақын жанды кіргізбей айтысқа,
көзетшы шынында әлінен асыпты.
көзетші де алжасыпты бұл кұні,
қабырғамды қайыстырды ағажанның бұл мұңы.
ақын емес саудагер деп қалған ғой,
қолыңда жұк болған соң мың тұрлі.
бізге айан сауғасы болар біздерге,
айаулыға асыл сауға алакелу
айып емес ізгі ерге.
есіңізден адасып сыртта жұріп,
сақшы қиқар, қыздар қу деп
кіна тақтың біздерге.
тұсінігің қате болды асыл аға,
ақылмен айтыс нарқын асыр аға.
қыз жігіт айтыс сізді сыртқа теппеді,
жоқ сылтаумумен қашпағын батыр аға.
мен-назік гұлмін,
сен-құламайтын шынарсың,
бірақ мен шыдаған даулға,
сен шыдамайтын шығарсың...
kaisel
Тіркелген күні:
2006-12-14
Жазулар саны: 18
Мекені: Жазған уақыты: 2008-11-04 15:12:40 Айданаға,
Өлеңді сен жазасың келістіріп,
Жұп-жұмыр айналасын тегіс қылып.
Түсінем бес ағаның ішінде өссең,
Бойыңда қайдан болсын теріс қылық.
Сенімді өн бойыңа желкен етіп,
Өсірген шығар сені еркелетіп.
Бес ағаң қарындасын әлпештеген,
Көктемгі қызғалдақтай көркем етіп.
Халайық сыртын көріп, ішін көрмей,
Басқаша біздің ойды түсінгендей.
Жүргендей боласың сен осы жерге,
Осындай себептері үшін келмей.
Осымен айтысты біз доғарайық,
Түрегеп сыйластықпен қол алайық.
Қадырын қара сөздің кетіргенше,
Көзінен оқырманның жоғалайық.
Қамына қарабастың қарамайық,
Тыңдаған көпшілікті бағалайық.
Сағыздай дәмі кеткен соза берсек,
Мылжыңдар деп біздерге тағар айып..
BaurigM
Тіркелген күні:
2008-09-06
Жазулар саны: 214
Мекені: Қараганды Жазған уақыты: 2008-11-04 17:09:14
Д Ұ Р Ы С ! ! !
Батырлық, байлық кімде жоқ,
ғашықтың жөні бір басқа!
perixte
Тіркелген күні:
2008-06-15
Жазулар саны: 132
Мекені: алтын алтай Жазған уақыты: 2008-11-04 19:52:49 kaiseлжан айдананы аңсады,
еке ауыз өлең айтып шаршадің.
сен доғарсаң айтысыңды доғарғын,
тоқтамайды айтысы бұл баршаның.
мен-назік гұлмін,
сен-құламайтын шынарсың,
бірақ мен шыдаған даулға,
сен шыдамайтын шығарсың...
perixte
Тіркелген күні:
2008-06-15
Жазулар саны: 132
Мекені: алтын алтай Жазған уақыты: 2008-11-04 20:05:11 жігіт атаулы бұл айтыстан жоғалды,
бәдік айтыс ауылынан таба алармыз соларды.
әзіл десе ауызының құрып сулары,
сан алуан хыйалдармен сезімдері тоналды.
тосу қыйын оларды
басамыз деп құмарды
алмаса жөн жоғалтып әркез тұмарды.
BaurigMде бұл айтысты доғарды
тізгін ұшімен сол аулға жол алды.
мен-назік гұлмін,
сен-құламайтын шынарсың,
бірақ мен шыдаған даулға,
сен шыдамайтын шығарсың...
BaurigM
Тіркелген күні:
2008-09-06
Жазулар саны: 214
Мекені: Қараганды Жазған уақыты: 2008-11-04 23:06:15
Аралап талй жердің дәмін тату,
Ер жігітке болады шөлді басу.
Жас шағыңды қызықтап ойнада күл,
Алдарыңда бар әлі талай асу.
Батырлық, байлық кімде жоқ,
ғашықтың жөні бір басқа!
perixte
Тіркелген күні:
2008-06-15
Жазулар саны: 132
Мекені: алтын алтай Жазған уақыты: 2008-11-05 11:34:40 дұрыс аға ойнап кұлген орынды,
арманым жоқ қусам аға жолыңды.
