Автоматты (пулеметті) б?лшектеу толы? ж?не толы? емес болуы м?мкін: толы? емес б?лшектеу – автоматты (пулеметті) тазалау, майлау, ж?не тексеру ?шін; толы? б?лшектеу-жа?быр мен ?ар астында ?ал?анда не ж?ндеу кезінде автоматты ?атты ластанудан тазалау ?шін ж?ргізіледі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Калашников автоматын б?лшектеу ж?не жина?тау »
Калашников автоматын қол пулеметін бұзу және жинау,қару және патронды қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелері,жартылау бұзудан кейін автоматы жартылай бұзып-жинау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Отанды, елді қорғаудың алатын орны мен Калашников автоматын толық емес бөлшектеп, жинастырудың кезектілігін түсіндіру, көрсету, орындау тәртібін меңгерту.
Тәрбиелігі: Отанын, елін, жерін, халқын сүюге, Отан қорғау-басты патриоттық міндет екенін оқушылар зердесіне жеткізу.
Дамытушылығы: Оқушыларды оқыта тәрбие бере отырып, елдің қауіпсіздігін сақтау басты борыш екенін үнемі дамыта меңгерту, білдіру.
Сабақтың түрі: Аралас.
Әдісі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта (бейне таспа), ағаш дүмбілі және оқулық автоматы АК-74 кітап
С А Б А Қ Т Ы Ң Б А Р Ы С Ы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Кезекшінің рапорт тапсыруы, Әскери сәлемдесу,оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Калашников автоматы мен пулеметінің атқаратын қызметі мен ұрыстық қасиеті
ІІІ. Жаңа сабақ
Автоматы бөлшектеп, қайта жинау
Автоматты бөлшектеп қайта жинау үшін арнайы стол немесе таза төселген материал үстіне жасалады. Бөлшектелген кезде автоматтың заттары рет-ретімен қойылады. Автоматты бөлшектеудің екі түрі бар: 1.Толық бөлшектеу; 2. Толық емес бөлшектеу. Толық бөлшектеу-автоматты көп уақыт жаңбырдың, қардың, құмды жерде немесе ұзақ сапарда болғаны және толық майлау, жөндеу кездерінде арнайы мамандар жасайды.
Толық емес бөлшектеуді-курсанттарға әскер қатарындағы сарбаздарға, рота старшинасы, бөлімше командирлері ұйретеді. Автоматты тазалап, майлап тұруға өзіне берілген автоматтың ұңғысындағы нөмірін білуге тиіс.
Автоматты толық емес бөлшектеу мен жинастырудың кезектілігі:
Автоматты толық емес бөлшектеу кезектілігінің тәртібі:
Автоматты толық емес жинастыру кезектілігінің тәртібі:
1.
Оқжатарды (магазинді) алу;
1.
Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін қосу;
2.
Керек-жарақпен қоса пеналды шығарып алу;
2.
Бекітпені бекітпе жақтауынан қосу;
3.
Сүмбіні алу;
3.
Бекітпемен қоса бектіпе жақтауын қорабына қосады;
4.
Ұңғы қорабының қақпағын босатып алу;
4.
Қайтарма мехинзимді қосу;
5.
Қайтарма мехинзимді бөліп алу;
5.
Ұңғы қорабының қақпағын қосу;
6.
Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алу;
6.
Сүмбіні қосу;
7.
Бекітпені бектіпе жақтауынан алу;
7.
Керек-жарақпен қоса пеналды дүмбі ұясына салу;
8.
Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін босатып алу;
8.
Оқжатарды (магазинді) қосу;
Автоматты толық емес бөлшектеу мен жинастырудың кезектілігі
бойынша оқу нормативі төмендегідей:
Автоматты толық емес бөлшектеу үшін
Автоматты жинау үшін
18 сек.= «Өте жақсы»
18 сек.= «Өте жақсы»
20 сек.= «Жақсы»
20 сек.= «Жақсы»
18 сек.= «Қанағаттанарлық»
18 сек.= «Қанағаттанарлық»
ІV. Жаңа сабақты бекіту:
1. Калашников автоматы не үшін арналған?
2. Калашников автоматтарының ұрыстық қасиеттері?
3. Автоматтың механизмдері мен негізгі бөліктерін атаңдар?
4. Автоматты толық емес бөлшектеу мен жинастырудың кезектілігін ата?
V. Сабақты қорыту (талдау).
VІ. Оқушыларды бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма беру: (Автоматты толық емес бөлшектеу мен жинастырудың кезектілігі).