kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау

Нажмите, чтобы узнать подробности

1. Сабақтың тақырыбы: Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау.

2. Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: оқушыларға автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау жүргізуге үйрету.

Дамытушылық: оқыта және тәрбие бере отырып, елдің қауіпсіздігін сақтау басты борыш екенін үнемі дамыта меңгерту.

Тәрбиелік: елін, жерін сүюге, саналы түрде Отанын қорғауға дайын болуды, Қарулы Күштерге деген құрметті, қырағылыққа, батылдыққа және бастамшылдыққа тәрбиелеу.

3. Уақыты: 40 минут.

4. Өткізу   әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, көрсету.

5. Өткізілетін орны: 10 сынып, АӘД бөлмесі.

6. Өткізілетін күні:    20.11.2018 ж

7. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, АК-74 оқу автоматы, оқжатар сөмкесі, сүңгі-пышақ

Сабақтың барысы:

      Ұйымдастыру кезеңі

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

     Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі

1) Калашников автоматы мен пулеметі неге арналған?

2) Автомат пен пулеметтің механизмдері мен негізгі бөліктерін атаңдар.

3) Автоматтың (пулеметтің) автоматтық әрекеті неге негізделгенін айтыңдар

4) Калашников автоматының ұрыстық қасиетін айтып  бер.

    Тақырыпқа шығу (Автомат суреті арқылы тақырыпқа шығу)

Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау.

І жұпқа тапсырма (Оқушылар жұппен ақылдаса отырып, берілген тапсырманы флепчат  арқылы өз ойларын білдіреді)

     Автоматты (пулеметті) бөлшектеу толық және толық емес болуы мүмкін: толық емес бөлшектеу- автоматты (пулеметті) тазалау, майлау және тексеру үшін; толық бөлшектеу-жаңбыр мен қар астында қалғанда не жөндеу кезінде автоматты (пулеметті) қатты ластанудан тазалау үшін жүргізіледі. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу үстел үстінде немесе таза төсеніш жайылып жүргізіледі; бөлшектер мен механизмдер бөлектенген ретімен қойылады.

     Автоматты (пулеметті) жинақтау кезінде оның бөлімдеріндегі нөмірлерді салыстыру керек; әр автоматтың (пулеметтің) ұңғы қорабындағы нөмір газ құбырындағы, бекітпе ергенегіндегі, бекітпедегі, ұңғы қорабы қақпағындағы және басқа бөліктердегі нөмірге сәйкес келуі керек.

     Автоматты (пулеметті) бөлектеу мен жинақтау аса сақтықпен ғана жүргізіледі.

Пулеметті бөлектеу алдында оның ұңғы бөлігін солға қарата сирағымен қою керек.

Пулеметті жинақтау соңында оны сол қолмен тік ұстап, оң қолмен оның сирақтарын аздап ажырата, ұңғыға тақап және серіппелі ілмекпен бекіту арқылы оның сирақтарын жинайды.

Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу тәртібі:

1). Оқжатарды бөлектеу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен дүмінің маңдайшасынан не құндағынан ұстап, оң қолмен оқжатарды орай ұстайды, бас бармақпен бекіткішті қысып, оқжатардың төменгі жағын ілгері ұмсындырып, оны бөлектеп алады. Содан кейін оқтықта оқтың бар жоғын тексереді, бұл үшін ауыстырғыш төменге түсіріледі, оны «АВ» ( автоматты ату) немесе «ОД» (жекелей ату) жағдайына қойып, бекітпе жақтауының тұтқасы кейін жылжытылады, оқтықты тексеріп, бекіткіш жақтауы жіберіліп, шүріппені ұрыстық қайырудан (взводтан) босатады.

2) Жабдықтар пеналын дүм ұясынан шығарып алу. Оң қолдың сұқ саусағымен дүм ұясының қақпағын пенал серіппенің әсерімен ұядан шығатындай етіп басады; пеналды ашып, одан сүрткішті, тазалағышты, бұрауышты, қаққышты шығару қажет.

3) Сүмбіні алу. Сүмбінің ұшын оның басы қарауылдың негізіндегі тіректен шығатындай етіп ұңғыдан тартып, сүмбіні жоғары суырып алады.