ел ұмітін ақтайды ер жігіт,
елің ұшін көрсет еңбек толымды.
бәдік айтыс аулылна кетіп қалмай
айырып сол мен оңыңды
бұл жердеде айтысыңдар өнімді
қарындасың қай қашанда сенімді
ата салтын ардақтауға ұсын аға қолыңды.
силар халқың орамалды да тоныңды.
ақыл айтсаң азғындарға қонымды,
аллах өзі салар нұрлы жолыңды.
айтысайық ардақты аға орынды.
мен-назік гұлмін,
сен-құламайтын шынарсың,
бірақ мен шыдаған даулға,
сен шыдамайтын шығарсың...
BaurigM
Тіркелген күні:
2008-09-06
Жазулар саны: 214
Мекені: Қараганды Жазған уақыты: 2008-11-07 05:08:27 Қабылдадым періште қыз сөзіңді,
Қадірлеймін ақылыңмен өзіңді.
Жер ойылып кетседағы шыдайтын,
Адамдарды ұнатамын төзімді.
Айтыс деген,жүз шайысар жер емес,
Айтыс деген,емес және төбелес.
Айтыс шындық,сөз асылын елейтін,
Айтыс деген,көлденең сөз,өсектерді елемес.
Айтыс деген,жас кәрі деп бөлмейтін,
Айтыс сала ештеңе тең келмейтін.
Адамдардың қайғысымен мұңдарын,
Айтыс деген өлең жырмен емдейтін.
---------------------------------------------------------
Батырлық, байлық кімде жоқ,
ғашықтың жөні бір басқа!
perixte
Тіркелген күні:
2008-06-15
Жазулар саны: 132
Мекені: алтын алтай Жазған уақыты: 2008-11-07 13:52:03 асыл аға өстем болсын өнерің,
жаны жайсаң жақын досым көремін.
екі айтысқа бір жауап жазыпсың,
жазар басқа қалмады ма өлеңің.
мен-назік гұлмін,
сен-құламайтын шынарсың,
бірақ мен шыдаған даулға,
сен шыдамайтын шығарсың...
Aidana2008
Тіркелген күні:
2008-04-09
Жазулар саны: 14
Мекені: Атырау Жазған уақыты: 2008-11-07 14:35:12 kaisel жазған:
Айданаға,
Өлеңді сен жазасың келістіріп,
Жұп-жұмыр айналасын тегіс қылып.
Түсінем бес ағаның ішінде өссең,
Бойыңда қайдан болсын теріс қылық.
Сенімді өн бойыңа желкен етіп,
Өсірген шығар сені еркелетіп.
Бес ағаң қарындасын әлпештеген,
Көктемгі қызғалдақтай көркем етіп.
Халайық сыртын көріп, ішін көрмей,
Басқаша біздің ойды түсінгендей.
Жүргендей боласың сен осы жерге,
Осындай себептері үшін келмей.
Осымен айтысты біз доғарайық,
Түрегеп сыйластықпен қол алайық.
Қадырын қара сөздің кетіргенше,
Көзінен оқырманның жоғалайық.
Қамына қарабастың қарамайық,
Тыңдаған көпшілікті бағалайық.
Сағыздай дәмі кеткен соза берсек,
Мылжыңдар деп біздерге тағар айып..
Нағашы тамаша айтыс бастап едің,
Қызығып жиенің боп қостап едім.
Бауырды жаза алмадым Құлагердей,
Шыққандай болды менің босқа терім.
Алаңда жабағы-тай толып кетті,
Бұл бәйге тай жарысу болып кетті.
Сөздердің мәні келмей, сәні келмей,
Айтыстың гүлзар бағы солып кетті.
Бастадың, өзің енді доғарыпсың,
Қоштасып меніменен қол алыпсың.
Ешқашан бұл айтысты ұмытпаймын,
Өлеңнен түйін түйген зор-алыпсың!
Бұл көңіл қоштасарда босар тағы,
Қыздардың осы болар осал жағы.
Бірақта Айдана қыз күліп тұрып,
Гуудбай деп ағылшынша қош айтады.
Сосын мына бармағын шошайтады
Мақсат-арман көп едің,
Дедім, деймін, деп едім.
Болашаққа сенемін,
Орындалар дегенім.
BaurigM
Тіркелген күні:
2008-09-06
Жазулар саны: 214
Мекені: Қараганды Жазған уақыты: 2008-11-07 22:59:30
Қыз бен жігіт гүлзар бағы болалмады,
Ұят болды тым ерте доғарғаны.
Жанкүйердің келгенін көтере алмай,
Сараңдығы көрінді қонақжайы.
Сәйгүлік баптамаса қайдан шығар,
Тайбурыл,Керқұла да бар Байшұбар.
Қарағым тым асқақтап кетпегейсің,
Жылқы да жабағымен тайдан шығар!
Батырлық, байлық кімде жоқ,
ғашықтың жөні бір басқа!
kialyi
Тіркелген күні:
2009-01-27
Жазулар саны: 285
Мекені: Құм Нарын Жазған уақыты: 2010-05-01 16:42:10 kialyi:
Саражан кеп кетіпсің сәлем қайда?
Аққу кетіп, көбелек бопты пайда.
Мерекең құтты болсын, 1-май
Қалықтап көбелектей, гүлдей жайна!
2010-04-30 22:24:55
sara0101:
ұшады аққу көлден, қыз ұядан,
аққу болып жұргенге мен ұялам.
ептеп-септеп жіберіп мені ұзатып,
шалдыңыз ау ағатай сіз қиадан.
алам деп ең келін ғып өз жұртыңа,
қала берді уадеміз ол ұмтыла.
аққу болып отыр ем массағанда,
айналдым ау елдердің көз құртына.
хабар жоқ аға жақтан іні келмес,
кетуге өзім іздеп жөні келмес.
таңдамай қалыңсыз ақ барар едім,
уадесін де аяды аға бермес.
жанарын ініңіздің жайнаңдатып,
отрар ем келін боп шай қайнатып.
офиста отрғанмен бұл сара қыз,
құрт кептіріп, өреге жайған қатық.
көрмеген ешкімнің де күңілі қалып,
Қазақ деген ибалы, қырлы халық.
келін болсам өзіңе мың қайтара,
салем салып тұрар ем өзім барып.
о,аттеген- ай,
дам тұзы тартапған ай ауылыңның,
тіпті де жолы болмады бауырыңның.
тұрмыс қуып кетті де ағам бұгін,
басылғаны ай алғашықы дауылыңның.
көбелек боп енді бір тамсанайын,
гүл секілді тазарсын жан сарйым.
амандаспай кетіп ем кінам үшін,
алматыға келсеңіз қарсалайын.
кілем төсеп құрметтеп шапан жауып,
алдыңызға оранатам хан сарайын.
2010-04-30 23:45:12
Ағыспен ықпай, толқынға құлаш сермедім,
Қиянатқа, озбырлыққа көнбедім.
Алпыс күн текке, атан боп өмір сүргеннен,
Алты күн бура болып өлсем деп едім.
kialyi
Тіркелген күні:
2009-01-27
Жазулар саны: 285
Мекені: Құм Нарын Жазған уақыты: 2010-05-01 16:42:57 Сеніменен Сара қыз, шырқап әнге салайын,
Ағалықты тоқтатып, жастық шаққа барайын.
Бұрышқа барып тығылып, әңгіме айтпай қызбенен
Ортаға шығып айтысып, талқысына көптің салайын.
Сіз, біз дескен айтыстар қызық емес деп едің
Жігіт боп қызға сөйлейін, не дер екен ағайын.
Жағыма Алла сөз салса, қамалын бұзып Сараның,
Қанжығама бөктеріп, жыр додада шабайын!
Аққу болуға ұялып, көбелек болуды қаладың,
Армандап едің Саражан, келіні болсам деп ағаның.
Сылтау қылып сәлемді, келмекші екенсің маған мың
Аяды деп уәдесін, өкпелеп қапсың маған шын.
Келем деп қыз тұрғанда, інісі жоқ деп баратын.
Қолымнан бәрі келеді деп, жарнамаға да жарадың.
Келе ғой десем Саражан, түрің бар тұра шабатын.
О жағына қам жеме, бір ретін табамын.
Ұнамай жатса інілер, өзім-ақ ала саламын.
Тесік моншақ деген ғой жердеқалмас қарағым!
Ағыспен ықпай, толқынға құлаш сермедім,
Қиянатқа, озбырлыққа көнбедім.
Алпыс күн текке, атан боп өмір сүргеннен,
Алты күн бура болып өлсем деп едім.
sara0101
Тіркелген күні:
2010-02-16
Жазулар саны: 80
Мекені: Алматы Жазған уақыты: 2010-05-06 19:43:47 сала алмасаң дұрыстап бір анді де,
қайран жастық жалынға оранды де.
қыз бен жігіт болам деп сұранасың,
Сара қыздан естисің бір аңгіме.
жасыңызға жалтақтап қарамай ақ,
отрмадым азілді сізден аяп.
алма бақта кұтем деп еркелеп ем,
ағам болып қаштыңыз қарадай ақ.
ой Саражан келін бол деп қиылдың,
ауылымда жары бол деп бір ұлдың.
айтысып жас қызбенен жұргеннен соң,
жеңгем түтінін шығарыдыма миыңның.
айтпесе жастық шаққа терезе аштым,
ағаң болам деп өзің ғой тұра қашытың.
қураған жапырақты жасыл етер,
көгерген жапырағы бір ағашытың.
тығылып бір талай күн бұрышыңа,
шығыпсың қыз бен жігіт ұрысына.
қанжығаңыз салдырап бос кетпесін,
байқамай,Сара қыздың ілігіп уысына.
қыз деген түлкі құйрық бұлаңдаған,
аңғал қыран құдиып бөре алмаған.
мен де сізді кұтемін осы жерде,
аңсарыңыз шын ауып тұр ау маған.
қыран болсаң қайтарм салбурыннан,
қансонарда соқта жеп бір аунаған.
қайтасыз қан майданнан қан соқта боп,
тырнадайын бидайда тыраулаған.
kialyi
Тіркелген күні:
2009-01-27
Жазулар саны: 285
Мекені: Құм Нарын Жазған уақыты: 2010-05-07 02:48:52 Түлкі құйрық бұлаңдар қыз дегенің,
Саражан сол ғой менің іздегенім.
Құйрығын бұлаңдатсын түлкі болып
Алғыр тазы құтқармас көздегенін!
Саражан бәле басы жеңгең еді,
Ағаңның айтысқанын көрген еді.
Бір күні оңашада маған: - Шал-ау,
айтайын бір әңгіме тыңда - деді.
Алты бала таптырдың, ризамын,
Алланың бергеніне шүкір - деді.
Сенің де маған енді өкпең болмас
Жайымды менің дағы түсін - деді.
Жас емеспін шыдаман екпініңе
Қинама бұдан әрі енді мені.
Шамаң бар қартайтатын әлі бір қыз
Сынып тұрған Сараны әпкел - деді!
Ағыспен ықпай, толқынға құлаш сермедім,
Қиянатқа, озбырлыққа көнбедім.
Алпыс күн текке, атан боп өмір сүргеннен,
Алты күн бура болып өлсем деп едім.
sara0101
Тіркелген күні:
2010-02-16
Жазулар саны: 80
Мекені: Алматы Жазған уақыты: 2010-05-08 19:46:16 бұл недегнің ағажан көлденеңнен,
мұндай істі бұрыннан көрмеген ем.
бар балені жеңгемізге арта салып,
саусызба бір жас иіске шөлдегеннен?!
сөзңіз мас етеді есірткідей,
жыланды үш кесседе кесерткідей.
деседе жас қызға жетемін деп,
хал кетпесін мұжылған өшірткідей.
дегенде Сара қызға бір теңі жоқ,
бұйырыпты бір "шал ертеңі жоқ".
осы сөз тараса егер ел ішіне,
қалады жұрт есіне ертегі боп.
карі деп отрғам жоқ сізді қалқам,
қарайсың айеліңе жалтаң -жалтаң.
апарғанда Сараны екінші ғып,
жеңгеміз болады ау бұлқан-талқан.
бұл Сараның демеңіз жоқ талғамы,
ағамыздың бір ойға оқталғаны.
алі келмес басына бале болар,
көтере алмаса белінде шоқпардағы.
бұл Сараны оп-оңай өңгеретін,
ағамыздың емес қой көкбарлағы.
бір айтысқа қорықтыңыз жеңгемізден,
мені апарып отрсыз "сотталғалы".
сындым деп сізге рас айтып қалыдм,
өзі екен деп бүгінгі Біржансалдың.
өзі сынған қыздан қашқаннан соң,
ғашық болған лебізден қайтып қалдым.
оң жағыңда аққудай қанат қаққан,
көгілдірін төлетіп бағып-қаққан.
алсаңда аспандағы қордың қызын,
жеңгемізге жетпейді сылдыр қаққан.
шаңырқты шайқалтпай берекемен,
күліңізді шығарып, отын жаққан.
алты бала өсірді алтын ана,
анаңызды ренжітпей қарап жатқан.
деніне саулық берсін,телгім сол,
ризалық болса екен құдай Хаһтан!
напсіге жер бетінде адам тоймас,
иман деген кісіге ол бір жолдас.
құдай қосқан жарыңды аялай біл,
жамандыққа ермеңіз көңіл қонбас.
жалғанның жарығында жақсылық қыл,
жарыңа жаныңдағы қолың тоңбас.
бір саттік қызық үшін, үйін бұзған,
барғанда ақыретте адам оңбас.
алсаңда қаншама жар сұлуынан,
кем қаларсың отбасы жылыуынан.
қартайсада жарыңыз жаныңызда,
өлгенше де махаббат болуынан.
айтуға өлең сөзді іркілмес ем,
аттең ай силап тұрмін сізді десем.
ешкімге бұйрмаған бұл Сара қыз,
еліме қайта айналып бір күн кетем.
болса егер қарндасың осы арада,
айтысуға ешкімде тоса алама?
еліме бір күн кетіп өмірлікке,
хоштса алмай кетпейін қос ағаға!
бөтен ойы жоқ еді бұл Сараның,
ғашықсың деп мен ақыры бопсаладың.
неде болса шамасын байқайын деп,
бозбла боп мені рас топшыладың.
аділдігін айтысын жұрт көріп тұрса,
бірінен бірі өткен қос қараның.
жауабы сізден енді "мықты " аға,
мен осы арадан біразға тоқталамын.
kialyi
Тіркелген күні:
2009-01-27
Жазулар саны: 285
Мекені: Құм Нарын Жазған уақыты: 2010-05-09 02:35:34 Саражан, "сынған" қыздан қашқаным жоқ,
Ол айтыста әдептен асқаным жоқ.
Хатшы қыздар жиырмадан аспаушы еді,
(Саған бірақ кәрісің деп отқаным жоқ)
Қызымдай қыз боп шықса ұят болар деп
Арзан әзіл мен саған айтқаным жоқ.
Бір күнде мың құбылар жан емеспін,
Ағалық бағытымнан қайтқаным жоқ.
"Піскен" қыз екеніңді кештеу білдім,
Қыздан қашып тізгінді тартқаным жоқ!
Шал деме ертеңі жоқ Сара жаным,
Бабыңды маған келсең таба аламын.
Жас иіс жасартады демеуші ме еді?
Сені алсам жиырма жылға жасарамын.
Ағаңның қаблетіне күмәнданба
Топ жарып әлі талай бәйге аламын.
Ағаңның қадіріне жете білсең,
Саған да медаль алып бере аламын.
Иманды қыз боп маған елестедің
Өмірден байсыз өтем демес дедім.
Шошындың неге қалқам алам деп ем
Үмбеті Пайғамбардың емес пе едің?!
Тәңірім әйел қылып жаратқан соң
Міндетің бала табу емес пе еді.
Саражан қыз күйіңде қалып қою
Үлкен күнә екенін білмеп пе едің?
Төрт әйелге ұрықсат берген, Пайғамбарда
Көп болсын демеп пе еді үмбеттерім!
Ағыспен ықпай, толқынға құлаш сермедім,
Қиянатқа, озбырлыққа көнбедім.
Алпыс күн текке, атан боп өмір сүргеннен,
Алты күн бура болып өлсем деп едім.
sara0101
Тіркелген күні:
2010-02-16
Жазулар саны: 80
Мекені: Алматы Жазған уақыты: 2010-05-11 20:30:38 бала бар, айел бар, жоқ қамыңыз,
алмаққа тағы айел оқталдыңыз.
бұл Сара биыл кұзде ұйленеді,
тұстен кейін маңырап кеш қалдыңыз.
бір "докейдің" кейінгі ізін басар,
оң қанаты едім мен орын басар.
хатшы деп жаза салғам жөны осы,
мақтанғаннан орынсыз қыбым қашар.
сөз осы, шыныменен піскен басым,
жирма бестен асып та кеткен жасым.
ақыл мен тарбиені қатар қойып,
ойламдылау бір жігіт кұткен жасым.
отызға да аға алі ілінгем жоқ,
карі қыздай ешкімге көрінгем жоқ.
пысайын деп алі де тап-татты боп,
торттарындай "Рахаттың" бөлінгем жоқ.
келгенде кемеліме ақыл қосқан,
қосылам қосағыма құдай қосқан.
хадис бар үйлен деген ұмбеттерім,
Мұхамметтей Алланың асыл достан.
қалған соң хаһ шарйғат арманы боп,
пайғамбардың айелді алғаны көп.
жарлары тоқтамаған бақиылқ боп,
айтпесе қызық қуып алғаны жоқ.
ізігілікке құштар боп жайса жыны,
пайғамбардың иман ғой аңсағаны.
білсеңіз шариғаттан бір сұрағым,
ішінде жақсы көрген қайсы ананы?
деседе жол қойған құранда рас,
мұсылманға көп айел болған мирас.
ер адам екі айелді ала алады,
екі жағдай басында болғанда рас.
екі жағдай болса егер мақсат еткен,
көп айел алуға дін рұхсат еткен.
бұл екі жағдайымыз не болды екен?
ер кісіден сұралар ақыреттен.
жауабын осылардың беріңізші,
қиалидай ағамыз мақтан еткен.
ел мақтаған жігітті , қыз жақтаған,
кезім емес сөз қуып бұлғақтаған.
екі жағдай болса егер ержігітте,
харам болар некесі құндақтаған.
сұрақ қойдым бұл сізге үшіншісі,
жауап берші канекей қымбатты ағам.
бұл жалған кімдерден қалдаы екен,
қандай адам көп айел алады екен?
болғанда басында қандай жағдай?
жігіт адам некесі харам екен?
мақтан емес көп бала таптрғаның,
таптрсаңда өзңінің жақтрғаның.
нағыз мақтан балаңды тарбиелеп,
еліңнің кадесіне бас бұрғаның.
қайырымды жігітін, сүйер елі,
уадесін бұл Сарада берер енді.
тапсаңыз жауабымды ойланбастан,
екінші боп Бұл Сара тиер еді.
kialyi
Тіркелген күні:
2009-01-27
Жазулар саны: 285
Мекені: Құм Нарын Жазған уақыты: 2010-05-13 16:23:57 Құлағандай Сараға көңілім шын,
Тасығандай бойымда қуат, күшім.
Маңырадың демей-ақ жақсы ағаңның
Кісінедің десеңші көңілі үшін!
Жүргеніңда шекеріңді арттырам деп,
Содан соң бір жігітке бақ болам деп.
Қатты піскен қауындар жарылып қап
Кететін ақырында құмырсқа жеп.
Болсам да салауатты мұсылманнан,
Білем деп шариғатты күпір болман.
Сонда дағы көрейін жауап беріп
Саражан үш сұраққа өзің қойған.
Ішінде әйелдері Пайғамбардың
Мен білсем сүйіктісі Айша болған.
Дәулеті жетіп, әйелі көніп тұрса
Еркекке көп әйелге ұлықсат болған.
Келісімін алмай үстіне әйел алса,
Бұл жағдайда некесі харам болған.
Сұралар ахиретте әйелдерін
Саражан әйелдерін алалаған!
Бұл жағына Саражан алаңдама
Екеуіңе қашан да әділ болам.
Тұрсақ тағы он бес жыл жанұя боп
Жоқ едік мұсылманша неке қиған.
Саражан маған келсең болар едің
Шариғатта әйелім бірінші алған!!!
Сенімін Пайғамбардың ақтамаған,
Баласы азды Алла да жақтамаған.
Бар бәле еркекте емес әйелде ғой
Әйел көнсе еркек пе, таптырамаған?
Қыстай жүріп "жалаңбұт" бойжеткендер,
Ұрпақ үшін саулығын сақтамаған.
Құдай берген баланы әйел алмай
Алдырып тастайтұғын болды заман.
Бейнет деп бала туу,жатырына,
"Спираль" салып тастайтұғын болды заман.
Сөзі өтпей күйеуінің әйеліне,
Әйел шешкен бала санын болды заман.
Шектеліп, жарда жүрер бір баламен,
Бір қатер бар болар деп ойламаған.
Өсіріп ерке қылып ал соңынан
Өкініп, шашын жұлып ойбайлаған.
Қайтемін тізе беріп, сан жетпесті
Түсінер оның бәрін ойланған жан.
Көп бала туғыздым деп мақтанбаймын,
Тууға көндірдім деп мақтана алам!
Ағаң жүр жаға жайлау, көңіл көктем,
Келем деген Сарадан үміт еткен.
Бастық болсаң жүрмессің пойызбенен,
Күтуге қам жасайын самолеттен!
Ағыспен ықпай, толқынға құлаш сермедім,
Қиянатқа, озбырлыққа көнбедім.
Алпыс күн текке, атан боп өмір сүргеннен,
Алты күн бура болып өлсем деп едім.
object(ArrayObject)#874 (1) { ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) { ["title"] => string(60) "?аза? ханды?ыны? ??рылуы ж?не ны?аюы" ["seo_title"] => string(35) "kazakkhandygynynkuryluyzhnienygaiuy" ["file_id"] => string(6) "272657" ["category_seo"] => string(8) "istoriya" ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee" ["date"] => string(10) "1452017550" } }
object(ArrayObject)#896 (1) { ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) { ["title"] => string(72) "Cаба?ты? та?ырыбы: ?аза? ханды?ыны? ??рылуы " ["seo_title"] => string(49) "cabak-tyn-tak-yryby-k-azak-khandyg-ynyn-k-u-ryluy" ["file_id"] => string(6) "198173" ["category_seo"] => string(8) "istoriya" ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki" ["date"] => string(10) "1428377294" } }
object(ArrayObject)#874 (1) { ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) { ["title"] => string(40) "?аза? ханды?ына 550 - жыл " ["seo_title"] => string(29) "k-azak-khandyg-yna-550-zhyl-3" ["file_id"] => string(6) "244626" ["category_seo"] => string(8) "istoriya" ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee" ["date"] => string(10) "1445966071" } }
object(ArrayObject)#896 (1) { ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) { ["title"] => string(59) "?аза? ханды?ыны? ??рылуы мен ны?аюы" ["seo_title"] => string(43) "k-azak-khandyg-ynyn-k-u-ryluy-mien-nyg-aiuy" ["file_id"] => string(6) "308366" ["category_seo"] => string(8) "istoriya" ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki" ["date"] => string(10) "1458571407" } }
object(ArrayObject)#874 (1) { ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) { ["title"] => string(118) ""?АЗА? ХАНДЫ?ЫНЫ? ?АЛЫПТАСУЫ МЕН НЫ?АЮЫ" та?ырыбында?ы саба? жоспары" ["seo_title"] => string(63) "kazakkhandygynynkalyptasuymiennygaiuytakyrybyndagysabakzhospary" ["file_id"] => string(6) "289283" ["category_seo"] => string(8) "istoriya" ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki" ["date"] => string(10) "1454771805" } }
Пожалуйста, введите ваш Email.
Если вы хотите увидеть все свои работы, то вам необходимо войти или зарегистрироваться
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт