Просмотр содержимого документа
«Калашников автоматын бөлшектеу және жинақтау»
Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп - мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«БЕКІТЕМІН»
Мектеп директоры
________А. Торгеев
«___»____________2017 ж.
Семинар
Пәні: АӘжТД
Тақырыбы: Калашников автоматын (қол пулеметін) бөлшектеу және жинақтау.
Өткізілетін күні: 24.02.2017ж
Пән мұғалімі: Жангазиев С.К.
2016-2017 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Калашников автоматын (қол пулеметін) бөлшектеу және жинақтау.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау жүргізуге үйрету.
3. Уақыты: 45 минут.
Өткізілетін орны: 10 сынып,АӘД бөлмесі.
Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакат.слайд.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.
Калашников автоматы мен пулеметі неге арналған?
Автомат пен пулеметтің механизмдері мен негізгі бөліктерін атаңдар.
Автоматтың (пулеметтің) автоматтық әрекеті неге негізделгенін айтыңдар.
б) Негізгі бөлім – 25 минут.
Сабақтын тақырыбы: Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау.
Автоматты (пулеметті) бөлшектеу толық және толық емес болуы мүмкін: толық емес бөлшектеу - автоматты (пулеметті) тазалау, майлау және тексеру үшін; толық бөлшектеу - жаңбыр мен қар астында қалғанда не жөндеу кезінде автоматты (пулеметті) қатты ластанудан тазалау үшін жүргізіледі. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу мен жинақтау үстел үстінде немесе таза төсеніш жайылып жүргізіледі; бөлшектер мен механизмдер бөлшектенген ретімен қойылады. Оларды абайлап ұстап, бірінің үстіне бірін қоймай, күштемей және соққыламай жүргізу керек.
Автоматты (пулеметті) жинақтау кезінде оның бөлімдеріндегі нөмірлерді салыстыру керек; әр автоматтың (пулеметтің) ұңғы қорабындағы нөмір газ құбырындағы, бекітпе ергенегіндегі, бекітпедегі, ұңғы қорабы қақпағындағы және басқа бөліктеріндегі нөмірге сәйкес келуі керек.
Ұрыс автоматтарын (пулеметті) бөлшектеу мен жинақтауға үйрету ерекше жағдайларда және бөлімдер мен механизмдерге аса сақтықпен қарау жағдайында ғана жүргізіледі.
Пулеметті бөлшектеу алдында оның ұңғы бөлігін солға қарата сирағымен қою керек. Ол үшін сирақтарын серіппелі имектен босатып және оның аяқтарын бекітілген жағдайда тұрғанда ұңғыдан босату керек Пулеметті жинақтау соңында оны сол колмен тік ұстап, оң колмен оның сирақтарын аздап ажырата, ұңғыға тақап және серіппелі ілмекпен бекіту арқылы оның сирақтарын жинайды.
Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу тәртібі:
1) Оқжатарды бөлшектеу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен дүмінің мойыншасынанне құндағынан ұстап, оң қолмен оқжатарды орай ұстайды (42-сурет), бас бармақпен бекіткішті қысып, оқжатардың төменгі жағын ілгері ұмсындырып, оны бөлектеп алады. Содан кейін оқтықта оқтың бар-жоғы тексеріледі, бұл үшін ауыстырғыш төменге түсіріледі, оны "АВ" (автоматты ату) немесе "ОД"(жекелей ату) жағдайына қойып, бекітпе жақтауының тұтқасы кейін жылжытылады, оқтықты тексеріп, бекіткіш жақтауы жіберіліп, шүріппе ұрыстық қайырудан босатылады.
Түнгі көздеуіші бар автоматты (пулеметті) бөлшектеу кезінде оқжатарды бөліп алғаннан соң, түнгі көздеуішті бөлектейді, ол үшін қыспа құрылғысының тұтқасын сол жаққа және артқа қарай апарып, көздеуішті артқа жылжытады да, оны автоматтан (пулеметтен) бөлектеп алады.
2)Жабдықтар пеналын дүм ұясынан шығарып алу.
Оң қолдың сұқ саусағымен дүм ұясының қақпағын пенал серіппенің әсерімен ұядан шығатындай етіп басады; пеналды ашып, одан сүрткішті, тазалағышты, бұрауышты, қаққышты шығару керек.
Жиналмалы дүмі бар автоматтың пеналы оқжатарды салуға арналған сөмкенің қалтасында жүреді.
Сүмбіні алу. Сүмбінің үшын оның басы Қарауылдың негізіндегі тіректен шығатындай етіп үңғыдан тартып, сүмбіні жоғары суырып алады (43-сурет). Сүмбіні алу қиындық тудыратын болса, онда қаққышты қолдануға рұқсат беріледі. Оны сүмбінің басындағы саңылауға сала отырып, ұңғыдан сүмбінің ұшын тартып суырып алады.
4)Автоматтан үңғылық тежеуіш-компенсаторын, пулеметтен нсалын сөндіргішін бөліп алу.
Ұңғылық тежеуіш-компенсатор қарауыл негізіндегі бұрандалы дөңестен сағат тіліне қарсы бағытта бұралып шығарылады. Ұңғылық тежеуіш-компенсатор (жалын сөндіргіш) тым қатты бұралған жағдайда ұңғылық тежеуіш компенсатордың әйнегіне қойылған сүмбінің (қаққыштың) көмегімен бұрап алуға болады.
5)Ұңғы қорапшасының қақпағын бөлектеу. Сол қолмен дүмнің мойнын қамти ұстап, осы қолдың бас бармағымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің дөңесін басады, оң қолмен ұңғы қорабы қақпағының артқы бөлігін жоғары кетеріп (45-сурет), қақпақшаны алады.
6)Қайтармалы механизмді бөліп алу. Автоматты (пулеметті) дүмнің мойнынан сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегін оның өкшесі ұңғы қорабының бойлық ойығынан шыққанша ілгері қарай ұмсындырады; бағыттаушы өзектің артқы шетін көтеріңкіреп (46-сурет), қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасынан шығарады.
7)Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен одан әрі ұстап тұрып, оң қолмен бекітпе жақтауын артқа тірелгенше тартып, оны бекітпемен бірге көтеріңкіреп барып (47-сурет), ұңғы қорабынан бөлектеп алады.
8)Бекітпені бекітпе жақтауынан алу. Бекітпе жақтауын бекітпе жоғарыда болатындай етіп сол қолға алады (48-сурет); оң қолмен бекітпені кейін шегеріп, бекітпенің жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығынан шығатындай етіп, бекітпені алға қарай шығарып алады.
9)Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін босатып алу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен жабдық пеналын газ түтігі тұйықталғышының шығыңқысына тікбұрышты саңылаумен кіргізеді (49-сурет),жапқышты өзінен тік жағдайға дейін бұрап газ түтігін газ каморасының келте түтігінен шығарып алады.
Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуден кейін жинастыру реті.
1)Газтүтікшесін ұңғылық бастырмасымен қосу. Автоматты (пулеметті) сол колмен ұстап тұрып, оң қолмен газ түтігін алдыңғы шетімен газ каморасының келте түтігіне ұмсындырады және ұңғы бастырмасының артқы шетін ұңғыға қысады; тұйықталғышты оның орнықтырғышы көздеу қалыбының ойығына кіргенше бұрайды.
2) Бекітпені бекітпе жақтауына қосу. Бекітпе жақтауын сол қолмен оң қолға алып, оны цилиндрлі бөлігімен жақтау арнасына сүғады; бекітпені оның жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығына кіретіндей етіп бұрап, бекітпені алға қарай сұғады.
3)Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын ұңғы қорабына қосу. Сол қолмен дүмнің мойыншасын қамти ұстайды. Бекітпесіне қоса бекітпе жақтауын оң қолда бас бармақпен қысылған бекітпе алдыңғы жағдайда болатындай етіп ұстап тұрып, газ поршенін көздеуіш қалыбының қуысына кіргізеді де, ұңғы қорабының қайырмалары бекітпе жақтауының ойықтарына кіретіндей етіп бекітпе жақтауын ілгері жылжытады, оны сәл-пәл күштеп ұңғы қорабына қосады да, ілгері ұмсындырады.
4) Қайтармалы механизмді қосу. Оң қолмен қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасына кіргізеді, қайтармалы серіппені қысып, бағыттаушы өзекті ілгері итереді де, біршама төмен түсіріп, оның өкшесін ұңғы қорабының бойлық ойығына кіргізеді.
5)Ұңғы қорабының қақпағын қосу. Ұңғы қорабының алдыңғы шетімен көздеу қалыбындағы жартылай шеңбер ойыққа кіргізеді, қақпақтың артқы шетін оң қолдың алақанымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің шығыңқысы ұңғы қорабы қақпағының ойығына кіретіндей етіп алға және төмен ұмсындырады.
Шүріппені ұрыстың қайырмасынан босатып, сақтандырғышқа қою. Ағытқыш ілмекті басып, ауыстырғышты тірелгенге дейін жоғары көтереді.
Автоматқа ұңғылы тежеуіш-компенсаторды, пулеметке жалын сөндіргішті қосу. Дүмді тежеуіш-компенсаторды қарауыл бойындағы бұрандалы шығыңқы бөлікке тірелгенше бұрайды. Егер ұңғылы тежеуіш-компенсатордың (жалын сөндіргіштің) саңылауы орнықтырғышқа сәйкес келмесе, ұңғылы тежеуіш-компенсатор ұңғысына немесе жалын сөндіргішті саңылау орнықтырғышқа орналасқанша айналдырады (бір айналымнан артық емес).
8)Сүмбіні қосу.
9)Пеналды дүм ұясына салу. Сүрткішті, тазалағышты, бұрауышты, қаққышты пеналға салып, қақпағын жабады да, пеналды түбімен дүм ұясына кіргізеді; оны қақпақша жабылатындай етіп ұяға батырады (50-сурет). Жиналмалы дүмді автоматта пенал оқжатарға арналған сөмке қалтасына салады.
10)Оқжатарды автоматқа қосу. Автоматты сол қолмен дүм мойыншасынан немесе шетмойыннан ұстап тұрып, оң колмен оқжатардың ілгішін ұңғы қорабының терезесіне енгізіп (51-сурет), оқжатардың ілмегі оқжатардың тірек шығыңқысынан асатындай етіп өзіне бұрады.
Түнгі көздеуіші бар автоматты (пулеметті) жинау кезінде пулеметті қосқаннан кейін НСПУ көздеуішін қояды. Автоматты (пулеметті) құндағынан ұстап, көздеуіштің қыспа құрылғысы саңылауын қару қадамасына орналастырады, ол үшін қыспа құрылғысының тұтқасының артта тұрғанына көз жеткізіп, көздеуішті алға тірелгенше жылжытып, тұтқаны алға қарай соңына дейін айналдыра отырып, оны бекіту керек.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1)Автоматты (пулеметті) жартылай бөлшектеу не үшін жүргізіледі?
2)Автоматты (пулеметті) жартылай бөлшектеуді ретімен айтып беріңдер.
3)Автоматты жартылай бөлшектеудің пулеметті жартылай бөлшектеуге қарағанда қандай ерекшелігі бар?
4) Жұмыс дәптеріндегі №5 - 6 тапсырмаларды орындаңдар.
в) Қорытынды бөлім – 10минут.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу не үшін жүргізіледі?
Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуді ретімен айтып беріңдер.
Автоматты толық емес бөлшектеудің пулеметті толық емес бөлшектеуге қарағанда қандай ерекшелігі бар?