4) Автоматтан – ұңғылық тежеуіш-компенсаторын, пулеметтен – жалын сөндіргішін бөліп алу. Бұрауышпен ұңғылық тежеуіш компенсатордың орнықтырғышы батырылады.Ұңғылық тежеуіш компенсатор қарауыл негізіндегі бұрандалы дөңестен сағат тіліне қарсы бағытта бұралып шығарылады. Ұңғылық тежеуіш компенсатор (жалын сөндіргіш) тым қатты бұралған жағдайда ұңғылық тежеуіш компенсатордың әйнегіне қойылған сүмбінің көмегімен бұрап алуға болады.

5) Ұңғы қорапшасының қақпағын бөлектеу. Сол қолмен дүмнің мойнын қамти ұстап, осы қолдың бас бармағымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің дөңесін басады, оң қолмен ұңғы қорабы қақпағының артқы бөлігін жоғары көтеріп қақпақшаны алады.

6) Қайтармалы механизмді бөліп алу. Автоматты (пулеметті) дүмнің мойнынан сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегін оның өкшесі ұңғы қорабының бойлық ойығынан шыққанша ілгері қарай ұмсындырады; бағыттаушы өзектің артқы шетін көтеріңкіреп, қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасынан шығарады.

7) Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен одан әрі ұстап тұрып, оң қолмен бекітпе жақтауын артқа тірелгенше тартып, оны бекітпемен бірге көтеріңкіреп барып, ұңғы қорабынан бөлектеп алады.

8) Бекітпені бекітпе жақтауынан алу. Бекітпе жақтауын бекітпе жоғарыда болатындай етіп сол қолға алады; оң қолмен бекітпені кейін шегеріп, бекітпенің жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығынан шығатындай етіп, бекітпені алға қарай шығарып алады.

9) Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін босатып алу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен жабдық пеналын газ түтігі тұйықталғышының шығыңқысына тік бұрышты саңылаумен кіргізеді, жапқышты өзінен тік жағдайға дейін бұрып, газ түтігін газ камерасының келте түтігінен шығарып алады.

Автоматпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі.

Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуден кейін жинастыру реті.

Газ түтікшесін ұңғылық бастырмасымен қосу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен газ түтігін алдыңғы шетімен газ камерасының келте түтігіне ұмсындырады және ұңғы бастырмасының артқы шетін ұңғыға қысады; тұйықталғышты оның орнықтырғышы көздеу қалыбының ойығына кіргенше бұрайды.

Бекітпені бекітпе жақтауына қосу. Бекітпе жақтауын сол қолмен оң қолға алып, оны цилиндрлі бөлігімен жақтау арнасына сұғады; бекітпені оның жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығына кіретіндей етіп бұрап, бекітпені алға қарай сұғады.

Бекітпемен қоса бекітпе жақтауынұңғы қорабына қосу. Сол қолмен дүмнің мойыншасын қамти ұстайды. Бекітпесіне қоса бекітпе жақтауын оң қолда бас бармақпен қысылған бекітпе алдыңғы жағдайда болатындай етіп ұстап тұрып, газ поршенін көздеуіш қалыбының қуысына кіргізеді де ұңғы қорабының қайырмалары бекітпе жақтауының ойықтарына кіретіндей етіп бекітпе жақтауын ілгері жылжытады, оны сәл-пәл күштеп ұңғы қорабына қосады да, ілгері ұмсындырады.

Қайтармалы механизмді қосу. Оң қолмен қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасына кіргізеді, қайтармалы серіппені қысып, бағыттаушы өзекті ілгері итереді де, біршама төмен түсіріп, оның өкшесін ұңғы қорабының бойлық ойығына кіргізеді.

Ұңғы қорапшасының қақпағын қосу. Ұңғы қорабының алдыңғы шетімен көздеу қалыбындағы жартылай шеңбер ойыққа кіргізіледі, қақпақтың артқы шетін оң қолдың алақанымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің шығыңқысы ұңғы қорабының қақпағының ойығына кіретіндей етіп алға және төмен ұмсындырады.

Шүріппені ұрыстың қайырмасынан босатып, сақтандырғышқа қою. Ағытқыш ілмекті басып, ауыстырғышты тірелгенге дейін жоғары көтереді.

Автоматқа ұңғылы-тежеуіш компенсаторды, пулеметке – жалын сөндіргішті қосу. Дүмді тежеуіш-компенсаторды қарауыл бойындағы шығыңқы бөлікке тірелгенше бұрайды. Егер  ұңғылы тежеуіш-компенсатордың (жалын сөндінгіштің) саңылауы орнықтырғышқа сәйкес келмесе,  ұңғылы тежеуіш-компенсатор ұңғысына немесе жалын сөндіргішті саңылау орнықтырғышқа  орналасқанша айналдырады (бір айналымнан артық емес)

Сүмбіні қосу.

Пеналды дүм ұясына салу. Сүрткішті, тазалағышты, бұрауышты, қаққышты пеналға салып, қақпағын жабады да, пеналды түбімен дүм ұясына қақпақша жабылатындай етіп кіргізеді. Жиналмалы дүмді автоматта пенал оқжатарға арналған сөмке қалтасына салынады.

Оқжатарды автоматқа қосу. Автоматты сол қолмен дүм мойыншасынан немесе шетмойыннан ұстап тұрып, оң қолмен оқжатардың ілгішін ұңғы қорабының терезесіне енгізіп, оқжатардың ілмегі оқжатардың тірек шығыңқысынан асатындай етіп өзіне бұрады.

     в) Қорытынды бөлім

          Сұрақтар мен тапсырмалар:

1) Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу не үшін жүргізіледі?

2) Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуді ретімен айтып беріңдер.

3) Автоматты толық емес бөлшектеудің пулеметті толық емес бөлшектеуге қарағанда қандай ерекшелігі

      бар?

Бағалау (Әскери пагон жұлдызшалары арқылы)

Рефлексия

Үйге тапсырма:  ІV тарау. § 2. Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау»

Восход жалпы орта білім беретін мектебі

Ашық сабақ

Тақырыбы:

Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау

( 10 сынып )

Мұғалімі: Жакиев Гумар Магазович

2018-2019 оқу жылы.

«Бекітемін»

Мектеп директоры: М.Тлеков

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау

Автор: Гумар Магазович Жакиев

Дата: 21.06.2020

Номер свидетельства: 553758

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(134) ""Автоматты (пулеметті) б?лшектеу ж?не жина?тау" та?ырыбында?ы саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(83) "avtomatty-puliemietti-bolshiektieu-zh-nie-zhinak-tau-tak-yrybyndag-y-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "159466"
    ["category_seo"] => string(4) "obzh"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421910944"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(116) "Автоматты (пулеметті) б?лшектеу мен жинастыру, патронды ?олдану "
    ["seo_title"] => string(68) "avtomatty-puliemietti-bolshiektieu-mien-zhinastyru-patrondy-k-oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "214396"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432294127"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Калашников автоматын б?лшектеу ж?не жина?тау "
    ["seo_title"] => string(52) "kalashnikov-avtomatyn-bolshiektieu-zh-nie-zhinak-tau"
    ["file_id"] => string(6) "244046"
    ["category_seo"] => string(4) "obzh"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1445872746"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) ""Автоматты / пулеметті/ тексеріп ?арау  ж?не оны ату?а дайындау"."
    ["seo_title"] => string(56) "avtomattypuliemiettitieksieripkarauzhnieonyatugadaiyndau"
    ["file_id"] => string(6) "295121"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455784595"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(248) "Ашы? саба?тарды? аттары: Калашников автоматы ж?не ?ол пулеметіні? ат?аратын  ?ызметі, ?рысты? ?асиеті, жалпы ??рылысы ж?не ж?мыс істеу т?ртібі "
    ["seo_title"] => string(160) "ashyk-sabak-tardyn-attary-kalashnikov-avtomaty-zh-nie-k-ol-puliemietinin-atk-aratyn-k-yzmieti-u-rystyk-k-asiieti-zhalpy-k-u-rylysy-zh-nie-zhu-mys-istieu-t-rtibi"
    ["file_id"] => string(6) "208761"
    ["category_seo"] => string(4) "obzh"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430901433"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства